24/04/2024  Сәрсенбі

Ағымдағы жылдың 3 мамырында өткізілген Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде қарыздарын басқару тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижесі қаралды.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен анықталғаны:

- 2018 жылы облыстық бюджеттің белгіленген нақты борыш лимиті сақталмаған, жыл соңында 1 467 036,0 мың теңгеге асып кеткен.

- мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар арқылы алынған қарыздың – 5 414 261,0 мың теңгесі нысаналы мақсатына сай төменгі бюджетке берілмей, облыстық бюджеттің басқа шығындарын жабуға пайдаланылған. Өз кезегінде, төменгі бюджеттер құрылыс жобаларына өз бюджеті есебінен қаржы жұмсаған.

- 2018 жылы республикалық бюджетке жоспар бойынша қайтару керек негізгі қарызының - 1 551 684,0 мың теңгесі мерзімінде қайтарылмаған.

- қарыз 2019 жылы қайтарылып, мерзімінен кешіктіргені үшін 186 068,8 мың теңге айыппұл төлеп, бюджет қаражаты шығындалған.

- 1 440 480,7 мың теңге республикалық бюджеттен алынған кредит есебінен жоспарланған «Форт-Шевченко» қаласы және Баутино аулында 61,811 км. су құбырын және кәріз жүргізу» жобасының құрылысы мерзімінде аяқталмаған, тікелей және түпкілікті нәтижелеріне мерзімінде, 2018 жылы қол жеткізілмеген.

Қарыздарды басқару тиімділігіне 2 базалық көрсеткіш, 2 өлшем шарты бойынша 6 арнайы көрсеткіш арқылы баға берілді, нәтижесінде:

- 2018 жылы өткен жылмен салыстырғанда борышы ұлғайып, төлем қабілеттілігі төмендеген.

- бағалы қағаздар арқылы алынған қаржының қарыз алушыларға мақсатына сай берілмеуі былтырғы жылмен салыстырғанда өскен: 2017 жылы 35,2 %-ы, 2018 жылы 91 % -ы берілмеген.

- негізгі қарызды өтеу қабілеттілігі төмендеген: 2017 жылы – негізгі қарызының 99,7 % -ы орындалса, 2018 жылы - 14,6 %-ға орындалған. Жіберілген бұзушылықтарға қатысты жауапты қызметкерлердің жауапкершілігін қарау үшін нұсқама жіберілді.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы