19/04/2024  Пятница
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

04 қыркүйек 2019 жылғы №02-02/9 санды қаулысымен бекітілді

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

төрағасы М.Ешанкуловқа

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1.Аудиторлық іс-шараның атауы:

Жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың сәйкестігіне және тиімділігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

1.2.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

«Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың сәйкестігі мен тиімділігі.

1.3.Мемлекеттік аудит объектісі:

«Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі(бұдан әрі –Мекеме).

1.4.Мемлекеттік аудит тобының құрамы: Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімнің басшысы Б.Ж.Корбаков (сертификат №1626).

1.5.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:2017 жылдың 01 қаңтар – 2018 жылдың 31 желтоқсаны аралығы.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау.

«Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Бейнеу ауданы әкімдігінің 02.02.2015 жылғы №8 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Миссиясы: Қазақстан Республикасының заңнамасына сай құрылыс қызметін жүзеге асырубарысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттеу, адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыру, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамыту.

Міндеттері: Құрылыс қызметі саласындағы жұмыстарды үйлестіру.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджеттік бағдарламалар туралы мәлімет:

2017 жылы барлығы 588 029,2 мың теңге:

003 «Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау» 40 421,8 мың теңге жоспарланып, игерілген.

004 «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру» 181 906,6 мың теңге жоспарланып, игерілген.

058 «Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» 365 700,8 мың теңге бөлінген, игерілген.

2018 жылы барлығы 2 035 185,9 мың теңге:

003 «Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау» 18 996,8 мың теңге жоспарланып, бөлінген, 18 996,8 мың теңге игерілген.

004 «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру» 300 999,9 мың теңге бөлінген, оның 200 999,9 мың теңгесі игеріліп, 100 000,0 мың теңгесі ҚБШ-да қаржының болмауына байланысты игерілмеген.

024 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» 16 560,0 мың теңге бөлінген, игерілген.

058 «Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту»1 698 629,2мың теңге бөлінген, оның 1 664 443,6 мың теңгесі игеріліп, 34 185,6 мың теңгесі ҚБШ-да қаржының болмауына байланысты игерілмеген.

2.2.Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

«Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі»мемлекеттік мекемесіне жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатының және активтерінің пайдаланылуының мемлекеттік аудит жүргізуде қолданылған көрсеткіштер:

-Сәйкестік бойынша - Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігі;

-Тиімділік бойынша:

1)базалық көрсеткіш - тиімділік – жоспарланған және алынған нәтижелердің оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстар ескерілгендегі арақатынасы;

арнайы көрсеткіш - бюджеттік бағдарламалары бойынша бөлінген қаражаттың игерілуі.

2)базалық көрсеткіш - нәтижелілік –бюджеттік бағдарламалар бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі, жоспарланған көрсеткіштердің (тікелей, түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы.

арнайы көрсеткіш - перспективалық – жүргізілген шығыстардың белгіленген күтілетін кезеңге қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі.

2017 жылы:

003«Коммуналдық тұрғын-үй қорының түрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасының тікелей нәтиже көрсеткіштері ретінде - "Бейнеу селосында 4 пәтерлі муниципалдық (коммуналдық) 2 тұрғын үй құрылысы" салу жоспарланып, түпкілікті нәтижеге қол жеткізілген, жоспар 100%-ға орындалған.

004 «Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері ретінде"Бейнеу селосы көшелеріне электр желілерін тарту құрылысы", "Бейнеу селосынан Есет селосына дейін жоғары кернеулі электр желісінің құрылысы", "Бейнеу селосынан Төлеп селосына дейін жоғары кернеулі электр желісінің құрылысы", «Тәжен селосы аумағындағы автомобиль жолы бойынан көліктік қызмет көрсету алаңдарына инженерлік желілер құрылыстары жұмыстарына ЖСҚ құжаттарын жасақтау» жоспарланған, олардың 1-уі аяқталған, 2-уі аяқталмаған келесі жылға өтпелі, 1-уі (ЖСҚ қаржы бөлінбеуіне байланысты) жүзеге асырылмаған, түпкілікті нәтижеге толық қол жеткізілмеген, жоспар 75%-ға орындалған.

058 «Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойыншатікелей нәтиже көрсеткіштері ретінде"Бейнеу ауданының Боранқұл селосында су тазарту имаратын және кентішілік су құбырын салу", «Бейнеу ауданыны Cарға селосына су тазарту имаратын және кентішілік су құбырын салу», «Бейнеу селосында су тазарту имараты құрылысын салу», "Бейнеу ауданының Бейнеу селосындағы кентішілік су құбыры құрылысы. 1 телім", "Бейнеу ауданының Бейнеу селосындағы кентішілік су құбыры құрылысы. 2 телім", "Бейнеу ауданының Бейнеу селосындағы кентішілік су құбыры құрылысы. 3 телім" жоспарланған, жалпы оның 2-уі өтпелі нысандар, 4 нысан аяқталып іске қосылған,жоспар 100%-ға орындалған.

2018 жылы:

003«Коммуналдық тұрғын-үй қорының түрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасыныңтікелей нәтиже көрсеткіші ретінде"Бейнеу селосында 4 пәтерлі коммуналдық (муниципалдық) тұрғын үй салу " жұмыс жобасын Боранқұл селосында (1 үй) байластыру» құрылысыжоспарланып, 100%-ға орындалған.

004 «Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштеріретінде "Бейнеу селосынан Есет селосына дейін жоғары кернеулі электр желісінің құрылысы", "Бейнеу селосынан Төлеп селосына дейін жоғары кернеулі электр желісінің құрылысы", "Бейнеу селосында Барақ батыр, Бегенов, Ещанов, Қилыбайұлы, Мендіқұл батыр, Ә.Молдағұлова,И.Тіленбайұлы, А.Өтеуов-Матай,Матай-1, Шыршығұлұлы-Ер Қармыс-Оңғалбаев көшелеріне газ құбырларын салу"жоспарланған,нысандар барлығы келесі жылға өтпелі,жоспар 90%-ға орындалған(Бейнеу селосынан Төлеп селосына дейін жоғары кернеулі электр желісінің құрылысынақаржы толық бөлінбеген).

024«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасыбойыншатікелей нәтиже көрсеткіштері ретінде "Бейнеу ауылындағы Ж.Қалдығараев және Ы.Алтынсарин орта мектептеріне қосымша құрылысы» нысанына ЖСҚ жасақтау" жоспарланған, жоспарға 100% қол жеткізілген.

058 «Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері ретінде"Бейнеу ауданының Боранқұл, Cарға, Есет, Төлеп селоларында су тазарту имаратын және кентішілік су құбырын салу" және "Бейнеу ауданының Бейнеу селосындағы кентішілік су құбыры құрылысы 4,5 телім"жоспарланған, нысандар келесі жылға өтпелі.

2.2.1.Бюджет қаражатының, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне, сондай-ақ қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге пайдаланылу тиімділігін жиынтық талдау және бағалау,анықталған біртектес бұзушылықтардың, кемшіліктердің жинақтап қорытылған нәтижелері.

Аудит бағдарламасымен көзделген көрсеткіштер бойынша бюджеттік және басқа да заңнамалардың жауапты тұлғалармен тиісті дәрежеде сақталмауы, зерделенбеуі себебінен бұзушылықтарға жол берілгені анықталды.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 8 791,7 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар және 2 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

1-тармақ.«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы N 281 санды Бұйрығының20-бөлімі сақталмай, 2 дана жалпы сомасы 14 560,0 мың теңге құрайтын жобалау-сметалық құжаттар 2716 «Материалдық емес активтер» шотына есепке алынған.

2-тармақ. «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің» 623-бабының 1-тармағы, 654-бабының 1-тармағы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабының 1-тармағы және ҚР ҚН 8.02-09-2002 «Уақытша үйлер мен ғимараттар салуға арналған шығындардың сметалық нормаларының жинағының» 3.2,3,3- тармағы бұзылып, 4 жағдайда жалпы сомасы 5 262,5 мың теңгені құрайтын уақытша ғимараттар мен құрылыстардан жобалау-сметалық құжаттамада көзделген қаражаттың қайтарылуы қамтамасыз етілмеген:

1) "Бейнеу селосында 4 пәтерлі муниципалдық (коммуналдық) тұрғын үй құрылысы" бойынша-33,4 мың теңге(мердігер-«МаңғыстауИнфраструктура» ЖШС);

2) "Бейнеу селосында 4 пәтерлі муниципалдық (коммуналдық) тұрғын үй құрылысы" бойынша -33,4 мың теңге (мердігер - «Бейнеугаз» ЖШС);

3) "Бейнеу селосында 4 пәтерлі коммуналдық (муниципалдық) тұрғын үй салу " жұмыс жобасын Боранқұл селосында (1 үй) байластыру» құрылысы бойынша - 31,7 мың теңге (мердігер - «Нұр Құрылыс-болашақ» ЖШС);

4) "Бейнеу ауданының Боранқұл селосында су тазарту имаратын және кентішілік су құбырын салу" бойынша 5 164,0 мың теңге (мердігер -«Шебер Курылыс» ЖШС);

3-тармақ. ҚР«Азаматтық Кодексінің» 623-бабының 1-тармағының, «Бюджет Кодексінің» 97-бабының 6-тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 04.12.2014 жылғы № 540 санды «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығының 215-тармағының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 3 529,2 мың теңгеге орындалмаған жұмыстар үшін қаржы аударылғаны анықталды.

Атап айтқанда, келесі жобалар бойынша:

1)"Бейнеу ауданының Есет селосында су тазарту имаратын және кентішілік су құбырын салу" бойынша 26,1 мың теңге (мердігер «Шебер Курылыс» ЖШС);

2)"Бейнеу ауданының Төлеп селосында су тазарту имаратын және кентішілік су құбырын салу" бойынша 107,9 мың теңге (мердігер «Шебер Курылыс» ЖШС);

3)"Бейнеу ауданының Бейнеу селосындағы кентішілік су құбыры құрылысы. 4 телім" бойынша 779,5 мың теңге (мердігер «Нұр-Жол Құрылыс» ЖШС);

4)"Бейнеу ауданының Бейнеу селосындағы кентішілік су құбыры құрылысы. 5 телім" бойынша 2 615,7 мың теңге (мердігер «АЛЬЯНС LTD» ЖШС).

III. Қорытынды бөлік

3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

3.2.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша тұжырымдар

Аудит бағдарламасымен көзделген көрсеткіш бойынша жүргізілген аудит қорытындысымен бағалау нәтижесі:

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде 20 нысанның 4-уі аяқталып, 16-сы аяқталмаған. Барлық жүргізіліп жатырған құрылыс монтаж жұмыстарының нормативтік ұзақтығы 2 ай мен 10 ай аралығы екенін ескерсек, нысандардың шамамен 62,5 пайызы қаржының бөлінбеуі салдарынан қоғам игілігіне пайдалануға берілмеген.

Қаржы жеткіліксіздігіне байланысты004 «Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері 2017 жылы - 75%-ға, 2018 жылы -90%-ғаорындалған, түпкілікті нәтижеге толық қол жеткізілмеген.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 8 791,7мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар және 2 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Бұзушылықтар бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы, бюджеттік заңнамалардың сақталмауынан жіберілген.

Уақытша ғимараттар мен құрылыстардан жобалау-сметалық құжаттамада көзделген қаражаттың қайтарылуы қамтамасыз етілмеген.

Орындалмаған жұмыстар үшін қаржы аударылған.

3.3.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында«Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінежүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2.Бейнеу ауданының Әкіміне 2019 жылдың 04қарашасына дейін (Әбілов Б.К.):

1)«Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде анықталған бұзушылықтарға назар аударып, мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін қарауды ұсынамын.

3.«Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне2019 жылдың 04 қарашасынадейін:

1)Бухгалтерлік есептің дұрыстығын қамтамасыз етуді (2411 «Аяқталмаған құрылыстар» шоты бойынша) ұсынамын.

3.4.Жалғама: жиынтық тізбе - 4 бетте.

Тексеру комиссиясының

мүшесі А.Нурбосынова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя