19/04/2024  Жұма

Ағымдағы жылдың 27 маусымда өткізілген Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіндежүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

«Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджет қаржысының орындалуының тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде бір қатар кемшіліктер мен заң бұзушылықтар анықталды.

Мемлекеттік аудит жүргізу барысында аудит обьектілерімен бюджет және қолданыстағы басқа да заңдылықтар нормаларының сақталмауы салдарынан 3 578,4 мың теңге қаржылық бұзушылықтарға жол берілген және орын алған рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 43 бірлікті құрады. Анықталған 906,7 мың теңге қаржылық бұзушылықтар бюджетке өтелуге жатады.

Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуде олардың мазмұнына қойылатын талаптар тиісті деңгейде сақталмауы, тікелей нәтиже көрсеткіштері нақты деректерге сәйкес келмеуі, түпкілікті нәтиже көрсеткіштерін нақты айқындалмауы, жоспарланған көрсеткіштер мен орындалған жұмыстардың сәйкес келмеуі себепті, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуынаталдау жасап, «тиімділік» және «нәтижелілік» көрсеткіштері бойынша бағалау жүргізу мүмкін болмаған.

2017-2018 жылдары 2 құрылыс нысаны бойынша коммуналдық заңды тұлғаның құқықтық меншігіне коммуналдық мүлік бекітілмеген.

Сонымен қатар, жауапты тұлғалармен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 санды Заңының талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеуі салдарынан бірқатар бұзушылықтар жіберілген:

-уақытылы орындалмаған жұмыстар үшін айыппұл уақытылы талап етілмегені және өнім берушілерді сотқа жосықсыз деп тану үшін жүгінбегендігі анықталды;

- құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат-талон алынбай, құрылыс жұмыстары жүргізілген;

- Мекемемен құрылыс нысаны бойынша аяқталған жұмыстардың сапасы қамтамасыз етілмеген;

-жобалау-сметалық құжаттамаларға уақтылы мемлекеттік сараптама қорытындылары алынбаған.

Анықталған бұзушылықтардың орын алу себептері, мемлекеттік аудит объектісі қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Заңнамалары талаптарының орындалуын өз деңгейінде сақтамауы салдарынан бюджет қаражатының тиімді пайдалану, жұмсау және нәтижеге қол жеткізілу принциптерінің бұзылуына әкелген.

Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтармен қатар,2016-2018 жылдары қолма-қол ақшаны бақылау шотында қаражаттың жеткіліксіз болуы,2016 жылдың қараша айында басталған үшінші кезектегі Ақтау қаласының №33 «Аққу» ықшамауданында салынып жатырған көп пәтерлі тұрғын үйлер құрылысының уақытылы аяқталмауына әсерін тигізген.

Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит нысанына Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне және Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасынажолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы