Ағымдағы жылдың 29 наурызда өткізілген Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Ақтау қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі және оған қарасты мекемелерге жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.
Мемлекеттік аудит жүргізу барысында аудит обьектілерімен бюджет және қолданыстағы басқа да заңдылықтар нормаларының сақталмауы салдарынан 1 774,9 мың теңге қаржылық бұзушылықтарға жол берілген, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы 460,0 мың теңге,және орын алған рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 20 бірлікті құрады. Анықталған 1774,9 мың теңге қаржылық бұзушылықтар бюджетке өтелуге жатады.
Мемлекеттік аудитпен 2017-2018 жылдар кезеңі және 3 мемлекеттік аудит объектілері қамтылды.
Аудит объектілері бұзушылықтарға негізінен шығыстарды жоспарлау, іссапар шығындарын өтеу, жалақыны есептеу және төлеу, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу кезінде жол берген. Аудиторлық іс-шара барысында анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтар жүйелі түрде қайталанады.
Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтар фактілері мекемелердің лауазымды тұлғаларының өз міндеттеріне жауапты қарамағанын, қаржылық тәртіптің сақталуының тиісті дәрежеде болмауын, сондай-ақ, мамандардың Қазақстан Республикасы заңнамаларын жетік түрде меңгермегенін көрсетеді және нәтижесінде бюджет заңнамасы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама және өзге де заңнама талаптары бойынша бұзушылықтар мен кемшіліктердің орын алуына әкеліп соқтырған.
Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит нысанына Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.
Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.
Аудит нәтижелері бойынша материал Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша Департаментіне жолданды.