19/04/2024  Пятница
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

ПРОЕКТ

Маңғыстау облысы бойынша

тексеру комиссиясының

27.06.2019 жылғы №02-02/5

санды қаулысымен бекітілді

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

төрағасы М.Ешанкуловқа

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1.Аудиторлық іс-шараның атауы:

Бюджет қаржысының және мемлекет активтерін пайдаланылуының сәйкестігіне, тиімділігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

1.2.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

«Қарақия аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатын және мемлекеттік активтердің пайдаланылуына сәйкестік және тиімділік аудитін жүргізу.

1.3.Мемлекеттік аудит объектісі:

«Қарақия аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Мекеме).

1.4.Мемлекеттік аудит тобының құрамы: Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының бас маман – мемлекеттік аудитор А. Тұрғанбаев (сертификат №1428), бас маман-аудитордың ассистенті – О. Нурмаганбетов жүргізді.

1.5.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2017 жылдың 01 қаңтар – 2018 жылдың 31 желтоқсан аралығы.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау.

«Қарақия аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Миссиясы: ауданаралық қоғамдық жолаушылар тасымалы, аудандық маңызы бар жолдар, коммуникациялар, тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясатты, аудан аумағындағы тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

Міндеттері: ауданның инженерлік жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамытуды ұйымдастыру, ауданда көгалдандыру, санитарлық жағдай, көріктендірудің қажетті деңгейін қамтамасыз ету, аудан аумағындағы тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша кондоминиумдар объектілерін басқару органдарының қызметін бақылау, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, тұрғын үй қорын сақтау, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.

Аудан бойынша құрылыс саласында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 2018 жылы 41,9 мың шаршы метрді құраған, 2017 жылмен (40,3 мың шаршы метр) салыстырғанда 1,6 мың шаршы метрге өсіп, көлемі 103,9 пайызды құрады.

 

2.2.Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

«Қарақия аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мемемесіне бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне бағалау үшін келесі көрсеткіштер қолданылды:

Сәйкестік аудиті бойынша -Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігі.

1) базалық көрсеткіш - тиімділік – жоспарланған және алынған нәтижелердің оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстар ескерілгендегі арақатынасы;

арнайы көрсеткіш:

-ауылдық елді мекендерді автокөлік жолдарымен қамтамасыз етілу деңгейі;

- коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерді ағымдағы жөндеумен қамту, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі.

2) базалық көрсеткіш - нәтижелілік – даму бюджеттік бағдарламалар бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі, жоспарланған көрсеткіштердің (тікелей, түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы.

арнайы көрсеткіш: даму бюджеттік бағдарламаларына бөлінген қаражаттың игерілуі.

 

01.07.2017-31.12.2017 жылдары барлығы 542 986,2 мың теңге:

015.000 « Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 72 210,0 мың теңге бөлініп, толық игерілген.

022.015 «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 197 948,4 мың теңге жоспарланып, бөлініп, толық игерілген.

023.000 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 87 900,0 мың теңге бөлініп, толық игерілген.

028.000 «Коммуналдық шаруашылығын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 51457,01 мың теңге бөлініп, толық игерілген.

045.000 «Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 107 604,2,0 мың теңге бөлініп, толық игерілген.

067.000 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша 25 872,0 мың теңге бөлініп, толық игерілген.

2018 жылы барлығы 726 367,9 мың теңге:

003.000 «Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 25 519,0 мың теңге бөлініп, 25 518,3 мың теңге игеріліп, 0,7 мың теңге үнемделген қаражат.

015.000 «Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 157 508,0 мың теңге бөлініп, толық игерілген.

022.015 «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 160 472,0 мың теңге бөлініп, 160 439,5 мың теңге игеріліп, 32,5 мың теңге үнемделген.

023.000 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 52 795,0 мың теңге бөлініп, толық игерілген.

028.000 «Коммуналдық шаруашылығын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 22 843,0 мың теңге бөлініп, толық игерілген.

033.015 «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 14 655,0 мың теңге бөлініп, толық игерілген.

2.2.1.Бюджет қаражатының, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне, сондай-ақ қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге пайдаланылу тиімділігін жиынтық талдау және бағалау,анықталған біртектес бұзушылықтардың, кемшіліктердің жинақтап қорытылған нәтижелері.

Мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 2 830,5 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 41 969,0 мың теңгеге мемлекет активтерінің тиімсіз пайдаланылуыжәне 5 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

1- тармақ.Қазақтан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 30 желтоқсандағы №195 «Бюджеттік бағдарламаларды «кіші бағдарламаларды әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығының 9-тармағы 11) бөлімінің талаптары сақталмаған, мекеменің бюджеттік бағдарламаларының тікелей нәтижелері айқындалмаған.

2-тармақ.Қазақстан Республикасының 16.07.2001 жылғы №242 санды «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабының 7-тармағының және ҚР ҚНмЕ 1.02.03-2011 (СНиП РК) сақталуы қадағаланбай, жалпы сомасы 41 969,0 мың теңгені құрайтын2 жобалау-сметалық құжаттамаларынының3 жыл пайдалану мерзімдері өтіп, мемлекет активтері уақтылы пайдаланылмай, қаржы тиімсіз жұмсалған.

Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» N 413-IV Заңының 6- бабы 4) тармағының мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану принципі сақталмаған.

3-тармақ. «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің» 623-бабы, 1-тармағы, 654-бабы, 1-тармағы және«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабы 1-тармағы және Қазақстан Республикасының ҚН 8.02-09-2002 «Уақытша үйлер мен ғимараттар салуға арналған шығындардың сметалық нормаларының жинағының» 3.2,3,3- тармағы бұзылып, «Нәзір» ЖШС –нен 211,5 мың теңге - уақытша ғимараттар мен құрылыстардан жобалау-сметалық құжаттамада көзделген қаражаттың қайтарылуы қамтамасыз етілмеген.

4-тармақ.Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің 17.06.2015 жылғы № 711«Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауды қаржыландыру»- нормативінің талатары сақталмай,яғни 2017 жылы Құрық селосында 8,37 км ауылішілік автокөлік жолын ағымдағы жөндеу жүргізуге нормативке сәйкес 10 640,64 мың теңге қаржыландырылуы тиіс бола тұра,іс жүзінде 48 787,7 мың теңге жұмсалып, нәтижесінде, 38 147,0 мың қаржы артық есептеліп, жұмсалған (мердігер -«БекКур» ЖШС).

Сол сияқты,2018 жылы Жетібай ауылында 0,99 км ауылішілік автокөлік жолын ағымдағы жөндеужүргізуге нормативке сәйкес1 390,7 мың теңге қаржыландырылуы тиіс бола тұра,іс жүзінде 15 695,0 мың теңге жұмсалып, нәтижесінде 14 304,3 мың теңге артық қаржы есептеліп, жұмсалған. («Акжол+К» ЖШС).Ағымдағы жөндеу023 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы есебінен жүргізілген.

5– тармақ. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 24.01.2014 жылғы«Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлеріне сыныптау» №56 бұйрығының 29-тармағының талабы сақталмай, 2017 жылы 89 600,0 мың теңгеге«Жаңаөзен– Куланды» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмысы тиісті ведомоствалық сараптамадан өтпеген сметалық есептеулерменжүргізілген. Орташа жөндеу - 045 «Автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу» бюджеттік бағдарламасы есебіненжүргізілген, жұмыс аяқталған (Нәзір» ЖШС).

6-тармақ. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» Заңының 45 бабы, 2 тармағы 3) тармақшасының, яғни көрсетілетін қызмет түрінің бірлік бағасының өзгермеуін сақтау талабы бұзылып,аудандық коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлердіңағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жасақталған келісім шарттарға жұмыс көлемінің артуына байланысты қосымша келісім жасақтауда қызмет түрінің бірлік бағалары негізсіз ұлғайтылған.

Нәтижесінде, Бюджет Кодесінің 97-бабы 6-тармағы, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 04.12.2014 жылғы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №540бұйрығының 215-тармағының талаптары бұзылып, коммуналдық үйлердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 2 619,0 мың теңге негізсіз артық жұмсалған (1 ш/а 65,66 үй; мердігер «TAS Group Kyrylys»)

7– тармақ.Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Мемлекеттік мүлік туралы Заңының 74 бабы, 3 тармағының (2 абзац) талабы бұзылып, Мекеменің балансындағы 500 орындық жатақхана «GFM Kazakhstan» ЖШС-не жалға жергiлiктi атқарушы орган - Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімімен берілмей,«Тұрмыс-Сервис» МКК-мен берілген. Келісім шарт,«Тұрмыс-Сервис» МКК-ны мен«GFM Kazakhstan» ЖШС-гі арасында жасақталған.

8– тармақ.Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V санды «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының 21-бабы, 2-тармағының талаптары бұзылып, құны 985 912,0 мың теңгені (оның ішінде құрылыс монтаждық жұмыстары -805 509,0 мың теңге) құрайтын 17,4 км «Қарақия ауданының Жетібай селосындағы жаңа шағын аудандардың автокөлік жолдарын салу» құрылысына, конкурс құрылыстың жалпы сомасы - 805 509,0 мың теңгеге жарияланбай, әр жылы бюджеттен бөлінген сомаға жарияланған:

2016 жылы - 195 619,2 мың теңгеге(алдыңғы бақылаумен қамтылған);

2017 жылы - 206 304,0 мың теңгеге жасақталған, игерілгені - 196 329,0 мың теңге (2017 жылға – 196 329,0 мың теңге; 2018 жылға – 9 975,0 мың теңге).

2018 жылға – 150 944,0 мың теңге.

Құны - 805 509,0 мың теңгенің 17,4 км жолдың 2016-2018 жыл аралығында 13,1км ұзындығы салынып, бөлінген 542 892,2 мың теңгесі жұмсалған.

Қалған 4,3 км жол салынбаған, ЖСҚ –ның 3 жыл пайдалану мерзімі өткендіктен, конкурсты қайта жариялау мүмкіндігі болмай, 2018 жылы жол аяқталмаған.

Нәтижесінде, жолдың уақтылы аяқталмауына,бастапқыда конкурстың құрылыстың жалпы құнына өткізілмеу салдарынан, ЖСҚ-ның 3 жыл пайдалану мерзімінің өтуі әсерін тигізген.

III. Қорытынды бөлік

3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша аудиторлық іс-шара қорытындысы бойынша материал Мекеменің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 26.08.2019 жылы №01-08/529 санды хатпен жіберілді.

3.2.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша тұжырымдар Мекемеде жүргізілген мемлекеттік аудитпен аудит бағдарламасымен көзделген көрсеткіштер бойынша жалпы сомасы 2 830,5 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 41 969,0 мың теңгеге мемлекет активтерінің көзделген мерзім ішінде пайдаланбауынан қаржының тиімсіз жұмсалғаныжәне 5 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Тиімділік көрсеткіші бойынша 2 арнайы көрсеткішпен баға берілді.

1)«ауылдық елді мекендерді автокөлік жолдарымен қамтамасыз етілу деңгейі» бойынша тиімділік көрсеткішінің орындалысы 76 %- ды құрап отыр (4,3 км*100/17,4км).

Атап айтқанда, 2016 жылы басталған, құны 805 509,0 мың теңгені құрайтын 17,4 км Жетібай селосындағы жаңа шағын аудандардың автокөлік жолының құрылысына жүргізілген конкурста ЖСҚ – ға сәйкес құрылыс құнының толық жарияланбай өткізілуі салдарынан,құрылыс мерзімінде (ЖСҚ-мен көзделген мерзімде) аяқталмаған.

2) «коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерді ағымдағы жөндеумен қамту, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі» бойынша тиімділік көрсеткішінің орындалысы 100%- ды құрап отыр, жоспарланған 3 үйдің жөндеу жұмысы аяқталып, қолданысқа берілген, Аққұдық селосында ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жерден су тарту ұңғымасы салынып, қолданысқа берілген.

Нәтижеліліккөрсеткіші бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілген, жоспарланған қаржы бөлініп, игерілген.

Жауапты тұлғалармен Қазақстан Республикасының Заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеуі салдарынан бірқатар бұзушылықтар жіберілген:

-мекеменің бюджеттік бағдарламаларының тікелей нәтижелері айқындалмаған;

- уақытша ғимараттар мен құрылыстардан жобалау-сметалық құжаттамада көзделген қаражаттың қайтарылуы қамтамасыз етілмеген;

- 023 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы есебінен автокөлік жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржыны жұмсауда тиісті нормативтер сақталмаған;

- автомобиль жолдарына жүргізілген орташа жөндеу жұмыстары тиісті ведомоствалық сараптамадан өтпеген сметалық есептеулермен жүргізілген;

- ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу бароысында қосымша келісімдер жасақтауда - бірлік қызмет түрінің бірлік бағаларын ұлғайту фактілеріне жол берілген;

-мемлекеттік меншіктегі 500 орындық жатақхананы жалға берудемемлекеттік мүлік туралы Заңнама талаптары тиісті дәрежеде сақталмаған;

- бастапқыда, конкурс өткізуде құрылыстың ЖСҚ-да көзделген жалпы құнына өткізілмеуі салдарынан автокөлік жолдарының уақытында аяқталмауы орын алған;

- бюджет қаражаты есебінен жасақталған жобалау-сметалық құжаттамаларының пайдалану мерзімдерінің ескiруі орын алып, активтердің тиімсіз пайдалануына жол берілген.

- қаржылық есептілік жасақтау кезінде жүргізілген операциялардың толықтығы мен шынайлығы қамтамасыз етілмеген.

3.3.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Қарақия аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2.Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысына (Қ. Рысбаевқа) 2019 жылдың 01 желтоқсанға дейін:

1) Аудандық коммуналдық меншік - 500 орындық жатақхананы жалға беру тәртібінмемлекеттік мүлік туралы Заңнама талаптарына сәйкестендіруді.

3. Қарақия аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне (Б. Абилов):

1)Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларын, құрылыс ісі туралы, мемлекеттік мүлік туралы, мемлекеттік сатып алу заңнамаларды тиісті дәрежеде зерделеп, мемлекеттік аудит нәтижесімен анықталған бұзушылықтарды талқылап, алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау мақсатында шара алуды;

2) Аудандық коммуналдық меншік - 500 орындық жатақхананы жалдау барысында тиісті Заң нормаларын қатаң сақтаудыұсынамын.

3.4.Жалғама: жиынтық тізбе 1 бетте

 

Тексеру комиссиясының мүшесі Х. Джанаева

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя