20/04/2024  Сенбі

05.11.20 1

Ағымдағы жылдың  29 қазанында өткізілген Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында, «Мемлекеттік әріптестік жобалар, оның ішінде концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау» бойынша  мемлекеттік аудит және сараптамалық талдау нәтижесі қаралды.

         Нәтижесінде, 5 099,2 мың теңгеге - қаржылық бұзушылықтар, тиімсіз жұмсалғаны – 96 572,8 мың теңге, бірқатар рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

         Білім басқармасында 5 жоба,  Денсаулық сақтау басқармасында 1 жоба қолданысқа қабылданған.

         Полиция департаментінде, Дене шынықтыру және спорт басқармасында 1 жобадан, мерзімінде аяқталмаған, құрылысы жүргізілуде.

         Іске асырылған жобалар бойынша әлеуметтік- экономикалық жағынан - әлеуметтік инфрақұрылым объектісінің іске қосылуы, балабақша тапшылығының қысқаруы тиімді болғанымен, жобаның бюджеттік тиімділік деңгейі үздік нәтиже бермеген.        

         Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуда, мемлекеттік тапсырыс есепке алынбай, мемлекеттік әріптестік пен жекеше әріптестік арасында тепе тең паритет сақталмай, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» № 379-V ҚРЗ заңының теңгерiмдiлiк қағидаты сақталмаған.         

         Сонымен қатар, құрылыс саласындағы жобаларды жоспарлауда, конкурстық құжаттама, келісім шарт жобаларын жасақтау, сараптама жүргізу жұмыстарына мерзімі өткен жобалау сметалық құжаттамалар пайдаланылып, қаржы тиімсіз жұмсалған.

         Отырыста аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданып, Мекеме басшылары атына нұсқама жолданды.

                  

        

        

05.11.20 2

05.11.20

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы