20/04/2024  Сенбі

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың заңнамаға сәйкестігіне және тиімділігіне жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы  8 791,7 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар және бірқатар рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Уақытша ғимараттар мен құрылыстардан жобалау-сметалық құжаттамада көзделген қаражаттың  қайтарылуы қамтамасыз етілмеген.

Орындалмаған жұмыстар үшін қаржы аударылған.

Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды.

Бұзушылықтарды жоюға және  бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама жолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы