16/04/2024  Вторник
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша

тексерукомиссиясының 12.11.2019ж.

№02-02/13қаулысымен бекітілген

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: «Маңғыстау Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты:«Маңғыстау Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметінің тиімділік аудиті.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері: «Маңғыстау Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі(одан әрі –Серіктестік).

1.4. Мемлекеттік аудит тобының құрамы:талдау жоспарлау және сапаны бақылау бөлімінің басшысы - Т.Сүлейменова (сертификат №0164) жүргізді.

1.5. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2018 жылдың 01 қантар –31 желтоқсан аралығы.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау:

Мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылған көрсеткіштер:

Мемлекеттік аудитті жүргізу «Тиімділік» және «Нәтижелілік» көрсеткіштері.

Мемлекеттік аудит «Тиімділік» көрсеткіші: Маңғыстау облысының аумағында таратылатын баспа бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызметтерді жүзеге асыру;

Арнайы көрсеткіші: тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу бөлігінде бюджеттік қаржыландыру көлемдерінің квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің жоспарланған қаржылық нәтижелерімен өзара байланысының болуы;

Мемлекеттік аудит «Нәтижелілік» көрсеткіші: Даму жоспарының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу;

Арнайы көрсеткіші:қаржылық орнықтылықтың негізгі көрсеткіштері - экономикалық рентабельділік коэффициенті, негізгі қорлардың тозу коэффициенті, ағымдағы өтімділік коэффициенті, активтердің рентабельділік коэффициенті.

Аталған мемлекеттік аудиттің «Тиімділік» және «Нәтижелілік» көрсеткіштері аудит объектісінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді және нәтижелі пайдалануы бойынша қызметін ашып көрсету мақсатында қолданылып отыр.

«Маңғыстау Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қызметін Маңғыстау облысы қаржы басқармасының 2013 жылғы 29 қаңтар №2-04/71 бұйрығымен бекітілген «Маңғыстау Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жарғысына (әрі қарай - Жарғы) сәйкес жүзеге асырады.

Мақсаты: бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызметтерді жүзеге асыру; республикалық және облыстың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени-рухани өміріндегі оқиғалары туралы, тұрғындарды қызықтыратын басқа да ақпараттардан тұратын өзекті, шынайы және толық мәліметпен қамтылған қоғамдық-саяси баспа басылымдарын, теле және радиобағдарламаларды облыс бойынша және аудандар мен қалаларда дайындап, шығару.

Серіктестіктің уәкілетті органы – «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» (әрі қарай – Ішкі саясат басқармасы) мемлекеттік мекемесі болып табылады. Серіктестіктің мемлекеттік үлеске қатысу иелену құқықтары Қатысушы – Маңғыстау облыстық қаржы басқармасына жатады.

Серіктестік 2 облыстық, 1 қалалық, 5 аудандық газеттерді шығарумен және сайт таратумен айналысады. Атап айтқанда, «Маңғыстау», «Огни Мангистау», «Рауан», «Қарақия», «Ақкетік арайы», «Мұнайлы», «Жаңаөзен», «Жаңа өмір» газеттері шығарылады.

Интернет желісіндегі «Mangystaumedia» ақпарат агенттігі орналасқан.

Серіктестіктің жарғылық капиталы 112 949,9 мың теңгені құрайды.

2018 жылы барлығы 318 434,9 мың теңге табыс түскен, шығыстары 310 035,6 мың теңге, таза табысы 8 399,3 мың теңге.

Серіктестіктің қаржылық орнықтылығын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерінің есептеулері келесідей:

экономикалық рентабельділік коэффициенті- бұл көрсеткіш 0,68-ді құрады, яғни Серіктестіктің экономикалық қызметі тиімді деп бағалауға болады.

негізгі қорлардың тозу коэффициентіоң қорытынды қалыптастыру үшін ұсынылған параметр 0,5 шегінде бұл көрсеткіш 0,82-ні құрады. Оң нәтиже болса да, негізгі қорлардың тозу деңгейі жоғары екені көрініп тұр. 2018 жылы шығыстау жұмыстары жүргізілмеген.

ағымдағы өтімділік коэффициенті- оң қорытынды қалыптастыру үшін ұсынылған параметр 1,5-тен 2,5-ке дейін, бұл көрсеткіш 4,56-ны құрады. Яғни, Серіктестік өзінің ағымдағы және қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға толық мүмкіндігі бар.

активтердің рентабельділік коэффициенті- оң қорытынды қалыптастыру үшін ұсынылған параметр 0,2 және одан да жоғары, бұл көрсеткіш 0,59-ды құрады. Яғни, Серіктестік мемлекеттік мүлікті мақсатына сай пайдаланып отырғанын көрсетеді.

Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

2.2.1. Бюджет қаражатының, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне, сондай-ақ қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жиынтық талдау және бағалау, анықталған біртектес бұзушылықтардың, кемшіліктердің жинақтап қорытылған нәтижелері.

Мемлекеттік аудит жүргізу барысында бюджет және қолданыстағы басқа да заңдылықтар нормаларының сақталмауынан 371,9 мың теңгенің жалпы бұзушылықтары анықталды: оның ішінде, қаржылық бұзушылықтар 364,4 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 10 бірлік және тиімсіз жоспарланған қаражат көлемі 7,5 мың теңге.

2018 жылға арналған штаттық кесте Серіктестік директорымен бекітіліп Ішкі саясат басқармасының басшысымен келісілген. Штаттық кестеге жыл ішінде 2 рет өзгерістер енгізілген. Жыл соңында барлығы 98 штаттық бірлік.

1-тармақ. Серіктестік директорымен келісіліп Ішкі саясат басқармасының басшысымен бекітілген «Маңғыстау –Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ынталандыру және әлеуметтік қолдау Ережесінің (әрі қарай – Ереже) 3.16 тармақшасының талаптарын бұзушылықпен тәртіптік жауапкершіліктері алынбаған 3 қызметкерге жалпы сомасы 30,0 мың теңге сыйақы төленген.

2-тармақ. Қазақстан Республикасының Еңбек көдексінің 103 бабының талабын бұзушылықпен еңбек ақысы сақталмайтын демалыста болған, яғни нақты жұмыс істемеген уақыты үшін 3 қызметкерге жалпы сомасы 40,7 мың теңге жалақы төленген.

3-тармақ. Ереженің 3.2 тармақшасының талаптарын бұзушылықпен кезекті еңбек демалысын алған1 қызметкерге жалпы сомасы 191,0 мың теңгебір жолғы материалдық көмек артық төленген. Яғни, 2018 жылы 2 рет материалдық көмек берілген.

Бұзушылықтың пайда болу себебі, жауапты тұлғалардың осы сұрақтарды регламенттейтін нормативтік құжаттар талаптарын толық сақтамауынан туындаған.

Серіктестіктің нақты орналасқан ғимараты 3 шағын аудандағы №70 ғимарат, Серіктестік балансында емес. Баланстағы 3 шағын аудандағы №88 ғимараттың жалпы алаңы 657,0 шаршы метр, ғимарат жылу жүйесімен жабдықталмаған. Қазіргі уақытта, ғимараттың 160,7 шаршы метрі жалға берілген. Олар: 1) «Ақтау Тұрғын үй» 50,7 м2, 2) «Комфорт Строй Актау» ЖШС 43,0 м2, 3) «ГУКС Актау» ЖШС 67 м2.

4-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.02.2003 жылғы №145 «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қаулысы (әрі қарай – №145 Үкімет қаулысы).

№145 Үкімет қаулысының 1-тармағының талабын бұзушылықпен Серіктестіктің 2018 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту кезінде кейбір шығындардың лимиттері анықталмаған,олар:

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» 17.03.2015 ж. №179 бұйрығының талаптарына сәйкес, кезекші және қызметтік автокөліктердің санының лимиті және 1 автомобильдің бір айдағы жүруінің (км) лимиті, әкімшілік қызметкерлер орналасқан алаңның нормасы;

- ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» 06.02.2008 ж. №108 қаулысымен және ҚР Үкiметiнiң «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ 22.09.2000ж. №1428 Қаулысымен бекiтiлген «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы» Ережеге сәйкес, iссапарлар үшiн тәулiкақы мөлшерi және тұрғын үйдi жалдау жөнiндегi шығыстарды өтеу үшiн шектi мөлшерлері.

Соның салдарынан келесідей факт орын алып отыр:

5-тармақ.№145 Үкімет қаулысының 1-тармағының талабын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 17.03.2015 ж. №179 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларының» талаптарын бұзушылықпен Серіктестік қызметтік мақсатта 7 бірлік автокөлік пайдаланып отыр, оның 2-уі техникалық жарамсыз жағдайда. Нәтижесінде автокөлік нормативтен 1бірлікке артық.

6-тармақ. №145 Үкімет қаулысының 1-тармағының талабын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.09.2000ж. №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» Қаулысының9-тармағының 1,2-тармақшаларының жәнеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 11.05.2018ж. №256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының 3-тармағының 1,2-тармақшаларының талаптарын бұзушылықпен жалпы сомасы 102,7 мың теңгешығыстарартық төленген.

Бұзушылықтың пайда болу себебі, Серіктестіктің уәкілетті органы мен қатысушысы тарапынан байланыс пен бақылаудың толық жүргізілмеуінен туындаған.

Қазақстан Республикасының 01.03.2011 жылғы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, даму жоспары - жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің негізгі бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат болып табылады.

«Маңғыстау –Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2018 жылға арналған даму жоспары «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 16.01.2018 жылғы №02-03/03 бұйрығымен бекітілген.

Ішкі саясат басқармасы 25.12.2018 жылғы №02-03/131 бұйрығымен 2018 жылға арналған даму жоспарына өзгеріс енгізілген.

7-тармақ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 27.03.2015ж. №249 бұйрығымен бекітілген «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидасының» 4 тармағы және 6 тармағының 2 тармақшасының талаптары сақталмай, аудитпен қамтылған кезеңде «Маңғыстау-Медиа» ЖШС-нің 2018 жылға арналған Даму жоспарының 4-ші қосымшасында сапа және тиімділік көрсеткіштерін қамтитын түйінді көрсеткiштеркөрсетілмеген.

Нәтижесінде, Серіктестік қызметінің нәтижелілігін бағалау мүмкіндігі болмаған.

Бухгалтерлік есеп бойынша 2018 жыл соңына қысқа мерзімді міндеттеме бойынша қарыз – 16 298,0 мың теңге, оның ішінде қосымша құн салығына 9 551,0 мың теңге, әлеуметтік салыққа 1 421,0 мың теңге, жеке табыс салығына 1 927,0 мың теңге, басқа да міндеттемелер бойынша 3 399,0 мың теңге.

Қарыздың пайда болу себебі – салық заңнамасына сәйкес салық төлеу мерзімі есепті кезеңнен кейінгі айда, яғни 2019 жылдың қаңтар айында төленген. Дебиторлық қарыз – 47 445,0 мың теңгені құраған, оның ішінде: тапсырыс берушілер мен сатып алушылардың қарызы – 47 374,0 мың теңге, есеп беруші тұлғалардың қарызы – 225,0 мың теңге және төленген еңбек ақы бойынша – 154,0 мың теңге. Қарыздың пайда болу себебі - тапсырыс берушілер мен сатып алушылардың көрсетілген қызметтеріне уақытылы ақы төлемеуінен қалыптасқан.

8-тармақ. Серіктестіктің Есеп саясатының 4.1 тармағының «Кассадағы ақша қаражатының есебі» бөлігінде кассалық кітаптың парақтары ай сайын шығарылып, номерленіп бас есепшінің қолымен расталады делінген талабы сақталмаған.

Негізгі құралдардың бастапқы құны 51 606,6 мың теңге, тозуы 42 108,3 /оның ішінде 2018 жылға 5 379,6 мың теңге/ қалдық құны 9 498,3 мың теңгені құраған. Негізгі құралдардың тозуы 81,6%, алайда 2018 жылы шығыстау жүргізілмеген.

9-тармақ. Бастапқы құны 2 442 000,0 мың теңгені құрайтын «Hyundai Аccent» автокөлігі пайдалануға жарамсыз, бірақ бүгінгі күнге дейін есептен шығарылмай, 2018 жылы 7,5 мың теңге көлік құралдарының салығы төленген.

Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының 01.03.2011 ж. «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-бабының 4) тармақшасының талаптары сақталмай, мемлекеттік мүліктердің тиімсіз қолданылуы орын алып отыр.

Бұзушылықтың пайда болу себебі, материалды жауапты тұлғаның өз міндетін деңгейінде жүзеге асырмауынан туындаған.

2018 жылдың қаржылық есептілігіне сәйкес, Серіктестің таза табысы 8 399,0 мың теңге. Таза табыстың жергілікті атқарушы орган белгілеп берген бөлігі, 1106,3 мың теңге жергілікті бюджет есебіне 09.10.2019 жылы аударылған.

10-тармақ.Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының (әрі қарай – Мемлекеттік сатып алу Заңы) 39-бабының 3-тармағының 50)-тармақшасының талабы сақталмай, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 23.12.2015 жылғы №677 санды «Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығында көзделмегеніне қарамастан, «Газет басып шығару қызметтеріне» тікелей бір көзден «Neon City» ЖШС-мен жалпы сомасы 58 569,0 мың теңге 4 мемлекеттік сатып алу шарттары жасалған.

11-тармақ. Мемлекеттік сатып алу Заңының 51-бабының 2-тармағының 3)-тармақшасының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 Қаулысымен бекітілген «Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесінің» 4-тармағының 5)-тармақшасында көзделген талаптары сақталмай, «Тнысбаев Ж.» ЖК-мен «Көгалдандыру» қызметіне сомасы 240,5 мың теңге шарт негізсіз жасалған.

Яғни, «Тнысбаев Ж.» ЖК-і Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.12.2015 жылғы №1065 «Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген тізбесінде енгізілмеген.

12-тармақ. Мемлекеттік сатып алу Заңының 39-бабының 3-тармағының 42)-тармақшасы негізсіз қолданылып 7 мемлекеттік сатып алу шарттары жасалған.

Атап айтқанда: «Телефон байланыс қызметтеріне» және «Интеренет жүйесіне қосу қызметтеріне» «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы - Батыс өңірлік телекоммуникация дирекциясымен жалпы сомасы 1 326,6 мың теңгеге 6 мемлекеттік сатып алу шарттары жасалған.

Алайда, бұған қоса Серіктестік баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары бойынша «Телефон байланыс қызметтеріне» сомасы 464,4 мың теңгеге, «Интернет желісі қызметтеріне» сомасы 559,1 мың теңгеге келісім шарт жасаған. (қызметтердi көрсету орны: Ақтау қаласы).

Сол сияқты, «Картридждерді толтыру бойынша қызметттеріне» «Панчук Д.В» ЖК-мен сомасы 204,5 мың теңгеге шарт жасалған. Аталған шартқа қосымша келісім жасалып, шарт сомасы 240,5 мың теңгеге ұлғайтылған. Алайда, бұған қоса Серіктестікпен баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары бойынша сомасы 179,4 мың теңге «Картридждерді толтыру бойынша қызметттеріне» 12.12.2018 жылғы №65 шарт жасалған.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 2-бабында көрсетілгендей бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер - бiрдей болмаса да, сол бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер.

Яғни, жоғарыда аталған біртекті көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асқан.

13-тармақ. Мемлекеттік сатып алу Заңының 37-бабының 4-тармағының талабы бұзылып, Серіктестікпен баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары бойынша «Телефон байланыс қызметтеріне» сомасы 464,4 мың теңге 04.04.2018 жылғы №34 шарт жасалған.

Аталған қызметтерге Қазақстан Республикасының 16.05.2014 жылғы №202 санды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының бірінші санаттағы рұқсаттардың (лицензиялардың) тізбесінің 12-ші тармағына сәйкес лицензия қажет.

14-тармақ. Мемлекеттік сатып алу Заңының 39-бабының 3-тармағының 42)-тармақшасы негізсіз қолданылып, «Ғимараттың топографиялық түсірілімін жасауға» сомасы 269,4 мың теңгеге «Lideka Building & Materials» ЖШС-мен 27.06.2018 жылғы №45 шарт жасалған.

Аталған қызметке Қазақстан Республикасының 16.05.2014 жылғы №202 «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының бірінші санаттағы рұқсаттардың (лицензиялардың) тізбесінің 4-ші тармағына сәйкес лицензия қажет. Аудит барысында «Lideka Building & Materials» ЖШС-ң топографиялық түсірілім жасауға лицензиясы жоқ екендігі анықталды.

15-тармақ. Мемлекеттік сатып алу Заңының 39-бабының 3-тармағының 4)-тармақшасы негізсіз қолданылып, Заңның 43-бабының 1-тармағының талабы сақталмай, Заңмен көзделмеген жағдайға «Қызметтік көліктерді жөндеу бойынша қызметтер» «Нұр-Сервис МТК» ЖШС-мен сомасы 767,6 мың теңгеге үлгілік шарттарға сәйкес емес шарт жасалған.

Бұзушылықтың пайда болу себебі, мемлекеттік сатып алуға жауапты тұлғалардың заң талаптарының орындалуын өз деңгейінде жүзеге асырмауынан туындаған.

2.2.Мемлекеттік аудит объектісі қызметінің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуға тигізген әсерін бағалау.

Аудит нәтижесіне сәйкес, мемлекеттік ақпараттық саясат, әлеуметтік жарнама саласын дамытуды сипаттайтын және олардың әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін айқындайтын көрсеткіштер әзірленбеген. Осыған байланысты, қамтылған сұрақ шеңберінде мемлекеттік аудит объектісі қызметінің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуға тигізген әсерін бағалау мімкін болмаған.

ІІІ. Жиынтық бөлік.

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Әкімшілік құқық бұзушылық фактілері бойынша бақылау материалы Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

3.2. Мемлекеттік аудит объектісі бойынша жалпы тұжырымдар: «Маңғыстау Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде бірқатар қаржылық және рәсімдік сипаттағы заң бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, тәртіптік жауапкершіліктері алынбаған қызметкерлерге сыйақы төленген, нақты жұмыс істемеген уақытыүшін қызметкерлерге жалақы төленген, бір жолғы материалдық көмек артық төленген, даму жоспарын бекіту кезінде кейбір шығындардың лимиттері анықталмаған, көлік құралдары тиісті нормадан артық, іссапар шығыстарыартық төленген, Есеп саясатының кассалық кітапқа қойылатынталабы сақталмаған,мемлекеттік мүліктердің тиімсіз қолданылған, Даму жоспарының сапа және тиімділік көрсеткіштерін қамтитын түйінді көрсеткiштер көрсетілмеген.

Мемлекеттік сатып алулары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған, ҚР мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен ҚР мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлар мен жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесінен мемлекеттік сатып алуды жүргізбеген,мемлекеттік сатып алу келісім шартына негізсіз қосымша келісім шарттар жасақталған, мемлекеттік сатып алудыдың рұқсаттар мен лицензиялар талап етілетін түрлерін рұқсаттары мен лицензиялары жоқ мердігерлермен жүргізген.Серіктестік қызметін талдау барысында атқарған жұмыстары мен жүргізген шығыстары құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келеді. Алайда, материалдық-техникалық база, яғни негізгі құралдар мен қорлар әкімшілік-басқару міндеттерін орындауға бағытталған. Серіктестің негізгі мақсаты болып табылатын - бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызметтерді жүзеге асыру, яғни газетті басып шығаруға үшінші тарап ұйымдары – баспаханалар қатысады. 2018 жылы баспахана ұйымдарына бағытталған нақты шығыстары 86 311,4 мың теңгені құрады. Қазіргі кезде интернет желісіндегі ақпараттарға сәйкес, баспа машиналарының құны олардың қуаттылығына байланысты орта есеппен 60 000,0 мың теңгеден басталады.

Егер, Серіктестіктің өз меншігінде баспа машинасы болса, онда жыл сайынғы баспа шығыстары азайып, таза табыс көлемінің ұлғаюына мүмкіндік туар еді. Сәйкесінше таза табыстың бюджетке төленетін үлесі көбейіп, бюджеттің кіріс бөлігінің толығу мүмкіндігі артар еді.

Жоғарыдағы айтылғандарнегізінде, Серіктестіктің уәкілетті органы – Ішкі саясат басқармасы мен Қатысушысы – Облыстық қаржы басқармасының тарапынан жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің тиімді жағы ескерілмегенін көрсетеді.

Сонымен бірге, бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметінің тиімділігі мен қойылған мақсаттарға қол жеткізілуін бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер мен кез-келген ақпараттық жұмыстың сапасын бағалаудың тиімді әдістері әзірленбегені анықталып отыр. Қазіргі уақытта мемлекеттік ақпараттық саясатты реттейтін нормативті-құқықтық құжаттар жоқ.

3.3.Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында«Маңғыстау Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2. Ішкі саясат басқармасына2020 жылдың 13ақпанына дейін (Е.Күмісқалиев):

1)«Маңғыстау Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндеанықталған бұзушылықтарға назар аударып, мемлекеттік аудит қорытындысы бойыншатиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарауды;

2) «Маңғыстау Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігініңәкімшілік шығындарының лимиттерін белгілеп, бекітуді ұсынамын.

3. «Маңғыстау Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне2020 жылдың 13 ақпанына дейін (А.Дутбаева):

1) Серіктестіктің Даму жоспарынасапа және тиімділік көрсеткіштерін қамтитын түйінді көрсеткiштеріненгізуді;

2) Анықталған заң бұзушылықтарын жою және болдырмауға, қаржылық тәртіпті күшейтуге, сондай-ақ мамандардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы бойынша біліктілігін арттыруға бағытталған шаралардан тұратын «Іс-шаралар жоспарын» қабылдаудыұсынамын.

3.4. Қосымша:( парақ)

Тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Кошмагамбетова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя