19/04/2024  Пятница
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша

тексеру комиссиясының 28 қараша 2019 жылғы

02-02/14 санды қаулысымен бекітілді

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

төрағасы м.а. Ж.Қошмағанбетоваға

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1.Аудиторлық іс-шараның атауы:Жергілікті бюджеттен бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу.

1.2.Мемлекеттік аудиттің мақсаты: «Атамекен ауылдық округі әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуының сәйкестігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

1.3.Мемлекеттік аудит объектісі:«Атамекен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (одан әрі – Әкімнің аппараты).

1.4.Мемлекеттік аудит тобының құрамы:Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудитор Ж.Баржаксина (сертификат №0968) және бас маман-мемлекеттік аудитордың ассистенті Д.Досмухамбетова.

1.5.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2017 жылдың қаңтар айының 01-нен 2019 жылдың 30 маусым аралығы.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау.

«Атамекен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Атамекен ауылы әкімдігінің 2018 жылғы 05 қаңтардағы №3қ қаулысымен бекітілген «Атамекен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Ережесіне сәйкес, жүзеге асырады.

Міндеттері: Әкімнің қызметін аппараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

Функциялары: жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланған мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін хабардар ету; Атамекен ауылдық округінің бюджетінің жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді; қоғамдастықтың жиналысына жәнеаудан маслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады; ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды; жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысына бекітуіне ұсынады; жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады; жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді; қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету; Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, ауылдық округ әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау; қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру және т.б.

2.2.Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

«Атамекен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражатының және активтерінің пайдаланылуының сәйкестігіне мемлекеттік аудит жүргізуде қолданылған көрсеткіш - Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігі.

2.2.1.Бюджет қаражатының, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне, сондай-ақ қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге пайдаланылу тиімділігін жиынтық талдау және бағалау, анықталған біртектес бұзушылықтардың, кемшіліктердің жинақтап қорытылған нәтижелері.

Аудит бағдарламасымен көзделген көрсеткіш бойынша бюджеттік және басқа да заңнамалардың жауапты тұлғалармен тиісті дәрежеде сақталмауы, зерделенбеуі себебінен бұзушылықтарға жол берілгені анықталды.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 1043,5 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 299,5 мың тенгеге бюджет қаржысының тиімсіз пайдаланылуы және 66 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

1-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 24.11.2014ж. № 511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының» (бұдан әрі – Бюджеттік өтінімді жасақтау қағидасы) 36-тармағының талабына сәйкес жасақталмай, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есептілікті жасау және ұсыну тәртібі бұзылған, 009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» және 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бюджеттік бағдарламалар бойынша 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттiк өтiнiмдi жасау кезінде өлшем бiрлiгi, саны, 1 шаршы метрге айына шығыстар сомасы, алып отырған алаңдары көрсетілмеген және жоспарланған шығыстарды негiздеу үшiн сатып алынатын қызметтер мен жұмыстардың әрбір түрі бойынша кем дегенде үш прайс-парақтары қоса берілмеген.

2-тармақ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» (бұдан әрі – «Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту қағидалары) қағидаларының 15-тармағының 8-тармақшасы және 13, 28 тармағының талатары сақталмай, 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттiк бағдарламаның нәтижелері анық, айқын және нақты болуы және оның бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелерінің мақсатында сандық өлшенетін қол жеткізу көрсеткіштері көрсетілмей, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламары есебінде тек бюджеттік бағдарламаның атауы көрсетілген, бюджеттік бағдарлама бекітілгеннен кейін 3 күнтізбелік күн ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің веб-сайтында орналастырылмаған және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарлама жобасы Қағиданың 2-қосымшасының нысанына сәйкес рәсімделмеген.

3-тармақ.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 20.03.2015 жылғы № 235 «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» Қағидасының, Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 16/200 шешіміне 2 -қосымшаммен бекітілген «Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларынның (бұдан әрі – Қағидалар) және «Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту қағидаларының талаптары сақталмай, 011 159 "Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру"бюджеттік бағдарламада абаттандыру жұмыстарына жатпайтын, абатандыруға бөлінген қаражат есебінен 17.10.2018 жылғы «Қазақ соқырлар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің "Маңғыстау" Корпоративтік қорымен жасалған жалпы сомасы 1960,0 мың теңгеге «Благоустройство территории аппарат акима сельского округа Атамекен» жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартпен, Шарттың техникалық ерекшелігі мен сметалық құжаттамаға сәйкесАтамекен селосы әкімі аппараты ғимаратының кіреберіс бөлігін кеңейту құрылыс жұмыстары жүргізілген, Нәтижесінде, аталған бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген бюджет қаражаттары өзінің нысаналы бағытына жұмсалмаған, бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесіне қол жеткізілмеген, яғни бюджеттік бағдарлама мақсатына сәйкес келмейтін жұмыстардың пайыздық әсер бюджеттік бағдарламасы бойынша 14% құрайды.

4-тармақ. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 санды «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының (одан әрі-«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңы) 6-бабының 3-тармағы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 ж. №393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының(бұдан әрі – Қағидалар) 21 тармағы бұзылып, операциялар мен оқиғалар бухгалтерлiк есеп жүйесiнде уақтылы жүргізілмеуінен 2017-2018 жылдардағы есеп беруші тұлғалардың аванстық есебі негізінде (іссапар шығындары) жалпы сомасы 270,3 мың теңгенің (2017ж.-129,2 мың теңге, 2018 ж.-141,1 мың теңге) нақты шығындары бухгалтерлік есепте көрсетілмеген және 82,7 мың теңге жанар-жағар майлар қалдығы бас журнал кітабымен сәйкес келмейді, 446,8 мың тенгенің жанар –жағар май қалдығы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте көрсетілмеген, сондай-ақ, 2017-2019 жылдар аралығында бухгалтерлік есеп жүргізуде 8-мемориалды ордер (нысандар альбомының 386 нысанды есеп беруге жауапты тұлғалармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосі), 13-мемориалды ордер (нысандар альбомының 396 нысанды материалдардың шығысы бойынша жинақтау ведомосі) нысандары жүргізілмеген.

5-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 санды бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларының» 1-бөлімінің 3-тармағы және «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 14,19-тармақтарысақталмай, жылдық қаржылық есептілікті жасау алдында да, материалдық-жауапты адамдарды ауыстыру кезінде де, мемлекеттік мекемені заңды тұлға ретінде қайта ұйымдастырған кезде де мүлікке толық түгендеу және бас бухгалтер атқаратын лауазымынан босатылған (жұмыстан шығарылған, басқа жұмысқа тағайындалған, ауыстырылған) кезде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес, лауазымға тағайындалған бас бухгалтерге, ал соңғысы болмаған кезде мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен тағайындалған қызметкерге істерді тапсыру жүргізілмеген,материалдық құндылықтардың сақталуына жауапты тұлғалармен толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт жасалмаған.

6-тармақ.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 санды «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының 16-тармағы сақталмай, бухгалтерлік есепте жалпы сомасы 197,2 мың теңгені құрайтын 7 дана негізгі құралдар (теледидар, тоңазытқыш, қысқа толқынды пеш,радиотелефон, елтаңба, тумба (стеклянная), телефондық аппарат (факс)) 1319 «Өзге материалдар» шотына есепке алынған.

7-тармақ.«Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 116-тармағы сақталмай, 001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарлама бойыншашаруашылық операциялардың нәтижесінде қалыптасқан жалпы сомасы 4071,7 мың теңге кредиторлық берешегібухгалтерлік есепте көрсетілмей,(2016 ж.-1922,7 мың теңге, 2017 ж.-1014,1 мың теңге, 2018 ж.-1134,9 мың теңге) нәтижесінде жылдық қаржылық есептіліктің бұрмалауына жол берілген.

Сондай-ақ, Қағиданың 172 тармағы және 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» бұйрығының 82-қосымшасына сәйкес мекеменің аванстық есеп нысаны рәсімделмеген және аванстық есептер әкімнің аппаратының басшысымен бекітілмеген.

8-тармақ.«Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» Қағидасының 181-тармағының талаптары бұзылып, әкімнің аппараты 01.01.2019жыл жағдайына есепті жылдың аяғында қызметкерлердің пайдаланылмаған демалыстары бойынша жалпы сомасы 758,5 мың теңге резерв есептеуі жүргізілмеген.

9-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 7-қосымшасының 3-тармағы бұзылып, 2017, 2018 жылдардың қаржылық есептіліктері жалпы сомасы 5 556,9 мың теңге бұрмаланған, яғни 01.01.2018ж., 01.01.2019ж. жасақталған бухгалтерлік баланста активтер мен кредиторлық қарыздар көрсетілмеген, аванстық есептер уақтылы және нақты жүргізбеу салдарынан бухгалтерлік баланста кредиторлық қарыздар көрсетілмеген, уақтылы есеп жүргізбеу салдарынан жанар-жағар майлардың жол парағынсыз негізсіз есептен шығарылуы және олардың қалдық сомалары бухгалтерлік баланста көрсетпеуіне әкеп соқтырған.

10-тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V ҚРЗ Еңбек Кодексінің 111-бабының 3-тармағы сақталмай, 2018 жылы 3 қызметкерге лауазымды қоса атқарғаны үшін белгіленген үстемақы төлеуде,белгіленген мөлшерден артық есептеу нәтижесімен жалпы сомасы 185,1 мың теңге жалақы артық есептеліп төленген.

11-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» қаулысының 2-тармағы және 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 3 тармағының талаптары сақталмай, әкімнің аппаратықызметкерлерiн iссапарға жіберуде аппараттың 08.06.2019 жылғы №01-29/27жқ өкімінде іссапар шығыстарын өтеу шарттары толық көрсетілмеген және есеп беруші бас маман Е.Издибаевқа іссапарларға арналған шығыстарды өтеуде жалпы сомасы 65,7 мың теңгеге негізсіз төлеу орын алған.

12-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 ж. №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу» ережесінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 22.08.2011ж. «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу» қағидаларының талаптары сақталмай, мекеменің бухгалтерлік есеп деректер бойынша мемлекеттік активтер мен қорларға (бензин талондарына) түгендеу жүргізу нәтижесінде 319,7 мың теңге активтері және жалпы сомасы 126,7 мың теңгеге 856 литр бензин талондарының артықшылығы анықталды.

13-тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 4-бабының 9-тармағының талабы сақталмай, 2018 жыл соңында баланста тұрған Skoda Octavia A4 маркалы автокөлік «Премьер оценка» ЖШС-ң 29.12.2018 жылғы №71 жылжитын мүлікке бағалау туралы есебіне сәйкес жарамсыз деп танылса да, 01.03.2019 жылғы келісімшарты негізінде 2024 литр жалпы сомасы 299,5 мың теңге жанар-жағар май негізсіз сатып алуға жол берілген, нәтижесінде бюджет қаржысы тиімсіз пайдаланылған. Аталған бензинмен қоса бухгалтерлік есеп бойынша 01.10.2019 жыл жағдайына жалпы сомасы 426,2 мың теңгенің 2880 литр жанар-жағар май пайдаланусыз тұр, ал бензин таллондарын пайдалану мерзімі 31.12.2019 жылға дейін.

14-тармақ.Бухгалтерлік есепке алу қағидасының 225-тармағында бұзылып, жалпы сомасы 320,2 мың теңге бензин отыны жол жүру парағынсыз негізсіз есептен шығарылғаны анықталды. (2017 жыл 85,8 мың теңге, 2018 жыл- 234,4 мың теңге). Сондай-ақ, Skoda Octavia A4 маркалы автокөлікте орнатылған газ баллан жоқ бола тұра (көлік құралының тіркеу куәлігінде RA №01033711 газ баллоны жабдығының орналастырылғаны жайында белгісі жоқ), 2017 жылы сатып алынған сұйылтылған газбен бірге бухгалтерлік есеп бойынша 01.01.2017жылға қалған сұйылтылған газды әкімнің аппаратымен газ растаушы құжаттарынсыз (жол парағы) жалпы сомасы 147,5 мың теңгенің сұйытылған газ есептен шығарылып, қаражаттың негізсіз пайдаланылуына жол берілген.

15-тармақ.Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы (Бұдан әрі - Заң)Заңның 5-бабының 4 тармағының талаптары сақталмай, әкімнің аппараты 2017-2018жылдар ішіндемемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына айына 2-3 рет өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген, сондай-ақ2018 жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізу туралы 04.01.2018жылғы №1 өкімімен бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары5 жұмыс күнінен кешіктіріліп мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырылған.

16-тармақ. Заңның 39-бабы 3-тармағының 50-тармақшасы негізісіз қолданылып, 6 мемлекеттік сатып алу шарттары жасалған. Атап айтқанда;

-«Атамекен Тазалық» МКК-мен елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету қызметін (009 159 бағдарлама) көрсету үшін жалпы сомасы 10826,3 мың теңгеге екі ай мерзімнен асырылып 2 рет мемлекеттік сатып алу шарттар жасалған. (03.04.2017жылғы №01-134/17-32, 01.06.2017 жылғы №01-134/17-41)

-«Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ-мен 12.04.2017 жылғы №01-134/17/34 – 1 449,9 мың теңге (011 159 бағдарламасы);

-«Тазалық» МКК-мен 25.06.2019 жылғы №01-112/19-51 - 3 666,7 мың теңге (009 159 бағдарламасы);сондай-ақ, өнім берушінің өткен жылы жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданысын ұзартудан бас тартуы болмаса да, әкімнің аппараты «Строй Град – НС» ЖШС-мен 31.01.2018 жылғы №01-134/18-17 – 1666,7 мың теңге; «Глобал Строй и К» ЖШС-мен 13.03.2018 жылғы №01-134/18-22 – 3600,0 мың теңге мемлекеттік сатып алу шарттары жасасқан.

17-тармақ. Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу Заңының 51-бабының 3-тармағының талабы сақталмай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысымен бектілген Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі сақталмай, тізбеде қарастырылмаған жұмыстар үшін мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың арасында конкурс өткізіліп, Заңның аталған бабы негізсіз қолданылып, 17.10.2018 жыл "Қазақ соқырлар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің "Маңғыстау" Корпоративтік қорымен жалпы сомасы 1960,0 мың теңгеге №01-112/18-45 жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасақталып, Шарттың техникалық ерекшелігі және сметалық құжаттамасына сәйкес Атамекен селосы әкімі аппараты аумақтарын абатандыру және ғимараттың кіреберіс бөлігін кеңейту құрылыс жұмыстары жасалған.

18-тармақ. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес, объектiнi қайта жобалау, кеңейту, сондай-ақ объектінің сәулеттік келбетiн және (немесе) қала құрылысы қырларын өзгерту жөніндегi жұмыстарды тек рұқсат ету рәсiмдерiнен өтудiң заңдарда белгiленген тәртiбiне, құрылыс, санитариялық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы, экологиялық және басқа да мiндеттi нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асыру тиіс, алайда әкімнің аппаратымен аталған жұмыстар жүргізілмеген (ғимараттың техникалық паспортында өзгерістер енгізілмеген).

19-тармақ. «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 271-тармағының талаптары сақталмай,ғимараттың кіреберіс бөлігін (кеңейту) жұмыстарын жүргізу шығындары бойынша ғимараттың баланстық құнына өсіру жүргізілмеген.

20-тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 97-бабының 6-тармағының талаптары сақталмай, аудит барысында 17.10.2018 ж. №01-112/18-45 келісімшартына көрсетілген жұмыстардың нақты орындалысына 28.10.2019 жылы Тексеріп қарау жүргізілді. Нәтижесінде сметалық құжаттамада көрсетілген электрондық есеп тақтасы құны 285,0 мың теңге (электронное табло (бегущая строка)) және су диспенсорының құны 40,0 мың теңгенің жоқтығы анықталды, яғни әкімнің аппаратымен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметті растаудың дұрыстығы қамтамасыз етілмеген, осыған орай бюджет қаражатын негізсіз пайдалануға әкеп соққан.

21-тармақ. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 16/200 «Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешімінің 4-бөлімнің 27-тармағының талабы сақталмай, өтемдік отырғызу ағаштарды кесуге мүдделі болған заңды тұлғалар есебінен жүргізілмеген.

22-тармақ. «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 7-қосымшасының 3-тармағы бұзылып, 2018 жылдың қаржылық есептілігі бұрмаланған, яғни 01.01.2019 жылға жасақталған бухгалтерлік баланс есебінде саны 263 ағаштардың активтері көрсетілмеген. (Қосымша №27).

23-тармақ. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 16/200 «Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешімінің 5 тармағына сәйкес, дендрологиялық жоспар жасақталмайкөгалдандыру (жасыл екпелер) жұмыстары жүргізілген.

Әкімнің апараты Дендрологиялық жоспарсыз, құрылыс салу аймағы ескерілмей, яғни Ақтау-Жаңаөзен бағытындағы жол төсеу құрылыс кезінде мүделі заңды тұлғалардан кесілген ағаштардың орнына өтемдік отырғызу туралы кепілхат ұсынылмай 2018 жылы бюджет қаражаты есебінен отырғызылған жасыл екпелерден 423 дана көшеттер мен ағаштарды алып тастауға жол берілген. Әкімнің аппараты мүделі заңды тұлғадан кесілген ағаштардың орнына қайта отырғызу жұмыстарын жүргізуге өзара іс қимыл әрекеттер жасамаған.

Әкімнің аппаратында бухгалтерлік есеп жүргізуге және қол қою құқығына 22.09.2017ж.-04.12.2018ж. аралығында аппараттың кадр маманы Р.Алибековаға есепші - маманның жоқ болу себебінен міндеті жүктелген, ол бухгалтердің қызметін 1жыл 3 ай атқарған, бұл өз кезегінде бухгалтерлік есеп жүргізуде сәйкессіздіктерге әкеп соғады.

III. Қорытынды бөлік

3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша Маңғыстау облысының қала құрылысын және жерді бақылаубасқармасына материалдар жолданды.

Мемлекеттік аудит барысында түгендеумен артық шыққан жалпы сомасы 319,7 мың теңге активтері және 126,7 мың теңгенің жанар-жағар майы(бензин талондары) мекеме есебіне кірістелді, негізсіз пайдаланған сұйылтылған газ сомасы 147,5 мың теңге бюджетке қайтарылды.

3.2. Мемлекеттік аудит объектісі бойынша жалпы тұжырымдар:

«Атамекен ауылдықокругі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуының сәйкестігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 1043,5мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 299,5 мың тенгеге жанар-жағар май негізсіз сатып алынып бюджет қаржысы тиімсіз пайдаланылуы және 66 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Әкімнің аппаратында бюджеттік өтінімдерді,бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу кезінде тиісті заңнамалар сақталмаған.Атап айтқанда, бюджеттік бағдарламаларды бекіту қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы талаптары сақталмай, бюджеттік бағдарламалары бойынша көзделген бюджет қаражаттары өзінің нысаналы бағытына жұмсалмаған.

Бұзушылықтың басым бөлігі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалардың сақталмауынан жіберілген, себебі мекемеде есепшінің жиі ауысуы, есепші- мамандардың өз міндеттерін тиісті түрде орындамауы және нормативтік құқықтық актілерді жетік түрде меңгермеуі.

Бухгалтерлік және қаржылық есептіліктің анық, шынайы жүргізілмеуі салдарынан оның бұрмалануына әкеп соқтырған, материалды жауапкершілік тұлғалармен келісімшарт жасақталмаған, мүлікке толық түгендеу жүргізілмеген, активтер бухгалтерлік есепте көрсетілмеген, қорлар негізсіз есептен шығарылған. Әкімшілік ғимараттың баланстық құнына уақтылы өзгеріс енгізілмеген, Қызметкерлерге жалақы есептеуде, іссапар шығындарымен есеп айырысуларда негізсіз артық төлемдерге жол берілген.

Мемлекеттік сатып алулары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда,мемлекеттік сатып алуды өткізу кезеңінде тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшінбірнеше рет, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған, активтерді уақтылы есепке алмаған орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметті растаудың дұрыстығы қамтамасыз етілмеген, осыған орай бюджет қаражатын негізсіз пайдалануға жол берілген.

Мамандардың біліктілікті көтеру мақсатында мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп жүргізу заңнамаларына қайта даярлау оқуларын (курстарын) оқыту жұмыстарын ұйымдастыру.

3.3.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1.«Атамекен ауылдықокругі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінебөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуының сәйкестігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2.Мұнайлы ауданы Әкіміне 2020 жылдың 01 қаңтарға дейін (Р.Елтизаров):

1) «Атамекен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде анықталған бұзушылықтарға назар аударып, мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланумен негізсіз сатып алынған жанар-жағар майды жарамдылық мерзімде пайдалану шараларын ұйымдастыру, сондай-ақ,жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау мәселелерін реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті уәкілетті органмен жасыл екпелер тізілімін және оларды есепке алу бойынша тиісті шаралардыңжүргізілуін және алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау мақсатында шара алуды ұсынамын.

3. Мұнайлы ауданының экономика және қаржы бөліміне (Ш.Сұңғат)

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісініңелді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету жәнеабаттандыру мен көгалдандыру бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдегі ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етілуін және кезекті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімдегі шығыстар негізділігін бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес қарауды .

4.«Атамекен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2020 жылдың 01 маусымына дейін:

1)Қазақстан республикасы бюджеттік заңнамаларын, бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы, мемлекеттік сатып алу заңнамаларын тиісті дәрежеде зерделеп, мемлекеттік аудит нәтижесімен анықталған бұзушылықтарды талқылап, алдағы уақытта бұзушылықтардың алдын-алу мақсатына шара алуды;

2)Әкімшілік ғимараттың кіреберіс бөлігіне (кеңейту) құрылыс жұмыстарыжүргізілуіне сәйкес, құжаттарды мемлекеттік нормативтерде көрсетілген талаптарға сай рәсімдеуді;(01-ші маусым 2020 жылға дейін)

3)Бухгалтерлік есеп бойынша анықталған кемшіліктерді бухгалтерлік есеп жүргізу Заңнамасына сәйкес қалпына келтіруді бухгалтерлік есептің шынайлығын қамтамасыз етуді ұсынамын.

3.4.Жалғама: жиынтық тізбе 5 бетте.

 

Тексеру

комиссиясының мүшесі Ж.Утегенова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя