25/04/2024  Бейсенбі

06.11.20 1

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.

«Маңғыстау облысы әкімдігінің Іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесімен 6211,9 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар,  3784,0 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалау, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды         

Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнама талаптары бұзылған, бухгалтерлік есепте негізгі құралдар мен материалдық емес активтер  есепке алынбаған, нәтижесінде қаржылық есептілік бұрмалануына жол берілген.

Мекеме  басшылары мен қызметкерлердің еңбекақысына  (қызмет саласына)  тиісті емес  қосымша ақылар қарастырылып, төлем жүргізілген, сондай-ақ,  мекемеде   бос  лауазымдық орындар  көп орын алған.        

Мемлекттік мүлікті  пайдалануға беруде  заңнама талаптары сақталмаған.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу заңнамасы тиісті дәрежеде сақталмағаны және басқа да бұзушылықтар анықталды.

Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит объектісіне бұзушылықтарды жоюға және бұзушылықтарға жол берген адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама жолданды.

 

06.11.20

06.11.20

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы