18/04/2024  Четверг
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

26.02.2020 жылғы №02-02/2 санды қаулысымен бекітілді

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

Төрағасының м.а.

Ж.С. Кошмагамбетоваға

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1.Аудиторлық іс-шараның атауы:«Каспий» Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» АҚқызметінің тиімділігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

 

1.2.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:квазимемлекеттік сектор

субъектілерінің қызметінің тиімділігінемемлекеттік аудит жүргізу.

 

1.3.Мемлекеттік аудит объектісі:«Каспий» Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы. (бұдан әрі – Қоғам).

 

1.4.Мемлекеттік аудит тобының құрамы:Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман - бас мемлекеттік аудиторы А.Тұрғанбаев (топ жетекшісі сертификат №1428), Ж.Баржаксина(сертификат 0968), аппарат басшысы – бас мемлекеттік аудитор К.Куанов(сертификат 1420),қаржылық бақылау бөлімінің бас маман - мемлекеттік аудитордың ассистенттері О.Нурмаганбетов, Д.Досмухамбетова.

 

1.5.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:2018 жылдың 01 қаңтар – 2018 жылдың 31 желтоқсаны аралығы.

 

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау.

Қазақстан Республикасының 24.05.2018 жылғы № 156-VІ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселері бойынша өзгерістер мен толықтулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Ұлттық компания мәртебесінің күшін жоюына байланысты«Каспий» Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы 2018 жылғы 14 тамызында қайта тіркеуден өткен (тіркеу нөмірі №316-1943-01-АҚ).

Қоғамның Жарғысы 2018 жылғы 09 тамызындағы Маңғыстау облысының қаржы басқармасының №02-06/80 бұйрығына қосымшамен бекітілген. Қоғамның құрылтайшысы – Маңғыстау облысының әкімдігі.

«Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы» Ақционерлік қоғамның қатысушысы - Маңғыстау облысының қаржы басқармасы (жалғыз акционері) болып табылады.

Қоғамның қызметіне жалпы басшылықты Қоғамның Директорлар кеңесі жүзеге асырады.

Қоғамның ағымдағы қызметін басқаруды атқарушы орган - Басқарма жүзеге асырады.

«Каспий» Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өз қызметін жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

«Каспий» ӘКК» АҚ негізгі қызметі мемлкеттік және жеке секторларды шоғырландыру арқылы Маңғыстау облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.

Қоғамның қызметітің негізгі түрлері:

- кластерлік әдіс негізінде бірыңғай экономикалық нарық құру;

-инвестициялар мен инновацияларды тарту үшін қолайлы экономикалық орта қалыптастыру;

- инвестициялық жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатыру;

- әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

- инвестициялық, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру;

- экономиканың түрлі секторларына субсидиялар бөлу болып табылады.

 

2.2.Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

«Каспий» Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ы қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу кезінде келесі өлшемшарттар қолданылды;

· базалық өлшемшарт:-тиімділік -мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру арқылы Маңғыстау облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу бойынша қызметтерді жүзеге асыру;

· арнайы өлшемшарт: квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің іске асыруда жоспарланған жобаларды бюджеттік қаржыландыру көлемдерінің жеке сектор инвестицияларымен арақатынасы;

· базалық өлшемшарт:- нәтижелілік - стратегиялық және даму жоспарының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу;

· арнайы өлшемшарт:жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу дәрежесін бағалау.

2.2.1.Аудит бағдарламасының мәселесін талдау және бағалау, анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жинақтап қорытылған нәтижелері.

Аудит бағдарламасымен көзделген өлшемшарттар бойынша жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындыларымен анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтар жауапты тұлғалардың функционалдық міндеттерін тиісінше орындамауы, Қоғам басшылығы тарапынан қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қоғам ішкі құжаттарының нормаларын сақтауына тиісті бақылауды қамтамасыз етпеуінен жол берілгені анықталды.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 16144,4 мың теңгеқаржылық бұзушылықтар,399 185,5 мың теңгеге активтердің тиімсіз пайдаланылуы және 12 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. 1-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы №145 «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» қаулысының 1 тармағының 4)тармақшасына қайшы, Қоғамның қаражаты есебінен 55,0 мың теңге көлемде ұялы телефондаршығыстарын төлеуге жол берілген.

Аталған шығындар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы №1266 «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттерін және оларға мониторинг жүргізу тетігін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» қаулысында қарастырылмаған.

2-тармақ.Аталған қаулының 15 тармағының (1-қосымшасы5-бөлімі) талаптарын сақталмауы орын алды, Қоғам аппаратының әкімшілік персоналдарды атқаратын алаңдарында орналастырылуы бекітілген нормаларға сәйкес келмейді, яғни, лимит шегінен 655,35 ш.м. (1640,1 ш.-984,75 ш.м) артық пайдалануға жол берілген.

2019 жылға дейінҚоғам ұсынған ақпаратқа сәйкесжоспарланған инвестициялық жобалардың іске асырылуын талдау.

1.«Бекіре балығын өсіретін кешен құрылысының» жобасы бойынша: қуаты жылына 90 тонна балық, 2 тонна уылдырық, 11 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Жобаны іске асыру мерзімі 2017-2023 жылдар.Жобаның бастапқы құны 1 198 млн. теңге.2016 жылы «Еврострой-А» ЖШС тарапынан аталған жобаны іске асыруға ұсыныс қабылдаған. 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №СД-56/12-2016-СПК Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес «Ақтау Фиш» ЖШС-мен бірлескен кәсіпорын құрылған. «Каспий» ӘКК» АҚ – 49%, «Еврострой-А» - 51% үлесі.Қоғам тарапынан жобаны іске асыру мақсатында құны 59 321,0 мың теңге 3,92 га жер телімі 2 жыл бөліп төлеуге берілген (сатып алу шарты №08/126-1/03-2017). Жоба бойынша жасақталған жобалық-сметалық құжаттамалар сараптамадан өтуіне байланысты, жоба әзір іске асырылмаған.

2.«Мұнайлы ауданында 5000 тонналық қосалқы ғимараттар мен құрылыстары бар көкөніс қоймасының құрылысы» жобасы. Жобаны іске асыру мерзімі 2016-2017 жылдар. Ауыл шаруашылығы өнімдерін ұзақ уақыт сақтау және қорларды құру мақсатында жоба жасақталған. Жобаның құны 1 466,3 млн.теңге, қуаты 5000 тонна, 50 жұмыс орнын ашу жоспарланған. 2016 жылғы 20 желтоқсандағы Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес «Каспий Агро Логистик» ЖШС құрылған. Үлестері «Каспий» ӘКК» АҚ – 49%, «Agro mercur» шаруа қожалығы» ЖШС - 51%. 2017 жылғы 31 қаңтарда «Отау Үштөбе» ЖШС-не 51% үлесін сату бойынша шешім қабылданып, келісім-шарт жасасқан. Жобалық сметалық құжаттама жасақталмау себепті жоба іске асырылмаған.

Сонымен қатар,Қоғамжеке секторларға жер телімдерін берумен2 жоба іске асыру жоспарланып, оның 1-уі орындалған.

3. 2016 жылғы 06 сәуірдегі №7 «Каспий» ӘКК» АҚ-ның басқарма отырысының №7 хаттамасына сәйкес Ақтау қаласының 33 шағын ауданынан 0,4460 га жер теліміне көп этажды көп пәтерлі тұрғын құрылысы жобасын іске асыру үшін серіктесті іріктеу регламенті және комиссия мүшелері бекітілген.2016 жылғы 16 қарашадағы аталған жобаны іске асыру бойынша комиссия отырысының қорытынды хаттамасына сәйкес жеңімпаз «Aktau Center Stroy» ЖШС. 2016 жылғы 29 қарашадағы №16/210/11-2016-СПК жобаны іске асыру бойынша серіктестік шарты жасақталған.Шарт бойынша жалпы сомасы 53 403,9 мың теңгенің 20%-ы 10 680,8 мың теңге (DeltaBank KZ666390122030000400) аванс төленіп, меншік құқығы берілу керек. Қалған сомасы шарттың 2.2.2. тармағына сәйкес құрылыс аяқталған соң төленуі тиіс.

Бақылау актісіне сәйкес ЖСҚ-ға оң сараптамалық қорытынды алған күннен бастап (2018 мамыр айы) бүгінгі күнге дейін құрылыс жұмыстары басталмағаны анықталды.

Алайда, «Aktau Center Stroy» ЖШС-гі 2018 жылғы қазан айында жер телімінің қалған сомасын «Каспий» ӘКК» АҚ-ның шотына (Халық банк KZ946010231000256754) толық аударып, Ақтау қаласының 33 шағын ауданынан көп қабатты көппәтерлі тұрғын үй салуға берілген 0,4460 га жер телімін жеке меншікке сатып алған.

3-тармақ. Аталған жобаны іске асыру бойынша серіктестік шартының 3.1. тармағының талабы сақталмай, Ақтау қаласының 33 шағын ауданынан көп қабатты көппәтерлі тұрғын үй құрылысы басталмасада, 0,4460 га жер телімі «Каспий» ӘКК» АҚ-на қайтарылмай «Aktau Center Stroy» ЖШС-не сатылып, жеке меншікке берілген. Қоғам тарапынан жер телімін қайтарып алу шаралары жүргізілмген.

4.Маңғыстау облысы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алғышарттарын жасау, азық-түлік тауарларының саудасы саласында бәсекелестікті ынталандыру, сондай-ақ бәсекелестікті дамыту арқылы азық-түлік тауарлары бағасының төмендеуіне ықпал ететін жағдайлар жасау мақсатында «Каспий» ӘКК» АҚ-менбірлескен жобаға«Лучшее решение» ЖШС-не Ақтау қаласы, 33 шағын ауданы, 3,4га жер телімін берумен «Дина» гипермаркеті құрылысының жобасы жүзеге асырылып, жоба іске асырылған.

5.«Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданының Шетпе селосында қуаттылығы 12 Мвт күн сәулелік электр станциясы құрылысы» жобасы. Жобаның мақсаты баламалы энергия көздерін дамыту. Жобаны іске асыру мерзімі 2017-2018 ж.ж. Жобаның құны 4,9 млрд. теңге, қуаты 12 МВт, 80 жұмыс орнын ашу жоспарланған.2017 жылы «ЭйСиЭм Қазақстан» ЖШС Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданындағы Шетпе селосында жаңартылатын энергия көздері бойынша жобаны іске асыруға өтінім ұсынған.«ЭйСиЭм Қазақстан» ЖШС жобаны іске асырудағы негізгі серіктесі NWPCInternational (ЭнВиПиСи Интернейшнэл) компаниясы. Маңғыстау облысының Әкімдігі мен NWPCInternational(ЭнВиПиСи Интернишнэл) арасында аталған жобаны іске асыру бойынша меморандум жасақталған.

Жобаны іске асыру үшін «Каспий» ӘКК» АҚ 49 жылға жер телімі жалға берілген.2017 жылғы Директорлар кеңесінің №СД-60/09-2017-СПК шешіміне сәйкес бірлескен кәсіпорын құру бойынша шешім қабылданған. Бірақ та, Жобаға инвестор тарапынан қаржыландыру болмағандақтан, іске асырылмаған.

6. «Маңғыстау облысының Қарақия ауданында қуаттылығы 40 000 м3 тұшыту зауыты құрылысының» жобасы.Жобаның алдын ала құны 79,8 млрд. теңге, іске асырылу мерзімі 2018 – 2020 жылдар. Маңғыстау облысы Әкімдігінің және «ОТЭК» АҚ, «Каспий» ӘКК» АҚ арасында Маңғыстау облысының сумен жабдықтау және су тартуды дамыту жобасын іске асыруға қол қойылған. 2018 жылғы Директорлар кеңесінің №СД-69/10-2018-СПК шешіміне сәйкес бірлескен кәсіпорын құру бойынша шешім қабылданған.Кәсіпорын құрылмауынан Жоба әзірге іске асырылмаған.

7. «Ұйқылы тәлімбағын қалпына келтіру және дамыту» жобасы бойынша жоспарланған өнім – алма 50 тонна, құлпынай 20 тонна, жүзім 10 тонна, гүлдер 350,0 мың дана, сәндік ағаштар көшеттері 10,0 мың дана, бұталар 20,0 мың дана, жапырақты ағаштар 2,0 мың дана, қылқан жапырақтылар 1,0 мың дана. 11 жұмыс орнын ашу жоспарланған.

2016 жылы жылжымайтын мүлік – тәлімбақ «CaspiyOperating» ЖШС пайдалаылуында болған. «CaspiyOperating» ЖШС көгалдандырумен айналысатын жұмысшылардың штаттық бірліктердің қысқаруына байланысты, жалдау шарты үзілген. 1,5 жыл бойы аталған тәлімбақ бос тұрған. 2017 жылғы «Каспий» ӘКК» АҚ-ның басқармасының шешімімен аталған тәлімбақты кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру шешілген. Тәлімбақты кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша өткен тендер хаттамасына сәйкес жеңімпаз – «Городские цветы Мангистау» ЖШС-мен 2017 жылғы 02 қазанындағы №08/185/10-2017-СПК шарты жасақталды. Жалдау шарты бойынша сенімгерлік басқару мерзімі – 2 жыл.

Жобаның қаржылық тиімділігінің болмауына байланысты, сенімдер басқарушы тарапынан шартты үзуді ұсынған. 11.10 2019 жылшарт бұзылып, ары қарай жоба іске асырылмай қалған.

8.«Ақтау қаласы – Халықаралық әуежай – Ақтау қаласы бағыты бойынша жаңа экспресс-маршруттар ашу» жоба іске асырылуы Ақтау қаласы-Халықаралық әуежай-Ақтау қаласы бағыты бойынша тұрақты маршрутты құруға бағытталған.2018 жылғы 07 қыркүйекте Қоғам атына «Карпет Транспортейшн» ЖШС Ақтау қаласы-халықаралық әуежай-Ақтау қаласы бағыты бойынша жаңа маршрутты іске қосуды ұсынған.2018 жылғы 29 қазанда жобаны іске асыру мәселесін ӘКК Директорлар кеңесі мақұлдаған.Қоғам мен «Карпэт Транспортейшн» ЖШС бірлескен қызмет туралы 2018 жылғы 13 қарашада №08/104/11-2018СПК санды келісім-шарт жасалған, оған әрбір қатысушының үлесі 50% құраған: «Каспий ӘКК» АҚ тарапынан 4 электравтобус берілген, серіктес тарапынан жобаны басқару және іске асыру жүзеге асырылған, жоба іске асырылған.

9. «Эко-қала құрылысы» жобасы бойынша 2018 жылғы 17 қаңтардағы Маңғыстау облысының Әкімдігі және Global Project Capital Ltd, AAG Corporate Services Ltd, China Road and Bridge Corporation Ltd арасында Ақтау эко-қаласы құрылысы жобасын қаржыландыру бойынша келісім жасалған. Жоба бойынша 865 га жер телімі бөліну және қол жетімді баспаналар, сауда үйлері, коммерциялық/сауда орталықтары, бала бақша, медициналық орталық, стадион, қонақ үйлер, ойын-сауық орындары, көлік тасымалдарын салу жоспарланған. «Эко-қала» жобасын іске асыру мақсатында «Каспий» ӘКК» АҚ-на 561,4 га құрайтын жер телімі беру туралы 2018 жылғы 10 қыркүйектегі Ақтау қаласының әкімдігінің №1924 қаулысымен беріліп,12.11.2018 жылғы Ақтау қаласының әкімдігінің қаулысымен аталған қаулының күші жойылған.Инвестордың болмауы себепті жоба іске асырылмаған.

01.01.2019 жыл жағдайына Қоғамның 4 еншілес ұйымы бар, бюджеттік инвестициялық жобалардың басым бөлігі еншілес ұйымның қатысуыменжүзеге асырылуда.

1. Асыл тұқымды «Аруана»тұқымындағы аналық бас түйесін сатып алу және оларды көбейту жобасын іске асыру қаржылық-экономикалық негіздемесіне сәйкес (ҚЭН) қаржыландыру бюджеттік инвестиция көлемінде 210 000,0 мың теңгеге (300 бас аруана) 2017 жылға – 105 000,0 мың теңге(150 бас аруана), 2018 жылға– 105 000,0 мың теңге (150 бас аруана) қаржы жоспарланған. Экономикалық қорытындыға сәйкес аталған инвестициялық жобаның іске асыру мерзімі 2017-2027 жылдар. Инвестициялық жобаның тікелей нәтиже көрсеткіші 2017 жылы 150 бас аруана тұқымды түйе, 2018 жылы 150 бас аруана тұқымды түйе сатып алу көзделген. Жобаның түпкілікті нәтижесі – түйе сүтін (шұбат), етін, жүнін, терісін өндіру.

2018 жылы 17 шілдеде экономикалық қорытынды түзетілген. Түзетілген қорытындыда «І транш 2017 жылы 28 000,0 мың теңге, 2018 жылы – 77 000,0 мың теңге», «ІІ транш 105 000,0 мың теңге» жоспарланған. Түзетілген экономикалық қорытындыға сәйкес инвестициялық жобаның қатысушылары ретінде «Каспий» ӘКК ҰҚ» АҚ және «Қарағантүбек» ЖШС белгіленген.ҚЭН негіздемеге сәйкес «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» (бұдан әрі- ББӘ) мемлекеттік мекемесінен (24.11.2017 жыл- 28 000,0 мың теңге, 05.09. 2018 жылы – 77 000,0 мың теңге) «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның «Қазақстан Халық банктегі» ағымдағы шотына барлығы 105 000,0 мың теңге түскен.

2018 жылғы 22 маусымда «Карағантубек» ЖШС мен «Каспий ӘКК» АҚ «Аруана» тұқымындағы түйелердің асыл тұқымды малын сатып алу және олардың көбеюі туралы инвестициялық жобаның бірлескен қызметі туралы № 12/66 / 06-2018-СПК келісім шарт және 22 тамыз 2018 жылғы №08/80/08-2018-СПК санды қарыз беру туралы шарт жасасқан.17.09.2018 жылы шарты негізінде Қоғам «Карағантубек» ЖШС-не 105 000,0 мың теңге аударған.

Ұсынылған құжаттарға сәйкес «Қарағантүбек» ЖШС-гі 2018 жылдың 7 тамызында №06-2018 санды «Молдахмет» ЖК-мен 25 000,0 мың теңгеге (35 аруана), 2018 жылдың 7 қыркүйегінде №05-2018 санды «Кунапин» ЖК-мен 35 000,0 мың теңгеге (47 аруана, 2018 жылдың 14 қыркүйегінде №07-2018 «Аулет» ШҚ-мен 35 995,0 мың теңгеге (58 аруана), 2019 жылдың 3 наурызында №05-2019 санды «Нұрдария» ШҚ-мен 51 аруанаға келісім-шарттар жасаған.

«Каспий» ӘКК» АҚ-на «Қарағантүбек» ЖШС-нің ұсынылған есебіне сәйкес,1 транш бойынша берілген 105 000,0 мың теңге мың теңгеге барлығы 151 бас аруана сатып алынған, оның ішінде; 2018ж- 140 бас, 2019 жыл - 11 бас аруана.

2.«Маңғыстау облысының автобус паркін жаңарту» Жоба бойынша ҚЭН жасақталып, Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2019 жылғы 30 қаңтардағы №2-5/5-09/1048 экономикалық қорытынды берілген. Жобаның іске асыру мерзімі 2019 жыл, бюджеттік инвестиция көлемі 216 540,0 мың теңге.2019 жылы қаражат бөлінбеу себепті жоба іске асырылмаған.

3.«2018-2019 жылдардағы қысқы кезеңде Маңғыстау облысының мал азығы жөніндегі стратегиялық қорын қалыптастыру үшін қаржылық-экономикалық (ҚЭН) негіздемесі 2018 жылы әзірленіп бекітілген. Қаржыландыру бюджеттік инвестиция есебінде 42 785,0 мың теңге қарастырылған.2018 жылы қаржы бөлінбегендіктен, ҚЭН мен экономикалық қорытындыға 2019 жыл түзету енгізіп, іске асыру кезеңін 2019 жылға өзгерткен. 2019 жылы қаржы бөлініп, іске асырылуда.

4. 2016 жылы бектілген қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкес «Каспий ӘКК» ҰК» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға мемлекеттің қатысуы арқылы «Аққу шағын ауданының 33-ші бірінші кезектегі абаттандыру және орамішілік инженерлік желілері бар үйлер салу»(2014 түзету)құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттамаға және қаржылық экономикалық негіздемеге сәйкес берілген, 11.04.2016 жылғы №03-20-524 салалық қорытынды бойынша құрылыс құны 4 210 016,6 мың теңгені құрайды, оған жергілікті бюджеттен 954511,0 мың тенге қаржыландыру қарастырылған.

Құрылыс жұмыстарын аяқталуға 31.12.2016 жылғы ҚР Үкіметінің №922 Қаулысымен бекітілген «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бағдарламасымен жергілікті бюджеттен Маңғыстау облысы бойынша құрылыс басқармасынан (әкішісі), Қоғамға 1 554 551,0 мың теңгебюджет қаражаты түскен.

Түпкілікті және тікелей нәтижелер:100% жобаның аяқталуы (яғни тұрғын үйді пайдалануға беру 38 045,2 ш.м., пәтерлердің жалпы саны 655, оның ішінде 1 бөлмелі 159; 2 бөлмелі 283;, 3 бөлмелі 181; 4 бөлмелі – 32;) Құрылыс монтаж жұмыстары 2018 жылдың 3-тоқсанына дейін, қабылдану жоспарланған.

Осы құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 11.10.2016 жылы «Caspiy Build» ЖШС-гі жергілікті 3 мердігермен жалпы соммасы 3 794 525,1 мың теңгеге келісім шарттар жасасқан. Бірақ құрылыс 2018 жыл аяқталмаған.

4-тармақ.Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV 105-бабына сәйкес, «Мемлекеттің қатысуы арқылы олардың жарғылық капиталдарына салынатын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін, оның ішінде бөлінген бюджет қаражаты толық игерілген кезде, республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшылары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады»- делінген.

Алайда, жоспарланған аяқталу мерзімінде тұрғын үйдің 655 пәтердің 260 пәтері объектіні пайдалануға қабылдау актісімен қабылданған, құрылыстың орындалысы – 39,7%-ы құрайған, яғни 2018 жыл құрылыс аяқталмаған. Нәтижесінде, жергілікті бюджеттен бөлінген инвестициялар бойынша, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмеген.

01.01.2020 жылға «Caspiy Build» ЖШС-інің ұсынған анықтамасына сәйкес, объектіні пайдалануға қабылдау актісі бойынша 655 пәтердің 567 пәтер (25.05.2018 жылы 140 пәтер, 07.12.2018 жылы 120 пәтер 2018 жылы39,7%, 25.01.2019 жылы 103 пәтер, 11.06.2018 жылы 108 пәтер, 26.11.2019 жылы 96 пәтер2019 жылы 46,9%)қабылданып, жалпы құрылыс жұмыстарының 86,6%-ы орындалған.

Жобаны іске асырудың ұзақ мерзімділігінің негізгі себептеріне, үйлер салу кезеңінде тиісті бақылаудың жүргізілмегендігін, құрылысты қаржыландыру мәселелері толықтай шешілмегендігін (қаржы тапшылығын) айтуға болады.

Ұсынылған ақпараттарға сәйкес, 28.01.2020 жыл жағдайы бойынша қоныстануға дайын пәтерлер саны 567, оның жергілікті бюджетке кредиттерді өтеу есебінен, жалпы құны 559 608 мың теңгенің 84 пәтері коммуналдық меншікке берілген, жалпы құны 2 648 558 мың теңгенің 333 пәтері халыққа(ЖССБК арқылы - 170, тікелей – 143, БЦК банк арқылы – 13 үй, СберБанк - 4, АТФ банк арқылы – 2, Халық Банкі арқылы –1)сатылған.

5. 2017 жылы бектілген қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкес «Каспий ӘКК» ҰК» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға мемлекеттің қатысуы арқылы «Құрық–Құрық порт автокөлік жолын қайта жаңарту» жобасына республикалық бюджеттен бөлінген 7 713 279,0 мың теңгеге жоба іске асырылып, 2019 жыл қабылданып, жол пайдалануға берілген.

6. 2015 жылы бекітілген алғашқы қаржылық-экономикалық негіздемеге /ҚЭН/ сәйкес«Каспий ӘКК» ҰК» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға мемлекеттің қатысуы арқылы «Каспий» тұщыту зауыты» модернизациясы» бюджеттік инвестициялық жобаға жергілікті бюджеттен 2016жылы550 752,56 мың теңге жоспарланып бөлінген, «Маңғыстау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінен (бұдан әрі- тапсырыс беруші)«Каспий ӘКК» АҚ-ның(орындаушы) «Қазынашылық клиент» шотына 2016 жылы 550 752,56 мың теңге толық түскен. Іске асыру мерзім- 2016 жыл. Жобаны іске асырушы-«Каспий» Тұщыту зауыты» ЖШС-гі.

2016 жыл «Каспий» Тұщыту зауыты»жаңғырту жұмыстары мерзімінде аяқталмай, тек қана 35,5 % -ы орындалған.

Арада 1 (бір) жыл өткен соң, 2018 жылы аталған жобаның ҚЭН- түзету енгізіліп, жобаның іске асыру мерзімі 2016 жылдан бастап 4 мерзімге 2019 жылдың соңына дейін ұзартылған. Жоба2019 жыл аяқталмаған. Жобаға 2016-2019 жыл аралығында жалпы сомасы 442975,2 мың тенге жұмсалған, 31.12.2019 жыл соңында Қоғам шотында 107177,3мың теңге жұмсалмай қалған, себебінжұмыс бағасының қымбаттауына байланысты 2020 жылға ауыстырылды деп түсіндіреді.

5-тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV санды Бюджет кодексінің 4- бабы 14)тармақшасы және 97-бабының 3-тармағы бұзылып, аталған Жобаның қаржылық-экономикалық негіздемелерінде көзделген нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуде, жоба мерзіміне аяқталмай, алғашқыда жобаны іске асыру мерзімі 1 жылға қарастырылып бюджет қаражаты толық түскен, одан кейін ҚЭН-ге түзету енгізумен іске асыру мерзімі 4 жылға(2016 жылдан басталып 2019 жыл аяқтау) ұзартылсада, 2019 жылы аяқталмаған, нәтижесінде жобаны іске асыруда көрсеткішке қол жеткізілмеген және жоба толық көлемде аяқталмауынан, 31.12.2019 жыл соңында Қоғам шотындағы пайдаланылмаған қаражат қалдығы 107177,3мың теңгені құрап, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуына жол берілген. Қаражат тиісті жылда пайдаланылмаған.

7. «Каспий» ӘКК АҚ-ы жарғылық капиталын ұлғайту - "ІІ кезең Ақтау қаласындағы «Каспий тұщыту зауыты» ЖШС-ін тәулігіне 20 000 м3-ға ауыз су өнімділігін арттыру және жалпы қуатын тәулігіне 40 000 м3-ға дейін жеткізу бойынша жаңғырту» жобасы бойынша ТЭН әзірлеуге жергілікті бюджеттен бөлінген 35000,0 мыңтеңгенің орындалғанжұмыстарактісінесәйкес32 480,0 мың теңге пайдаланылған, үнемделген 2520,0 мың тенге 31.12.2018 жыл соңында «Каспий ӘКК» АҚ-ның шотында қалған.

Үнемделген қаражат Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен 2520,0 мың теңгені «Каспий» тұщыту зауытын тәулігіне 40000 м3 дейін арттыру»ЖСҚ әзірлеуге пайдалануға келісілген.

6-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы №1236 Қаулысымен бекітілген «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларының» 9-тармағының жәнеҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 249 бұйрығымен бекітілген «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларының» 9-тармағының талабын сақтамай, «Қоғамның 2014 - 2018 жылдарға арналған даму жоспары 1 жылға жақын кешіктіріп (2015 жылдың 24 қарашасындағы №СД-48/11.2015-СПК шешімі)бекітілген және даму жоспарына уақытылы түзетулер енгізілмеген.

Аталған бұзушылықтың себебінен және ұлттық компания мәртебесінің алынуына байланысты, 2018 жылғы даму жоспарының орындалуы бойынша есебімен бекітілген даму жоспарында сәйкессіздіктер орын алған.

Атап өтсек, Қазақстан республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 1-бабынасәйкес «даму жоспары – акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталындағы қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік, оның ішінде ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг және ұлттық компания қызметінің бесжылдық кезеңге арналған негізгі бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат».

Осылайша, «Каспий» ӘКК» АҚ-ның даму жоспарындағы қаржылық – экономикалық көрсеткіштері және негізгі бағыттары, 2018 жылдың нақты көрсеткіштерімен сәйкес келмейді.

7 -тармақ.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 14 бұйрығымен бекітілген «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларының» 39,43-тармақтарының талабы сақталмай даму жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасы бекітуші органның қарауына есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші қыркүйегінен кешіктіріп енгізілген, Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті кезең 2018 жылғы есебі Директорлар кеңесімен бекітілмеген және бірыңғай операторға тізілімнің веб-порталы жолданбаған.

«Каспий» ӘКК» АҚ-ның 2018 жылғы бектілмеген даму жоспарының орындалуы бойынша есебіне сәйкес 7 мақсат және 39 міндет, 31 көрсеткіш қарастырылған.

«Аумақта перспективалық, бәсекеге қабілетті инвестициялық жобаларды іске асыру» мақсаты бойынша жоспарланған 8 көрсеткіштің есепті кезеңде 1 көрсеткіш орындалмаған. «Инвестициялық портфель көлемінің, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне шетелдік инвестиция көлемінің артуы» көрсеткіші бойынша жоспар 4%, нақты орындалмай, өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестициялар көлемі болмаған.

«Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру» мақсатының міндеттер бойынша 4 көрсеткіш жоспарланып, есепті кезеңде 3-уі орындалмаған. Атап айтқанда «Бәсекеге қабілетті жаңа өндіріс құру» көрсеткіші бойынша 4 жоспарланып, нақты орындалмай, ӘКК қатысуымен өндіріс құрылмаған.

«ӘКК қатысуымен жобаларында жұмыс орындарын құру» көрсеткіші бойынша 170 орын жоспарланып, нақты 39 орын құрылған. Көрсеткішке қол жеткізілмеген.

«Еңбек өнімділігін арттыру» көрсеткіші бойынша 1,8 есе арттыру жоспарланып, нақты орындалмай, ӘКК қатысуымен еңбек өнімділігінің артуы орын алмаған.

«Индустрияландыру бағдарламасын тиімді іске асыру және инновациялық кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау арқылы перспективалық салаларды дамытуды қамтамасыз ету» мақсаты бойынша 6 көрсеткіш жоспарланып, есепті кезеңде 2-еуі орындалмаған.

«Құрылған бизнес-инкубаторлардың және индустриялық аймақтардың саны» 2 жоспарланып, нақты орындалмай, жаңа бизнес – инкубаторлар және индустриялық аймақтар құрылмаған.

«Баламалы энергетика және энергия тиімділік технология қолданылған жобалар саны» 2 жоспарланып, нықты орындалмай, жобалардың өнімділігінің қиындығы себепті инвесторлармен келісім-шарттар жасақталмаған.

«Активтерді басқарудың тиімді жүйесі» мақсаты бойынша6 көрсеткіш жоспарланып 3-уі орындалмаған.

«ROA (Таза пайда/активтер)» көрсеткіші 2,2% жоспарланып, нақты мекеменің шығындылығы себепті көрсеткіш орындалмаған.

«14 шағын ауданындағы ғимаратты жалға беру» жоспарланып, нақты орындалмаған.

«Бір қызметкерге шаққандағы таза кіріс» 2,7 млн. теңге жоспарланып, нақты орындалмаған.

«ӘКК қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету» мақсаты бойынша 3 көрсеткіш жоспарланып, 2 орындалмаған.

«Негізгі қызметтен түскен таза табыс» 111 млн. теңге жоспарланып, нақты қоғамның шығындылығына байланысты көрсеткіш орындалмады.

«ӘКК шоғырландырылған рентабельдігі» 2,2 млн. теңге жоспарланып, нақты орындалмаған.

«Берілетін мемлекеттік активтерді оңалту» мақсаты бойынша 2 көрсеткіш жоспарланып, 2 орындалған.

«ӘКК-нің позитивтік беделін қалыптастыру» мақсаты бойынша 2 көрсеткіш жоспарланып, 2 орындалмаған.

«Веб-сайтқа кірушілер саны» 15,0 мың жоспарланып, нақты 3,1 мың кірушілер құрап, көрсеткіш орындалмаған.

«ӘКК қызметітің туралы бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы» 300 жоспарланып, нақты 70 құраған. 2018 жылы ӘКК қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарына 70 рет шыққан.

Осылайша, «Каспий» ӘКК» АҚ-ның 2018 жылғы даму жоспарының орындалуы бойынша есебіне сәйкес 31 көрсеткіш белгіленіп, 15 көрсеткіш орындалмаған. орындалуы 51,6 %-ды құраған. (2017жыл- 33,3 %-ды, 2016 жыл-52,1 3 %-ды) Бұл қызметтің негізгі бағыттары бойынша жоспарланған мақсаттармен міндеттерді тиісті деңгейде орындамағандығын көрсетеді.

2018 жылғы есептілік кезеңінде Қоғам кірістерінің орындалысы жоспарға шаққанда 26,8 %немесе132 838 мың теңгені құрайды, ал2016-2017 жылдармен салыстырғанда 2018 жылы кіріс көлемі едеуір азайып кеткен (2017 жылғы кірістің 6,9%-ы (1 917129,0 мың теңге),2016 жылғы кірістің-10,8%-ы(1 222 327,0 мың теңге)) құраған).

2018 жылы Қоғамның шығыстар көлемі4 288 862 мың теңгені құрайды, 2016-2017 жылдармен салыстырғанда шығыстар көлемі 2 есе көбейген, (2017 ж - 2 362 177,0 мың теңге, 2016 ж– 1 254 848,0 мың теңге).

2018 жылғы қаржылық есептілік қорытындысы бойынша Қоғам 4 156 024,0 мың теңге көлемінде шығынмен (убыток)аяқтаған.(2017 жылы-445 048,0 мың теңге, 2016 жылы – 50 315,0 мың теңге шығынмен қорытындылаған. Қоғам соңғы үш жылды шығынмен аяқтаған. Шығын(убыток) көлемі жылдан жылға өсіп отырған

Талдаумен 2018 жылғы Қоғамшығынының(убыток) негізгі үлес салмағы 62,12% -ы (2 664 387,0 мың теңге)құнсызданудан және есептен шығарудан болған шығыстар құрағанын көрсетті.

31.12.2018 жылжағдайынақаржылық есептілік бойынша 21 042 358,0 мың теңге сомасында активтер бар, оның ішінде қысқа мерзімді активтер 13 939 873,0 мың теңгені, ұзақ мерзімді активтер 7 102 485,0 мың теңгені құрайды.

8-тармақ. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешекке қатысты Қоғамның есеп саясатының 6.7 тармағынына сәйкес талаптары орындалмаған,яғни бухгалтерлік есепте 1272 «шағымдар бойынша берешек» шотындағы 449 357,0 мың теңге дебиторлық берекшектер бойынша 2010-2016 жылдары шығарылған Сот шешімдері, ұйғарымдары болсада бершектер өтелмеген, Қоғам тарапынанберешекті қайтарту шаралары жүргізілмеген, сондай-ақБасқарманың шешімімен берешек үмітсіз борыш деп танылу және құрылған резерв есебінен есептен шығару жұмыстары жүргізілмеген.

9-тармақ.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Бухгалтерлік есеп туралы №234Заңның9-бабында, Бухгалтерлiк есептi жүргiзудi, қаржылық есептiлiк жасауды және ұсынуды, есеп саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ететiн бас бухгалтер немесе басқа лауазымды адам бухгалтерлiк қызметтiң басшысы (бұдан әрi - бас бухгалтер) болып табылады және бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды, халықаралық немесе ұлттық стандарттарға, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есеп саясатын қалыптастыруды қамтамасыз етеді - деген талаптар сақталмай, бухгалтерлік қызметтің басшысы 2008 жылғы бекітілгенҚоғамның есеп саясатына 10 жыл ішінде есеп саясатқа бірде бір өзгеріс енгізу жүргізілмеген.

10-тармақ.Маңғыстау облысы қаржы басқармасының 09.08.2018 ж. №02-06/80 бұйрығымен бекітілген Қоғам Жарғысының 12-бөлімі 43-тармағының 11-тармақшасының талаптары сақталмай, Директорлар кеңесінің шешімімен Қоғамның штат саны бекітілмей, 2018 жылы Басқарма төрағасы штат кестесін бектіп, оған 2 рет өзгеріс енгізген.

11-тармақ.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы №1266қаулысының 3-тарауының 9-тармағына сәйкес, сыйлықақылар басшы лауазымдарға, тек бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша басқарма мүшелеріне, директорлар Кеңесінің шешімі бойынша, сонымен қатар, 4.1.2. тармағында басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу туралы ережесіне сәйкес, материалдық көмек көрсету Қоғамның оң қаржылық жағдайында кезінде жүзеге асырылады және қоғамның шығындылығы(убыточность) кезінде төленбеуі тиіс.Сондай-ақ, 4.6. тармағына сәйкес еңбекке ақы төлеу туралы ережелер, сыйлықақы беру туралы шешімдер және 7.1.2тармағына сәйкес материалдық көмек көрсету, Қоғамның ағымдағы қаржылық жай-күйіне сүйене отырып қабылданады және оның қызметінің нәтижелеріне теріс әсер етпеуі тиіс.

Алайда, қоғамныңтеріс қаржылық жағдай кезінде кезінде сыйақы, материалдық көмектер төлеуге жол берілген,атап айтқанда;

2018 жылы қоғам ұсынған аталған ұлттық және мемлекеттік мерекелерді және т. б. мерекелер құрметіне жалпы сомасы 16 089,4 мың теңге сыйақы есептелген, оның ішінде штат қызметкерлеріне жалпы сомасы 13 109,4 мың теңге (оның ішінде басшы қызметкерлерге – 2 262,7 мың теңге), штаттан тыс қызметкерлерге 2 980,0 мың теңге.

Қоғамның басшылық қызметтегілері мен қызметкерлеріне жалпы сомасы 2 910,1 мың теңгеге көлемінде материалдық көмек берілген.

Бұдан басқа, Қоғам жалпы сомасы 351,3 мың теңге болатын қызметкерлер үшін жаңа жылдық сыйлықтар мен тосынсыйлар қоғамның ақшалай қаражаты есебінен сатып алу фактілеріне жол берген.Сонымен қатар, жаңа жылдық сыйлықтар мен тосынсыйлар сатып алу қоғамның нормативтік-құқықтық актілерімен регламенттелмеген.

2014-2018 жылдарға арналған Қоғамның даму жоспарында 2018 жылы штаттан тыс қызметкерлер 3656,0 мың теңге сомасына 4 бірлік, іс жүзінде орташа тізімдік құрамда 17 адам штаттан тыс қызметкерлердің жалақысына арналған шығыстар 30 884,7 мың теңгені құраған.

Басқарма төрағасы мен қабылданған штаттан тыс жұмыскерлермен еңбек келісімшарты жасақталған. Алайда, аудитпен ішінара аудит жүргізу барысында жасақталған еңбек келісімшарттың 1.3. тармағына сәйкес, экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшінің лауазымдық нұсқаулығы жасақталмаған. Осыған орай, экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшінің қандай жұмыс атқаратыны айқындалмаған.

12-тармақ.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №241 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының» (бұдан әрі – бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары) 72-тармағы бұзылып, Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктегі дебиторлық және кредиторлық берешектің дұрыстығына жылдық түгендеу жүргізілмеген.

13-тармақ.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" заңының 6-бабының 3-тармағын, 7-бабының 1,4,6-тармақтарын, «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ережесінің 15,16,17,18,60,61-тармақтарын бұзып, қоғамның бухгалтерлік есебін жүргізу деректердің дұрыстығын қамтамасыз етпестен және активтің пайда болу оқиғасын растайтын бастапқы құжаттардың түпнұсқаларын құжаттамамен бекітпей жүзеге асырылған. Яғни, қысқа мерзімді активтер421 830,9 мың теңге сомасын және ұзақ мерзімді активтер 25 929,2 мың теңге сомасын құраған.

Дебиторлық берешекті басқарудың ұтымды жүйесін құру үшін дебиторлық және кредиторлық берешек көрсеткіштерінің арақатынасын қадағалау, міндеттерді өтеу мерзімін бақылауды және қоғам дебиторларынан ақша қаражатының түсуін жоспарлауды жүзеге асыру қажет.Алайда, қоғам басшы қызметкерлері мен бухгалтерлердің жиі ауысуынан дебиторлық берешек мониторингі жүргізілмеген.

14-тармақ. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Қоғамда жалпы сомасы 399 185,5 мың теңгенің мүліктері (ғимарат, өндірістік базалар, жер телімдер,Купава автоприлавка) пайдаланусыз тұр, мемлекеттік мүлікті басқару принциптеріне сәйкес, қоғамның игілігі үшін тиімді пайдаланылмаған.

15-тармақ. ҚР Жер кодексінің 92-бабының 2-тармағына сәйкес, құрылысқа арналған жер учаскелері үш жыл ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жағдайда мәжбүрлеп алып қоюға жатады, алайда осы кезге дейінҚоғамның балансындағы жалпы сомасы 310 600,9 мың тенгені құрайтын инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн берілген 10 жер учаскелеріпайдаланылмай тұрғанына 8-10 жылдан асқан. (2009 жыл – 3 жер, 2011 жыл -2 жер, 2012 жыл– 2жер)

16- тармақ.«Каспий» ӘКК ҰҚ» АҚ және тікелей немесе жанама түрде дауыс беру акциялары (қатысу үлесі) елу және одан да көп пайызы «Каспий» ӘКК» ҰҚ» АҚ-на тиесілі заңды тұлғалары сатып алуды жүзеге асыру Ережесінің (бұдан әрі – Сатып алу ережесі) 3-тармағының 2),3),5),6)-тармақшаларының, 4-тармағының 1)-тармақшасының және 169-тармағының 23)тармақшасының талаптары сақталмай 67,8 тонна «Қант» тауарын сатып алуға жалпы сомасы 15 187,2 мың теңгеге 2018 жылғы 31 қазанындағы №203/БАК келісім-шарты жасақталған. Яғни, 169-тармақтың 23)тармақшасы негізсіз қолданылып, бекітілген сатып алу жоспарында қарастырылмаған тауар басқа әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндік берілмей сатып алынған.

III. Жиынтық бөлік

3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар. Аудит барсында қабылданған шаралар болған жоқ.

 

3.2. Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша тұжырымдар:

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 16144,4 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 399 185,5 мың теңгеге активтердің тиімсіз пайдаланылуы және 12 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Аудит бағдарламасымен көзделген өлшемшарттар (көрсеткіштер) бойынша жүргізілген аудит қорытындысымен бағалау нәтижесі:

Тиімділікөлшемшарты бойынша бағалауаудит объектісі қызметінің іске асыруда жоспарланған жобаларды бюджеттік қаржыландыру көлемдерінің жеке сектор инвестицияларымен ара қатынасы.

Қоғамның инвестициялық жобалар нәтижелеріне жүргізілген талдау барысында іске асырылған жобалардың басым бөлігі бюджеттен қаржыландырылған.

2014-2018 жылдар жоспарына сәйкес жеке секторларды (инвестор) тартумен жоспарланған9 жобаның 2–уі іске асырылған, бюджеттік инвестициялық6 жобаның 4-уііске асырылуда, 2 жобаға қаражат бөлінбей, іске асыру 2019 жылға қалдырылған.

Жоспарланған жобаларды бюджеттік қаржыландыру көлемдерінің жеке сектор инвестицияларымен ара қатынасы:

2014 – 2018 жылдары жалпы инвестицияның 527 681,0 мың теңгесі жеке сектор инвестициясы немесе 4,4%, бюджеттік инвестиция 95,6% немесе 11 585 411,0 мың теңгесін құрайды.

2018 жыл жеке сектор қатысумен жобалар іске асырылмаған. бюджеттік инвестицияның көлемі 744 511,0 мың теңге.

Қоғам әлеуметтік бағыттағы 4 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруға қатысқан. Соның ішінен «Құрық–Құрық порт автокөлік жолын қайта жаңарту» жоба іске асырылып, жол пайдалануға берілген, 2 жобаны іске асыру ұзаққа созылып, әлі аяқталмаған, нәтижеге қол жеткізілмеген,атап айтқанда;

2011 жылы басталып,2016 жылы бюджеттен қаржыландырумен жалғастырылғанАқтау қаласы, 33 шағын аудандағыАққу бірінші кезектегі тұрғын үйлердің құрылысы жобасы бойынша 655 пәтерлі тұрғын үй құрылысы 2018 жылы аяқталмай, бұл жоба ұзақ мерзіміге яғни, 1 қаңтар 2020 жылға дейінсозылып келеді, барлық пайдалануға берілетін 655 пәтердің 567-і пайдалануға беріліп, 86,6%-ға орындалған.

«Каспий» тұщыту зауыты» модернизациясы» жобасына бөлінген қаражат толық түсседе жоба 4 жылға созылып (2016 жылы басталып аяқтау мерзімі 2019 жыл)жұмыстар толық бітпеген, орындалысы80,6 %-ды құрайды.Бұл өз кезегінде бюджеттік инвестициялық жобаларды Қоғаммен іске асыру тиімсіздігін байқатты.

Алайда, Қоғам тарапынан бюджеттік инвестициялардың уақтылы іске асырылмау фактілері, жоспарланған көрсеткіштерге уақытылы қол жеткізбеуіне әкелген.

Қоғаммен іске асырылған және асырылу барысындағы инвестициялық жобалардың негізгі үлесі 33%-ы бюджеттік инвестиция. Ол Маңғыстау облысының әлеуметтік - экономикалық дамуына бағытталған.

Сонымен қатар, жеке сектор инвестиция үлесінің аз болуы(4.4%), қоғамның негізгі қызметі – «мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру арқылы Маңғыстау облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу» тиісті деңгейде орындалмаған.

Нәтижеліліккөрсеткіш бойынша Қоғам даму жоспарының іске асырылу жәнетүйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу,сондай-ақ, қаржы-шаруашылық қызмет көрсеткіштерінің орындалысын бағалау.

Қоғамның Даму жоспарына уақытылы түзетулер енгізілмеген.2018 жылғы даму жоспарының орындалуы бойынша есебімен бекітілген даму жоспарында сәйкессіздіктер орын алған, бұл басқару органы тарапынан даму жоспарынының іске асырылуынмониторингі жүрзіу төмендігін көрсетеді.

2018 жылғы Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есебінде 31 көрсеткіш белгіленіп, 15 көрсеткіш орындалмаған,Орындалысы 51,6 %-дықұраған.(2017жыл- 33,3 %-ды, 2016 жыл-52,1 %) Бұл Қоғам қызметтері бойыншажоспарланған міндеттерді тиісті деңгейде орындамағандығын көрсетеді.

Қоғам өз қызметін даму жоспарын іске асыру арқылы жүзеге асырады делінген.Осыған орай, даму жоспарының көрсеткіштеріне қол жеткізбеуі Қоғам есепті жылғы қызметі бойынша тиімді жұмысына оң бағалауға кері әсерін тигізеді.

Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі бойынша 2018 жылғы есептілік кезеңде кірістердің түсу көлемі азайған, шығыстар көлемі 2 есе көбейген,2018 жылғы қаржылық қорытындысы бойынша 4 156 024,0 мың теңге көлемінде шығынмен (убыток) аяқталған.

Қоғам соңғы үш жылды да шығынмен аяқтаған, (2017 жылы-445 048,0 мың теңге, 2016 жылы – 50 315,0 мың теңге).

Талдаумен 2018 жылғы Қоғам шығынының(убыток) негізгі үлес салмағы 62,12%-ы (2 664 387,0 мың теңге)құнсызданудан және есептен шығарудан болған шығыстардан құрағанын көрсетті.Тугендеу нәтижелері бойынша құнсызданудың сомасы белгіленген әдістемемен расталу қажет.2018 жылдың қаржылық есептіліктің нәтижелері бойынша Қоғамның шығынға әкелудің негізгі себептері резервтер есептеу,дебиторлық берешектердің мерзімінде өтемеген,оның ішінде шағымдар бойынша берешектер, еншілес ұйымдар немесе операцияларды дұрыс емес тану (шығыстар қаржылық емес автивтердің құнсыздануынан -348550,0 мың теңге), еншілес ұйымдарға берген материалдық көмектер (526087,7 мың теңге) аяқталмаған өндіріс бойынша 2010-2011 жылдан келе жатқан дебиторлық берешектер (47352,0 мың теңге), активтердің коммуналдық меншікке өтеусіз беру, қаржыландыру шығыстары т.с.с.

Дебиторлық берешекті басқарудың ұтымды жүйесін құру үшін дебиторлық және кредиторлық берешек көрсеткіштерінің арақатынасын қадағалау, міндеттерді өтеу мерзімін бақылауды және қоғам дебиторларынан ақша қаражатының түсуін жоспарлауды жүзеге асыру қажет. Алайда, Қоғамның басшы қызметкерлері мен бухгалтерлердің жиі ауысуынан, қысқа мерзімді активтерді жою немесе қалпына келтіруге ден қою шаралары уақытылы жүргізбеуден орын алған.

Сонымен қатар,2018 жылдың даму жоспарының орындалуы бойынша есебі директорлар кеңесінде қаралып, бекітілмеген, Қоғамның есеп саясатына 10 жыл ішінде бірде бір өзгеріс енгізілмеген, қоғамныңтеріс қаржылық жағдай кезінде сыйақы, материалдық көмектер төлеуге, штаттан тыс қызметкерлер санын өсіруге жол берілген,сондай-ақ, инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн берілген жер телімі жеке тұлғаға сатылған, Қоғаминвестициялық жобаларға берілген жер телімдерінің пайдаланылмай тұруы, Қоғам шығыстарының ұлғаюына әсер етеді.

Қоғамның міндеттерінің бірі пайданы өңiрлiк әлеуметтiк проблемаларды шешуге бағыттау болса да осы уақытқа дейін шығынсыз деңгейге көтерілуді қамтамасыз етпей, бюджеттің қаржысымен жобаларды іске асырумен шектелген.

Қорытыда келгенде, қоғамның бірінші басшыларының және негізгі қызметтерге жауапты қызметкелердің жиі ауысуыорын алған. Бұл қоғам жұмысын ұйымдастырудың тиімсіздігін көрсетеді.Осылардың себебінен Қоғамның негізгі қызметі міндеттерді тиісті деңгейде атқаруға кедергілер тудырып, кері әсерін тигізген.

 

3.3.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

 

1. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Каспий» Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ы қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2. Маңғыстау облысының әкіміне 2020 жылдың 01 мамырға дейін:

1)Кеңейтілген отырыста мемлекеттік аудит нәтижесімен анықталған бұзушылықтарды Қоғамның лауазымды тұлғаларының қатысуымен талқылап, алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау мақсатында шара алуды және лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарауды;

2)2018 жылдың даму жоспарының орындалысы жөніндегі есебін директорлар кеңесінде қарап бекітуді;

3)Қоғамның қызметін жетілдіру жөнінде іс-шараларды ұйымдастыруды ұсынамын.

3.«Каспий» Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-на (А.Мендибаевқа) 2020 жылдың 01 шілдесіне дейін:

1)Қоғам Даму жоспарының орындалуына нақты шаралар алуды;

2)Ақтау қаласы 33 шағын аудандағыАққу бірінші кезектегі тұрғын үйлердің құрылысының және «Каспий» тұщыту зауыты» модернизациясы жұмыстарының аяқталуын қадағалауды;

3)Есеп саясатына өзерістер енгізу 2020 жылдың 01 қазанға дейін;

4)Пайдаланылмай тұрған мүліктер мен жер телімдерінҚоғам игілігі үшін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар алуды2020 жылдың 01 шілдесіне дейін;

5)Мемлекеттік аудит қорытындысымен анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау үшін, жауапты тұлғаларды белгілей отырып, іс шараларын жоспарын жасақтауды ұсынамын2020 жылдың 27 наурызына дейін

 

3.4.Жалғама: жиынтық тізбе – 2 бетте;

 

Тексеру

Комиссиясының мүшесі Ж.Утегенова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя