19/04/2024  Жұма

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында«Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.

         Аудандық бюджет 2019 жылы 4 рет түзетіліп, 6 рет нақтыланғандығына қарамастан, аудандық маслихатының шешімімен бекітілген жоспарлы көрсеткіштердің орындалуында ауытқушылықтар байқалды.

         Қарақия ауданының дамыту бағдарламасының болжамды көрсеткіштері  мен нақты көрсеткіштері арасындағы алшақтықорын алған, ауданды дамыту бағдарламасы кешіктіріліп бекітілген, бағдарламаны іске асыру үшін іс-шаралар жоспары әзірленбеген, дамыту бағдарламасында қарастырылған бағыттар бойынша 4 мақсатты индикаторлар орындалмаған.

            Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде жобалау сметалық құжаттамада көзделген құрылыстың нормативтік ұзақтығы мерзімі сақталмаған және 16 дана жобалау сметалық құжаттамалары бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде құрылыстары басталмай, жобалау сметалық құжаттамалардың пайдалану уақыты өткен, сондай-ақ, қабылданып алынған 2 құрылыс нысаны қоғам игілігіне пайдалануға берілмеген.

            Бюджет түсімдерін болжауда бірқатар түсімдер жасақталған есептемелермен анықталған көлемнен артық немесе кем көлемде бекітілген және негізгі капиталдан сатудан түскен түсімдер 5 рет нақтыланса да, 94,1%-ға орындалып, жоспарлы көрсеткіштер орындалмаған.

         Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды.

         Бұзушылықтарды жоюға және  бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардыңжауаптылығын қарау туралы нұсқама жолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы