25/04/2024  Бейсенбі

«Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің

Регламенті

1. Жалпы ережелер

1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының осы регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының Коституциясына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына, Маңғыстау облыстық маслихатының 2016 жылғы 26 ақпандағы №32/477 санды шешіміне және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді актілеріне сәйкес Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясына (бұдан әрі - Тексеру комиссиясы) жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау процесінде оның қызметінің ішкі тәртібін реттейді.

2.Осы Регламентпен реттелмеген жекелеген мәселелер бойынша шешімді Тексеру комиссиясының ережесіне сәйкес Тексеру комиссиясының төрағасы қабылдайды.Осындай мәселелерді шешу тәртібін Тексеру комиссиясының төрағасы белгілейді және Тексеру комиссиясының барлық лауазымды адамдары орындауға міндетті тиісті бұйрықпен оған қол қойылған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

3.Осы Регламент ұйымдастыру және аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша отырыстар өткізу мәселелерін қоспағанда, аудиторлық іс-шараларды жоспарлаудағы тізбені қалыптастыру, сараптамалық-талдау іс - шаралары, аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша өткізу, қабылданатын шешімдер мен құжаттар дайындау мәселелеріне қолданылмайды.

2. Тексеру комиссиясының қызметін жоспарлау.

4.Тексеру комиссиясы өз қызметін перспективалық жоспар негізінде жүзеге асырады.

5.Перспективалық жоспар Тексеру комиссиясы қызметінің бағыттарын (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, сараптамалық-талдау қызметі) ескере отырып, бес жылға қалыптастырылады.

6.Перспективалық жоспар Тексеру комиссиясының отырысында оны қарағаннан кейін жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 01 желтоқсаннан кешіктірмей Тексеру комиссиясының Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

7.Жылдық жұмыс жоспары заңгермен перспективалық жоспар негізінде құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстарымен Тексеру комиссиясының мүшелерімен және аппарат басшысымен келісіліп осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.

8.Тексеру комиссиясының перспективалық, жылдық жұмыс жоспарлары одан әрі бақылауға қою үшін бөлім басшыларымен (немесе жауапты тұлғамен) Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) енгізеді.

9.Құрылымдық бөлімшелер Тексеру комиссиясының жылдық жұмыс жоспарының орындалуы жөніндегі есепті осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін ұсынады.

10.Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарларының уақтылы орындалуын бақылау олардың басшыларымен жүргізіледі және ЭҚАБЖ орналастырады.

3.Аппараттық кеңестерді және Тексеру комиссиясының отырыстарын өткізудің тәртібі

11.Тексеру комиссиясының төрағасының қатысуымен Тексеру комиссиясының аппараттық кеңестері мынадай жағдайларда өтеді:

апталық, айлық ағымдағы қызметтің барысы туралы;

Тексеру комиссиясы қызметінің жартыжылдық қорытындысын тыңдау;

Есеп комитетінің үйлестіру кеңесінің отырыстарының қорытындысы бойынша;

тиісті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы Тексеру комиссиясының есебін облыс, қала (аудандық) маслихатының қабылдауы жөніндегі қорытындысын талқылау.

12.Кеңестер қорытындысы төрағалық етуші қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Хаттаманың жобасы тапсырма жолданатын құрылымдық бөлімшелермен және аппарат басшысымен бір жұмыс күні ішінде келісілуге жатады.

4. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау ұйымдастыру және оны жүргізу тәртібі

13.Жеке мемлекеттік аудит жүргізу кезең бойынша жүргізіледі:

1) мемлекеттік аудит объектілерін алдын-ала зерделеу;

2) тексеру тағайындауға мемлекеттік аудит жүргізу жоспарын жасақтау. 14. Алдын ала зерделеу мемлекеттік аудит объектісіне бармай жүргізіледі.

15.Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңін жүргізу басталғанға дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын аяқтайды.

16.Мемлекеттік аудит объектісін алдын ала зерделеудің негізінде Аудит жоспары, Аудит бағдарламасы, Аудиторлық тапсырмалар жасалады және Тапсырмалар ТК ВАЖ-да және (немесе) ЭҚАБЖ арқылы қалыптастырылады.

17.Аудит жоспары және Аудит бағдарламасы бойынша сапа бақылауы бір жұмыс күн ішінде жүргізіледі.

18.Аудиторлық іс-шараға (негізгі кезең) шыққанға дейін бір жұмыс күн мерзімде:

1)мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің, талдау, жоспарлау және сапаны бақылау бөлімінің басшыларының бұрыштамасы қойылған,Тексеру комиссиясының мүшесі қол қойған Аудит жоспары Тексеру комиссиясының төрағасына бекітуге енгізіледі;

2) талдау, жоспарлау және сапаны бақылау бөлімінің басшысы және заңгердің бұрыштамасы қойылған Аудит бағдарламасын Тексеру комиссиясының мүшесі бекітеді;

3) Тексеру комиссиясының мүшесі Аудиторлық тапсырманы бекітеді;

4)мемлекеттік аудит тобының жетекшісі, заңгермен бұрыштама қойылған Тапсырмаға Тексеру комиссиясының мүшесі қол қояды;

5)персоналды басқару қызметі Аудит жоспары бекітілгеннен кейін іссапарға жіберу туралы бұйрықты Тексеру комиссиясының төрағасына қол қоюға енгізеді.

19.Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрығымен мемлекеттік аудит топ жетекшісінің міндеті мемлекеттік аудитордың біріне жүктеледі.

20.Құжаттарға қол қойылғаннан кейін Аудит жоспары, Аудит бағдарламасы, Аудиторлық тапсырмалар және Тапсырмаларды ЭҚАБЖ-да бір тіркеу нөмірімен тіркейді.

21.Тексеру комиссиясының мүшесі тікелей мемлекеттік аудит объектісінде мемлекеттік аудит жүргізудің негізгі кезеңі басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей аудиторлық іс-шара жүргізу туралы хабарлама жолдайды.

22.Аудиторлық іс-шара жүргізу үшін тапсырманың болуы негіздеме болып табылады.

23.Тексеру комиссиясы жүргізетін аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша мыналар ресімделеді:

1) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеп (2019 жылдан бастап);

2) тиімділік және (немесе) сәйкестік аудитінің аудиторлық есебі.

24.Тексеру комиссиясына келіп түскен Аудиторлық есепке қарсылықтарды Тексеру комиссиясының мүшесі мемлекеттік аудиторлармен, мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты бөлімнің басшысымен, заңгермен бірге барлық аудиторлық іс-шараны жүргізу аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде қарайды, содан кейін қарсылықтың әрбір тармағы бойыншақабылданған және қабылданбаған дәлелдерді көрсете отырып, мемлекеттік аудит объектісіне уәжді жауап береді.

25.Аудиторлық есептің, Тізілімнің және Аудиторлық есепке басқа да қосымшалардың түпнұсқаларын, мемлекеттік аудит объектілерінің қарсылықтарын олар Тексеру комиссиясына түскен күннен бастап, екі жұмыс күні ішінде ұйымдастырушылық-құқықтық бөлімі ЭҚАБЖ-да және ЕК ВАЖ-да тіркеу үшін сканерлейді және сапа бақылауын жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларға жолданады.

26.Сапа бақылауының сараптамалық қорытындысында жасалған Аудиторлық есептердің мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың стандарттарына және мемлекеттік аудит туралы заңның 8-бабына сәйкессіздігін растайтын фактілер көрсетілген жағдайда, Тексеру комиссиясының мүшесі аудиторлық іс-шараның материалдарын Тексеру комиссиясының отырысына шығарудың орындылығы және Аудиторлық қорытындыға қайта тексеру тағайындау не оны пысықтау туралы Тексеру комиссиясы аппарат басшысының келісімі бойынша Тексеру комиссиясы Төрағасының атына қызметтік жазба енгізеді.

27.Жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі он жұмыс күні ішінде Аудиторлық қорытындының, анықталған кемшіліктермен Жиынтық тізілім және Нұсқаманың жобаларын дайындайды.

28.Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімдердің және Нұсқамалардың жобасы бір мезгілде уақытылы толық көлемде қажетті ақпараттармен сапа бақылауын жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларға жолданады.

29.Аудиторлық іс-шараның сапасын бақылау шеңберінде аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша Аудиторлық қорытындылардың, Жиынтық тізілімдердің және Нұсқамалардың жобаларына үш жұмыс күні ішінде заң сараптамасы жүзеге асырылып, сапа бақылауына жауапты тұлғаға заң сараптама қорытындысы жолданады.

30.Сапа бақылауы заң сараптамасының қорытындысы келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің және Нұсқаманың жобалары бойынша жүргізіледі.

31.Отырыс өткізілетін екі күннен кешіктірмей Тексеру комиссиясының отырысына дайындау мақсатында Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің жобаларын заң сараптамасы және сапа бақылауы өткеннен кейін негізгі мемлекеттік аудит объектісіне таныстыруға жолданады. 32.Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің және Нұсқаманың жобаларына Тексеру комиссиясының мүшесі, сапа бақылауын жүргізуге жауапты тұлға (немесе мемлекеттік аудитті жүргізу, талдау, жоспарлау және сапа бақылауы бөлімдерінің басшылары) және заңгер (соның ішінде ЭҚАБЖ-да) қолдарын қояды және бұрыштама қояды, мемлекеттік аудит объектісінің (болған жағдайда) баяндама тезистерінің жобалары ілеспе хатпен Тексерукомиссиясының Төрағасына Тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін екі жұмыс күн бұрын ұсынылады.

33.Аудиторлық қорытынды Тексеру комиссиясы Нұсқамасының жобасын дайындау үшін негіз болып табылады.

5. Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша отырыстарын өткізудің тәртібі

34.Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша отырыстың негізгі міндеті оның нәтижелерін қарау болып табылады.

35.Қаралатын мәселелер тізбесін Тексеру комиссиясының төрағасы Тексеру комиссиясының мүшелерінің ұсынысы негізінде айқындайды.

36.Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша отырыстың өтуіне аудиторлардың топ басшысы немесе мемлекеттік аудитті іске асыратын аудиторлар жауапты, ұйымдастырылуына жауапты–ұйымдастырушылық-құқықтық бөлімі болып табылады.

37.Аудиторлардың топ басшысымен бірге мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты Тексеру комиссиясының мүшесі отырыс өткізілгенге дейін екі жұмыс күннен кешікпей Тексеру комиссиясының отырысына қатысушылар тізімін анықтайды және материалдарды отырысқа дайындайды.

38.Отырысқа арналған материалдар:

1) Тексеру комиссиясы отырысының күн тәртібін;

2)Тексеру комиссиясының отырысына шақырылатын адамдардың тізімін;

3) мемлекеттік аудит материалдарын (Тексеру комиссиясының жауапты мүшесі қол қойған аудиторлық қорытындының жобасын, анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізілімін және Тексеру комиссиясы қаулысының жобасын);

4) Тексеру комиссиясы отырысы хаттамасының жобасын;

5)мемлекеттік аудиттің сапа бақылауының сараптамалық қорытындысын;

6)отырыстың қорытындысы бойынша баспасөз-релиз жобасын.

39.Отырыс қорытындысы бойынша дайындалған баспасөз релиз мемлекеттік аудит топ жетекшісімен және Тексеру комиссиясының Төрағасымен келісілгеннен кейін Тексеру комиссиясының интернет-ресурсында орналастырады.

40.Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері мен басқа да мүдделі тұлғаларға орындау және мәлімет үшін қаулыны тіркеуді және нұсқаманы жөнелтуді Тексеру комиссиясының жауапты мүшесі оған қол қойылған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

41.Тексеру комиссиясының қаулысы мен Аудиторлық қорытындысы толық көлемде сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға облыс (қала, аудан) және (немесе) құқық қорғау органдарына жолдануы мүмкін.

42.Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген адамдардың жауаптылығын қарау туралы міндетті түрде орындау үшін нұсқама жолданады.

43.Тексеру комиссиясының қаулысы, нұсқамасы арнайы тіркеу журналына, Тексеру комиссиясының отырыс хаттамалары бөлек журналда тіркеледі.

44.Тексеру комиссиясының Аудиторлық қорытындысы, Қаулы және нұсқаманың түпнұсқасы ЭҚАБЖ тіркеледі, қағаз және сканерленген күйінде талдау, жоспарлау және сапаны бақылау бөлімінде сақталады.

45.Қаулының орындалысына жалпы бақылауды тұрақты негізде Тексеру комиссиясының жауапты мүшесі және мемлекеттік аудит жүргізген аудиторлар жүзеге асырады.

46.Талдау, жоспарлау және мониторинг бөлімі және заңгер Тексеру комиссиясының қаулысына қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оның тармақтарын бақылауға қоюды жүзеге асырады, қаулының орындалу мерзімі келген күнге дейін үш жұмыс күні бұрын Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты мүшесіне оларды орындау мерзімі туралы ескертеді.

47.Талдау, жоспарлау және мониторинг бөлімі Тексеру комиссиясының қаулыларының іске асырылуына мониторинг жүргізеді және Тексеру комиссиясының мүшесіне хабардар етеді, мониторингтің нәтижелері Есеп комитетіне ақпарат пен есепті қалыптастыру, бұзушылықтардың алдын алу мақсатында оларды жүйелеу үшін пайдаланылады.

48.Өткізілген отырыстың нәтижелері бойынша хатшы хаттаманың жобасын пысықтап және басшылыққа қол қоюға отырыс өткізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде енгізеді.

49. Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Нұсқама тармақтарының және Аудиторлық қорытынды қамтылған ұсынымдардың орындалуын бақылаудан алу үшін болып табылатын негіздер:

1) толық және сапалы орындалуы;

2) заңды тұлғаның таратылуы (оның ішінде банкроттық), жеке тұлғаның қайтыс болуы;

3) тұрақты тұрғылықты Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кетуі;

4) соттың өтелуге (қалпына келтіруге) жататын фактілерді немесе сомалардың көлемін растамауы);

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ескіру мерзімінің өтуі;

6) Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясына қаражатты өтеу (қалпына келтіру) туралы жасалған қорытынды негізінде жария ету (рақымшылық жасау) актісін қабылдау сондай-ақ, өзгертілген заңнамамен заңдастырылатын фактілер.

6. Тексеру комиссиясының жергілікті бюджетті атқарылу туралы есебін дайындау тәртібі

50.Тексеру комиссиясының қаржылық жыл ішіндегі жергілікті бюджет атқарылу туралы есебі (әрі қарай– Есеп) өзінің мазмұны бойынша жергілікті бюджет атқарылуы туралы есебіне сәйкес қорытынды болып табылады.

51.Есепті дайындау үшін Тексеру комиссиясы Төрағасының шешімімен оны дайындауға жауапты болатын Тексеру комиссиясының мүшесі анықталады, есепті жасақтау жөнінде жұмыс тобы құрылады.

52.Жұмыс тобына Тексеру комиссиясының барлық қызметкерлері енгізіледі.

53.Облыс бюджетінің атқарылуы жөніндегі жұмыс тобымен әзірленген Есеп Тексеру комиссиясының отырысына ағымдағы жылдың 16-шы мамырына кешіктірілмей енгізіледі.

54.Аудан (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетінің атқарылуы жөніндегі Тексеру комиссиясының мүшелерімен әзірленген Есеп Тексеру комиссиясының отырысына ағымдағы жылдың 16-шы сәуіріне кешіктірілмей енгізіледі.

55.Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің мәслихаттары Есепті бекіткеннен кейін және тиісті шешім қабылданғаннан кейін Есеп интернет-ресурста жариялануға жатады.

7. Тексеру комиссиясы қызметкерлерді қабылдау және қызметіненбосату

56.Тексеру комиссиясымен еңбек қатынастарын ресімдеу кезінде азамат өзін қызметке тағайындаған сәттен бастап күнтізбелік үш күн ішінде Персоналды басқару қызметіне ұсынады:

1)Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесін;

2) еңбек қызметін растайтын құжаттарды;

3)дипломының немесе білім алғандығы туралы, мамандығын немесе біліктілігін растайтын өзге де құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып) көшірмелерін;

57.Жұмысқа қабылдау Тексеру комиссиясының төрағасының бұйрығымен ресімделеді. Қызметкер жұмысқа қабылданғаннан кейін персоналды басқару қызметі:

1)үш жұмыс күні ішінде оны тағайындау туралы бұйрықпен, еңбек шарттарымен және ақысымен, Тексеру комиссиясының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілермен, құрылымдық бөлімше туралы ережемен, лауазымдық нұсқаулығымен қол қойғызып таныстырады.

2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңында белгіленген мемлекеттік қызметшінің құқықтарын және міндеттерін түсіндіреді, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулерді қабылдау туралы оның келісімін жазбаша нысанда тіркейді;

3) қызметтік куәлікті, электрондық рұқсаттаманы береді;

4)осы Регламенттің талаптарына қатысты нұсқамалық өткізеді, бұл жөнінде таныстыру парағында тиісті белгі жасалады;

58.Еңбек қатынастарын тоқтату Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрығымен рәсімделеді, бұйрықта еңбек қатынастарын тоқтатудың негізі және күні көрсетіледі.

59. Қызметкер еңбек қатынастары тоқтатылған кезде Персоналды басқару қызметіне :

1) қызметтік куәлігін;

2) жұмыстан босатылатын қызметкердің кету парағын;

3) электрондық рұқсаттамасын тапсырады.

8. Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін

айқындайтын құжаттарды дайындау

60.Тексеру комиссиясы мүшелерінің және аппарат басшысының лауазымдық нұсқаулықтарын - персоналды басқару қызметі, құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын - персоналды басқару қызметі аппарат басшысымен және құрылымдық бөлімшелердің басшылармен бірлесіп құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде дайындауды жүзеге асырады.

61.Тексеру комиссиясы мүшелерінің, аппарат басшысының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрығымен бекітіледі. Өзге лауазымдық нұсқаулықтарды аппарат басшысы бекітеді.

62.Персоналды басқару қызметі қызметкер қызметіне кіріскеннен кейін үш жұмыс күні ішінде, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулық жаңа редакцияда бекітілгеннен кейін немесе лауазымдық нұсқаулыққа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде қызметкерге лауазымдық нұсқаулықтың, лауазымдық нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы құқықтық актінің көшірмесін табыстай отырып, оның лауазымдық нұсқаулығымен қол қойғызып таныстырады.

9. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты

63.Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне сенбі және жексенбі болып табылатын екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Бұл ретте күн сайынғы жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болатын 8 сағаттан аспауы керек. Жұмыс күні сағат 9.00-де басталып, сағат 18-30-да аяқталады.

64.Күнделікті жұмыс барысында қызметкерлерге тынығуға және тамақ ішуге сағат 12.30-дан 14.00-ге дейінгі аралықта ұзақтығы 1,5 сағат үзіліс беріледі.

65.Персоналды басқару қызметі әр қызметкер бойынша жұмыс уақытының есебін жүргізеді және бухгалтерияға беріледі.

66.Тексеру комиссиясының күнтізбелік жыл басталғанға дейін қызметкерлерінің кезекті жылға арналған еңбек демалыстарының кестесі белгіленіп және Тексеру комиссиясының Төрағасымен бекітіледі.

67.Еңбек демалыс кестесін жасақтаған уақытта құрылымдық бөлімше қызметінің ерекшелігі және қызметкерлердің пікірлері ескеріледі.

68.Персоналды басқару қызметі бекітілген еңбек демалыс кестесінің көшірмесін еңбек демалысы бойынша қаржының қажетті көлемін жоспарлау үшін үш жұмыс күні ішінде бухгалтерияға береді.

10.Даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру

69.Тексеру комиссиясының қызметкерлерін даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды персоналды басқару қызметі үйлестіреді.

70.Қайта даярлауға, біліктілікті арттыруға жіберу Тексеру комиссиясының Төрағасының тиісті бұйрығымен рәсімделеді.

71.Персоналды басқару қызметі курстардың (семинарлардың) тақырыптарын жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 01желтоқсанына дейінгі мерзімде әзірлеп, Есеп комитетінің Ғылыми-әдіснамалық кеңесімен (бұдан әрі - ҒӘК) келіседі.

72.ҒӘК тақырыптар тізбесі мақұлдағаннан кейін персоналды басқару қызметі біліктілікті арттыру кестесін әзірлейді және жоспарланатын кезеңде оқытуға жататын қызметкерлер тізімін қалыптастырады.

73.Персоналды басқару қызметі біліктілікті арттыру кестесін Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерімен келіседі және жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейін оны Тексеру комиссиясының төрағасы бекітеді.

11. Тексеру комиссиясының қызметін регламенттейтін құжаттардың

талаптарын бұзу туралы ақпаратты қалыптастыру

74.Тексеру комиссиясының қызметін регламенттейтін құжаттардың талаптарының бұзылуына Тексеру комиссиясының барлық құрылымдық бөлімшелері жауапты болады.

75.Тексеру комиссиясының қызметін регламенттейтін құжаттардың талаптарының бұзылуы орын алған жағдайда Тексеру комиссиясының барлық құрылымдық бөлімшелері қалыптастыра алады.

76.Тексеру комиссиясының қызметін регламенттейтін құжаттар талаптарының бұзушылықтарына жол берілген жағдайларда мәліметтер туралы қызметтік жазба аппарат басшысына енгізіледі.

12.Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды мониторингілеу және бақылау

77.Тексеру комиссиясының лауазымды адамдары қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар мемлекеттік аудит материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға қарау үшін жолдайды.

78.Заңгер мониторинг және бақылау жүргізеді:

1)қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар мемлекеттік аудит материалдарына;

2)әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар мемлекеттік аудит және уәкілетті органдарға қарау үшін жіберетін материалдарына;

3)Тексеру комиссиясы толтыратын және сотқа қарау үшін жіберілетін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларға.

79.78 тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көзделген материалдарды жіберуді заңгер жүзеге асырады. Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген материалдарды жіберуді заңгермен келіскеннен кейін аудиторлар жүзеге асырады.

80.Осы Регламенттің 78 тармағында көзделген материалдарға құқықбұзушылыққа жол берген адамдардың жазбаша түсініктемесі, анықталған құқық бұзушылық белгілерін растайтын лауазымды адамдардың қолымен немесе ұйымның мөрімен куәландырылған құжаттардың түпнұсқаларының көшірмелері қоса беріледі.

81.Осы Регламенттің 78 тармағының 1) - 2) тармақшаларында көзделген материалдар бойынша қысқаша баяндалған деректер және құқық бұзушылықтың ықтимал саралануы көрсетілген анықтаманы аудитор дайындайды.

82.Заңгердің талап етуі бойынша аудитор бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органдарға жіберу үшін қажетті жетіспейтін немесе қосымша құжаттарды ұсынады.

83.Уәкілетті органдар осы Регламенттің 78 тармағының 1) – 2) тармақшаларында көзделген материалдарды жіберген күннен бастап қабылданған шаралар туралы ақпаратты екі ай ішінде ұсынбаған жағдайда, заңгер аталған мерзім аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей осындай ақпаратты ұсыну жөнінде уәкілетті органдарға хат жобасын дайындайды.

84.Осы Регламенттің 78 тармағының 2) тармақшасында көзделген материалдар бойынша уәкілетті органдардың қабылдаған шешімдерімен келіспеген жағдайда, заңгер аталған құқық бұзушылықты тікелей анықтаған қызметкермен бірге осындай шешімді алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей шешім қабылдау үшін, уәкілетті органның қабылдаған шешімінің заңдылығы мәнін қайта қарау жөнінде прокуратура органдарына қолдаухат жобасын қоса бере отырып, Төрағаға қызметтік жазба дайындайды.

85.Осы Регламенттің 78 тармағының 3) тармақшасында көзделген хаттамаларды соттың қарау нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарылған жағдайда заңгер қаулыны алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде прокуратура органдарына соттың шешіміне шағымдану жөнінде қолдаухат жібереді не Төрағаға шағымдану мүмкіндігінің болмауы жөнінде ауызша хабардар етеді.

86.Осы Регламенттің 78 тармағының 1) тармақшасында көзделген жіберілген материалдар бойынша заңгер жіберілген материалдар бойынша қабылданған шешімдер туралы салыстырып тексеру актісінің жобасын қалыптастырады және облыс (қалалық, аудандық) прокуратурасына, сондай-ақ экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органдарға келісуге жібереді.

87.Осы Регламенттің 78 тармағының 2) тармақшасында көзделген жіберілген материалдар бойынша және 3) тармақшасында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы жіберілген хаттамалар бойынша заңгер осы Регламентке сәйкес құқық бұзушылық белгілері бар жіберілген материалдарды есепке алу кестесін жүргізеді. Сотқа қарау үшін жіберілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардың көшірмелері заңгерде сақталады.

88.Заңгер тоқсан қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей осы Регламенттің 78 тармағының 2) тармақшасындағы материалдар бойынша мәліметті қалыптастырады және мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөліміне салыстырып тексеру және келісу үшін жібереді. Мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын бөлім екі жұмыс күні ішінде аталған ақпаратты келіседі не оған толықтырулар мен өзгерістер енгізеді.

89.Заңгер жартыжылдықтан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей аппарат басшысына осы Регламенттің 78 тармағының 1) – 3) тармақшаларында көзделген материалдарды қарау нәтижелері туралы жинақтап қорытылған ақпаратты ұсынады.

13. Тексеру комиссиясының ресми интернет-ресурсының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

90.Тексеру комиссиясының интернет-ресурсы – Тексеру комиссиясының Интернет желісіндегі арнайы техникалық және бағдарламалық құралдардың көмегімен дайындалып, Интернеттің желісі арқылы электрондық-цифрлық нысанда жалпы ақпаратты таратуға арналған электрондық өкілдік беті.

91.Тексеру комиссиясының интернет-ресурсының жұмысын персоналды басқару қызметінің бас маманы қамтамасыз етеді, техникалық сүйемелдеу, қызмет көрсету, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оның техникалық дамуы бөлігінде ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалған өнім берушімен және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімі, талдау, жоспарлау және сапа бақылау бөлімінің қызметтеріне қатысты жұмысты олармен бірлесіп жүргізіледі.

92.Интернет-ресурстың құрылымын Тексеру комиссиясының Төрағасы бекітеді және қажеттілігіне қарай өзектендірілуге жатады. Интернет-ресурсының құрылымы бекітілгеннен кейін жаңа модульдерді орналастыру, бөлімдер мен кіші бөлімдерді құру, сондай-ақ оларды жою аппарат басшысының атына жазылған қызметтік жазба арқылы жүзеге асырылады.

93.Тексеру комиссиясының Төрағасының оң бұрыштамасы алынған кезде Тексеру комиссиясы интернет-ресурсының құрылымы өзектендіріліп, қайта бекітіледі.

94.Дизайны мен құрылымын өзгертуді, жаңа ақпаратты орналастырып, ескісін жоюды, дерекқорды қолдауды, жаңа веб-беттерді әзірлеуді, қажет болған кезде басқа ұйымдарды тарта отырып, ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуге персоналды басқару қызметінің бас маманы жүзеге асырады.

95.Құрылымдық бөлімшелердің басшылары өз құзыреті шегінде өздеріне бекітілген ақпараттық блок бойынша Тексеру комиссиясының интернет-ресурсын толықтыруға жауапты, өздеріне бекітілген бөлімдеріндегі материалдардың өзекті болуын және толықтығын тұрақты негізде қадағалап отырады.

96.Тексеру комиссиясының Интернет-ресурсында ақпарат материалдарын жариялау алдында мемлекеттік тілде және орыс тілі грамматикасы ережелерінің сәйкестігіне тексеріледі.

97.Интернет-ресурсқа ақпараттық материалдарды орналастыру және жою персоналды басқару қызметінің бас маманымен Тексеру комиссиясының Төрағасының атына жазылған қызметтік жазба, аппарат басшысынының келісімімен жүзеге асырылады. Итернет-ресурсына тиісті өзгерістер екі жұмыс күні ішінде енгізіледі.

98.Ақпараттық материалдарды Тексеру комиссиясының Төрағасы бекіткеннен кейін персоналды басқару қызметінің бас маманы оларды интернет-ресурсқа орналастырады.

99.Мемлекеттік сатып алуға қатысты ақпараттық материал интернет-ресурсқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен орналастырылады.

14. Төрағаның блогына және Тексеру комиссиясы интернет-ресурсының «Сұрақ-жауап» бөліміне келіп түсетін онлайн-өтініштермен жұмыс істеу

100.Төрағаның блогына және (немесе) Тексеру комиссиясының интернет-ресурсына онлайн-өтініштер келіп түскен кезде заңгер онымен Тексеру комиссиясының Төрағасын таныстырады, содан кейін аппарат басшысы аталған өтінішке жауап жобасын дайындауға Тексеру комиссиясының жауапты тұлғаны белгілейді.

101.Белгіленген жауапты тұлға жауап жобасын дайындап оны аппарат басшысының қарауына енгізеді.

102.Төраға жауаптың жобасын мақұлдаған жағдайда, жауап заңгермен Төрағаның блогына немесе Тексеру комиссиясының интерет-ресурсына орналастырылады.

15. Қорытынды ережелер

103.Тексеру комиссиясының төрағасы қызметі тиісті ережемен және бұйрығымен айқындалатын консультативтік-кеңесші және сарапшы комиссиялар (кеңестер) құруға құқылы.

104.Тексеру комиссиясының бөлімдері арасында ұйымдастырушылық сипаттағы келіспеушіліктер пайда болған кезде оларды Тексеру комиссиясының төрағасы шешеді.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы