24/04/2024  Сәрсенбі

28.04.21 127.04.2021 жылы бейнеконференцбайланыс режимінде Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің VIII отырысы өтті. Есеп комитетінің іс-шарасына қаржы вице-министрі Д.М. Кеңбейіл, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Б.Т. Нәжімиденов, өңірлік тексеру комиссияларының төрағалары және қызметкерлері, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қарағанды облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметтерінің басшылары қатысты.

Отырыста мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау (МАҚБ) органдарының 2020 жылғы бірінші және екінші жартыжылдықтағы қызметін бағалау бойынша, сондай-ақ олардың Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтауы бойынша қорытындылар қаралды.
Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар МАҚБ органдары қызметін жоспарлы тәртіппен бағалау нәтижелерін және тиімділік аудитін жүргізуді жетілдіру мәселелерін де талқылады.

28.04.21 2

28.04.21

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы