28/03/2024  Бейсенбі

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Мекеме) жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

Мекемеде жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 68 205,2 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 58 900,0 мың теңгеге активтердің тиімсіз пайдаланылуы және бірқатар рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Бюджеттік бағдарламалардың жасақталу тәртібі сақталмаған, бірқатар бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген.

Уақытша ғимараттар мен құрылыстардан жобалау-сметалық құжаттамада көзделген қаражаттың бюджетке өтелуі мердігерлермен қамтамасыз етілмеген.

Бюджет қаражаты есебінен жасақталған 5 жобалау-сметалық құжаттамасы ескiрген (мемлекеттік сараптама берілген уақыттан 3 жыл өтіп кеткен), яғни жаңа сараптама өткізiлмесе iске асыру үшiн пайдаланылуға жарамсыз.

Техникалық қадағалаудың уақтылы жүргізілуі қамтамасыз етілмеген.

Жобалау-сметалық құжаттамалар уақтылы әзірленбеген, оған Мекемемен жобалаушыға жергілікті биліктің жерді беру туралы шешімі, топографиялық сурет, техникалық тексеру актілері сияқты бірқатар қажетті құжаттардың уақтылы дайындап берілмеуі әсер еткен.

Мердігерлермен жұмыстың уақтылы орындалмауы - бюджет қаражатының жыл соңында игерілмеуіне, шарттарға негізсіз өзгерістер енгізіліп шарттардың ұзартылуына, жоспарланған құрылыс нысандарының уақтылы салынбауына, жобалау-сметалық құжаттамалардың қолдану мерзімдерінің өтуіне, жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілмей, бюджет шығындарынның тиімсіз пайдалануына әкелген. Мемлекеттік сатып алу шарттарына негізсіз өзгеріс енгізілу салдарынан құрылыс нысандарының аяқталуының нормативтік ұзақтығы сақталмаған.

Техникалық қадағалауға, мемлекеттік сараптамаға бөлінген қаражаттың артық шығындалуы орын алған.

Жұмыстар көлемі расталмай, орындалмаған жұмыстар үшін жалпы сомасы 58 522,1 мың теңге қаржы аударылғаны анықталды.

Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит нысанына Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы