19/05/2024  Жексенбі

 

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнеу ауданының 2015 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы

Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Есебі

(жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтау2016

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ………………………………………………………………………...

2

 

I БӨЛІМ. АУДАНДЫҚ  БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ.......

3

1.1.

Аудандық бюджет кірістерінің орындалысын талдау ……………….

4

1.1.1.

Аудандық бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерін талдау………………...……………………………………………….……

4

1.2.

Аудандық бюджет шығыстар бөлігінің орындалысын талдау……

5

1.2.1.

Аудандық бюджет шығындарының орындалысын талдау.........………

6

1.2.2.

Бюджет кредиттерінің пайдаланылуынжәне өтелуін талдау…...............

7

1.2.3.

Мемлекеттің қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған шығындарын талдау…….......................................................................................................

7

1.3.

Бюджет тапшылығын және олардың қаржыландыру көздерін талдау.....

8

IIБӨЛІМ. АУДАН  БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН БАҒАЛАУ..........

 

8

2.1.

«2015-2017  жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»  аудандық мәслихат сессиясы шешімінің орындалысын бағалау............................

8

2.2.

 

Нысаналы трансферттердің тиімді пайдаланылуын бағалау, оның ішінде бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы..............

9

2.3.

Жүргізілген бақылаулардың негізгі нәтижелері....................................

9

ІІІ БӨЛІМ. ЖЕКЕ БАҒЫТТАР БОЙЫНША БАҚЫЛАУ ТИІМДІЛІГІ МЕН НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ.......................................................................... 14

3.1. Өңірдің аумақтық даму бағдарламасының орындалысын талдау.................................................................................................................      14

IV БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ...............…………………………………………

16

4.1.

Қорытынды……………………………………………………..........…..

16

4.2.

Ұсыныстар …………….……...………………………………………....

16

 

 

 

Кіріспе

 

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы №392 санды  «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 29-бабына сәйкес 2015 жылға аудандық бюджеттiң орындалуы бойынша жергiлiктi атқарушы органның есебіне  қорытынды - есеп дайындалды (Бұдан әрі - Есеп).

Бірінші бөлімде аудандық бюджеттің орындалысына талдау ұсынылған. Онда кірістер түсімдеріне, салықтық және салықтық емес түсімдерге, шығыстарорындалысына, бюджеттік кредиттерді пайдалану және өтеуге, мемлекеттің қаржы активтерін сатып алу және сату, бюджет тапшылығына және оны қаржыландыру көздеріне жасалған талдау деректері көрсетілген.

Екінші бөлімдебюджет жүйесінің принциптеріне сәйкестігіне,  аудандық мәслихаттың «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық маслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №29/208 шешімімен бекітілген 2015 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалысына баға берілген.

Үшінші бөлімде Өңірдің аумақтық даму бағдарламасының орындалысына берілген баға қорытындысы көрсетілген.

Төртінші бөлім Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік активтерді және бюджет қаржысын басқару тиімділігін арттыру бойынша, бюджет заңдылықтарын сақтауда бақылауды күшейтудегі негізгі қорытындылары мен ұсынымдарын қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

І БӨЛІМ. АУДАН БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ

 

2015 жылы аудандық бюджеттің түсімі 9324,0 млн.теңгені құрады және 2014 жылмен салыстырғанда (8937,4 млн. теңге) 386,6 млн.теңгеге немесе 4,3%-ға көбейген.

Аудандық бюджеттің кірісі 2015 жылға 9127,7 млн.теңгеге жоспарланып, нақты  9185,7 млн.теңге түсіп немесе 100,6%-ды құраған.

2015 жылы аудандық бюжеттің түзетілген шығыстары 9376,0 млн. теңгені құрапжәне 2014 жылмен салыстырғанда (8976,8 млн. теңге) 399,2 млн.теңгеге немесе 4.4% -ға көбейген.

Есепті қаржы жылында іс-жүзіндегі шығыстар 2014 жылмен (8949.2 млн.теңге) салыстырғанда 4,7%-ға ұлғайып, 9375,9 млн.теңге көлемінде орындалған.Шығыстар құрылымында елеулі үлес шығындарға (9240,3 млн. теңге) тиесілі,олар 2014 жылмен салыстырғанда (8833,3 млн.теңге) 407,0 млн.теңгеге немесе 4,6%-ға көбейген.

                                                                                              Кесте – 1

2015 жылға облыс бюджетінің негізгі

 көрсеткіштерінің орындалысы

                                                                                                                      млн.теңге

 

п/п

Көрсеткіштер атауы

Бекітілген бюджет

 

Түзетілген бюджет

 

Нақты

Нақтыланған бюджетке айырмасы

(+/-)

% орынд

1

Кірістер

9335,8

9127,7

9185,7

58

100,6

2

Шығындар

9335,8

9240,3

9240,3

0

100

3

Бюджеттік кредиттер

199,2

110,0

110,0

0

100

4

Бюджеттік кредиттерді өтеу

25,6

25,6

28,3

2,7

110,3

5

Қаржы активтерін сатып алу

0

0

0

0

0

6

Қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0

0

0

0

0

7

Бюджет тапшылығы

-173,5

-196,9

-136,2

- 60,7

 

8

Есепті жыл соңына бюджет қаражатының қалдығы

 

 

60,7

 

 

 

 

1.1. АУДАН БЮДЖЕТІ КІРІСТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ

 

Есепті кезеңдегі жалпы түскен түсімдер сомасында кірістердің үлес салмағы - 98,5%, бюджеттік кредиттерді өтеудің үлес салмағы - 0,3%,  қарыздар түсімі – 1,2 % құрайды.

Кірістердің жалпы сомасында салықтық түсімдер 2357,0 млн.теңгені немесе 25,7%-ын құрайды, салықтық емес түсімдер – 36,2 млн.теңгені немесе 0,4 %, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер кірісі – 12,4 млн.теңге, немесе 0,1%, трансферттер түсімі – 6780,1 млн. теңге немесе 73,8 %.

Жалпы кірістер құрамында аудандық бюджетке негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспарланбаған, нақты түсім түспеген.

Трансферттер түсімі – 6780,1млн. теңгеге немесе 100%-ға орындалды.

 

1.1.1.       АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТКЕ ТҮСЕТІН САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ ЕМЕС ТҮСІМДЕРДІ ТАЛДАУ

 

Жалпы түскен кірістер сомасында салықтық түсімдер үлесі 2357,0 млн.теңге немесе 25,7 %, салықтық емес түсімдер – 36,2 млн.теңге немесе 0,4%, негізігі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 12,4 млн.теңге немесе 0,1%, трансферттер түсімі – 6780,1 млн.теңге немесе 73,8 % - ды құрады.

Былтырғы жылмен салыстырғанда (2428,8 млн.теңге) салықтық түсімдер 71,9млн.теңгеге немесе 2,9 %-ға азайып 2357 млн.теңгені құраған, салықтық емес түсімдер (64,7 млн. теңге) 28,5 млн.теңгеге немесе 44,4%-ға (1,9 есеге) көбейіп 36,2 млн. теңгені құрады, ал трансферттер түсімдері (6296,2 млн.теңге) 483,8 млн. теңгеге немесе 7,6%-ға көбейіп 6780,0 млн. теңгені құрады.

Салықтық түсімдер бойынша жоспар 100,2%-ға орындалды, бастапқы бекітілген жоспар (2557,2 млн.теңге) 200,2 млн.теңгеге немесе 7,8%-ға азайып 2357,0 млн.теңгені құрап, аудандық бюджеттің кіріс бөлігінің толық орындалуына мүмкіндік жасады.

2015 жылғы салықтық түсімдердің негізгі үлесін табыс салығы – 472,6 млн.теңге немесе олардың жалпы көлемінде 20 % құрады, әлеуметтік салық – 337,4млн.теңге немесе 14,3%, меншікке салынатын салықтар -1498,2 млн. теңге немесе 63,6  % тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар – 40,5 млн.теңге немесе 1,7% құраған.

Жоспарланған табыс салығы 103,8 %-ға, әлеуметтік салық –102,2%-ға орындалды.

Аудандық бюджетке салықтық емес төлем түсімдері жоспарға шаққанда 36,2 млн.теңге немесе 119,1% -ды құрады.

Салықтық емес төлемдер түсімінің жалпы көлемінің негізгі үлесін (78,7%) көлемде жергілікті бюджетке түсетін өзге де салықтық емес түсімдер құрайды.

 

1.2.               АУДАН БЮДЖЕТІНІҢ ШЫҒЫСТАР БӨЛІГІНІҢ            ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ

 

2015 жылы аудандықбюджеттің нақтыланған шығыстары бастапқы жоспарланған көлемнен (9560,6 млн.теңге) 184,7 млн.теңгеге немесе 1,9%-ға азайып, 9375,9 млн.теңгені құрады. Соның ішінде:

2015 жылы аудандықбюджеттің шығындар бойынша төленген міндеттемелері 9240,3 млн.теңгеге немесе 100%-ға орындалған. Оның ішінде даму бюджеті 4032,6 млн.теңге, ағымдағы бюджет 5207,7 млн.теңге.

2015 жылғы аудандық бюджеттің шығындар бойынша төленген міндеттемелері 9240,3 млн.теңгені немесе түзетілген бюджетке 100 %-ды құрады  (2014 жылмен салыстырғанда (8860,9млн.теңге) 379,4 млн.теңгеге 4,2% көбейді);бюджеттік кредиттер бойынша 100%-ға орындалып, 110,0 млн.теңгені құрады. Қаржы активтерін сатып алуға шығындар жұмсалмаған.

Аудан бюджеті бойынша бөлінген қаражат толық игерілген.

Есепті кезеңде дебиторлық , кредиторлық қарыз орын алмаған.

 

1.2.1. АУДАН БЮДЖЕТІ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ

 

Есепті кезеңде функционалдық топтар тұрғысынан нақтылаумен түзетулер барысында жалпы бюджет шығындарының өсуімен қатар жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қарастырылған бастапқы бекітілген қаржы көлемі төмендеген.        

Аудандық бюджеттің шығындар бөлігі 7 функционалдық топ бойынша азайып, 5 функционалдық топ бойынша көбейген.

Жылдық бекітілген шығындар қосымша жалғанған кестеде көрсетілген функционалдық топтар бойынша орындалған:       

Кесте 2

Аудан бюджетінің 2015 жылғы қаржыландыру бағыттары

 бойынша орындалысы

млн. теңге

Функционалдық топ атауы

Бекітілген бюджет

Нақтыланған бюджет

Орындалысы

Нақты

Түзетілген %,

Шығындар:

9335,8

9240,3

9240,3

100

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

344,4

275,8

275,8

100

Қорғаныс

6,9

3,9

3,9

100

Қоғамдық тәртіп,қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

3,4

18,0

18,0

100

Білім беру

4833,0

4675,5

4675,5

100

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

372,4

434,4

434,4

100

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы

2568,3

3027,0

3027,0

100

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

701,6

219,0

219,0

100

Ауыл, су,орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

84,4

71,6

71,6

100

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

15,9

15,1

15,1

100

Көлік және коммуникация

334,8

436,5

436,5

100

Басқалар

70,7

63,3

63,3

100

Борышқа қызмет көрсету

24,0

35,0

35,0

100

Трансферттер

0

0,2

0,2

100

 

 

Қаржы көлемінің көп бөлігі: білім беруге – (50,5%), тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына – (32,7%) жұмсалған.

Барлық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен қаржының 100% игерілуі қамтамасыз етілген.                                                                               

        

1.2.2. БЮДЖЕТ КРЕДИТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ӨТЕЛУІНЕ  ТАЛДАУ

 

         Бюджеттен бөлінген барлығы 110,0 млн. теңге бюджеттік кредиттер  толық жұмсалып,  100% орындалған.  Қаржы  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мы Маңғыстау филиалына аударылған.

Бюджеттік кредиттерді өтеуде жоспарланған 25,7 млн. теңгенің орындалысы 28,3 млн. теңгені құрады.  2,6 млн. теңгеге артық орындалу  себебі, мамандардың бюджеттік кредиттерді уақытынан бұрын толық қайтаруынан орын алған.

2015 жылы бюджеттік кредиттер: тұрғын-үй сатып алуға, ауылдық елді мекендерге жұмыс жасауға және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек беру шараларына бағытталған.

 

1.2.3. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІН САТЫП АЛУҒА ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫ ТАЛДАУ

 

Қаржы активтерін сатып алуға  шығындар жұмсалмаған.

Заңды  тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға инвестиция бөлінбеген.

 

1.3. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗІ

 

2015 жылға аудандық бюджет профициті (тапшылығы)  173,5 млн. теңге көлемінде бекітілді. Нақтылау мен түзетулердің нәтижесінде бюджет профициті (тапшылығы) 197,0 млн. теңгені құрап, 23,5 млн. теңгеге өскен.

Есепті кезең соңында - 136,2 млн. теңге көлемінде бюджет профициті пайда болған.

Жыл соңында профицитті пайдаланудың нақты сомасы 136,2 млн.теңгені, қарыздарды өтеу 25,6 млн.теңгені, бюджет қаражатының пайдаланылған қалдықтарының сомасы 51,9 млн.теңгені құраған, бюджет қаражатының қалдығы жыл басында – 112,6 және есепті кезеңнің соңында 60,6 млн. теңгені құраған.

 

II. БӨЛІМ. АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН  БАҒАЛАУ

 

2015 жылғы аудандық бюджеттің орындалысын бағалау, Қазақстан Республикасының бюджет заңдылықтарына сәйкестігі және бюджет қаражатын тиімді пайдалануын бағалау бойынша, бақылау материалдарымен талдау іс-шаралары негізінде жүргізілді.

 

2.1. «2015-2017 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ» АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ШЕШІМІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН БАҒАЛАУ

 

Бес рет мәслихат сессиясының шешімімен нақтыланған бюджет көрсеткіштері, 2015-2017 жылдарға бекітілген аудандық бюджеттің, бастапқы бюджеттік көрсеткіштеріне қарағанда анағұрлым өзгерген.   

Есепті кезеңде аудандық бюджет көрсеткіштері бес рет нақтыланды. Бейнеу аудандық мәслихатының шешімімен енгізілген өзгерістер нәтижесінде 2015 жылы аудандық бюджет кірістері 150,1 млн.теңгеге азайып, 9185,7 млн.теңгені құраған, ал шығындары 95,5 млн. теңгеге азайып, 9240,3 млн.теңгені құраған.

 

2.2. НЫСАНАЛЫ ТРАНСФЕРТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ, ОНЫҢ ІШІНДЕ БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ

 

2015 жылы республикалық бюджеттен жалпы сомасы 2580,0 млн. теңгеге нысаналы трансферттер бөлінген. Орындалысы 2580,0 млн. теңгені немесе жоспарға шаққанда 100 %-ды құраған, ағымдағы бюджет – 658,3 млн.теңге, даму бюджеті – 1921,6 млн.теңге.        

2015 жылы аудандық бюджет кірістерінің жалпы көлеміне келіп түскен трансферттердің үлес салмағы 73,8 % немесе 6780,1 млн. теңгені құрады. Оның ішінде ағымдағы мақсатты трансферттер – 748,0 млн. теңге, даму нысаналы трансферттері – 3785,8 млн.теңге, облыстық бюджеттен ауданға 2246,2 млн. теңге субвенция бөлінген. 

 Даму нысаналы трансферттердің басым бөлігі ауылдық елді мекендердегі су құбырларын және  су жүйесімен қамтамасыз етуге, дамытуға бөлінген. Қаржы толық игерілген.

 

2.3. ЖҮРГІЗІЛГЕН БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ, БАҚЫЛАУ ІС-ШАРАЛАРЫ БӨЛІГІНДЕ

 

Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясымен Бейнеу ауданында 2015 жылы 2 бақылау іс-шарасы жүргізіліп,  тексерумен 1165547,0 мың теңге қамтылып, жалпы сомасы 434400,0 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің бұзушылықтары анықталды.

 «Бейнеусусервис»мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне жүргізілген бақылауқорытындысы бойынша жалпы сомасы 58 535,0 мың теңге  заң бұзушылықтары анықталды, оның ішінде қалпына келтірілуге (өтелуге) жататыны – 57,6 мың теңге.

Бақылаумен жергілікті атқарушы орган тарапынан Кәсіпорынға Бейнеу ауданын дамыту бағдарламасында көрсетiлген мақсаттары мен міндеттерін орындау бойынша Кәсіпорынның қызметiн сипаттайтын сандық өлшенетін түйiндi көрсеткiштері жеткiзілмегені және Даму жоспарында Кәсіпорынның қызметiн сипаттайтын мақсаттары, нәтижелер көрсеткіштері, тікелей және түпкілікті көрсеткіштері қамтылмағаны анықталды.

Кәсіпорынның 2013 жылға арналған Даму жоспары белгіленген мерзімнен 162 күнге кешіктіріліп бекітілген.

Кәсіпорын балансына берілген бастапқы құны 49235,0 мың теңгені құрайтын 10 бірлік вакуумдық автокөліктерге қатысты өзгерістер Кәсіпорынның Даму жоспарына уақытылы енгізілмеген.

Кәсіпорынның 2013-2014 жылдарға арналған даму жоспарын қарау және бекіту кезінде қызметтiк автомобильдердiң тиiстiлiк нормативiне, әкiмшiлiк аппаратын орналастыруға арналған алаң нормаларына, арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiне және iссапарлар шығыстарын өтеудің шектi мөлшерлеріне қатысты Кәсіпорын шығыстарының лимиттері белгіленіп, бекітілмеген.

Кәсіпорынның Есеп саясатының нормативтік-құқықтық актілер бөлігіне қолданыстағы заңнама өзгеруіне байланысты уақытылы өзгерістер енгізілмеген.

Мемлекеттік мүліктердің тиімсіз қолданылуы орын алып отыр. Атап айтқанда,  жалпы сомасы 264,0 мың теңгені құрайтын 4 бірлік көлік құралдары пайдалануға жарамсыз болғанымен, бүгінгі күнге дейін есептен шығарылмай, олар бойынша көлік құралдарының салығы төленіп отырғаны анықталды.

Бастапқы құны 49235,0 мың теңгені құрайтын 10 бірлік вакуумдық автокөліктерге түгендеу карточкалары толтырылмаған.

Кәсіпорынмен 2 жағдайда жалпы сомасы 111,0 мың теңгеге мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарымен қарастырылмаған тауарлар сатып алынған.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алулар бойынша орналастырылатын ақпараттарда тауар таңбаларына, фирмалық атауларына, өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға арналған сілтемелердің болуына жол берілмейтіндігі туралы туралызаңнама талабы бұзылып, 2013-2014 жылдары жалпы сомасы 2542,0мың теңгеге  баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен хабарландырулар берілген.

2014 жылы жалпы сомасы 6673,0мың теңгеге жасалғаншарттарда мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем болмауға тиістігі жөніндегі заңнама талабының бұзылуына жол берілген.

Мемлекеттік сатып алулар бойынша келісім-шарттарда көрсетілген тауарлар мен қызмет көрсетулердің уақытылы жеткізілмегені немесе орындалмағаны үшін қаралған жалпы сомасы 44,1 мың теңге тұрақсыздық айыппұлдардың төленуі талап етілмеген.

Сонымен қатар, Кәсіпорынның 2013-2014 жылдарғы арналған даму жоспарларына түсіндірме жазбалары жасалмаған, кассада ақша қаражаттарының сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кемшіліктер орын алған, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жіберілмеген және жекелеген мемлекеттік сатып алу туралы шартта тұрақсыздық үшін айыппұл төлеу талабы көзделмеген.

 «Бейнеуэнергосервис»мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерінпайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне жүргізілген бақылау қорытындысы бойынша жалпы сомасы 375915,0 мың теңге заң бұзушылықтары анықталды, оның ішінде қалпына келтірілуге (өтелуге) жататыны – 369,0 мың теңге.

Бақылаумен 2013-2014 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Кәсіпорынның «электр және жылу энергиясын бөлу және тарату» және «энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу» қызмет түрлері бойынша лицензиялары болмағаны анықталды. Аталған кезеңде Кәсіпорын жалпы сомасы 337050,0 мың теңгеге электр энергиясын сатып алған, ал лицензиясыз сатып алынған электр энергиясын сатудан түскен табыс 343682,0 мың теңгені құраған.

Жергілікті атқарушы орган тарапынан Кәсіпорынға Бейнеу ауданын дамыту бағдарламасында көрсетiлген мақсаттары мен міндеттерін орындау бойынша Кәсіпорынның қызметiн сипаттайтын сандық өлшенетін түйiндi көрсеткiштері жеткiзілмеген және Даму жоспарында Кәсіпорынның қызметiн сипаттайтын мақсаттары, нәтижелер көрсеткіштері, тікелей және түпкілікті көрсеткіштері қамтылмаған.

Кәсіпорынның 2013 жылға арналған Даму жоспары белгіленген мерзімнен 162 күнге кешіктіріліп бекітілген.

Бақылаумен қамтылған 2013-2014 жылдар кезеңінде материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында қабылданған жалпы сомасы 7677,0 мың теңге мүліктер құнына Кәсіпорынның кіріс бөлігін ұлғайтуға қатысты Даму жоспарына өзгерістер уақытылы енгізілмеген.

Кәсіпорынның 2013-2014 жылдарға арналған даму жоспарын қарау және бекіту кезінде қызметтiк автомобильдердiң тиiстiлiк нормативiне, әкiмшiлiк аппаратын орналастыруға арналған алаң нормаларына, арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiне және iссапарлар шығыстарын өтеудің шектi мөлшерлеріне қатысты Кәсіпорын шығыстарының лимиттері белгіленіп, бекітілмеген.

Кәсіпорынның әкімшілік қызметкерлері орналасқан ғимаратының алаңы  нормадан 139,1 шаршы метрге артық екені, тиісті нормалардан артық 6 бірлік автокөліктердің және 2 телефон нүктесінің пайдаланылып отырғаны анықталды.

Сондай-ақ, жалпы сомасы 66 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегi іссапар шығыстары артық төленген.

Мемлекеттік мүліктердің тиімсіз қолданылуы орын алып отыр. Атап айтқанда,  қалдық құны 1032,0  мың теңгені құрайтын 5 бірлік көлік құралдары пайдалануға жарамсыз болғанымен, бүгінгі күнге дейін есептен шығарылмай, олар бойынша көлік құралдарының салығы төленіп отырғаны анықталды.

Кәсіпорынның сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесi айқындалмаған.

Кәсіпорынның Есеп саясатының нормативтік-құқықтық актілер бөлігіне қолданыстағы заңнама өзгеруіне байланысты уақытылы өзгерістер енгізілмеген.

Кәсіпорынның бас есепшісі лауазымына кәсіби есепші сертификаты жоқ тұлға тағайындалған.

Негізгі құралдарға түгендеу нөмірлері қойылмаған және түгендеу карточкалары толтырылмаған. Негізгі құралдарға түгендеу жүргізу нәтижесінде сомасы 50,0 мың теңгені құрайтын 2 темір сейфтің артықшылығы және сомасы 303 мың теңгені құрайтын мазут құятын цистернаның жетіспеушілігі анықталды.

Кәсіпорынмен 15 жағдайда жалпы сомасы 23105,0 мың теңгеге мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарымен қарастырылмаған тауарлар сатып алынған және негізсіз Заң нормаларын қолданбайтын тәсіл арқылы мемлекеттік сатып алулар жүзеге асырылған.

Сонымен қатар, Кәсіпорынныңқаржы-шаруашылық қызметі нәтижесінде 2013-2014 жылдарда қалыптасқан залал (шығын) көлеміне қарамастан, қысқартылуы мүмкін болатын ағымдағы шығыстарды азайтуға ұмтылмай отырғанын атап өту керек. Осылайша, 2013-2014 жылдары Кәсіпорын кредиторлық берешегі бола тұра, сыйақылар төлеуге және  қызметтік автокөлік бола тұра, қызметтік мақсатта автокөлік жалдауға қаржы жұмсаған.

Бақылау іс-шараларының нәтижесімен тиісті шаралар алынды. Қалпына келтіруге немесе бюджетке өндіруге жататын 405,9 мың теңге толық қалпына келтіріліп, бюджетке өндірілген.

Бақылау материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.

Маңғыстау облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясына лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға 2 бақылау материалы жолданып жалпы сомасы 1099,1 мың теңгеге айыппұл салынды. 

 

 

ІІІ БӨЛІМ. БЕЙНЕУ АУДАНДЫҚ АУМАҒЫНЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ТАЛДАУ

 

3.1. Аумақтың Даму бағдарламасының жүзеге асырылуын талдау.

Бейнеу аудандық аумағының 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасы Бейнеу аудандық маслихатының 2011 жылғы 11 ақпандағы № 37/220 шешімімен  бекітілген.

Даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Бейнеу аудандық 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасын жүзеге асыру іс-шаралары бірлесіп орындаушы – органдармен өзара іс-қимылында жүргізілуі Бейнеу аудандық әкімдігінің 2011 жылдың 5 наурызындағы №69/ө Жарлығымен бекітілген.

Бейнеу ауданының  2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасында 17 мақсат, 31мақсатты индикаторлар, 54 нәтиже көрсеткіштері көзделіп, 2015 жыл қорытындысымен 31 мақсатты индикатордың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізілген, 54 нәтиже көрсеткіштерінен 51 нәтиже көрсеткіштері, яғни 94,5%-ға орындалған. Бұл көрсеткіштер  «Әлеуметтік сала» бағыты бойынша орын алған, яғни көзделген 35 нәтиже   көрсеткіштерінен 32 нәтиже көрсеткіштеріне (91,4%-на)  қол жеткізілген.

Жалпы атап өтетін жайт, аумақтық деңгейде жекеленген индикаторлар мен көрсеткіштер бойынша тиісті есеп жүргізілмейді, сондықтан жекеленген бағыттар бойынша  қол жеткізілген нәтижелерді толық бағалау мүмкіндігі болмай отыр. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 10.10.2014 жылғы №50 «Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі»  Әдістемесінің 53,55 тармақтарында көрсетілген талаптары өз деңгейінде сақталмаған.

Даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында индикаторларды жоспарлау барысында, барлық келтірілген көрсеткіштер бойынша базалық  және жоспарлы мәндері  белгіленбеген.

Атап айтқанда:

«Әлеуметтік саланы дамыту» бағыты бойынша 18 индикатор, 33 көрсеткіштер жоспарланғанымен 12  көрсеткіш бойынша;

«Өңірдің инфрақұрылымдық кешенін дамыту»  бағыты бойынша 6 индикатор мен 12 көрсеткіштер жоспарланғанымен, 7 көрсеткіш бойынша;

«Экология және жер ресурстары» бағыты бойынша 2 индикатор мен 5 көрсеткіштер жоспарланғанымен осы көрсеткіштердің барлығы бойынша;

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бағыты  бойынша жоспарланған 2 көрсеткіш бойынша базалық және жоспарлы мәндері  белгіленбеген.

Алайда, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі есептілікте осы аталған индикаторлардың орындалғаны көрсетілген.

 

 

 

IV БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ

2015  жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуын бағалау бойынша, мемлекеттік активтерінің  пайдаланалуына, Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен жүргізілген бақылау-талдау шараларының нәтижелері осы бөлімде ұсынылған қорытындыда көрсетілген.

 

4.1. ҚОРЫТЫНДЫ

 

1.Аудандық бюджеттің 2015 жылға арналған басты параметрлері, негізінен, нақтылаулар және түзетулермен орындалған.

2.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының тексеру нәтижелері коммуналдық меншікті басқаруда жергілікті атқарушы орган тарапынан да, квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан да заңнама талаптары жеткілікті дәрежеде сақталмағанын көрсетті.

3.Бейнеу ауданының 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасында «Әлеуметтік сала» бағыты бойынша көзделген 35 нәтиже   көрсеткіштерінен тек 32 нәтиже көрсеткіштеріне (91,4%-на)  қол жеткізілген.

4.Бейнеу ауданының 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында индикаторларды жоспарлау барысында, бірқатар көрсеткіштер бойынша базалық  және жоспарлы мәндері  белгіленбеген.

 

4.2. ҰСЫНЫСТАР

 

Бюджетті жоспарлау және атқару бойынша жергілікті уәкілетті органға:

–аудандық  коммуналдық меншікті басқару тиімділігін арттыру,мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарда жергілікті бюджет қаражатының және мемлекет активтерінпайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз ету;

 -өңірдің аумақтық даму бағдарламасымен көзделген нәтиже   көрсеткіштерінеқол жеткізу бойынша жұмыстарды күшейту;

-даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында индикаторларды жоспарлау барысында, барлық келтірілген көрсеткіштер бойынша базалық  және жоспарлы мән  белгіленуін қамтамасыз ету, лайықты тексеру көздері табылмауы мүмкін көрсеткіштер немесе олар бойынша ақпарат жинау көп еңбек етуді қажет етіп, әрі қымбатқа түсетін жағдайда басқаларымен ауыстырылатынынескеру   ұсынылсын.

 

Маңғыстау облысы бойынша

Тексеру комиссиясының мүшесі                                      А.Нұрбосынова                                                        

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы