25/04/2024  Бейсенбі

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында«Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың заңнамаға сәйкестігіне жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 1 960,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, жалпы сомасы 1 032,3 мың теңгеге бюджеттің тікелей шығындары, 39 037,4 мың теңгеге мемлекет активтерінің тиімсіз пайдаланылуы және 22 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Бюджеттiк өтiнiмдерді, бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу кезінде заңнама нормалары сақталмаған.

Уақтылы мүлікке толық түгендеу жүргізілмеуі - мемлекеттік активтердің есебін жүргізуде, сақталуын қамтамасыз етуде және тиімді пайдалануда бұзушылықтар жіберілуіне әкелген.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама сақталмаған:біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілген,негізсіз бір көзден тікелей шарттар, қосымша шарттар жасалған және т.б.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бұзушылық фактілері бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін тиісті мемлекеттік органға жолданды.

Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды.

Бұзушылықтарды жоюға және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама жолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы