25/04/2024  Бейсенбі

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында«Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне автомобиль жолдарының құрылысына, жөндеуге және күтіп ұстауға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.

Мемлекеттік аудит жүргізу барысында бюджет және қолданыстағы басқа да заңдылықтар нормаларының сақталмауынан 1 746 056,2 мың теңгенің жалпы бұзушылықтары анықталды: оның ішінде, қаржылық бұзушылықтар 5 910,4 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 2 бірлік және тиімсіз жоспарланған қаражат көлемі 1 740 145,8 мың теңгені құрайды. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың 2 533,4 мың теңгесі бюджетке өтелген.

Атап айтқанда, автомобиль жолдарының құрылысын жоспарлау кезінде бюджет жүйесінің тиімділік қағидаты мен сабақтастық принципі сақталмаған, сметалық құжаттамаларда көрсетілген уақытша имараттардан қайтаруға жатқызылатын бюджет қаржысының мердігерлермен қайтарылуы қамтамасыз етілмеген. Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды.

Бұзушылықтарды жоюға және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қараутуралы нұсқама жолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы