25/04/2024  Бейсенбі

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде өткізілген Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында, «Қарақия аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатын және мемлекеттік активтердің пайдалану сәйкестігіне және тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

Нәтижесінде, 2 830,5 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 41 969,0 мың теңгеге мемлекет активтерінің тиімсіз пайдаланылуыжәне бірқатар рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды:

- бюджетттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелері айқындалмаған.

- жалпы сомасы 41 969,0мың теңге тұратын 2 жоба бойынша ЖСҚүш жыл ішінде пайдаланылмай, бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуына жол берілген.

- жобалау-сметалық құжаттамада көзделген уақытша ғимараттар мен құрылыстардан бюджетке қайтарылуы тиіс 211,5 мың теңгенің қайтарылуы қамтамасыз етілмеген.

- 9,36 км автокөлік жолын ағымдағы жөндеуге39 577,3 мың теңге нормативтенартық жұмсалған.

- құны 89 600,0 мың теңге тұратын «Жаңаөзен– Куланды» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары ведомоствалық сараптамадан өтпеген сметалық есептеулерменжүргізілген.

-қосымша келісім жасақтауда,мемлекеттік сатып алу Заңының бірлік бағасын сақтау талабы бұзылып, нәтижесінде жұмыс түрінің бірлік бағалары негізсіз ұлғайтылып, 2 619,0 мың теңге негізсіз жұмсалған.

- Мекеменің балансында тұрған 500 орындық жатақхана «GFM Kazakhstan» ЖШС-не жалға жергiлiктi атқарушы орган - Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімімен берілмей, «Тұрмыс-Сервис» МКК-мен берілген. Келісім шарт, «Тұрмыс-Сервис» МКК-ны мен«GFM Kazakhstan» ЖШС-гі арасында жасақталған.

- Жетібай селосындақұны 805 509,0 мың теңгені құрайтын17,4 км автокөлік жолының құрылысы аяқталмаған. Басты себебі конкурсты Жобаның құнына емес, жыл сайын бөлінген сомаға жариялануы салдарынан болған,нәтижесінде ЖСҚ - ның пайдалану мерзімі өткен.

- қаржылық есептілік жасақтау кезінде жүргізілген операциялардың толықтығы мен шынайлығы қамтамасыз етілмеген.

Отырыста аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданып, Мекеме басшысының атына нұсқама жолданды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы