24/04/2024  Сәрсенбі

Жаңалықтар

2023 жылдың 20 желтоқсанында сағат 15:00-де Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Ақтау халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына квазимемлекеттік сектор субъектілірінің активтерін басқару тиімділігіне жүргізілген  аудиторлық іс-шараның нәтижесі қаралады.

Өтетін жері: Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, 1-ғимарат, 307 кабинет.

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі» ММ, «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» ММ, «Мұнайлы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ және «Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі» ММ-де бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген тексерудің қорытындысы қаралды.

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Маңғыстау облысының білім басқармасына қарасты Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлауға бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің  пайдаланылуына» жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.
Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 2 213,2 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар (оның ішінде қалпына келтіруге жататыны 719,2 мың теңге, өтеуге жататыны 1494,0 мың теңге), бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 4 013 503,8 мың теңге  және бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану  708 966,6  мың теңге, 15 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Басқарма мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында мемлекеттік тапсырыс бойынша жасақталған шарттарында оқыту нысандары бойынша тапсырыс көлемі (орындар, гранттар саны) және білім алушыны (маманды) оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны ескерілмей, қаржыландыру көлемі бір қызмет ретінде көрсетілген.

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында және оған қарасты ұйымдарда бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігініне жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.

Мемлекеттік аудит 3 мекемеде және 3 мемлекеттік кәсіпорында жүргізілген аудиторлық іс шара нәтижесімен жалпы сомасы 9 853,8 мың теңгеге Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде;

2023 жылдың 17 қарашасында сағат 10:00-де Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі» ММ, «Мұнайлы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемелеріне Бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиторлық іс-шара ның нәтижесі қаралады.

Өтетін жері: Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, 1-ғимарат, 301 кабинет.

2023 жылдың 15 қарашасында сағат 15:00-де Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Маңғыстау өнер колледжі» МКҚК, «Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау Энергетикалық колледжі» МКҚК, «Маңғыстау туризм колледжі» МКҚК, «Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының Бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиторлық іс-шарасының нәтижесі қаралады. 

Өтетін жері: Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, 1-ғимарат, 301 кабинет.

2023 жылдың 09 қарашасында Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің «Мемлекеттік сатып алу конкурстары бойынша заң бұзушылықтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу және алдын алу» атты семинарында  Тексеру комиссиясының мүшесі Корбаков Бекболат Жиенбаевич баяндама оқыды. Семинар барысында Б.Корбаков Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижесі  бойынша орын алған мемлекеттік сатып алулары бұзушылықтары жөнінде   баяндады.

Сонымен қатар, баяндамашы бұзушылықтарды болдырмау, мемлекеттік сатып алу заңнама талаптарын қатаң сақтау және әр бұзушылықтың артында жауапкершіліктің бар екенін түсіндіріп өтті.

1 1

2023 жылдың 13 қарашасында  Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына, сондай-ақ ведомстволық бағынысты мекемелеріне Бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуына жүргізілген аудиторлық іс-шара қорытындысы  қаралады.

Өтетін орны: Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 корпус, 301 кабинет

01 1

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Өзенэнергосервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны 2021-2023 жыл аралығына жүргізілген мемлекеттік аудитпен 158 139,8 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, активтерді тиімсіз жоспарлау – 480 112,8 мың теңге, активтерді тиімсіз пайдалану – 537 291,9 мың теңге, 877 428,7 мың теңгеге экономикалық шығын келтіріліп, 10 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2022 жылдың 18 қазанында Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Өзенэнергосервис» Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына, Квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралады.

Өтетін жері: Жаңаөзен қаласы, Сатпаев көшесі, №1-ғимарат, 229 кабинет.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы