24/04/2024  Сәрсенбі

Ағымдағы жылдың 27 маусымында өткізілген Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында, «Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатын және мемлекеттік активтердің пайдалану сәйкестігіне және тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

Нәтижесінде, 13 201,7 мың теңгеге - қаржылық бұзушылықтар, 89 121,1 мың теңгеге - активтердің тиімсіз пайдаланылуы және бірқатар рәсімдік сипаттағы бұзушылықтаранықталды:

- 2017- 2018 жылдарда бюджетттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелері айқындалмаған.

- пайдалану мерзімдері өткен 12 ЖСҚ анықталды, яғни олардың бекітілгенінен кейін үш жыл ішінде құрылысы іске асырылмаған, нәтижесінде 89 121,1 мың теңгеге жасақталған активтердің тиімсіз пайдаланылуына жол берілген,мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану принципі сақталмаған.

- құрылысыаяқталып қолданысқа тапсырылған объектілерінің құнына ЖСҚ құны енгізілмеген, нәтижесінде 165 956,4 мың теңгені құрайтын 36 ЖСҚ объектілерді тапсыру кезінде балансұстаушы ұйымдарға қоса тапсырылмай, мекеменің есебінде қалған.

- құрылыс объектілерінде, жалпы соммасы 10 025,7 мың теңгеге орындалмаған жұмыстар анықталды.

- Тұщыбек және Қызан селосында тұрғын үй құрылысы толық аяқталғанымен, 2 жылдан бері қабылданбаған, оған қосатұрғындарға қабылдау актісіз пайдалануға берілгені анықталды.

- құрылыс жұмыстарын жүргізуге уақтылы рұқсат алынбаған, орындалған жұмыстар көлемі техникалық қадағалаусыз қабылданған, құрылыс жұмыстарының кестеге сай жүргізілуіне бақылау жасалмаған.

- жекелеген жағдайларда қаржылық есептілік жасақтау кезінде жүргізілген операциялардың толықтығы мен шынайлығы қамтамасыз етілмеген.

Отырыстааудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданып, Мекеме басшысының атына нұсқама жолданды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін, материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне және Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы