20/04/2024  Сенбі

Жаңалықтар

28.04.21 127.04.2021 жылы бейнеконференцбайланыс режимінде Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің VIII отырысы өтті. Есеп комитетінің іс-шарасына қаржы вице-министрі Д.М. Кеңбейіл, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Б.Т. Нәжімиденов, өңірлік тексеру комиссияларының төрағалары және қызметкерлері, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қарағанды облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметтерінің басшылары қатысты.

2021 жылдың 25 ақпаны күні, Есеп комитетінің Төрайымы Н.Н. Годунова мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж. Шпекбаевтың қаысуымен республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде бірлескен кеңес өтті.

2021 жылдың 4 ақпаны күні Есеп комитетінің ұйымдастырылуымен, Президент аппаратының, стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және "Нұр Отан" партиясының өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізілді.

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-бағытының және Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының, дағдарысқа қарсы іс-шаралардың іске асырылу тиімділігіне жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемелерімен  «Қала жолдары»  ЖШС-іне жүргізілген  аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.

30.11.20

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев а.ж. 19 тамызда өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – еліміздің стратегиялық дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі деп атап өтті.

2020 жылдың 30 қарашасында Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінде автомобиль жолдарын күтіп ұстау және елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге  бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың сәйкестігіне  жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралады.

Өтетін жері: Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, 1-ғимарат, 308 кабинет.

 

23.11.20 23.11.20 23.11.20 23.11.20

06.11.20 1

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.

05.11.20 1

Ағымдағы жылдың  29 қазанында өткізілген Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында, «Мемлекеттік әріптестік жобалар, оның ішінде концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау» бойынша  мемлекеттік аудит және сараптамалық талдау нәтижесі қаралды.

         Нәтижесінде, 5 099,2 мың теңгеге - қаржылық бұзушылықтар, тиімсіз жұмсалғаны – 96 572,8 мың теңге, бірқатар рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

         Білім басқармасында 5 жоба,  Денсаулық сақтау басқармасында 1 жоба қолданысқа қабылданған.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы