28/03/2024  Бейсенбі

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемелерімен  «Қала жолдары»  ЖШС-іне жүргізілген  аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.

         Аудит барысында «Қала жолдары» ЖШС-не аудит жүргізуге мүмкіндік болмады, себебі сенімгерлік басқарушы «West stroi group» ЖШС-гі«Қала жолдары» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызмет (бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және т.б.) құжаттарын қайтармаған.

         Аудиторлық іс шара барасында Тексеру комиссиясы «Қала жолдары» ЖШС-нің құжаттарын «West stroi group» ЖШС-нен қайтарту үшін Облыс, қала әкімдеріне  және құқық қорғау органдарына хаттар жолдады.

         Маңғыстау облыстық мәслихатының ұсынысы негізінде, Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2021 жылға арналған тізбесі бойынша «Қала жолдары» ЖШС-не аудиторлық іс-шара жүргізу жоспарланды.

         Осыған байланысты,  Ақтау қаласы әкіміне сенімгерлік басқарушы «West stroi group» ЖШС-нен «Қала жолдары» ЖШС-не  қаржы-шаруашылық қызметі құжаттарын  тиісті органдармен қайтартуға ұсыным берілді.

         Бұдан басқа, аудит объектісі автомобиль жолдарын жөндеу күтіп ұстауға кететін шығындарын есептеу қаржыландыру нормативтеріне сәйкес жүргізілмеген және қала көшелерінің  тізбесі  қалалық жергілікті атқарушы органымен бекітілмегені анықталды.

         Тексеру комиссиясының  отырысы аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша қаулы қабылданып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, аудит объектісіне аудиторлық қорытынды мен нұсқама жолданды.

 

30.12.20 1 30.12.20 30.12.20

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы