18/04/2024  Бейсенбі

Ағымдағы жылдың  27 ақпанында өткізілген Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында, Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мен Жаңаөзен қалалық қаржы бөліміндежергілікті бюджетті жоспарлау мен атқарудың тиімділігін бағалауға жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

2016-2020 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласын дамыту бағдарламасымен 2019 жылы жоспарланған 58 іс-шараның 25-уі орындалмаған,29 нысаналы индикатордың 1 индикаторы орындалмаған.

Жаңаөзен қаласының2019 жылғы жергілікті бюджетті жоспарлау  және атқарудың тиімділігі 2 базалық көрсеткіш, 4 арнайы көрсеткіш арқылы бағаланды.

Түсімдер қала бюджеті бойынша –99,5% -ға орындалған, оның ішінде кірістердің орындалысы 99,5 %-ды құрады,негізгі орындалмағаны:

1)      Төлем көзінен салық салынбайтын шетел азаматтарының

табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы -86,2%;

2)Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер–92,1%;

3) Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерден түсетін ішкі салықтар - 92,3%.

Облыстық бюджеттен 313 870,0,0 мың теңге трансферттің бөлігі түспеген.

Шығыстардың орындалысы 99,2 %-ды құрады,оның ішінде шығындардың орындалысы -99,5 %.

Бюджетті болжамдау, жоспарлау және орындалуы барысында Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» бұйрығының тиісті талаптары сақталмаған.

         Отырыста аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша аудиторлық қорытынды бекітіліп, Қаулы қабылданып, Мекеме басшыларының атына нұсқама жолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы