18/04/2024  Бейсенбі

Маңғыстау облыстық маслихаттың 27 - сессиясында Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Мұрат Ешанкұлов Облыстық бюджеттің 2018 жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды - есеп берді.

Есепте – бюджетке түсетін түсімдер және шығыстар, бюджеттік кредиттердің орындалуы, дебиторлық, кредиторлық қарыздардың туындауы және 2018 жылғы аудиторлық іс-шара нәтижелері туралы атап өтті.

Есепке сәйкес, 2018 жылы жалпы облыс бюджетінің нақты түсімдері 182,0 млрд.теңгені құрады.

Ал, меншікті түсімінің нақты көлемі 143,6 млрд.теңгені құрап, 2017 жылғы меншікті түсімнің көлемімен салыстырғанда 14,2 млрд.теңгеге немесе 11%-ға, ал 2013 жылғы нақты түсімнің көлемімен салыстырғанда 50,0 млрд теңгеге немесе 53% - ға өскен.

2018 жылға жалпы бюджет түсімдері 189,9 млрд теңгеге жоспарланып, оның орындалу көлемі 182,0 млрд.теңгені құраған немесе 95,8%, 7,9 млрд.теңгеге орындалмаған.

Жоспарланған түсімдер келесі бюджеттер бойынша орындалмаған:

- Облыс бюджеті - жоспар93,3% ға орындалған, орындалмаған түсім 8,4 млрд теңге;

- Ақтау қалалық бюджеті - жоспар 94,2 % ға орындалған, орындалмаған түсім 1,9 млрд.теңге;

- Мунайлы ауданы – жоспар 94,6% ға орындалған, орындалмаған түсім 1 024,0 млн тенге;

- Маңғыстау ауданы – жоспар 95,4% ға орындалған, орындалмаған түсім 421,0 млн теңге;

Бейнеу ауданы– жоспар 97,9% ға орындалған, орындалмаған түсім 216,5 млн теңге.

Ақтау қаласы, Мунайлы, Маңғыстау, Бейнеу аудандары бойынша түсімдердің орындалмауы, тікелей облыс бюджетінен берілетін кредиттер, субвенциялар және мақсатты трансферттердің, оларға берілмей қалуымен байланысты.

Облысбюджеті бойынша жоспарланған түсімдер, төмендегі түсімдердің түрлері бойынша орындалмаған:

- Салықтық түсімдердің ішінде–қоршаған ортаға эмиссия төлем ақысы 3,4 млрд теңгеге орындалмаған.(жоспар 5,1 млрд.теңге, орындалуы 1,7 млрд теңге немесе 34,6%).

- Салықтық емес түсімдердің ішінде– өңірдің әлеуметтік-экономикалық және оның инфрақұрылымының дамуына жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары 2,1 млрд теңгег орындалмаған(жоспар 4,5 млрд.теңге, орындалуы 2,4 млрд теңге немесе 34,6%).

- Бюджеттік қарыздарды өтеуден түсетін түсімдер 4,9 млрд теңгеге орындалмаған(жоспар 7,1 млрд.теңге, орындалуы 2,2 млрд теңге немесе 30,6%).

Бюджет түсімдерінің орындалмауының салдары төмендегідей:

1. Бекітілген облыс бюджетінің шығыстары 2,1 млрд.теңгеге секвестрленген(барлығы облыс бойынша 4,1 млрд.теңгеге);

2. Салық төлеуші субъектілерден, аванстық төлем ретінде, алдағы кезең үшін 10,4 млрд теңге алынған;

3. Ақтау қалалық бюджетіне,әлеуметтік тұрғын үй құрылысын салуға алынған 2,9 млрд теңгеқарыздар, облыс бюджетінің тапшылығын жабуға жұмсалған.

4.Аудандарға берілетін көлемі 1,3 млрд теңгені құрайтын субвенциялар берілмеген.

5. Маңғыстау ауданына жоспарланған көлемі 523,1 млн теңгені құрайтын мақсатты трансферттер, ауданға аударылмаған;

6. Республикалық бюджетке қайтарылуы тиіс 1,5 млрд.теңге уақытында өтелмеген. Сонымен бірге осы қарыздың уақтылы өтелмегені үшін, 186,0 млн теңге көлемінде, жергілікті атқарушы органға айыппұл салынған.

7. 3,3 млрд. теңгегені құрайтын кредиторлық берешек қалыптасқан;

2018 жылға арналған бюджеттің шығыстарын талдау:

2018 жылы ағымдағыбюджеттің көлемі 130,6 млрд.теңгені құраған. Бұл, 2017 жылдың ағымдық бюджетінің көлемімен салыстырғанда 14,4 млрд.теңгеге (12,4%), ал 2013 жылдың көлемімен салыстырғанда 51,8 млрд теңгеге (66%) өскен.

Ал 2018 жылғы даму бюджетінің көлемі 13,5 млрд теңге көлемінде бекітілген. Бұл, 2013 жылдың, яғни бұдан 5 жыл бұрынғы көлемнің деңгейінен төмен.

2018 жылға арналған жалпы облыс бюджетенің шығыстарының орындалуы:

2018 жылға арналған бюджет шығысының көлемі 190,6 млрд.теңге көлемінде бекітіліп, оның игерілгені 181,9 млрд.теңгені құраған немесе 95,4%, игерілмегені 8,7 млрд.теңге.

Жоспарланған бюджеттің шығыс бөлігі, келесі бюджеттер бойынша орындалмаған:

- Облыс бюджеті - жоспар 93% ға орындалған, игерілмеген қаржы 8,5 млрд теңге;

- Ақтау қалалық бюджеті - жоспар 94 % ға орындалған, игерілмеген қаржы 1,9 млрд.теңге;

- Мунайлы ауданы – жоспар 94% ға орындалған, игерілмеген қаржы 1 049,5 млн тенге;

- Маңғыстау ауданы – жоспар 95% ға орындалған, игерілмеген қаржы 464,4 млн теңге;

Бейнеу ауданы– жоспар 98% ға орындалған, игерілмеген қаржы235,2 млн теңге.

Облыс бюджетінен басқа, қала, аудандар бойынша қаражаттардың игерілмеуінің себебі, облыс бюджетінен түспей қалған қаражаттарға байланысты.

Облыстық бюджет бойынша игерілмеген 8,5 млрд теңге:

- 5,4 млрд.теңгешығындарбойынша игерілмеген қаражат;

- 1,5 млрд.теңгебюджеттік кредиттер бойынша игерілмеген қаражат;

- 1,5 млрд.теңгежоғары тұрған бюджетке (РБ) қарыздарды өтеу бойынша игерілмеген қаражат.

Бюджет қаражатының игерілмеуінің негізгі себептері: түсімдер бойынша болжамның орындалмауына байланысты, қолма-қол ақшаны бақылау шотында қаражаттың жеткіліксіздігі.

2016-2020 жылдарға арналған облысты дамыту бағдарламасының іске асырылуын талдаудың нәтижелері.

Бағдарламада 6 бағыт бойынша 181 мақсатты индикатор қарастырылған.

Соның ішінде 20 нысаналы индикаторлар бойынша межеленген көрсеткіштерге қол жеткізілмеген. Соның ішінде:

Экономика бағыты бойынша 11 нысаналы индикаторлар бойынша, межеленген көрсеткіштерге қол жеткізілмеген;

Әлеуметтік бағыт бойынша 5 нысаналы индикаторлар бойынша, көрсеткіштерге қол жеткізілмеген;

Инфрақұрылым бағыты бойынша 2 нысаналы индикаторлар бойынша, көрсеткіштерге қол жеткізілмеген.

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2018 жылы жалпы сомасы 49 471,2 млн. теңге бюджет қаражаты мен мемлекет активтері қамтылып, 26 (7 –қарсы бақылау) нысанда аудиторлық іс-шаралар жүргізілді.

Нәтижесінде:

- 214,0 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар;

- бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану – 333,2 млн.теңге;

- бюджет қаражатын мақсатына сай пайдаланбау – 27,0 млн теңге;

- 44,0 млн. теңгегебюджетті тиімсіз жоспарлау анықталды.

Аудиторлық іс шаралардың қортыныдысы бойынша:

- Өтеуге және қалпына келтіруге жататын 188,5 млн теңгесі бюджетке өтеліп, қалпына келтірілді;

- Мемлекеттік аудит объектілеріне қаржылық тәртіпті жақсартуға бығытталған ұсынымдар жолданды, жауапты тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды;

- Уәкілетті органға берілген материалдар бойынша 30 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жалпы сомасы 2 892,0 мың теңге көлемінде 16 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

- Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін 2 материал жолданды;

- Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін - Облыс әкімінің бірінші орынбасарының атына жиынтық ақпарат жолданды;

- Жиі орын алатын жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктер бойынша барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қатысуымен семинарлар өткізілді.

Облыстық бюджеттің 2018 жылға арналған Есеп қорытындысының нәтижесімен бірнеше ұсынымдар әзірленіп Маслихат шешіміне енгізілді.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы