29/03/2024  Жұма

Ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында өткізілген Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Қарақия аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, «Құрық балалар өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қызыналық кәсіпорнында бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуына жүргізілген аудит нәтижесі қаралды.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 19 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды:

- бюджетттік бағдарламалардың тікелей нәтижелері айқындалмаған;

- мемлекеттік сатып алуда тиісті талаптар сақталмаған;

- қаржылық есептілік жасақтау кезінде жүргізілген операциялардың толықтығы мен шынайлығы қамтамасыз етілмеген.

Отырыста аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданып, Мекеме және Кәсіпорын басшылары атына нұсқама жолданды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін, материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы