24/04/2024  Сәрсенбі

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Маңғыстау облысының білім басқармасының «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – білім бөлімі) жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 1 189,3 мың теңге қаржылық бұзушылықтар және 83 349,0 мың теңгенің 5 рәсімдік сипаттағы заң бұзушылықтар анықталды.

"Білім туралы" Заңының талабы басшылыққа алынбай, білім бөлімі тарапынан Мектепке дейінгі ұйымдармен білім беру тапсырысын орналастыруға жалпы сомасы 83 349,0 мың теңгенің 5 келісім шарттарды жасақтау (2-қосымша) барысында, тәрбиеленушілердің саны мен бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны көрсетілмеген.

Білім және ғылым министрі Бұйрығының талаптарын бұзушылықпен, мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік балабақшаларға тәрбиеленушілер үшін жалпы сомасы 1 189,3 мың теңге негізсіз төлем жасалған.

         Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит нысанына Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

18.05.21 1 18.05.21 18.05.21

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы