25/04/2024  Бейсенбі

 

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті», және «Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемелерінде (бұдан әрі – салық органы) жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 13 979,0 мың теңге, бюджеттің тікелей (жанама) шығындары 2 464 763,0 мың теңге, жіберіп алған пайданың сомасы  4 606 778,2 мың теңгені құрады, 15 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, 7 жүйелік проблемалар мен кемшіліктер анықталды.

Салық кодексінің және "Мемлекеттік мүлік туралы" ҚР Заңының тармақтарын бұза отырып, инфрақұрылымдық желілер объектілері энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының және Маңғыстау облысының ведомстволық бағынысты мекемелерінің теңгерімінен объектілерге қызмет көрсететін кәсіпорындарға сенімгерлік басқаруға берілмеген, тиісінше облыс бюджетіне 1 166 477,0 мың теңге сомасында мүлік салығы түскен жоқ (оның ішінде Ақтау қаласы бойынша-255 735,2 мың теңге).

         Салық органы салықтар мен төлемдерді бюджетке дұрыс есептеу, толық өндіріп алу және уақтылы аудару мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды қамтамасыз етпеген, сондықтан жергілікті бюджетке толық түспеген көлік салығы  6 922,5 мың теңгені құрады (оның ішінде 2018 жылы 3 377,4 мың теңге 2019 жылы 3 545,1 мың теңге)

         Сондай-ақ, пайдалануға берілген қаланың 16 және 17 шағын аудандарында орналасқан жаңа тұрғын үйлер, салық органының базасында тіркелмеген, тиісінше жергілікті бюджетке түспеген мүлік және жер салықтары 2 686,6 мың теңгені құрады (мүлік салығы-2 606,0 мың теңге, жер салығы-80,6 мың теңге).

         2018-2020 жылдары 68 табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алмай құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізді, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметіне бақылаудың болмауы салдарынан эмиссияға салық бюджетке толық түспеді.

         Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит нысанына Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

 

18.05.21 18.05.21 18.05.21 18.05.21 18.05.21

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы