25/04/2024  Бейсенбі

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 79,4 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 220,0 мың теңге бюджет қаржысының тиімсіз пайдаланылу және 32 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда;

Мекемеде бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдер жасау мен бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуде және кейбір бюджеттік бағдарламардың жоспары жасалмаған, яғни бюджет заңнамасының талаптары сақталмаған.

Бухгалтерлікжәне қаржылық есептіліктің анық, шынайы жүргізілмеуі салдарынан қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкеп соқтырған, мүлікке толық түгендеу жүргізілмеген, аяқталған және пайдалануға берілген құрылыс объектілерінің құны бойынша толық көлемде есепке алынбауынан бухгалтерлік есептегі активтер құныдұрыс көрсетілмеген. Қызметкерлерге жалақы төлеуде, іссапар шығындарымен есеп айырысуларда негізсіз артық төлемдерге жол берілген.

Мемлекеттік сатып алуларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасы мен ережесінің талаптарын бұзушылық фактілері орын алыған.

Аудит объектісінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің басым бөлігі бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауда жол берілген, себебі мекемеде есепшінің ауысуы, есепші- мамандардың өз міндеттерін тиісті түрде орындамауынемесе нормативтік құқықтықактілерді жетік түрде меңгермеуінен орын алған, сол сияқтыМемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын бұзушылық фактілеріжауапты қызметкердің заңнаманы сақтамауы немесе білімінің жеткіліксіздіне байланысты.

Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бектіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит объектісіне Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы