16/04/2024  Сейсенбі

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Қарақия аудандық құрылыс бөлімі» (бұдан әрі – Мекеме) жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

Мекемеде жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы  489,2  мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар және бірқатар рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.        

Жалпы сомасы 489,2 мың теңгені құрайтын уақытша ғимараттар мен құрылыстардан жобалау-сметалық құжаттамада көзделген қаражаттың бюджетке өтелуі Мердігерлермен қамтамасыз етілмеген.

Бюджет қаражаты есебінен жасақталған жалпы сомасы 7 000,0 мың теңгені құрайтын «Құрық селосында аграрлық аймақтарды орамішілік сумен жабдықтау желілерін салу»жобасына жасақталған жобалау-сметалық құжаттама ескiрген (мемлекеттік сараптама берілген уақыттан 3 жыл өтіп кеткен), яғни жаңа сараптама өткізiлмесе iске асыру үшiн пайдаланылуға жарамсыз.

Бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың  жасақталу тәртібі сақталмаған.      

Бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуі және қаржылық есептілік жасақтау кезінде жүргізілген операциялардың толықтығы мен шынайлығы қамтамасыз етілмеген.

Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды.Мемлекеттік аудит нысанына Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы