05/06/2020  Пятница
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

27 ақпан  2020 жылғы №02-02/4 санды қаулысымен бекітілді

 

АУДИТОРЛЫҚ    ҚОРЫТЫНДЫ

 

I Кіріспе бөлік

   1.1.Аудиторлық іс-шараның атауы:

            Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес жергілікті бюджетті жоспарлау мен атқарудың тиімділігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

    1.2.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Жаңаөзен қаласының жергілікті бюджетінің жоспарлануы мен атқарылу тиімділігін бағалау.

1.3.Мемлекеттік аудит объектісі:

  1. «Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (одан әрі – Экономика бөлімі);
  2. «Жаңаөзен қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (одан әрі – Қаржы бөлімі).

            1.4.Мемлекеттік аудит тобының құрамы: Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімнің бас маман - мемлекеттік аудиторы Б. Мухамединов (сертификат №1267) жүргізді.

1.5.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2019 жылдың 01 қаңтар – 2019 жылдың 31 желтоқсаны аралығы.

 

            II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау.

         

        2019 жылы халық саны 153,7 мың адамды (2018ж.сәйкес кезеңіне –150,8 мың адам) құраған, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,9 мың адамға өскен. Оның ішінде қала халқы – 81,4 мың адам, ауыл халқы – 72,3 мың адам (Теңге ауылы – 23,9 мың адам, Қызылсай ауылы – 7,5 мың адам, Рахат ауылы – 40,9 мың адам).

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 195,6 млрд.теңгені құраған, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,3 млрд.теңгеге өскен (2018ж. қаңтар-желтоқсан айларында 192,3 млрд.теңге).

Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 97,9% құраған. Өнеркәсіп өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда жоғары болғанымен, өнеркәсіптің басқа салалары бойынша төмендеген, табиғи газ өндірудің азаюынан нақты көлем индексі азайған.

«ӨзенМұнайГаз» АҚ арқылы барлығы 5 579,1 мың тонна шикі мұнай өндірілген (2018ж. қаңтар-желтоқсан айларында – 5 480,4 мың тонна), өткен жылмен салыстырғанда 98,7 мың тоннаға немесе 1,8%-ға өскен.

Соның ішінде: Жаңаөзен қаласына тиісті өндірілген мұнайдың көлемі, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 4,1 мың тоннаға немесе 0,9%-ға өскен (2019ж. қаңтар-желтоқсан айларында - 463,2 мың тонна, 2018ж. қаңтар- желтоқсан айларында - 459,1 мың тонна).

Сондай-ақ, 708,7 млн.текше метр газ өндірілген (2018ж. қаңтар-желтоқсан айларында–629,3 млн.текше метр), өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 79,4 млн.текше метрге көп өндірілген. Соның ішінде: ілеспе газ өндіру - 446,5 млн.текше метрді құрап, 101,3 млн.текше метрге көп (01.01.2019ж - 345,2 млн.текше метр); табиғи газ өндіру - 262,1 млн.текше метр болса, 21,9 млн. текше метрге азайған (01.01.2019ж - 284,1 млн.текше метр).

Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 58,6 млрд.теңгені құраған, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 19,1 млрд.теңгеге немесе 44,1%-ға өскен (2018ж. қаңтар-желтоқсан айларында – 39,5 млрд.теңге).

Іске қосылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 132,1 мың шаршы метрді құраған, 2018 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда 109,2% құрайды (2018ж. қаңтар-желтоқсан айларында – 121,0 мың шаршы метр).

Құрылыс жұмыстарының көлемі 20,6 млрд.теңгені құраған, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 93,4%-ды құрады (2018ж. қаңтар-желтоқсан айларында – 21,7 млрд.теңге болды). Төмендеу себебі: 2018 жылы «ОралМунайПром» ЖШС-гі арқылы электр энергиясын өндіретін нысанның құрылысы (3,0 млрд.теңге) мен 900 орындық 3 мектептің құрылысы жүргізілген (4,5 млрд.тенге).

Жергілікті бюджетке 16,1 млрд.теңге көлемінде салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсірген, немесе 0,9 млн.теңгеге өскен (2018ж. қаңтар-желтоқсан айларында – 15,2 млрд.теңге).

Бюджет төлемдерінің жергілікті бюджетке берешегі 01.01.2020 жыл кезеңіне 191,8 млн.теңгені құраған, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 145,2 млн.теңгеге азайған (01.01.2019ж. кезеңіне–337,0 млн.теңге).

Шағын несиелеу бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының 2 бағыты аясында 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 21 кәсіпкерге 82,1 млн.теңге көлемінде шағын несиелер берілген (мал шаруашылығын дамытуға, дүкендерді айналым құралдармен толықтыру).

Қала бойынша экономикалық қызметтің барлық түріндегі жұмысшылардың орташа еңбекақы 446 238 теңгені құраған, 2018 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда 9,5%-ға өскен (2018ж. қаңтар-желтоқсан айларында – 407 560 теңге).

Қала бойынша 5 762 жаңа жұмыс орны құрылған (2018ж. қаңтар- желтоқсан айларында – 5 690 жұмыс орын), 101,0%-ды құраған.

       Ай соңындағы қалған жұмыссыздар саны 01.01.2020 жыл кезеңіне 1 317 адамды құраған (01.01.2019 жылы – 1 036 адам).

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 01.01.2020 жыл кезеңіне 1,6% құраған (01.01.2019ж.–1,6%).

Аз қамтылған күнкөріс деңгейінен төмен тұратындар саны – 9 226 адам (2018ж. Қаңтар-желтоқсан айларында – 1 880 адам).

        Бір жасқа дейінгі сәби өлімінің деңгейі 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 9,6 промил (41 сәби) құраған (2018ж.қаңтар-желтоқсан айларында-8,5 промил - 36 сәби), яғни 1,1 промилге өскен.

2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ана өлімі тіркелмеген (2018ж. желтоқсан айында 1 ана өлімі тіркелген).

2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айында 4 279 сәби дүниеге келген (2018ж. қаңтар-желтоқсан айларында – 4 238 бала), яғни өткен жылға қарағанда 41 балаға өскен.

Қала бойынша 311 өлім – жітім тіркелген, 1000 тұрғынға шаққанда 2,0 промильді құраған (2018ж.қаңтар-желтоқсан айларында – 2,2 промиль, 340 өлім-жітім), немесе 29 өлім-жітімге азайған.

Туберкулезбен ауыратын 65 адам тіркелген, көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 43,4 промильді құрады (2018ж. қаңтар-желтоқсан айларында 41,5 промилль, 62 адам), яғни 3 адамға көбейген.

        Ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі 2019 жылы қаңтар-желтоқсан айларында – 703,6 млн.теңгені, нақты көлем индексі 105,8% (2018ж. қаңтар-желтоқсан айларында–676,1 млн.теңге немесе 96,9%) құраған. Мал шаруашылығы – 586,5 млн.теңге, 102,2%, егін шаруашылығы – 111,7 млн.теңге, 102,2%.

Тіркелген қылмыстар саны 2019 жылы қаңтар-желтоқсан айларында – 788 бірлік (2018ж. қаңтар-желтоқсан айларында – 946 бірлік), өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,7%-ға төмендеген.

           

            2.2.Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

            Жаңаөзен қаласының жергілікті бюджетінің жоспарлануы мен атқарылу тиімділігін бағалау бойынша мемлекеттік аудит жүргізуде қолданылған көрсеткіштер:

            1.«Тиімділік» бойынша базалық көрсеткіштер:

            1) Жергілікті бюджеттің түсім бөлігінің орындалу тиімділігі ( болжамдалған түсімдердің нақты орындалысы (%).

            Жергілікті бюджеттің түсімдері 18 733475,2 мың теңге, түзетілгені 22 552 471,9 мың теңге, орындалғаны 22 438 860,5 мың теңге, айырмашылық        -113 611,4 мың теңге немесе 99,5% орындалған.

            2) Жергілікті бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылу тиімділігі (жергілікті бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуінің қамтамасыз етілуі (%)).

Жергілікті бюджеттің шығыстары 18 733 475,2 мың теңге, түзетілгені 22 943 231,3 мың теңге, орындалғаны 22 751 851,1 мың теңге, айырмашылық -191 380,2 мың теңге немесе 99,2% орындалған.

  Арнайы көрсеткіш:

1) Жергілікті бюджетті бекітуде, өзгерістер, толықтырулар, нақтылаулар мен түзетулер енгізу бойынша жүргізілген есептеулердің негізділігі (жоспарлы көрсеткіштер мен жергілікті бюджеттің нақты атқарылу көрсеткіштері арасындағы алшақтығы (%).

Қала бюджеті 2019 жылы 4 рет түзетіліп, 6 рет нақтыланғандығына қарамастан, қала маслихатының шешімімен бекітілген жоспарлы көрсеткіштердің түсімдер бойынша есептеулерінде ауытқушылықтар байқалды.

Түсімдер қала бюджеті бойынша 99,5%-ға орындалған.

2.«Нәтижелілік» бойынша базалық көрсеткіш - Қаланың даму бағдарламасының болжамды көрсеткіштері мен нақты көрсеткіштері арасындағы алшақтық (%).

Қаланың даму бағдарламасының 11 мақсат пен 29 нысаналы индикаторды қамтитын 4 бағыт бойынша жасалған. 2019 жылы 28 мақсатты индикаторлар толық орындалған (96,5%).

Арнайы көрсеткіштер:

1) Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыруда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру тиімділігі (жобалардың түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуінің қамтамасыз етілуі (%)).

2019 жылы 27 инвестициялық жобадан 8 жоба аяқталған, 19 жоба аяқталмаған (ЖСҚ).

2) Аумақты дамыту бағдарламасы бойынша жоспарланған іс-шаралардың жүзеге асырылу деңгейі.

            Аумақты дамытудың бағдарламасында қарастырылған экономика, әлеуметтік сала, инфрақұрылым, бағыттары бойынша 58 іс-шара жоспарланып, 25 іс-шара орындалмаған.

            Қаланың даму бағдарламасының 11 мақсат пен 29 нысаналы индикаторды қамтитын 4 бағыт бойынша жасалған. 2019 жылы 28 мақсатты индикаторлар толық орындалған (96,5%).

            2.2.1.Жиынтық талдау, анықталған біртектес бұзушылықтардың, кемшіліктердің жинақтап қорытылған нәтижелері.

            Аудит бағдарламасымен көзделген көрсеткіштер бойынша бюджеттік және басқа да заңнамалардың жауапты тұлғалармен тиісті дәрежеде сақталмауы, зерделенбеуі себебінен  бұзушылықтарға жол берілгені анықталды.

            Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 10 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

            «Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

            1-тармақ. Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің (бұдан әрі-  Бюджет Кодексі) 32-бабы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 195 бұйрығының талаптары басшылыққа алынбай, бюджеттік бағдарламаларда Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi, Түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерi, Сапа көрсеткiштерi, Тиiмдiлiк көрсеткiштерi нақты, анық, талдау, тексеруге мумкін болатындай етіп жасалмаған.

            Нәтижесінде, Бюджеттік бағдарламаларда белгілі бір уақыт кезеңінде қол жеткізілуге тиіс белгілі бір қорытындылардың көрсетілмеуіне немесе Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi, Түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерi, Сапа көрсеткiштерi, Тиiмдiлiк көрсеткiштерi толық, нақты көрсетілмеуіне байланысты, талдау, тексеру мүмкін емес.

            2-тармақ. Бюджет Кодексінің  4 бабының 6 тармақшасында көзделген талаптар орындалмай, аумақтарды дамытудың бағдарламасында қарастырылған экономика, әлеуметтік сала, инфрақұрылым, бағыттары бойынша 58 іс-шара жоспарланып, 25 іс-шара орындалмаған.

            Бұзушылықтың пайда болу себебі, аумақты дамыту бағдарламасын бекіту кезінде заңнама талаптарын орындамауынан және бағдарламада көзделген бағыттар бойынша қандай да жұмыстар жүргізілмеуінен туындаған, нәтижесінде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиімділігі мен нәтижелілігі принциптері сақталмаған.

            3-тармақ. Қазақстан Респуюликасының Азаматтық Кодексiнің 620-шы бабында және ҚР ҚНмЕ 1.04.03-2008 (СНиП РК) 3.1-ші тармағында көзделген жұмыстарды аяқтаудың нормативтік ұзақтығының бұзылуына жол берген, яғни жобалардың құрылыс монтаж жұмыстарына қаржы толық көлемде қарастырылмай, 7 инвестициялық жобалар бойынша құрылыстың нормативтік ұзақтығы 6-15 ай аралығы көзделсе де, нақты жұмыстар көрсетілген құрылыстың нормативтік мерзімінің бұзылуына жол берілген.

            -«Жаңаөзен қаласының Рахат селосы мен Бостандық, Ақсу, Мерей, Жұлдыз шағын аудандарына  дренаждық жүйе мен нөсерлік кәріз құрылыс»  жобасы 2018 жылы басталған, құрылыстың нормативтік ұзақтығы 7,5 ай;

            -«Жаңаөзен қаласының Мерей шағын ауданына дейін су тазарту имаратынан су құбырының құрылысы» жобасы 2018 жылы басталған, құрылыстың нормативтік ұзақтығы 6,5 ай;

            -«Жаңаөзен қаласының қолданыстағы электрмен жабдықтау желілерін қайта жаңарту және кеңейту» жобасы 2012 жылы басталған, құрылыстың нормативтік ұзақтығы 8 ай;

            -«Жаңаөзен қаласының қолданыстағы электрмен жбдықтау желілерін қайта жаңарту және кеңейту» жобасы 2018 жылы басталған, құрылыстың нормативтік ұзақтығы 6 ай;

            -«Жаңаөзен қаласының Рахат селосына 300 орындық мәдениет үйінің құрылыс» жобасы 2018 жылы басталған, құрылыстың нормативтік ұзақтығы 15 ай;

            -«Жаңаөзен қаласы Молдағұлова, Ақпан батыр, Нұрмағанбетов, Салахиев, Қыдырша ата, Бостандық, Нұрғалиев, Қазақстан көшелері мен Мұнайлы ш.а. қала ішілік автомобиль жолдарын салу құрылысы» жобасы 2019 жылы басталған, құрылыстың нормативтік ұзақтығы 7 ай;

            -«Жаңаөзен қаласы 7 кіреберіс, 5 кіреберіс, 1 кіреберіске  қала ішілік автомобиль жолдарын салу құрылысы» жобасы 2019 жылы басталған, құрылыстың нормативтік ұзақтығы 7 ай.

            4-тармақ. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабының 7-тармағының талаптары бұзылып, 31.12.2019 жыл жағдайы бойынша жалпы сомасы 134 658,4 мың теңгенің 17 жобалау сметалық құжаттамалары бекітілгеннен кейін, үш жыл ішінде құрылыстары басталмаған, яғни мемлекеттік сараптама қорытындысын алған күннен бастап 3 жыл өтіп кеткен, нәтижесінде, Кодекстің 4-бабының 6,8-тармақтарының талаптары сақталмай, бюджет жүйесі принциптерінің нәтижелілік пен сабақтастық қағидаттарының бұзылуына жол берілген.

            Жаңаөзен қаласы Мерей шағын ауданына қала ішілік автомобиль жолдарын салу құрылысы бойынша республикалық бюджеттен 125 412,0 мың теңге қаржыландырылған, жергілікті бюджеттен 12 153,0 мың теңге, немесе 9,7%.

            5- тармақ. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 «Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидалары» бұйрығының 7-тармағының (13),18)-тармақша) талабы - 2019 жылы құрылысы аяқталған инвестициялық жоба бойынша жоспарлы кезеңге жергілікті бюджеттен кемінде 10 % мөлшерінде қаржыландыру талабы сақталмаған.

            6-тармақ. Бюджет Кодексінің 3-бабы, 1-тармағының 30)-тармақшасының 4-бабының 14)-тармақшасында талабы басшылыққа алынбай, мекеме тарапынан Жаңаөзен қаласының дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында 2019 жылға жоспарланбаған, жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 191 125,2 мың теңгенің 7 жобасы жұмыстары жасалған. Атап айтқанда:

            Жаңаөзен қаласының қолданыстағы электр желілерін қайта жаңғырту және кеңейтуге 929,0 мың теңге;

            Жаңаөзен қаласының жарықтандыру құрылысына ЖСҚ түзетуге 6 508,5 мың теңге;

            Жаңаөзен қаласының көшелердегі бағдаршамдарды қайта орнату 35 526,7 мың теңге;

            Жаңаөзен қаласының қолданыстағы электр желілерін қайта жаңғырту және кеңейтуге 145 551,0 мың теңге;

            Жаңаөзен қаласы Ақсу ш.а. автомобиль жолдары құрылысының ЖСҚ түзету 1 060,0 мың теңге;

            Жаңаөзен қаласы Рахат ш.а. автомобиль жолдары құрылысының ЖСҚ түзету 940,0 мың теңге;

            Жаңаөзен қаласы Астана ш.а. автомобиль жолдары құрылысының ЖСҚ түзету 610,0 мың теңге.

            7-тармақ. Бюджет Кодексінің 75-бабы 2-тармағының талабы бұзылып, аудандық, ауыл, ауылдық округтер бюджеттері мерзімінде, яғни облыстық және қалалық бюджетті бекіту туралы шешімнен кейін екі апта мерзімінен  кешіктірмей бекітілу тиіс бола тұра, қалалық бюджет төрт аптадан кейін  (облыстық бюджет 12 желтоқсан 2018 жылы бекітілген, қалалық бюджет 08 қаңтар 2019 жылы бекітілген) бекітілген.

            8-тармақ. Нәтижесінде, Бюджет Кодексінің 4-бабымен көзделген негізділік принципі сақталмай, бірқатар түсімдер бойынша 2019 жылға арналған бюджет (қала және ауылдық округ бірге алынғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 21 қаңтардағы №34 бұйрығымен бекітілген «Бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне» сәйкес есептемелер жасақталғанымен,  1 902 000,0 мың теңге (БСК 101 201-659 000,0 мың теңге, 103101-1 243 000,0 мың теңге) көлемінде артық жоспарланғандығы анықталды.

            9-тармақ. Бюджет Кодексінің 154-бабының 2-тармағының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 511 бұйрығы 2-тармағы мен 7-тармағы 22)-тармақшасының талаптары және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 05.12.2014 ж. №129 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидасының» 121-тармағының талаптары бұзылып, «Өзенинвест» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын дамыту мақсатында жарғылық капиталын ұлғайтуға жалпы сомасы 1 100 000,0 мың теңге қаржылық-экономикалық негіздемесіз бөлініп, қаражат ағымдағы шығыстарды қаржыландыруға бағытталған іс-шараларға (қызметкерлерге жалақы төлеуге) жұмсалған.

            «Жаңаөзен қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

            2019 жылы квазимемлекеттік сектордың жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайтуға 1 100 000,0 мың теңге бөлініп, 1 007 233,0 мың теңге немесе 91,6%-ға орындалды. Орындалмау себебі: қаржылық бақылау шотында қаражаттың жетіспеуі, мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттерден 313 870,0 мың теңге түспеуінен орын алған.

            Жаңаөзен қалалық мәслихатының «2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы № 30/355 шешіміне сәйкес, 2019 жылға бекітілген қалалық бюджетте қаржы активтерін сатып алуға 0 теңге қарастырылған.

            Алайда, облыстық маңызы бар қала бюджетінің атқарылуы туралы есепте 2019 жылы 1 007 233,0 мың теңгеге қаржы активтерін сатып алынғаны көрсетілген.

            10-тармақ. Бюджет Кодексінің 9-бабының 2-тармағы бұзылған, «қаржы активтерін сатып алу» бойынша бюджеттің нақты орындалысы «2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы № 30/355 шешімінің 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес келмейді. Қала бюджетінің атқарылуы туралы есебі қалыптастырылғанда қалалық маслихат шешімімен бюджеттік есептілікте сәйкессіздік орын алған.

            III. Қорытынды бөлік

            3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

Жүргізілген аудит барысында аудит объектісі қызметкерлерімен орын алған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жеке жеке талқылап, оларды алдағы уақытта болдырмау мақсатында пікір алмасулар жүргізілді.

            3.2.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы  бойынша тұжырымдар

            Аудит бағдарламасымен көзделген көрсеткіштер бойынша жүргізілген аудит қорытындысымен бағалау нәтижесі:

            Қала бюджеті 2019 жылы 4 рет түзетіліп, 6 рет нақтыланғандығына қарамастан, қала маслихатының шешімімен бекітілген жоспарлы көрсеткіштердің түсімдер бойынша есептеулерінде ауытқушылықтар байқалды.

          Жергілікті бюджеттің түсімдері 18 733475,2 мың теңге, түзетілгені 22 552 471,9 мың теңге, орындалғаны 22 438 860,5 мың теңге, айырмашылық  -113 611,4 мың теңге немесе 99,5% орындалған.

            Жергілікті бюджеттің шығыстары 18 733 475,2 мың теңге, түзетілгені 22 943 231,3 мың теңге, орындалғаны 22 751 851,1 мың теңге, айырмашылық -191 380,2 мың теңге немесе 99,2% орындалған.

            Төртінші деңгейдегі бюджеттер түсімдерін талдау барысында, Рахат аулының бюджетінің 80,1%-ын, Теңге ауылының бюджетінің 84,7%-ын, Қызылсай ауылының бюджетінің 91,1%-ын жоғары тұрған бюджеттен түсетін трансферттер құрайтыны белгілі болды.

            2019 жылы 27 инвестициялық жобадан 8 жоба аяқталған, 19 жоба аяқталмаған (ЖСҚ).

  Қаланың аумақты дамыту бағдарламасын бекіту кезінде заңнама талаптарын орындамауынан және бағдарламада көзделген бағыттар бойынша қандай да жұмыстар жүргізілмеуінен туындаған, нәтижесінде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиімділігі мен нәтижелілігі принциптері сақталмаған.

Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде жобалау сметалық құжаттамада көзделген құрылыстың нормативтік ұзақтығы мерзімі сақталмаған және 17 дана жобалау сметалық құжаттамалары бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде құрылыстары басталмай, жобалау сметалық құжаттамаларының жарамдылық мерзімі өткізілген.

2019 жылы құрылысы аяқталған инвестициялық жоба бойынша жоспарлы кезеңге жергілікті бюджеттен кемінде 10% мөлшерінде қаржыландыру талабы сақталмаған.

Облыстық және қалалық бюджетті бекіту туралы шешімнен кейін екі апта мерзімінен  кешіктірмей бекітілуі тиіс бола тұра, қалалық бюджет  төрт аптадан кейін бекітілген.

Бюджет түсімдерінің болжамы, есептемелерінде көрсетілген  көлемінен артық жоспарланған.

Қолма-қол ақшаның бақылау шотында болмауынан, жалпы сомасы 313 870,0 мың теңге облыстық бюджет есебінен жоспарланған трансферттер қала бюджетіне түспеген.  

Мекеме тарапынан «Өзенинвест» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын дамыту мақсатында жарғылық капиталын ұлғайтуға қаржылық-экономикалық негіздемесіз бөлініп,  ағымдағы шығыстарды қаржыландыруға бағытталған іс-шараларға (қызметкерлерге жалақы төлеуге) берілген.

            Жаңаөзен қалалық мәслихатының «2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы № 30/355 шешіміне сәйкес, 2019 жылға бекітілген қалалық бюджетте «қаржы активтерін сатып алуға 0» теңге қарастырылған. Облыстық маңызы бар қала бюджетінің атқарылуы туралы есепте 2019 жылы 1 007 233,0 мың теңгеге қаржы активтерін сатып алынғаны көрсетілген.

            Қала бюджетінің атқарылуы туралы есебі қалыптастырылғанда қалалық маслихат шешімімен бюджеттік есептілікте сәйкессіздік орын алған.

            3.3.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы  бойынша ұсынымдар

            Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

  1. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мен Жаңаөзен қалалық қаржы бөлімінде жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.
  2. Жаңаөзен қаласының Әкіміне 2020 жылдың 27 сәуіріне дейін (Ибағаров М.):

            1) Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мен Жаңаөзен қалалық қаржы бөлімінде анықталған бұзушылықтарға назар аударып, мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін қарауды.

  1. Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне 2020 жылдың 27 сәуіріне дейін:

            1) Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту мақсатында қаражат жоспарлау барысында, қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз етуді;

            2) Мемлекеттік аудит қорытындысымен анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау үшін, жауапты тұлғаларды белгілей отырып, іс-шаралар жоспарын жасақтауды ұсынамын.

  1. Жаңаөзен қалалық қаржы бөліміне 2020 жылдың 27 сәуіріне дейін:

            1) Мемлекеттік аудит қорытындысымен анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау үшін, жауапты тұлғаларды белгілей отырып, іс-шаралар жоспарын жасақтауды ұсынамын.

            3.4.Жалғама: жиынтық тізбе  - 4   бетте.

           

Тексеру комиссиясының мүшесі                                              Ж. Кошмагамбетова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя