29/03/2024  Пятница
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының 27.02.2020 жылғы №02-02/3

санды қаулысымен бекітілді

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

төраға міндетін атқарушы Ж.Кошмағамбетоваға

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1.Аудиторлық іс-шараның атауы:

Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптеріне сәйкес жергілікті бюджетті жоспарлау мен атқарудың тиімділігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

1.2.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Жергілікті бюджетті жоспарлау мен атқарудың тиімділігін бағалау.

1.3.Мемлекеттік аудит объектісі:

«Маңғыстау аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Мекеме).

1.4.Мемлекеттік аудит тобының құрамы: Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының бас маман – мемлекеттік аудитор Б. Джаумитпаева (сертификат №1418) жүргізді.

1.5.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2019 жылдың 01 қаңтар – 2019 жылдың 31 желтоқсан аралығы.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау.

Аудан құрамына 12 село кіреді, халықсаны – 39,6 мың адам.

Аудан экономикасының басты бағыты - ауыл шаруашылығы,мал шаруашылығы.

Аудан өнеркәсібі - тау-кен өнеркәсібі және құрылыс индустриясы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу.

2019 жылы 2403 жаңа жұмыс орны құрылған, 2019 жылы 34 инвестициялық жоба қарастырылған, оның 17-сі жоба сметалық жобалық құжатттарды жасақтауға бағытталған.

Орташа жалақы 2019 жылы 132 037 мың теңгені құрап, 2018 жылмен (97 693 мың теңге) 35,1%-ға өскен.

Жұмыссыздар саны 3,1 есеге азайған, 2018жылы 290 адам болса, 2019 жылы - 92 адамды құраған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 10 басым бағыттары бойынша ауданда 3 бағыты бойынша жұмыстар жүргізілген:

Халықтың табысын арттыру бағыты бойынша- 2019 жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдердің еңбек ақысы ұлғайған, қаржы республикалық бюджеттен қаржыландырылған, ең төменгі жалақы мөлшері 42,5 мың теңгеге дейін және аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің еңбек ақысы 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 пайызға көбейген.

Жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамтамасыз ету бағыты бойынша- 2019 жылы 2403 жаңа жұмыс орындары құрылған, оның ішінде тұрақты жұмыс орындары -2196, уақытша және маусымдық жұмыс орындары -207(2018 жылы - 2 978 жұмыс орны ашылған).

Ауыл жастары арасында нақты "Жасыл ел" бағдарламасы аясында 3 ай көлемінде 95 ауыл жастары жұмыспен, кәсіпкерлікпен қамтылған, белсенділік 54 жоба жүзеге асырылған, 153 адам жобаға қатысқан, ресми жұмыссыз болып 92 адам тіркелген, жұмыссыздық деңгейі 0,6% құраған.

Бағдарламаның бірінші бағытыбойынша қысқа мерзімді оқыту курстарына 215 азамат оқытылып, 71 адам тұрақты жұмысқа орналасқан (жоспар -80 адам).

Техникалық және кәсіптік оқыту бойынша ағымдағы жылы колледжге 75 бала оқуға түскен.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау-Бизнес» жобасымен 106 адамды және «Жас кәсіпкер» жобасымен 50 адамды оқыту жоспарланған. 265 адам оқуды бітіріп сертификат алған (Бастау –Бизнесте - 5 кезеңде -211; Жас кәсіпкерде – 1 кезеңде 54 адам). Оқығандардың 50-і мемлекеттік грант және 30-ы несие алды.

Баспана мәселесін шешу бағыты бойынша- 2019 жылы 1-кезең бойынша, яғни Маңғыстау облысы көлемінен кез келген жерден тұрғын үй сатып алу бойынша 26 жолдама беріліп, 8 тұрғын үй сатып алынған. 2-кезең бойынша, яғни аудан көлемінен тұрғын үй сатып алу бойынша 14 жолдама беріліп, қанағаттандырылған 7- адамның бүгінде 4 тұрғын үй сатып алынған.

01.01.2020 жыл жағдайына тұрғын үй кезегіндегі 216 адамның 9 –ы «Қолжетімді тұрғын үй -2020» бағдарламасымен салынған тұрғын үймен қамтамасыз етілген.

2.2.Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

Жергілікті бюджетті жоспарлау мен атқарудың тиімділігін бағалау 2 базалық көрсеткіш, 4 арнайы көрсеткіш арқылыбағаланды:

1.базалық көрсеткіштер:

1.1. Жергілікті бюджеттің кірістері бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы99,8 %-ды құрады,яғни 12 604 590,9 мың теңгеге жопарланған кірістердің орындалысы 12 579 182,7 мың теңгені құраған.

Негізгі орындалмаған көрсеткіштер:

1) Жер салығы, орындалысы -93%;

2)Жергілікті бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар - 79,8%;

3) Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер - 71,4%.Негізігі себебі, көрсеткіштердің артық жоспарлануы.

1.2.Жергілікті бюджеттің шығындардың орындалысы - 99,8%-ды құрады, жоспар 12 635 586,2 мың теңге, орындалысы -12 604 730,4мың теңге, 30 855,8 мың теңге игерілмеген.

Жоспарланған 139 бюджетік бағдарламалар 136-ның тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізіліп, орындалысы - 97,8 % -ды құраған, 3 бюджеттік бағдарламаның немесе 2,1% -на тікелей немесе түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізілмеген.

1.2.3. арнайы көрсеткіш:

1) Жергілікті бюджетті бекітуде, өзгерістер, толықтырулар, нақтылаулар мен түзетулер тиісті есептеулермен негізделмеген.

Жергілікті бюджеттің жоспарлы көрсеткіштерініңорындалуы 163 532,4 мың теңгегесалықтық түсімдердің артық түсуі әсерінен 99,8%-ға орындалған.

2.базалық көрсеткіш - нәтижелілік –даму бағдарламасының жоспарланған көрсеткіштернің орындалысы 90,9 %- ды құраған, 3 мақсатты индикаторға қол жеткізілмеген.

1) Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыруда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру тиімділігі 35,3%-ды құраған.

2019 жылы қарастырылған 34 инвестициялық жобалардың 12-сі (35,3%) бойынша түпкілікті нәтижесіне қол жеткізілген, 22 (64,7 %) жоба аяқталмаған, түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмеген, бюджеттен қаржының жеткілікті қарастырылмауы салдарынан, аяқталу мерзімдерінің келесі жылдарға ұзартылуы орын алған.

2) Аумақты дамыту бағдарламасы бойынша жоспарланған іс-шаралардың жүзеге асырылу деңгейі 97,6% -ға орындалған, жоспарланған 43 іс-шараның 42 іс -шарасы жүзеге асырылған. Мәдениет саласы бойынша «Шебір с. 200 орынға арналған мәдениет үйінің құрылысына ЖСҚ-н жасақтау» қаржының бөлінбеуіне байланысты жұмыс жүргізілмеген.

Аумақты дамыту бағдарламасымен көзделген 33 нысаналы индикатордың 30 –на (90,9%) жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізілген, 3 мақсатты индикаторға қол жеткізілмеген.

2.2.1.Бюджет қаражатының, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне, сондай-ақ қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге пайдаланылу тиімділігін жиынтық талдау және бағалау,анықталған біртектес бұзушылықтардың, кемшіліктердің жинақтап қорытылған нәтижелері.

Мемлекеттік аудитпен 6 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Маңғыстау ауданының бюджеті Маңғыстау аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 қаңтардағы «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №22/256 шешімімен бекітілген.

Аудандық бюджеттің түсімі - 100,1 % -ға орындалып, 12 890 207,4 мың теңге түскен, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 5 816 752,9 мың теңге (163 532,4 мың теңге артық түскен), түсімдер үлесінің 45,1 %- құрайды;

салықтық емес түсімдер -22 039,9 мың теңге (1 697,0 мың теңге артық түскен)түсімдер үлесінің 0,2 %- құрайды;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 40 157,3 мың теңге (853,7 мың теңге түспеген)түсімдер үлесінің 0,3 %- құрайды;

трансферттер түсімі -6 700 232,5 мың теңге (190 000,0 мың теңге облыстан түспеген)түсімдер үлесінің 52 %- құрайды.

бюджеттік кредиттерді өтеу - 87 145,3 мың теңге (37 431,8 мың теңге артық түскен)түсімдер үлесінің 0,7 %- құрайды.

қарыздар түсімі - 223 879,5 мың теңге, түсімдер үлесінің 1,7 %- құрайды.

Аудан бюджетінің 53,2%- н трансферттер құрайды, өз кірісі - 46,8%- н құрайды.

2019 жылы аудан бюджетінің кірісі бойынша жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуы99,8 %-ды құрады,яғни 12 604 590,9 мың теңгеге жопарланған кірістердің орындалысы 12 579 182,7 мың теңгені құраған. Негізгі орындалмаған көрсеткіштер:

1) Жер салығы, орындалысы -93%;

2)Жергілікті бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар - 79,8%;

3) Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер - 71,4%. Орындалмау себебін жоспардың жоғары көлемде бекітілуіне байланыстылығымен түсіндіреді, яғни жоспарланған көрсеткіштер тиісті негіздемелерсіз бекітілген.

2019 жылы жоспарланған трансферттердің (6 890 232,5 мың теңге )190 000,0 мың теңгесі облыстық бюджеттен түспеген.

Аудандық бюджеттің шығысы – 99,8 % -ға орындалған, жоспар - 12 909 179,2 мың теңге, орындалысы – 12 877 066,9 мың теңге, оның ішінде орындалмағаны – шығындар 99,8 % -ға орындалған, игерілмеген қаржы 30 855,8 мың теңге, оның негізгі орындалмағаны:

- 11 237,6 мың теңге Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша игерілмеген, кәсіптік оқу және қайта даярлау бағдарламасына қатысуға өтінімдердің аз болуынан;

- тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласында 1 979,6 мың теңгесі сатып алудан үнемделген қаржы;

- білім бөлімінде - 8 530,2 мың теңге үнемделген қаржы;

- 9 108,4 мың теңге селоларға берілмегенсубвенция.

Селоларға беруге жоспарланған – 940 932,9 мың теңге субвенцияның 931 824,5 мың теңгесі немесе 99,0 %-ы беріліп, 9 108,4 мың теңгесі берілмеген.

Маңғыстау ауданында 12 село бар, 8 селолық округтің бюджеті бөлек бекітілген, 4 селолық округ аудан бюджетінің құрамында қаралған.

Бюджеті бөлек бекітілген 8 селоның кірісінің 73%-дан 85%-ға дейінгі бөлігі аудандық бюджеттен бөлінген субвенция есебінен құралған.

Селолардың өз кірісі село бюджетінің 15%-нан 27 %-на дейінгі мөлшерін қамтамасыз етіп отыр.

Маңғыстау ауданын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 қаңтардағы №29/252 санды шешімімен бекітілген.

1-тармақ- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» (одан әрі - №64 бұйрық) бұйрығының 133 тармағы ескерілмей, яғни Маңғыстау ауданын дамыту бағдарламасына өзгеріс енгізу кезінде, бағдарламаға осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (индикаторлардың өзгертілгендігі туралы) салыстырмалы кесте қоса жасақталмай, енгізілген өзгерістер туралы нақты деректер көрсетілмеген.

2-тармақ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 19.02.2018 жылғы №64 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 57-тармағының1 қарашадан кешікпей өзгеріс енгізілуі тиіс талабы сақталмай, 2019 жылдың 23-желтоқсанында, яғни 1 айдан астам уақыт өткеннен кейін өзгеріс енгізілген (№34/386 мәслихат шешімі).

3-тармақ. «Азаматтық Кодексiнің» 620-шы бабында және ҚР ҚНмЕ 1.04.03-2008 (СНиП РК) 3.1-ші тармағы бұзылып, қаржының жеткілікті қарастырылмауы салдарынан 4 инвестициялық жобақұрылысының нормативтік ұзақтығысақталмаған, жылдан жылға ұзартылып, уақтылы аяқтауға бағытталмаған.(Жармыш селосындағы су құбырының құрылысы 2017 жылы басталған;Маната аймағында мобильдік байланысты қамтамасыз ету құрылыс 2019 жылы басталған; Шетпе-Қызан 49-85 км жол құрылысы 2018 жылы басталған; Жармыш селосында 200 орындық селолық клубтың құрылысы – 2018 жылы басталған).

4 –тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағының талабы бұзылып, аудандық бюджет мерзімінде, яғни облыстық бюджетті бекіту туралы шешімнен кейін екі апта мерзімінен кешіктірмей бекітілу тиіс бола тұра, аудандық бюджет төрт аптадан кейін бекітілген (облыстық бюджет 12 желтоқсан 2018 жылы бекітілген, аудандық бюджет 08 қаңтар 2019 жылы бекітілген).

5-тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет Кодексінің 65-бабының талаптары сақталмай, «заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық»бойынша 4 139 592 мың теңгеге түсімдер болжамдалып, бекіту барысында 420 408,0 мың теңгеге негізсіз ұлғайтылып, 4 560 000,0 мың теңгеге бекітілген.

Оған қоса, бекітілген 4 560 000,0 мың теңге жыл бойы тиісті негіздемелерсіз, яғни салық базасының өзгеруі болмастанбіресе кемітіліп, біресе ұлғайтылып, нақтыланған.

Атап айтқанда, наурыз айында 12 249,5 мың теңгеге ұлғайтылған, шілде айында 461 000,0 мың теңгеге кемітілген, қараша айында 175 898,0 мың теңге, желтоқсан айында 173 376,0 мың теңгеге ұлғайтылған.

2019 жыл қорытындысы бойынша нақтыланған 4 460 883,0 мың теңгенің орындалысы 4 615 971,9 мың теңгені құрап, 103,5 %-ға орындалған, нәтижесінде 155,0 мың теңгеге артық орындалған.

Сол сияқты, «мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер» 2 219,0 мың теңгеге бекітіліп, қараша айында тиісті негіздемелерсіз 6 000,0 мың теңгеге ұлғайтылып, 8 219,0 мың теңгеге нақтыланған, нәтижесіндеорындалысы 5 864,9 мың теңгені немесе 71,4%-ды құрап, 2 354,1 мың теңгеге немесе 28,6%-ға орындалмаған.

Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 4- бабымен көзделген, яғни бюджетті жоспарлау барысында бюджет жобасына қандай да болсын түсім немесе шығысты енгізу үшін оның қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде жүргізуді көздейтін негізділік принципінің сақталмауына жол берілген.

6-тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабымен көзделген жоғарыда айтылған негізділік принципі сақталмай, бірқатар түсімдер бойынша 2019 жылға арналған бюджет (аудан және ауылдық округ бірге алынғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген «Бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне» сәйкес жасақталған есептемелермен анықталған көлемнен артық көлемде бекітілген.

Атап айтқанда:

- «әлеуметтік салық» болжам есептемелеріне сәйкес 306 890,0 мың теңгені құраса, 381 806,0 мың теңге болып бекітілген, яғни 74 916,0 мың теңгеге негізсіз артық бекітілген, нәтижесінде 109,3%-ға немесе 45 515,0 мың теңгеге орындалған;

- «тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге ішкі салықтар» болжам есептемелеріне сәйкес 52 834,0 мың теңгені құраса, 56 539,0 мың теңге болып бекітілген, яғни 3 705,0 мың теңгеге негізсіз артық бекітілген, нәтижесінде 98,9%-ға немесе 583,6 мың теңгеге орындалмаған;

- «негізгі капиталды сатудан түсетін түсім» болжам есептемелеріне сәйкес 23 658,0 мың теңгені құраса, 32 156,0 мың теңге болып бекітілген, яғни 8 498,0 мың теңгеге негізсіз артық бекітілген,нәтижесінде 97,9%-ға немесе 853,7 мың теңгеге орындалмаған.

II. Қорытынды бөлік

3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

Аудит барысында пікір алмасулар жүргізілді.

3.2.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша тұжырымдар

Жергілікті бюджеттің жоспарлануы және атқарылуы барысында бірқатар түсімдер көлемінің бекітілуі, нақтылануы негізсіз жүргізілген, яғни Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес салық базасының өзгеруіне сайтиісті есептеулермен негізделмеген.

Бюджетті бекітуде бекіту мерзімі сақталмаған.

Бюджет көлеміне нақтылаулар мен өзгертулердің бірнеше мәрте жүргізілуіне қарамастан,бюджет түсімдері мен шығыстарының орындалмауы орын алған, яғни бірқатар түсімдер толық түспеген, жоспарланған қаржының толық игерілуі қамтамасыз етілмеген, аудан бюджетінің жоспарлануы және оның орындалуы тісті дәрежеде жүргізілмеуі, аудан бюджетінің кірісі мен шығынының 99,8%- ға орындалуы мәслихат шешімімен жоспарланған көрсеткіштердің орындалмауына әсерін тигізген. Сондай-ақ, көрсеткіштердің орындалмауына облыстан 190 000,0 мың теңге трансферттің түспеуі де өз әсерін тигізген.

Аумақты дамыту бағдарламасымен көзделген іс-шаралар, мақсатты индикаторлар толық орындалмаған.

Инвестициялық жобаларды іске асыруда құрылыстың нормативтік ұзақтығы сақталмай, 2-3 жылға созылған, сондай-ақ, ЖСҚ жобаларын жасақтау жұмыстары да жылдар бойы жүргізілген.

Бюджеттің орындалуы салықтық түсімдердің 163 532,4 мың теңгеге артық түсуінен орындалған.

3.3.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Маңғыстау аудандық экономика және қаржыбөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2. Маңғыстау ауданы Әкіміне 2020 жылдың 01 сәуірге дейін (Т. Қошмағанбетов):

1)«Маңғыстау аудандықэкономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік аудитпен орын алған бұзушылықтарды талқылап, тиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарауыңызды ұсынамын.

3.«Маңғыстау аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2019 жылдың 01 сәуірінедейін (Р.Шабикова):

1)Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларынтиісті дәрежеде зерделеп, кеңейтілген отырыста мемлекеттік аудит нәтижесімен анықталған бұзушылықтарды талқылап, алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау мақсатында шара алуды.

3.4.Жалғама: жиынтық тізбе 1 бетте

 

Тексеру комиссиясының мүшесі Х. Джанаева

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя