23/04/2024  Вторник
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының 05 тамыз

2019 жылғы № 02-02/8

санды қаулысымен бекітілді

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

төрағасы М.Ешанкуловқа

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1.Аудиторлық іс-шараның атауы:

Жергілікті бюджеттен бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу.

1.2.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

«Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай»мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуының сәйкестігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

1.3.Мемлекеттік аудит объектісі:

«Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай»мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі(бұдан әрі – мемлекеттік мекеме).

1.4.Мемлекеттік аудит тобының құрамы: Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман - бас мемлекеттік аудиторы Б.Джаумитпаева(топ жетекшісі, сертификат №1418), мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман –мемлекеттік аудитордың ассистенті – С.К. Килыбаев.

1.5.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2017 жылдың 01 қаңтар – 2019 жылдың 31 наурыз аралығы.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау.

«Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай»мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 22 маусымдағы №136 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

«Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні мен мақсаттары ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік табиғи - қорық қорының бірегей табиғи кешендері мен объектілерінің биологиялық саналуандығын сақтауға, оларды табиғи қорғау, экологиялық - ағартушылық, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалану болып табылады.

«Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарын құру туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 53 қаулысымен«Жабайұшқан», «Тасорпа», «Адамтас», «Манашы», «Көлеңкелі», «Есет», «Манашы» мемлекеттік табиғи қаумалдар Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағына берілген және каумалдарды ұстауға қаражат бөлінген.

1-тармақ. Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңының 26 бабының 1 тармағының талаптары бұзылып, Маңғыстау облысы әкімдігінің 22.06.2012 жылғы №136 қаулысымен құрылған «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзқызметін басқару жоспарсыз жүзеге асыруда.

Аталған заңның 26 бабына сәйкес, «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Мекеме құрылған 2012 жылдан бері бесжылдық кезеңге басқару жоспары жасалмаған, яғни мемлекеттiк орган тарапынан қамтамасыз етілмеген.

Аталған Заңның 3 бабына 4 тармақшасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылымды, мәдениеттi, оқу-ағартуды, бiлiм берудi, туризмдi дамыту мақсаттарында пайдалану, 5-тармақшасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың ақылы болуы көрсетілген.

Сонымен қатар, заңның 10 бабының 2 тармағы 1-1),14 тармақшаларына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органның ұсынуы бойынша өкілді орган жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын белгілеп, 10-бабы 2 тармағының 7 тармақшасына сәйкес заңды тұлға мәртебесi бар жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн бекiтілуі тиіс.

«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Туристік маршруттар паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 11.04.2019 жылғы №17-5-6/33 бұйрығымен бекітілген.

Алайда осы уақытқа дейін жергілікті өкілді және атқарушы органдар тарапынанерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану бойынша төлем ставкаларын белгіленіп, тарифтер мөлшері күні бүгінге дейін бекітілмеген, мекемеде ақылы қызмет көрсетуден қаражат түспеген.

2.2.Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

«Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының және мемлекеттік активтерінің пайдаланылуыныңҚазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігі.

2017жыл мекемені күтіп ұстауға006.015. «Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» бюджеттік бағдарламасымен бөлінген бюджет қаражаты 196049,2 мың теңге немесе 96,7% игерілген, игерілмеген қаржы 6 239,7 мың теңге себебіҚБШ-да қаражат болмауынанорын алған.

2018 жыл «006.Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» бюджеттік бағдарламасымен бөлінген қаржы - 136 180,4 мың теңге немесе 99,7 % игерілген. 31.03.2019 жыл жағдайына қаржыландыру жоспарына сәйкес қаралған қаржы -33 062,0 мың теңге, төленген міндеттемелер мен нақты шығындар сомасы –32 533,6 мың теңге, игерілмеген сома -528,4 мың теңге. Игерілген қаржы 98,4құраған.

2.2.1.Бюджет қаражатының, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне, сондай-ақ қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге пайдаланылу тиімділігін жиынтық талдау және бағалау, анықталған біртектес бұзушылықтардың, кемшіліктердің жинақтап қорытылған нәтижелері.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 7701,1 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар,24 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2-тармақ.2017 жылға бекітілген бюджеттiк өтiнiмдердің Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 67-ші бабының 12-ші тармағының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 24.11.2014 ж. № 511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының» 36 тармақтарының талаптары сақталмай, 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша жоспарланған жалпы сомасы 17 253,0 мың теңге шығыстардың есептеулері тиісті құжаттармен (шарттардың көшірмелерімен, прайс-парақтарымен) негізделмегені анықталды.

3-тармақ. Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 4-бабының негізділік принципі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 18.09.2014 ж. № 403 бұйрығымен бекітілген«Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымының» талаптары сақталмай, 2017 жылы «151 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелік бойынша «Қызылсай» мемлекеттік мекемесі"Маңғыстау жылу, су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен (16.03.2017ж № 12 келісім-шарт, сомасы -281,0 мың теңгеге)ауыз суменқамтамасыз етілгеніне және оған шығындар жоспарланып, жүргізілгеніне қарамастан, 149 «Өзге де қорларды сатып алу» ерекшелігі бойынша бюджет қаржысы есебінен сомасы 220,0 мың теңгеге Жамбыл облысының жеке кәсіпкер Кебеева Улшайым Едебаевнамен 21.08.2017ж. №77/2017 келісім-шартқа сәйкес, ауыз су сатып алуына жол берілген. Нәтижесінде, 220,0 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған.

Сонымен бірге, бухгалтерлік есеп бойынша ЖК Кебеева Улшайым Едебаевнадан 220,0 мың теңгеге сатып алынған ауыз су 1314 «Тамақ өнімдері» қосалқы шотына тауарды жеткізу фактісін растайтын (жүкқұжаты, қабылдау-алу акті) құжаттарсыз есепке алынып, есептен шығару құжаттарынсыз (мемлекеттік мекеменің қажетіне арналған материалдарды беру(тарату) ведомості жоқ) есептен шығарылған.

4-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 шілдедегі №325 бұйрығы (01.07.2018 жыл күшін жойған) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізілген) бекітілген Қаржы есептілігін жасаудың және ұсыну ережесінің 3 тармағының талаптары сақталмай, 01.01.2018 жыл жағдайына жасалған қаржылық есептілікте 020 «Қорлар» жолы бойынша есепті кезеңнің басында 3129,8 мың тенге қорлар қалдығы көрсетілмеген, есеп кезең соңында 2844,5 мың тенге қорлар қалдығы көрсетілген, ал аудит барысында 31.12.2016 жыл соңындағы жанар жағар май есебімен жалпы сомасы 3129,8 мың тенгеге жанар-жағар май қалдығы расталды, нәтижесінде 3129,8мың тенгеге қаржылық есептілік бұрмаланған.

5-тармақ.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 ж. №393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің 181 тармағының талаптары сақталмай, 01.01.2019 жыл жағдайына жасақталған қаржылық есептілікте 218 «Қызметкерлерге қысқа мерзімді берешек» жолы бойынша есепті жылдың аяғында қызметкерлердің пайдаланылмаған демалыстары бойынша резерв есептеу жүргізілмеген.

6-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің03.08.2010 ж. №393 бұйрығымен бекітілген қағиданың, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 423 Бұйрығының 4-тармағының 1-тармақшасының талабы сақталмаған.

2017-2018 жылдарға мекеме қызметкерлеріне (бас есепші, материалдық есепші,есепші, экономист) лауазымдық нұсқаулықтар, жауапты тұлғалармен материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарт жасақталмаған, құжаттардың ресімделуі және сақталуы өз деңгейінде жүргізілмеген.Жауапты тұлғалар негізгі құралдардың сақталуын қадағаламаған. Мекеме активтеріне түгендеу жұмысы жүргізілмеген және түгендеу нөмерлері берілмеген.

Бас есепшілауазымынан босатылған кезде бухгалтерлік қызмет істерінің қабылдау-тапсыру актісі болмаған, негізгі құралдар мен қорларға соңғы ұсынылған баланстың негізіндетүгендеу жүргізілмеген, барлық негізгі құралдарға мекеме басшысының бұйрығымен жауапты тұлғалар тағайындалмаған.

Сонымен қатар өзара есептесудің салыстыру актісі жасақталмаған, мемлекеттік мекемедегі бухгалтерлік есептің жағдайы және есеп мәліметтерінің дұрыстығы анықталмаған.

Мекеменің 2017 жылы бухгалтерлік есепті жүргізу бухгалтерлік есеп «Конфигурация «Бюджет» на платфрорме 1.С» бағдарламалық кешені арқылы жүргізілген.

2018 жылы мекеменің бас есепшілері ауысуынан «Конфигурация «Бюджет» на платфрорме 1.С» бағдарламасына бюджеттен қаражат бөлінсе де, аталған бағдарламамен бухгалтерлік есеп жүргізілмеген.

7-тармақ.Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабы 17) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 120 бұйрығының 1 қосымшадағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің табиғат қорғау ұйымдарының, орман шаруашылығы ұйымдарының және мамандандырылған ұйымдарының басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша, аудит объектісінің ұсыныған мәліметіне сәйкес мамандардың лауазымдарына біліктілік талаптары сәйкестігіне аудит жүргізгенде, мекемеде лауазымдарына біліктілік талаптары сай келмейтін мамандар ( инспектор, каумал басшылары) бар екендігі белгілі болды.

Айта кетсек, инженер, инспектор лауазымы бойынша жұмыс жасайтын қызметкердің 43-нің (штатта -55 бірлік) (0,78 %-ы), каумал басшыларының (штатта -10 бірлік) 4-ніңатқаратын лаузымдарына (жоғары, орта арнаулы білімі) біліктілік талаптары сай келмейді.

8-тармақ. Мекеменің 2017 жылғы қызметкерлерге есептелген еңбекақыны ішінара тексеру барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі туралы» қаулының талаптары сақталмай, ауылдық жерде жұмыс iстейтiн саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiнде жоқ бола тұра, 2017 жылдың қаңтар айында мекеме қызметкерлерінің еңбек ақыларына ауылдық жердегі жұмысы үшін 25 % мөлшерінде жалпы сомасы 969,2 мың теңге үстеме ақы есептеліп, төленген.

Сонымен қатар, аталған қаулыныңқосымшаларында көзделмегенүстемеақы есептеумен, 2017 жылдың 3 айында (қаңтар, ақпан, наурыз айы) мекеме қызметкерлерінің еңбек ақыларына 50 % көлемінделауазымдық айлықақыларынан(ЛА-нан) үстеме ақы қосып есептеу нәтижесіндежалпы сомасы 4371,3 мың теңге негізсіз үстемеақы төленгені анықталды.

Бұдан басқа,2017 жылы мекеме басшысының қаумал басшылары мен инспекторларға жүргізушілік қызметті қосымша атқарғандығы үшін 0,5 ставка қосымша ақы төлеу туралы бұйрықтары негізінде, қызметкерлерге қосып атқарған (жүргізуші) қызметіне еңбек ақы есептеу кезінде сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы төлеуде«1-сыныпты жүргізуші» дәрежесі жоқ қызметкерлердің жалақыларына 35 % мөлшерінде жалпы сомасы 497,3 мың теңгеге үстемеақыартық төленгені анықталды.

10-тармақ. Қазақстан Республикасының 23.11.2015 жылғы № 414-V еңбек кодексінің 1-бабы, 1-тармағы, 29-тармақшасының жәнеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1193 қаулысының, талаптары сақталмай, 2017 жылы 5-қызметкердің мамандық бойынша жұмыс өтіліміне сәйкес лауазымдық айлықақыларын есептеуге арналған коэффициенттерді дұрыс қолданбауынанеңбекақыдан жалпы сомасы 476,2 мың теңгенің артық төлем жүргізілген және 4 қызметкерге 0,5 ставкамен қосымша жұмысты қоса атқарғаны үшін еңбек ақы есептеуде жалпы сомасы 406,4мың теңге еңбекақы артық төленгені анықталды.

11-тармақ.Аудит барысында аудиторлық іріктеумен мекеменің ай сайынғы есеп айырысу-төлем тізімдемесіндегі "Төленді" бағаны бойынша төлеуге берілетін шотқа қоса берілетін тізімдерге сәйкес қызметкерлердің жеке карт шоттарына аударылған жалақы және басқа да ақшалай төлемдерді (сомаларды) 5-15А "Ақша алушылардың тиiстi шоттарына жүргiзiлген төлемдер бойынша үзiндi" нысанымен салыстырып тексергенде, Қазақстан Республикасының 23.11.2015 жылғы № 414-V Еңбек кодексінің 79 бабының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидасының 187 тармағының талаптары бұзылып, 2017 жылы 2 қызметкерге мекеме басшысының еңбек демалысын беру, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарсыз жалпы сомасы 181,0 мың тенге негізсіз еңбек демалысы мен жалақы аударылғаны анықталды.

Атап айтқанда, мекеме басшысының еңбек демалысын беру туралы бұйрығынсыз, демалыс беру туралы есебі жүргізілмей мекеменің аға инспекторы Әлхат Ақжігітовке 30.01.2017 жыл №2542762/17-5 төлеуге берілген шотпен 150,0 мың теңге қантар айы үшін еңбек демалыс ақы деп жеке карт шотына аударылған.

Сол сияқты, мекеме басшысының жұмысқа қабылдау туралы бұйрығынсыз, жұмыс уақытын есепке алу табельде, есеп айырысу-төлем ведомосында жоқ, Жәкен Едігеге 27.11.2017 жыл №2542762/17-452 төлеуге берілген шотпен 31,0 мың теңге қараша айы үшін еңбек ақы деп жеке карт шотына аударылған.

12-тармақ. Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 04.12.2014 жылғы №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 251 тармағының және 03.08.2010 жылғы №393бұйрығымен бекітілген«Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің 51тармағының талаптары сақталмай,мекемедекорпоративтік төлем карточкасы қолданбай 2017 жылдың шілде айында 169-ерекшелігінен спорттық және сауықтыру іс-шараларын өткізуге қолма-қол алынған ақша 126,0 мың теңгемекеме басшының орынбасары Ө. Сағындықтың жеке карт шотына аудару арқылы жүргізген.

13-тармақ. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 95-бабының 3-тармағының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 18.09.2014 ж. № 403 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң құрылымының» талаптары сақталмай, 161 «Ел iшiндегi iссапарлар мен қызметтiк сапарлар» ерекшелігі бойынша жұмсалған іс сапар шығыстардың ішінен жалпы сомасы 70,3 мың тенгеге растау құжаттарменқосалқы бөлшектер сатып алуға жұмсалған, бұл қаражат149 «Басқа қорларды сатып алу» ерекшеліктен жұмсалуы тиіс болатын. 2017 жылы- 30,0 мың теңге, 2018 жылы - 40,3 мың теңге.

14-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.09.2000 жылғы № 1428 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапарлары жөніндегі ережесінің 9 тармағы және 11.05.2018 жылғы № 256 қаулысымен бекiтiлгенБюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының 3 тармағының талаптары бұзылып, 2017-2018 жылдары жалпы сомасы 203,7 мың теңгеқұрайтын тәулік ақы мен пәтер ақы негізсіз өтелген. 2017 жылы – 160,7 мың теңге; 2018 жылы – 43,0 мың теңге.

15-тармақ. Қазақстан Республикасының 28.02.2007 жылғы №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің03.08.2010 ж. №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу» ережесінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің22.08.2011ж. «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу» қағидаларының талаптары сақталмай, мекеменің бухгалтерлік есеп деректер бойынша мемлекеттік активтергетүгендеу жүргізу нәтижесінде 150,0 мың теңгенің 1 дана «Lenovo» ноутбуктің жетпейтіндігі анықталды.

Сонымен бірге, түгендеубарысында «Қызылсай», «Жабайұшқан» мемлекеттік қаумалдарында пайдаланып отырған 2 (екі)дана күн электр станциясы мекеме есебінде жоқ екендігі белгілі болды, яғни бухгалтерлік есеп деректері бойынша есепке алынбаған.

16-тармақ.Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы»N 413-IV Заңының 9- бабының 2-тармағының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» № 616 Қаулысының 3-тармағы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 ж. №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу» ережесінің талаптары сақталмаған.

2018 жылы Бухгалтерлік есеп деректері бойынша 2 600,0 мың теңгенің 1 (бір) дана күн электр станциясы бастапқы құжаттарсыз (жүкқұжаты, қабылдау-тапсыру актісі) бухгалтерлік есепке алынған,(бұл күн электр станциясыөзге қаржы көзінен сатып алынып мекемеге берілген) мемлекеттік мүлік туралы Заңның талаптарына сәйкес аталған мүлік рәсімделмеген.

2015 және 2017 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасымен Маңғыстау облыстық бірлескен бағдарламасы аясында мекеме алынып, берілген құрал жабдықтар (2 кун станциясы, 1 күн электр станциясы) мемлекеттік мүлік туралы Заңның талаптарына сәйкес рәсімделмеген, сондай-ақ, 2015 жылы берілген 2 күн станциясы бухгалтерлік есепке алынбаған.

«Маңғыстау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ-сіненалу-беру актісіменжалпы сомасы құны 1 117,8 (мың теңгені құрайтын 15 дана «HONDA» маркалы генераторлары мекеменің теңгеріміне қабылданған.

Алайда, аталған 15 дана «HONDA» маркалы генераторларына түгендеу (инвентарлық) нөмірлері жасалмағаны белгілі болды.«Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі» (ЕССО-ға) бағдарламалық жүйесіне енгізілмей, мемлекеттік мүліктің тізілімінде тіркелмеген.

17-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің03.08.2010 ж. №393 бұйрығымен бекітілген қағиданың 227,233 тармақтарның талаптары сақталмай, аудитпен қамтылған аралықтағы есепті кезең ішінде бухгалтерлік есептен шығарылған жалпы сомасы 22867,9 мың тенге тенгенің қорлары(2017 жыл-10688,6 мың теңге, 2018 жыл-12179,3 мың тенгенің шаруашылық,кеңсе материалдары және қосалқы бөлшектері)мекеме басшысымен бекітілген материалдарды беру ведомостары жоқ бола тұра,қағиданың 45-қосымшасына сәйкес рәсімделмей есептен шығырылғаны белгілі болды.

18-тармақ. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 25-02-01/166 бұйрығымен бектілген «Айырым белгілері бар нысандық киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру қағидаларын және табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларын онымен қамтамасыз ету нормалары сақталмай, 2017 жылы мекеме қызметкерлеріне сатып алынған жалпы сомасы 2 908,9 мың тенге құраған киімдер(теңбіл түсті кепкі, күнделікті ерлер костюмі және мех бәтеңкелер) кию мерзімі өтпей есептен шығарылған.

19-тармақ.Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы 4-бабы және 43 бабының 26 тамақшасы сақталмай, 28.03.2017 жылы мекеме мен «Қожанбетов Бағдат Жамелбекович» ЖК-і арасында жасалған №26 мемлекеттік сатып алу шарттың мазмұнына техникалық ерекшелігі сәйкес келмейді. Шарттың ажырамас бөлігі №1 қосымшада сатып алынатын қызметтің атауы «услуги телекоммуникационные», ал №2 қосымша техникалық ерекшелігінде «Видеоконференцияга ремонт жасау» деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің97 бабының 6-тармағының және ҚР Қаржы министрінің 04.12.2014 жылғы №540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 215-тармағының талаптары бұзылып, мекемеде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге сәйкес тауарлардың, орындалған жұмыстардың және (немесе) көрсетiлген қызметтердiң жеткiзiлуiн растаудың дұрыстығынқамтамасыз етілмей, 28.03.2017 жылы мекеме «Қожанбетов Бағдат Жамелбекович» ЖК–мен жалпы сомасы 226,0 мың теңгеге «услуги телекоммуникационные» қызметін сатып алуға мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалып, сол күні 28.03.2017 жыл №ESF-831023300447-20170328-77500860 санды электронды шот-фактурадакөрсетілген қызмет «ремонт видеоконференция» депұсынып, осы шот-фактура негізінде 29.03.2017 жылғы №2542762/17-83 санды төлеуге берілген шотпен көрсетілмеген қызметке 226,0мың тенге «Қожанбетов Бағдат Жамелбекович» ЖК-не толықтай аударылып, төленген,

Аудит барысында мекемеде видеоконференцияның мүлдем болмағаны және видеоконференция байланысына қосылуда, жөндеуде жүргізілмегені анықталды.

20-тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» ЗаңыЗаңның 5-ші бабының 4-ші тармағында және Қағиданың 13-ші тармағында көзделген талаптар сақталмай, мекеме мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына 2017 жылы маусым айының 6 жұлдызында 40-Ө бұйрығымен, яғни бір күнде, екі мәрте мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген.

Сол сияқты, 2018 жылы бекітілген жылдық жоспарларында осындай заң бүзушылықтар орын алған, яғни 2018 жылы № 008-Ө санды 06.03.2018 жылғы бұйрығымен екі рет жылдық жоспарға өзгерістер енгізген, сәуір айының 6 жұлдызында 084-Ө бұйрығымен, яғни бір күнде, төрт мәрте мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген, шілде айының 13 жұлдызында 049-Ө бұйрығымен, яғни бір күнде, екі мәрте мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген, қыркүйек айының 12 жұлдызында 069-Ө бұйрығымен, яғни бір күнде, екі мәрте мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген.

21-тармақ. Заңның 5-ші бабының 4-ші тармағында және Қағиданың 14-ші тармағында көзделген талаптар сақталмай, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы (16.01.2017 жылғы №001-Ө,16.01.2017 жылғы №004-Ө, 03.05.2017 жылы №025-Ө,24.10.2017 жылғы №075-Ө) бұйрықтарымен шешім қабылданғанына қарамастан бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алудың веб-порталына жылдық жоспар орналастырылмаған.

Осы тектес кемшіліктер 2018 жылда да орын алған, яғни 03.01.2018 жылғы №001-Ө санды, 27.02.2018 жылғы №008-Ө санды, 13.07.2018 жылғы мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімқабылданғанына қарамастан көрсетілген мерзімде мемлекеттік сатып алудың веб-порталына жылдық жоспар орналастырылмаған.

22-тармақ. Заңның 39-шы бабының 3-ші тармағының 42-ші тармақшасы сақталмай, 2017 жыл ішінде жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын, 2 жағдайда көрсетілетiн қызметтер сатып алу үшін жалпы сомасы 599,4 мың теңгеге тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шарттары жасалған.

12.06.2017 жылы «Нефтяная страховая компания» АҚ-мен Автокөлікті сақтандыруға 307,4 мың тенгеге №40 санды мемлекеттiк сатып алу туралы шарт.

16.03.2017 жылы«Торгово – промышленный рейтинг» ЖШС- мен рейтинговые услуги қызметіне 292,0 мың тенгеге №21 мемлекеттiк сатып алу туралы шарт.

III. Қорытынды бөлік

3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінематериал жолданып, 4 лауазымды тұлғаларға әкімшілік іс қозғалып, айыппұлдар салынды.

Қазақстан Республикасы Ақпарат жәнекоммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясына электрондық цифрлық қолтаңбаға қатысты лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін материал жолданды.

3.2. Мемлекеттік аудит объектісі бойынша жалпы тұжырымдар:

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінебөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуының сәйкестігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 7701,1мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар оның ішінде 7551,0 мың теңге бюджетке өтеуге, 150,0 мың теңге қалпына келтіруге жатады және 24 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Анықталған бұзушылықтың басым бөлігі қызметкерлерге жалақы,қосымша ақылар мен үстемеақылар есептеу мен төлеуде,сондай-ақ, активтер мен мен қорларды есепке алу және есептен шығару, іс сапар шығындарын өтеу, түгендеу жүргізу,жасасқан мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша негізсіз төлемдер жүргізу,мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуде, шығыстарды жоспарлауда, бухгалтерлік есепті жүргізудебірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол берілген.

Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтардың орын алуы мекеменің лауазымды тұлғалардың өз міндеттеріне жауапты қарамауынан, қаржылық тәртіптің сақталуына мекемеде ішкі бақылау болмауынан, сондай-ақ, лауазымды тұлғалардың (мамандардың)Қазақстан Республикасы заңнамалары мен құқықтық- нормативтік актілерінтиісті деңгейінде жетік түрде меңгермеуі, басшылыққа алмауы және ішкі бақылаудың жоқтығынан туындаған.

Қаржылық есептілік жасақтау кезінде жүргізілген операциялардың толықтығы мен шынайлығы қамтамасыз етілмеген.

Айта кететін жәйт, алдыңғы мемлекеттік аудитпен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудитпен (29.12.2016ж. аудиторлық есеп) анықталған қаржылық бұзушылықтар 2017 жылы да қайталанып, үстемақылар негізсіз есептелінген.

Аталған бұзушылықтардың жүйелі түрде қайталанылуы лауазымды адамдардың өз міндеттерін тиісті түрде орындамауынан және тиісті деңгейде ішкі бақылаудың жоқтығынан орын алған.

3.3.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысындаМаңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуының сәйкестігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2.«Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 2019 жылдың 01 желтоқсанға дейін (Д.Құсбеков):

1)Кеңейтілген отырыста мемлекеттік аудит нәтижесімен анықталған бұзушылықтарды Басқармаға қарасты мекеменің лауазымды тұлғаларының қатысуымен талқылап, алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау мақсатында шара алуды және мекеме лауазымды тұлғаларының тәртіптік жауапкершілігін қарауды;

2) «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне табиғат қорғау ұйымы қызметін жүзеге асыратын басқару жоспарын жасап, бекітіп жәнеерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану бойынша төлем ставкаларын белгілеп, көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн бекiтіп беруді;

3) мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды және өзге де қаржы көздері есебінен мекемеге алынып берілген мүлікті заңнамаларға сәйкес бекітіп беруді;

4) Бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау, мемлекеттік сатып алуды жүргізуге жауапты қызметкерлердің біліктілігін артыру мақсатында оқу семинар ұйымдастыруды ұсынамын.

3.«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2019 жылдың 01 желтоқсанынадейін (О.Сарсенғазиев):

1)Қызметкелердің лауазымдық нұсқаулықтарын, жауапты тұлғалармен материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарт жасақтауды, мамандарды лауазымдық біліктілік талаптарына сәйкестендіру және есепші мамандардың тарапынан бұзушылықтардың қайталануын азайту мақсатында олардың біліктілігін артыру курстардан өтуді, сондай-ақ тәжірибе алмасу шараларын ұйымдастыруды;

2)Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағида талабына сәйкес мүліктерге түгендеу жүргізуді және тугендеу (инвентарлық) номерлер берілсін;

3)мекеме мүлкінің сақталуын және өзге де қаржы көздері есебінен мекемеге алынып берілген мүлікті уақтылы есепке алу мен тиісті саланың уәкілетті органы келісімен және мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізілуін қамтамасыз етуді ұсыну;

4)Бухгалтерлік есепті электронды түрде «Бюджет» на платфрорме 1.С» бағдарламасымен жүргізуді;

5)Бухгалтерлік есеп бойынша анықталған кемшіліктерді бухгалтерлік есеп жүргізу Заңнамасына сәйкес қалпына келтіруді және ішкі бақылауды қатаң қадағалауды (тапсырма)

3.4.Жалғама: жиынтық тізбе 1 бетте.

Тексеру комиссиясының мүшесі           Ж.Утегенова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя