29/03/2024  Жұма

Жаңалықтар

19.12.22 1

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында "Ауыл-Ел Бесігі" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.

"Ауыл-Ел Бесігі" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен 5272489,3 мың теңге бюджет қаражаты қамтылды, анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 536388,1 мың теңге, оның ішінде; қалпына келтіруге жататыны-526607,7 мың теңге, өтелуге жататыны-9780,4 мың теңге, 3948 822,4 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, 85 437,8 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, 39 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

05.12.22 1

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасының «Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметінің тиімділігіне жүргізілген жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 8185,7 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар (977,5 мың теңге аудит барысында өтелді), 48381,0 мың теңгеге экономикалық шығын, 621 169,9 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, 19 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2022 жылдың 30 қарашасында сағат 11:00–де Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында және «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралады.

Өтетін жері: Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, 1-ғимарат, 301 кабинет.

2022 жылдың 30 қарашасында сағат 10:00–де Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі» ММ, «Бейнеу ауылы әкімінің аппараты» ММ-лерінде "Ауыл-Ел Бесігі" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиторлық іс-шарасының нәтижесі қаралады.

Өтетін жері: Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, 1-ғимарат, 301 кабинет.

29.11.22 1

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Н.Иманбердиев 2014 жылғы 7 тамыздағы «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының ынтымақтастығы, тәжірибе алмасу туралы бірлескен іс-шаралар жүргізу жөніндегі» меморандум негізінде Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы А.Бердіқұловпен тәжірибе алмасу бағытында іс-шаралар өткізілді.

Іс-шаралар барысында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру бойынша одан әрі тығыз өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

01.10.2022 жылы Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы ұжымы  облыс елді мекендерінің аумақтарын көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазарту іс-шаралары айлығының күзгі сенбілігіне қатысты.

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Ақтау қаласы әкімдігінің «Ақтау электр желілері басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметінің тиімділігіне жүргізілген жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.           

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 172 639,8 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 8 435 008,7 мың теңгеге мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану,  524 249,7 мың теңгеге экономикалық шығын және 17 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2022 жылдың 06 қыркүйекінде сағат 16:00–де Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Ақтау қаласы әкімдігінің "Ақтау электр желілері басқармасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралады.

Өтетін жері: Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, 1-ғимарат, 308 кабинет.

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Маңғыстау облысының білім басқармасына ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының күрделі шығыстарына бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.    

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен  76 112,0 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, 848 442,0 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, бірқатар рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2022 жылдың 26 тамызында сағат 10:00-де Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Маңғыстау облысының білім басқармасында ведомствалық бағынысты білім беру ұйымдарының күрделі шығыстарына бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиторлық іс-шарасының нәтижесі қаралады.

Өтетін жері: Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, 1-ғимарат, 308 кабинет.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы