20/04/2024  Сенбі

Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанда өткізілген Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті «Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде және «№1 Кешкі сменалық орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері қаралды.

Мемлекеттік аудит объектілерінде сәйкестік аудиті «Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының сақтауын тексеру» базалық көрсеткіші негізінде жүргізілді.

Мемлекеттік аудит объектілерінің қызметіндегі негізгі бұзушылықтар мен кемшіліктер бюджет қаражатын пайдалану кезінде және басқа да Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын жүзеге асыру барысында орын алған.

«Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуынажүргізілгенмемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 2595,0 мың теңге бюджетке қайтарылуға жататын қаржылық бұзушылықтар жәнесаны 9 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған мемлекеттік аудит объектілерінде келесідей бұзушылықтар анықталды:

- Мекемемен қаржы игеру барысында «Алтын кун» балабақшасы» МКҚК-на мемлекеттік тапсырыс көлемінен 2 512,6 мың теңге артық төленген.

- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының кредиторлық берешегін өтеу үшін Мекемеден мемлекеттік білім беру тапсырысына тиесілі қаражат есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысына жатпайтын қосымша 26556,1 мың теңге қаражат негізсіз бөлінген.

-Кешкі мектептің 924,5мың теңгенің жиһаздары «Негізгі құралдар» шотына есепке алынбаған;

- Кешкі мектептің бухгалтерлік балансында негізгі құралдар баланстық құны бойынша есепке алынбағаны анықталды;

- сонымен қатар, Кешкі мектептің2017 жылға арналған бухгалтерлік балансында «Ағымдағы қызметті қаржыландыру» бағанында 4 552,3 мың теңге және «Өзге кірістер» бағанында 3 805, 9 мың теңге деп көрсетілген.

Алайда, 4-20 нысанындағы жиындық есебіне сәйкес 4 552, 3 мың теңгеден басқа кіріс болмағандығы анықталды. Яғни, Мекеменің бас бухгалтерінің қателесу себебінен кірістер сомасы артық көрсетілген.

Бұзушылықтар негізінен лауазымды адамдардың нормативтік-құқықтық актілерді жетік білмеуі және нормативтік-құқықтық актілерге жасалған өзгерістерді уақытылы қарамауы себебінен орын алып отыр.

Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит нысанына Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы