19/04/2024  Жұма

2021 жылдың 25 ақпаны күні, Есеп комитетінің Төрайымы Н.Н. Годунова мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж. Шпекбаевтың қаысуымен республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде бірлескен кеңес өтті.

Іс-шара Есеп комитеті мүшелерінің, аппаратының және ведомстволық бағынысты ұйымының, Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және облыстар бойынша тексеру комиссиялары төрағаларының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органдары басшыларының, сондай-ақ жұртшылық өкілдерінің қатысуымен өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша аудиторлық іс-шараларды өткізу кезінде, оның ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілген аудит материалдары бойынша өзара іс-қимылды күшейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ, «Есеп комитеті – Адалдық алаңы» офисінің ашылуы жобасына қол қайылды.

15.03.21 1 15.03.21

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы