18/05/2024  Сенбі

 

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ

 

 

 

 

 

Қарақия ауданының 2015 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы

Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Есебі

(жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтау 2016

 

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ………………………………………………………………………...

3

 

I БӨЛІМ. АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ.......

4

1.1.

Аудандықбюджет кірістерінің орындалысын талдау ……………….

5

1.1.1.

Аудандықбюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерін талдау………………...……………………………………………….……

5

1.2.

Аудандықбюджет шығыстар бөлігінің орындалысын талдау ……

6

1.2.1.

Аудандықбюджет шығындарының орындалысын талдау.........………

7

1.2.2.

Бюджет кредиттерінің пайдаланылуын және өтелуін талдау…...............

11

     

1.3.

Бюджет тапшылығын және олардың қаржыландыру көздерін талдау.....

11

II БӨЛІМ. АУДАНДЫҚБЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН БАҒАЛАУ..........

 

12

2.1.

«2015-2017жылдарға арналған аудандықбюджет туралы» облыстық мәслихат сессиясы шешімінің орындалысын бағалау............................

12

2.2.

Нысаналы трансферттердің тиімді пайдаланылуын бағалау, оның ішінде бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы..............

13

2.3.

Жүргізілген бақылау шараларының негізгі нәтижелері бақылау іс-шаралары бөлігінде...............................................................................

13

ІІІ БӨЛІМ. АУМАҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН БАҒАЛАУ..............................................................................31
3.1. Аумақты Дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуын бағалау.................................................................................................................   31
IV БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ...............………………………………………

33

4.1.

Қорытынды……………………………………………………..........…..

33

4.2.

Ұсыныстар …………….……...………………………………………....

34

 

 

 

Кіріспе

 

 

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы №392 санды  «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 29-бабынасәйкес 2015 жылға аудандық бюджеттiң орындалуы бойынша жергiлiктi атқарушы органның есебіне  қорытынды - есеп дайындалды (Бұдан әрі - Есеп).

Бірінші бөлімдеаудандық бюджеттің орындалысына талдау ұсынылған. Онда кірістер түсімдеріне, салықтық және салықтық емес түсімдерге, шығыстар орындалысына, бюджеттік кредиттерді пайдалану және өтеуге, мемлекеттің қаржы активтерін сатып алу және сату, бюджет тапшылығына және оны қаржыландыру көздеріне жасалған талдау деректері көрсетілген.

Екінші бөлімде бюджет жүйесінің принциптеріне сәйкестігіне, аудандық мәслихаттың «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық маслихаттың 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №24/247 шешімімен бекітілген 2015 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалысына баға берілген.

Үшінші бөлімде Өңірдің аумақты дамыту бағдарламасының орындалысына берілген баға қорытындысы көрсетілген.

Төртінші бөлім Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік активтерді және бюджет қаржысын басқару тиімділігін арттыру бойынша, бюджет заңдылықтарын сақтауда бақылауды күшейтудегі негізгі қорытындылары мен ұсынымдарын қамтиды.

 

 

 

 

І БӨЛІМ. АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ

2015 жылы аудандық бюджеттің түсімі 10 783,6 млн.теңгені құрады және 2014 жылмен салыстырғанда (9504,2 млн. теңге) 1279,5 млн.теңгеге немесе 13,5%-ға көбейген. Аудандық бюджеттің кірісі 2015 жылға 10 678,7 млн.теңгеге бекітіліп, 10 566,6 млн.теңгеге түзетіліп, нақты 10 650,4 млн.теңге түскен немесе 100,8%-ды құраған. 2015 жылы аудандық бюджеттің түзетілген шығыстары 10 857,4 млн. теңгені құрап және 2014 жылмен салыстырғанда (9299,4 млн. теңге) 1558,0 млн.теңгеге немесе 16,7% -ға көбейген.

Есепті қаржы жылында іс-жүзіндегі шығыстар 2014 жылмен  (9291,3 млн.теңге) салыстырғанда 16,6%-ға ұлғайып, 10835,7 млн.теңге көлемінде орындалған. Шығыстар құрылымында елеулі үлес шығындарға (10 702,5 млн. теңге) тиесілі, олар 2014 жылмен салыстырғанда (9217,9 млн.теңге) 1484,6 млн.теңгеге немесе 16,1%-ға көбейген.

Кесте – 1

2015 жылға аудан бюджетінің негізгі көрсеткіштерінің орындалысы

млн.теңге

№ п/п

Көрсеткіштер атауы

Бекітілген бюджет

Түзетілген бюджет

Нақты

Нақтыланған бюджетке айырмасы
(+/-)

% орынд

1

Кірістер

10 678,7

10 566,6

10 650,4

83,8

100,8

2

Шығындар

10 678,7

10 724,1

10 702,5

- 21,6

99,8

3

Бюджеттік кредиттер

80,3

111,8

111,8

0

100

4

Бюджеттік кредиттерді өтеу

21,5

21,5

23,1

1,6

107,7

5

Бюджет тапшылығы

-58,8

-247,8

-140,8

107,0

 

6

Есепті жыл соңына бюджет қаражатының қалдығы

 

 

107,1

 

 

 

 

Есепті кезеңде аудан бюджетінің орындалу тиімділігіне белгілі дәрежеде әсер еткен кемшіліктер мен мәселелер, аудандық бюджеттің кірістер мен шығыстар орындалысын талдау нәтижесінің тиісті бөлімдерінде ұсынылған.

 

1.1. АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ

Есепті кезеңдегі жалпы түскен түсімдер сомасында кірістердің үлес салмағы - 98,8%, бюджеттік кредиттерді өтеудің үлес салмағы - 0,2%, қарыздар түсімі – 1,0 % құрайды. Кірістердің жалпы сомасында салықтық түсімдер 8321,8 млн.теңгені немесе 78,1%-ын құрайды, салықтық емес түсімдер – 30,0 млн.теңгені немесе 0,3%, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер кірісі–42,4 млн.теңге, немесе 0,4%, трансферттер түсімі – 2256,3 млн. теңге немесе 21,2%. Жалпы кірістер сомасынан аудандық бюджетке негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 37,2 млн. теңгеге жоспарланып, орындалысы – 42,4 млн.теңгені немесе 113,9%-ды құрады. Түсімдердің 5,2 млн.теңгеге артық орындалу себебі, 2014 жылы сатылуы жоспарланбаған нысандар сатылған, трансферттер түсімі – 2265,5 млн. теңгеге жоспарланып, орындалысы – 2256,3 млн.теңгені немесе 99,6%-ды құрап,  9,2 млн.теңгеге кем орындалған.

 

1.1.1. АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТКЕ ТҮСЕТІН САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ ЕМЕС ТҮСІМДЕРДІ ТАЛДАУ

2014 жылмен салыстырғанда салықтық түсімдер (7759,1млн.теңге) 562,7 млн.теңгеге немесе 7,2%-ға көбейіп 8321,8 млн.теңгені құраған, салықтық емес түсімдер (20,9 млн. теңге) 9,1 млн.теңгеге немесе 43,5%-ға көбейіп 30,0 млн. теңгені құрады.

Салықтық түсімдер бойынша жоспар 101%-ға орындалды, бастапқы бекітілген жоспар (8139,4 млн.теңге) 182,4млн.теңгеге немесе 2,2%-ға ұлғайып, 8321,8 млн.теңгені құрап, аудандық бюджеттің кіріс бөлігінің толық орындалуына мүмкіндік жасады. 2015 жылғы салықтық түсімдердің негізгі үлесін меншік салығы – 7 129,1 млн.теңге немесе олардың жалпы көлемінде 85,7% құрады, табыс салық – 541,8 млн.теңге немесе 6,5%, әлеуметтік салық – 374,8 млн.теңге немесе 4,5%, тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар – 96,6 млн.теңге немесе 1,2% құраған.

Жоспарланған табыс салығы 106,9%-ға, әлеуметтік салық –111,9%-ға орындалды.

Аудандық бюджетке салықтық емес төлем түсімдері жоспарға шаққанда 2,7 млн.теңге немесе 109,9% -ды құрады. Салықтық емес төлемдер түсімінің жалпы көлемінің негізгі үлесін (76,7%) жергілікті бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер құрайды.

206109 «Жергіліктік бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер» коды бойынша 20,8 млн.теңгеге түзетілген жоспардың орындалысы 23,1 млн.теңгені немесе 110,8%-ды құрады.

1.2.         АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТ ШЫҒЫСТАР БӨЛІГІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ

2015 жылы аудандық бюджеттің нақтыланған шығыстары бастапқы жоспарланған көлемнен (10780,5 млн.теңге) 76,9 млн.теңгеге немесе 0,7%-ға артып, 10 857,4 млн.теңгені құрады. Соның ішінде: 2015 жылы аудандық бюджеттің шығындар бойынша бюджеттер орындалысы 10702,5 млн.теңгеге немесе 99,8%-ға орындалған. Оның ішінде, даму бюджеттік бағдарламалары – 2951,5 млн.теңге немесе 27,6%, ағымдағы бюджеттік бағдарламалары - 7751,0 млн.теңге немесе 72,4%.

Аудандық бюджеттің шығындары 2014 жылмен салыстырғанда (9217,9 млн.теңге)  1484,6 млн.теңгеге немесе 16,1% артқан; бюджеттік кредиттер бойынша (55,6млн.теңге) 56,2 млн.теңгеге немесе 101,1%-ға көбейіп, 111,8 млн.теңгені құрады. Барлық игерілмеген қаражат 21,6 млн.теңге. Оның ішінде даму бюджеттік бағдарламалары 0,7 млн.теңгені, ағымдағы бюджеттік бағдарламалары 20,9 млн.теңгені құрайды. Есепті кезеңде дебиторлық қарызды 2014 жылмен салыстырғанда (3,3 млн. теңге) 3,1 млн. теңгеге немесе 2 есе өсіп, 6,4 млн.теңгені құрады. Дебиторлық қарыздың басым бөлігі келесі бюджеттік бағдарламалар әкімшілер есебіне тиесілі:

Білім беру бөлімінде 4,0 млн.теңге сомасында – еңбек ақы мен коммуналдық қызметтер үшін төлемдер. Есепті кезеңнің соңында кредиторлық қарызды 2014 жылмен салыстырғанда (4,3 млн. теңге) 17,8 млн.теңгеге немесе 4 есеге өсіп, 22,1 млн.теңгені құрады. Кредиторлық қарыздың басым бөлігі келесі бюджеттік бағдарламалар әкімшілер есебіне тиесілі: Білім беру бөлімінде – 6,0 млн.теңге; Құрылыс бөлімінде – 15,1 млн.теңге және т.б. Кредиторлық қарыздың пайда болуының басты себептері – еңбек ақы мен комуналдық қызметтер үшін және қызметтерді орындауда мердігерлердің жұмыстарды орындау актілерін және төлем шоттарын уақытылы ұсынбау салдарынан және құрылыс жұмыстарына жасалған келісім -шарт талаптары бойынша 5%-ық ұстап қалулар.

 

1.2.1. АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ

Есепті кезеңде функционалдық топтар тұрғысынан нақтылаулармен түзетулер барысында жалпы бюджет шығындарының өсуімен қатар жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қарастырылған бастапқы бекітілген қаржысының төмендеуіне жол берілген. Аудандық бюджеттің шығындар бөлігі 3 функционалдық топ бойынша азайған. Оның ішінде, «Қорғаныс» - 2,0 млн теңге, «Білім беру» - 752,4 млн. теңге, «Ауыл, су,орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» - 2,4 млн. теңге. Аудандық бюджеттің бірнеше мәрте нақтыланып түзетілгеніне қарамастан, есепті кезеңнің соңында 21,6 млн. теңге игерілмеген.

Бұл ретте жылдық бекітілген шығындар 14 функционалдық топтардың 7-і бойынша орындалмаған:


Кесте 2

Аудан бюджетінің 2015 жылғы қаржыландыру бағыттары
бойынша орындалысы

млн. теңге


Функционалдық топ атауы

Бекітілген бюджет

Нақтыланған бюджет

Орындалысы

Нақты

Түзетілген %,

Шығындар:

10 678,7

10724,1

10702,5

99,8

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

275,2

341,5

341,1

99,9

Қорғаныс

3,0

1,0

1,0

100

Қоғамдық тәртіп,қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

5,3

9,1

9,1

100

Білім беру

4853,4

4101,0

4088,1

99,7

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

341,6

401,8

401,3

99,9

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы

1642,1

2065,1

2065,1

100

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

200,2

260,3

260,2

100

Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану

0

25,3

25,3

100

Ауыл, су,орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

98,6

96,2

94,5

98,3

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

18,7

24,9

24,9

100

Көлік және коммуникация

95,1

249,1

247,5

99,4

Басқалар

49,4

52,1

48,5

93,1

Трансферттер

3096,0

3096,7

3096,7

100

 

 

Қаржы көлемінің басым бөлігі: білім беруге – (38,2%), тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына – (19,29%) жұмсалған.

Жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында бюджет қаржысының 100% игерілуі 18 жергілікті мемлекеттік органдардың 7-мен ғана қамтамасыз етілген.

Кесте 3

млн.тенге


р/н

Әкімшілер атауы

Түзетілген жоспар

Орынд. жоспар

Игерілген сома

Игеру %

1

Аудан мәслихатының аппараты

17,7

17,7

17,69

99,9

2

Аудан әкімінің аппараты

123

123

123

100

3

Ауыл, село, селолық округтер әкімінің аппараты

1181

1181

1180

99,9

4

Аудандық экономика және қаржы бөлімі

3148,6

3148,6

3144,7

99,9

5

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі

467,2

467,2

465,4

99,6

6

Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі

2556,8

2556,8

2556,7

100

7

Аудандық құрылыс бөлімі

381,5

381,5

381,3

100

8

Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

3,75

3,75

3,74

99,9

9

Аудандық білім бөлімі

2163,9

2163,9

2151

99,4

10

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі

67

67

67

100

11

Аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі

80,3

80,3

80,3

100

12

Аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

394,9

394,9

394,4

99,9

13

Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

27,23

27,23

27,22

99,9

14

Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі

23,4

23,4

23,4

100

16

Аудандық ауыл шаруашылық және ветеринариялық бөлімі

63

63

61,7

97,9

17

Аудандық жер қатынастар бөлімі

14,12

14,12

14,09

99,8

18

Аудандық кәсіпкерлік бөлімі

10,7

10,7

10,7

100

Барлығы:

10724,1

10724,1

10702,5

 99,8

Игерілмеген қаражаттың негізгі бөлігі төмендегілерге тиесілі: Аудандық білім бөлімінде– 12,9 млн. теңге, игерілмеу себебі: жасалған келісім шарт міндеттері орындалмауынан -3,6млн. теңге, республикалық бюджет есебінен төленетін біліктілік деңгейі үшін мұғалімдердің жүктемелері 1-ставкаға қысқартылуына байланысты төлем ақы еңбекақы қорынан пайда болған үнемдеулер – 9,3млн. теңге;

Экономика және қаржы бөлімінде – 3,9 млн.теңге, игерілмеу себебі: резерв қорынан нақты шығындардың болмауынан.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінде – 1,8 млн. теңге, игерілмеу себебі: конкурстық рәсімдердің уақытында жүргізілмеуі, келісім-шарт міндеттемелерінің орындалмауынан (жұмыстарды орындау актілері, шот фактуралардың ұсынылмауы) орын алған;

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсынған мәліметтеріне сәйкес, бюджет қаражаттарының игерілмеуінің негізгі себептері: үнемдеу, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан бюджеттік бағдарламаларды тиімсіз басқару, келісім шарт міндеттемелерінің уақтылы және толық орындалмауы болып табылады. Аудандық бюджет қаражатының орындалысында жіберілетін қаржылық бұзушылықтардың бірқатары кейбір бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жеке шығындарын негізсіз жоспарлаудан, сонымен қатар бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігінің төменділігінен туындап отыр.

 

1.2.2. БЮДЖЕТ КРЕДИТТЕРІНІНІҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫН ЖӘНЕ ӨТЕЛУІН ТАЛДАУ

Аудандық бюджетті нақтылауда 2015 жылы бюджеттік кредиттер көлемі 111,8 млн. теңгені құрады немесе алғашқы бекітілгеннен 31,5 млн. теңгеге артық. 2014 жылмен салыстырғанда (55,5 млн. теңге) 56,2 млн. теңгеге немесе 2 есеге артқан. 2015 жылы бюджеттік кредиттер: тұрғын-үй құрылысына және сатып алуға, ауылдық елді мекендерге жұмыс жасауға және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек беру шараларына, тұрғын үй сатып алуға бағытталған.

Бюджеттік кредиттерге бөлінген 111,8 млн. теңге 100%-ға орындалған,  жоспарланған бюджеттік кредиттерді өтеу (21,5 млн. теңге) 107,7% -ға орындалып 23,1 млн.теңгені құрады.

 

1.3. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІН ТАЛДАУ

2015 жылға аудандық бюджет тапшылығы (профицит) (-58,8) млн. теңге көлемінде бекітілді. Нақтылау мен түзетулердің нәтижесінде бюджет тапшылығы (профицит)     (-247,8) млн. теңгені құрап, 189,0 млн. теңгеге өскен.

Есепті кезең соңында – (-140,7) млн. теңге көлемінде бюджет тапшылығы (профицит)  пайда болған.

Жыл соңында сыртқы қарыздардың тартылуының нақты сомасы 110,0 млн.теңгені, қарыздарды өтеу 21,5 млн.теңгені, бюджет қаражатының пайдаланылған қалдықтарының сомасы 52,2 млн.теңгені құраған, бюджет қаражатының қалдығы жыл басында – 159,3 млн.теңге және есепті кезеңнің соңында 107,1 млн. теңгені құраған.

 

II. БӨЛІМ. АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН БАҒАЛАУ

2014 жылғы аудандық бюджеттің орындалысын бағалау, Қазақстан Республикасының бюджет заңдылықтарына сәйкестігі және бюджет қаражатын тиімді пайдалануын бағалау бойынша, бақылау материалдарымен талдау іс-шаралары негізінде жүргізілді.

 

2.1. «2015-2017 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ» АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ШЕШІМІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН БАҒАЛАУ

Төрт рет мәслихат сессиясының шешімімен нақтыланған бюджет көрсеткіштері, 2015-2017 жылдарға бекітілген облыстық бюджеттің, бастапқы бюджеттік көрсеткіштеріне қарағанда анағұрлым өзгерген.

Алайда, енгізілген өзгертулерге қарамастан, нақтыланған және түзетілген жоспарлы көрсеткіштері, бюджет құрылымының жекеленген бөлімдері бойынша орындалмаған.

Есепті кезеңде, кірістер бөлігінің 14 салықтық түсім атауы бойынша кем және 23 салықтық түсім атауы бойынша артық орындалған, трансферттер түсімі – 2265,5 млн. теңгеге жоспарланып, орындалысы – 2256,3 млн.теңгені немесе 99,6%-ды құрап,  9,2 млн.теңгеге кем орындалған, ал 10724,1 млн. теңге мөлшерінде жоспарланған шығындардың орындалысы 10702,5 млн. теңгені немесе 99,8% құраған.

Аудан бюджетінің кіріс және шығын бөліктерінің толық орындалмауы - нысаналы трансфеттердің көлемін жоспарлауда және жергілікті деңгейде бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бюджетті орындауда, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігінің төмендігін көрсетеді. Ал, Бюджет кодексінің 4-бабымен, бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу барысында олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау көзделген.


2.2. НЫСАНАЛЫ ТРАНСФЕРТТЕРДІҢ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ, ОНЫҢ ІШІНДЕ БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ

2015 жылы облыстық бюджеттен жалпы сомасы 2265,5 млн. теңгеге нысаналы трансферттер бөлінген. Орындалысы 2256,2 млн. теңгені немесе жоспарға шаққанда 99,6%-ды құраған. Облыстық бюджетке алымдар 29,7%-ға  көбейіп 3096,0 млн. теңгені құрады (2014жылы– 2386,9 млн. теңге).

2015 жылы аудандық бюджет кірістерінің жалпы көлеміне, келіп түскен трансферттердің үлес салмағы 21,2% немесе 2256,3 млн. теңгені құрады (2014 жылы 16,8% немесе 1585,7 млн. теңге).

Республикалық бюджеттен даму нысаналы трансферттердің басым бөлігі білім беру нысандарының құрылысы мен қайта жаңғыртуға,  инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға, құрылысқа, жылу энергетикалық жүйесін дамытуға бөлінген.

 

2.3. ЖҮРГІЗІЛГЕН БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ, БАҚЫЛАУ ІС-ШАРАЛАРЫ БӨЛІГІНДЕ

         Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясымен 2015 жылы 2 бақылау іс-шарасы жүргізіліп, 13 бақылау нысанында тексерумен 13 094 141,7 мың теңге қаржы қамтылып, жалпы сомасы  945 405,6 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің бұзушылықтары анықталды

         Сонымен бірге жалпы сомасы 4 874 093,8 мың теңгеге процедуралық бұзушылықтарға жол берілген.

Оның ішінде, қалпына келтіруге немесе бюджетке өндіруге жататыны 12 554,0 мың теңге, қалпына келтірілгені немесе бюджетке өндірілгені 5453,0 мың теңге.

Жүргізілген бақылау нәтижелері бойынша кемшіліктер жіберген лауазымды тұлғаларға шаралар қолдану үшін нысандарға тексеру комиссиясының қаулылары жолданды. Тәртіптік жауапкершілікке 8 лауазымды тұлға тартылды. Маңғыстау облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясымен 16 лауазымды тұлға және 1 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Процессуалды шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына 7 бақылау материалдары жолданды.

Бүгінгі күнге дейін 10 бақылау нысанымен жалпы сомасы 6292,1 мың теңге қалпына келтірілмеген.

 «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақытылылығын және жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген бақылаумен 5 910 049,0 мың теңге көлеміндегі қаржы қамтылып, жалпы сомасы 4 952 849,9 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 4-бабының                       9- тармағының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 11.10.2010 ж. №506 бұйрығымен бекітілген «Бюджет түсімдерінің болжамды әдістемесінің» (бұдан әрі - Әдістеме) 4-тармағының 3-тармақшасының негізділік принциптері сақталмай, 2014 жылға 7 733784,0 мың теңге, 2015 жылға 10 678 748,0 мың теңге көлемінде бекітілген салықтық және салықтық емес түсімдерге тиісті есептеме құжаттары жасалмаған.

Әдістеменің 3- бөлімінің талаптарына сәйкес, мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер, жер учаскелерін сату құқығымен жалға беруден түсетін түсімдер, жерді сатудан түсетін түсімдер және материалдық емес активтерді сатудан түсетін түсімдер болжанатын жылға инфляцияны есептегенде жылдар бөлігінде талдау негізінде жүргізілетіндігі көрсетілген.                     

Алайда, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің 301102 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер» коды бойынша 2014 жылы бюджетті бекіту кезінде түсімдер 12,0 мың теңгеге жоспарланғанымен, 1080,0 мың теңгеге түсім түскен.

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрінің 14.11.2014 ж. № 494 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесінің» 3 тарауының 11 тармағы бұзылып, 2013-2015 жылдарға бюджеттік бағдарламалар жасалып, бекітілмеген.

Мекеме тарапынан Бюджет Кодексінің 67 бабының 10 тармағының және Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 ж. № 73 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының» 6, 29, 34 тармақтары бұзылып, ауданның бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік шығындарын жоспарлауда жалпы сомасы  4836555,5 мың теңгеге негіздеуші құжаттар ұсынылмаған.

Мекеме тарапынан «Тұрмыс-Сервис» МКК-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға жасалған қаржы-экономикалық негіздемеге жергілікті уәкілетті жоспарлау органы дайындауы тиіс экономикалық қорытынды жасалмаса да, 2014 жылы Қарақия ауданы әкімдігінің 14.04.2014 ж. №105, 26.08.2014 ж. №222 және 25.09.2014 ж. №274 қаулыларына сәйкес, Кәсіпорынның жарғылық қорын ұлғайтуға 28 000,0 мың теңге қаражат бөлінген.

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 5 бабының 1 тармағының 2 тармақшасының талабы сақталмай, Мекеме 2013, 2014 және 2015 жылдарға арналған мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарларын жасамай, жалпы сомасы 24 775,3 мың теңгеге мемлекеттік сатып алулар өткізілгендігі анықталды. 

 Мекеме тарапынан 2014 жылы ЖК «Юрченко Е.С.»-ден Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 4 бабының 1 тармағының 60 тармақшасының талабы сақталмай, жалпы сомасы 198,9 мың теңгеге орамалы жалюзи сатып алынған.

2015 жылы Мекемемен 459.001. «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық саясаттың қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік атқару және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы, 015 «Жергілікті бюджет есебінен» кіші бағдарламасының 159 «Өзге де қызметтер» спецификасы бойынша жалпы сомасы 790,0 мың теңгеге мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімдеу мақсатында ғимаратқа пандус орнату жұмыстары жүргізілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.11.1998 ж. №1118 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтерінде» белгіленген ғимараттарды күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстардың тізбесіне және ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 ж. № 71 «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының кейбір мәселелері» бұйрығының талаптарына сәйкес, аталған жұмыстар күрделі шығындар есебіне жатқызылмаған.

Аталған Қаулының 1-тармағының талабын бұзушылықпен, бақылау барысында Мекеменің қалааралық телефон байланыс нүктелері тиісті нормадан 3 нүктеге артық пайдаланылып, соның салдарынан, әкімшілік шығыстар 71,1 мың теңге артық шығындалған.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 67-бабының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 24.11.2014 ж. №511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидасының»  48-тармағына сәйкес, байланыс қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстарды есептеуде, ұялы телефон байланысының шығыстарына шығындар жоспарланбаған.

Алайда, бақылаумен қамтылған кезеңде нақты түрде ұялы телефон байланыс қызметі үшін жалпы сомасы 205,2 мың теңге шығысталған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.08.2009 ж. № 1210 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларының» 8-тармағы басшылыққа алынбай, бақылаумен қамтылған кезеңде аталған автокөліктерге жұмсалған жанар-жағар май жалпы сомасы 90,6 мың теңгеге артық шығысталғандығы анықталды.

«Қарақия аудандық құрылыс бөлімі»мемлекеттік мекемесіне жүргізілген бақылаумен 3 566 429,4 мың теңге көлеміндегі қаржы қамтылып, жалпы сомасы 43 999,5 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды.

Мекемемен 2014 жылы үнемделген нысаналы трансферт  қаржысына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша жетіспейтін инженерлік–коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін технологиялық жабдық /блок-модуль/ сатып алынған жалпы сомасы 2901,8 мың теңгеніқұрайтын 1 дана блок-модуль бүгінгі күнге дейін қолданылмай, Құланды селосында орналасқан жеке тұрғын үйдің ауласында тұрғандығы анықталды, яғни, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің» 243 тармағына сәйкес, негізгі құралдардың сақталуы мен дұрыс қолданылуына бақылау жүргізіп отыруы қамтамасыз етілмеген және Келісімнің тікелей нәтижелеріне қол жеткізілмеген.

Маңғыстау облысы әкімінің «Облыстық коммуналдық меншіктен мүлікті беру туралы» 06.06.2013 ж. №164 қаулысына сәйкес, Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы есебіндегі бастапқы құны 7 525,3  мың теңгені құрайтын негізгі мүліктер (Бостан селосы, Мұнайшы селосы және Құрық аудан орталығының Базалық деңгейі) Мекеме есебіне беріліп,  20.02.2013 ж. алу-беру актісімен қабылданған.

Алайда, бақылау барысында аталған бастапқы құны 7 525,3  мың теңгенің мүліктері бүгінге дейін қолданылмай тұрғандығы анықталды.

Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 4 бабының 12 тармағымен көзделген тиімділік принципі толық сақталмаған.

Мекеме тарапынан 2014 жылы Қазақстан Республикасының 16.07.2001 ж. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі» Заңының 60 бабының 1 тармағының талаптары бұзылып, уақытша ғимараттар мен имараттардан қайтарылатын жалпы сомасы 2 903,0 мың теңгенімердігерлерден өндіру шаралары жүргізілмегендігі анықталды. 

Сонымен қатар, уақытылы орындалмаған жұмыстар үшін айыппұлдар уақытылы есептеліп, талап етілмеген. Нәтижесінде аудан бюджетіне 2048,1 мың теңге «СМК-4» ЖШС-нен өндірілмеген.

«Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақытылылығын және жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген бақылаумен 651 829,0 мың теңге көлеміндегі қаржы қамтылып, жалпы сомасы 8 735,4 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды.

Мекемемен 2014 жылы жалпы сомасы 4 522,5 мың теңгеге 67 жұмыссыз адамның және 2015 жылы 1 400,0 мың теңгеге50 жұмыссыз адамның біліктілігі арттырылған. Алайда, олардың 17-сі ғана жұмысқа орналастырылған. Нәтижесінде, ҚР 23.01.2001 ж. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 8 бабы 1 тармағының 7, 9 тармақшаларының талаптары сақталмаған, яғни, еңбек рыногының сұранысы толық зерттелмеген.

Дүйсенова Ш.М. Қазақстан-Ресей медициналық университеті ректорының 10.07.2015 жылғы №156 бұйрығымен оқудан шығарылғанымен, Мекеме мен Дуйсенова Ш.М. арасында 01.10.2010ж. жасалған шарттың 2-тармағы 2-тармақшасының талабы сақталмай, оған 2014 жылдың шілде, тамыз, қыркүйек және қазан айлары үшін 37,0 мың теңгетамақтану мен жүріп-тұру шығындарын өтеу үшін шәкіртақы студенттің есеп шотына негізсіз аударылған.

Сонымен қатар, Дүйсенова Ш.М. үшін 4 курс бойы төленген оқу ақысы үшін 1770,0 мың теңге және тамақтану мен жүріп-тұру үшін 75,7 мың теңге сомасында төленген жергілікті бюджет қаржысы тиімсіз пайдаланылып, Шарттың 1-тармағының талабы сақталмаған.

Сол сияқты, Жұмажанов М.А.  12.11.2014ж. №02-03/04/2-397с бұйрығы бойынша оқудан шығарылған. Оған оқу ақысы үшін 120,0 мың теңге және тамақтану мен жүріп-тұру үшін 18,5 мың теңге сомасында төленген жергілікті бюджет қаржысы тиімсіз пайдаланылған.

Нәтижесінде, Бюджет Кодексінің 4 бабының тиімділік принципі сақталмаған

МекемеҚР Қаржы министрінің 04.12.2014 ж. №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің» 215 тармағының талабын сақтамай, орындалған жұмыс актіндегі атқарылмаған қызметке, ұсынылған құжаттың дұрыстығын анықтамай, ЖК «Қ.Тоқаевқа» 2015 жылдың шілде айының қызметі үшін 354,0 мың теңгені маусым айында аударғаны анықталды.

2014 жылы Мекемемен «Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының 159 «Өзге де қызметтер» спецификасы бойынша жалпы сомасы 2 085,9 мың теңгеге мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімдеу мақсатында ғимаратқа пандус орнату жұмыстары жүргізілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.11.1998 ж. №1118 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтерінде» белгіленген ғимараттарды күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстардың тізбесіне және ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 ж. № 71 «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының кейбір мәселелері» бұйрығыныңталаптарына сәйкес,аталған жұмыстар күрделі шығындар есебіне жатқызылмаған.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта пандуспен көтеріліп ғимаратқа кіретін дәліз қойма ретінде пайдаланылып, пандустың мақсатына сай қолданылмай тұрғаны анықталды.

Нәтижесінде, Бюджет Кодексінің 4-бабының нәтижелілік және тиімділік қағидаттары сақталмаған.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімдеу мақсатында ғимаратқа пандус орнату үшін «Кровля» ЖШС-мен 2 085,9 мың теңгеге жасалған шарттың 10 тармағының 2 тармақшасында көрсетілген 62,6 мың теңге шарттың орындалуын қамтамасыз ету енгізілмеген.

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 37-бабының 5-тармағына сәйкес, өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі тиіс.

Алайда, Заңның 38-бабының 1-тармағына сәйкес, Мекеме өнім берушіні жосықсыз өнім беруші деп тану үшін сотқа жүгінбеген.  

Мекеме мүгедектерді тасымалдауға арналған арнайы автокөлік сатып алу үшін 3 891,1 мың теңге (ҚҚС есебінсіз) сомаға баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алудың порталына 2 рет хабарландырулар орналастырған.

Алайда, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өтпеуіне байланысты арнайы автокөлікті «ГазКомТехника» ЖШС-нен бір көзден алу тәсілімен 4 694,0 мың теңгеге (ҚҚС сомасы - 502,9 мың теңге) сатып алынған.

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 39 бабының 3-тармақшасының талаптары сақталмай, шарт сомасы негізсіз336,0 мың теңгеге ұлғайтылған.

«Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы  көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақытылылығын және жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген бақылаумен 739 927,7 мың теңге көлеміндегі қаржы қамтылып, жалпы сомасы 618 849,5 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды.

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 32-бабының талаптарына сәйкес, бюджет шығыстарының бағытын айқындайтын және нәтиже көрсеткіштері мен бюджет шығыстарын қаржыландыру көлемдерін қамтитын бюджеттік бағдарламалар жасалмауына байланысты, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау мүмкін болмады.

Бюджет кодексінің 67 бабының 6 тармағы бұзылып, бюджеттік өтінім жасау барысында жалпы сомасы 617 803,2 мың теңгеге әрбiр бюджеттiк бағдарламасы бойынша шығыстар түрлерi бойынша есеп-қисаптар бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы органға табыс етілмеген.

Мекеме тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуын тексеру барысында жалпы сомасы 24 824,2 мың теңгеге заң бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15.05.2012 ж. №623 Қаулысының 92-тармағы сақталмаған, жалпы сомасы 8752,8 мың теңгенің электрондық конкурс жеңімпазы «Фирма «Шарайна» ЖШС-і мердігерлер  белгіленген тәртіпте қол қойылған және мөрмен расталған бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен үзіндінің электрондық көшірмесін бермесе де, конкурсқа қатысуға негізсіз жіберілген.

Сонымен қатар, Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 9-бабының 1-тармағының 2-тармақшасы басшылыққа алынбай, жалпы сомасы 16071,4 мың теңгенің «Ауыз су тасымалдау құбырын ОЗК «Каспий» есептегішінен ЦУВЕ-2 Құрық селосына қосу үшін материалдарын сатып алу» конкурстық құжаттамасының №2 «Техникалық сипаттама» қосымшасында тауарлардың шығарылған жері, шығарушының аты, кепілдік мерзімі көрсетілуі міндеттелмесе де, комиссия мүшелері тарапынан «ОРСТЭК» ЖШС-гі конкурсқа қатысуға негізсіз жіберілмеген.

Мекеме мен «Алтынқұрық» ЖШС-гі арасында Сенек селосының ауылішілік автожолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жалпы сомасы 7538,2 мың теңгеге 1306 шаршы метр бір қабатты жол жабындысын жөндеуге келісім-шарт жасалған.

Алайда мердігер «Алтынқұрық» ЖШС-мен 1157,65 шаршы метр жол жөндегендігі жөнінде орындалған жұмыс актісі тапсырылған, яғни, жалпы сомасы 950,8 мың теңгеге жұмыстар жасалмағандығы анықталды.

Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 154 бабының және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 05.12.2014 ж. № 129 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидасының» талаптарын сақтамай, «Тұрмыс-Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жарғылық қорын қалыптастыруға қаржылық-экономикалық негіздеме жасап, жергілікті жоспарлау уәкілетті органына ұсынылмағанымен, Қарақия ауданының әкімдігінің 09.12.2014 ж. № 328 қаулысы негізінде Кәсіпорынның жарғылық қорын қалыптастыруға 55 920,0 мың теңге қаражат бөлінген.

Қазақстан Республикасының 16.07.2001ж. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»  Заңының 77 бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 1328 Қаулысымен бекітілген  «Қабылдау және жұмыс комиссиясының өкілеттіктері, міндеттері және міндетті құрамының» 7 тармағы сақталмай,  жалпы сомасы 78 518,6 мың теңге «Сай-Өтес-Қарақұдық-Қызылсай 0-4км» автомобиль жолын орташа жөндеу» жұмыстарының аяқталғандығы жөнінде 24.10.2014 ж. жұмыс комиссиясының қорытындысы жасалып, қабылданған.

Алайда, «МЖҚМК» АҚ-мен 31.10.2014 ж. жалпы сомасы 743,8 мың теңгегеорындалған жұмыс актісі тапсырылған.

Дәл осындай жағдай, 24.10.2014 ж. жұмыс комиссиясының қорытындысы жасалған «Қызылсай-Сенек, 4-13, 262 км» автомобиль жолын орташа жөндеу» жұмыстары бойынша да орын алған, 31.10.2014 ж. 224,7 мың теңгеге орындалған жұмыс актісі тапсырылған.    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.11.1998 ж. №1118 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтерінің» талаптары сақталмай, 2015 жылы жалпы сомасы 9500,0 мың теңгеге Құрық селосындағы М. Жолболдин саябағын көгалдандыру қызметіне белгіленген тәртіппен сметалық құжаттама жасалмаған.

Қазақстан Республикасының 01.03.2011 ж. «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 126-бабының 4-тармағының талаптары сақталмай, Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тұрмыс-Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жарғысында көгалдандыру бойынша қызмет түрі көзделмесе де, Кәсіпорын 2015 жылы жалпы сомасы 9500,0 мың теңгеге Құрық селосындағы М. Жолболдин саябағын көгалдандыру қызметін іске асырған. 

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапарлары жөніндегі ереженің» 2-тармағы сақталмай, жалпы сомасы 19,5 мың теңге шығындары іссапар куәлігінсіз негізсіз төленген.

Сондай-ақ, 2013-2014 жылдары жүргізілген іссапар шығындары бойынша аванстық есептермен және басқа да дәлелдейтін құжаттардың ұсынылмауына байланысты, тексеру жүргізу мүмкіншілігі болған жоқ.   

«Болашақ селолық округінің №10 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ҚР-ның «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 37-бабының 13-тармағы бұзылып, Тапсырыс берушімен әрбір кешіктірілген күн үшін шарт сомасының 0,1 % мөлшерінде көзделген жалпы сомасы 80,2 мың теңгетұрақсыздық айыппұлы талап етілмеген:

Сонымен қатар, ҚР-ның 21.07.2007 ж. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 11-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес, шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім берушілерді жосықсыз қатысушылар деп тану үшін сотқа жүгінбеген.

«Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақытылылығын және жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген бақылаумен 428 006,4 мың теңге көлеміндегі қаржы қамтылып, жалпы сомасы 4964,3 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды.

ҚР Еңбек кодексінін 91-бабы және Қазакстан Республикасы Қаржы министрлігінің 03.08.2010 ж. № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі ереженің» 179, 187 тармағының талаптары бұзылып, бақылаумен қамтылған кезеңде Мекеменің 4 (төрт) қызметкеріне есептелген еңбек ақысынан және еңбек демалысы ақысынан ұсталғаннан қалған, яғни төленуге тиісті сомасынан артық жалпы сомасы 2 991,0мың теңгенегізсіз (еңбек ақы мен еңбек демалысы, еңбекке жарамсыздық парағы есебінде) ақша аударылып, Мекеме шығынына жіберіліп отырғаны анықталды, оның ішінде: 2013 жылы – 814,0 мың теңге, 2014 жылы – 1873,3 мың тенге, 01.01.2015 ж.-30.09.2015 ж. аралығында – 303,7 мың теңге.

Атап айтқанда, 2013-2015 жылдар аралығында бас есепші Р.Абдыкалиеваның жеке карт шотына жалпы сомасы 1 724,6мың тенгеартық аударылып төленген.

Тәрбиеші А.Сатмаганбетованың жеке карт шотына 2014 жылы жалпы сомасы 1034,4 мың теңгеартық аударылып төленген.

Бас есепшінің м.а. Г. Сатмаганбетованың жеке карт шотына 01.01.2015 ж.-30.09.2015 ж. жалпы сомасы 92,0 мың теңгеартық аударылып төленген.             Электрик Ж. Бегенишевтің жеке карт шотына 2013 жылы жалпы сомасы 140,0 мың теңге артық аударылып төленген.

ҚР Бюджет Кодексінің 97 бабының 6 тармағында мемлекеттік мекеме жасалған келісім шартқа сәйкес 2015 жылы Мекеме тарапынан жалпы сомасы 380,0 мың теңгеге алынған тауарлардың  жеткізілгені және жұмыстардың орындалғаны жөнінде құжаттар мен шот-фактуралары жоқ екені анықталды. Атап айтқанда: 

     ДК «Умирбекова А»-дан 195,0 мың теңгеге басқа да шаруашылық

құралдарын, 185,0 мың теңгеге кеңсе және шаруашылық тауарларының сатып алынғаны үшін;

Мекеме тарапынан 3 (үш) қызметкеріне жалпы сомасы 1775,0 мың теңгеіссапаршығындары негізсіз шығысталғаны анықталды. Атап айтқанда:

- бас есепші Р.Абдыкалиеваның жеке карт шотына 2013-2014 жыл аралығында жалпы сомасы 1 278,7 мың теңге артық аударылып төленген;

- директор Н.Бегенишевтің жеке карт шотына 2013-2014 жыл аралығында жалпы сомасы 150,9мың теңге артық аударылып төленген;

- бас есепшінің м.а. Г. Сатмаганбетованың жеке карт шотына 01.01.2015-30.09.2015 жыл аралығында жалпы сомасы 91,2 мың теңге артық аударылып төленген.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңның  34 бабы бұзылып, ЖК «Е.Н.Жоламановтан» жалпы сомасы 2000,0 мың теңгеге бір көзден пеш сатып алу жөніндехаттама толтырылмаған және интернет-ресурсқа орналастырылмаған.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 37-бабының 13-тармағы бұзылып, Тапсырыс берушімен әрбір кешіктірілген күн үшін шарт сомасының 0,1 % мөлшерінде көзделген жалпы сомасы 17,8 мың теңгетұрақсыздық айыппұлы талап етілмеген:

- ЖК «Нур Алди»  жалпы сомасы 524,8 мың теңге бастауыш класстарға отырғыштар мен парталарды мерзімінен 22 күнге кеш жеткізген, айыппұл сомасы 11,5 мың теңгені құрайды;

- ЖК «Б.М.Мажитов»  жалпы сомасы 633,6 мың теңге жоғарғы класстарға отырғыштар мен парталарды мерзімінен 9 күнге кеш жеткізген, айыппұл сомасы 6,3 мыңтеңгені құрайды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік сатып алу туралы заңының  11-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес, шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім берушілерді жосықсыз қатысушылар деп тану үшін сотқа жүгінбеген

«Құрық орта мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақытылылығын және жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген бақылаумен 566 747,1 мың теңге көлеміндегі қаржы қамтылып, жалпы сомасы 17 060,5 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды.

Мекеме тарапынан 2013-2014 жылдарыжалпы сомасы  16 186,3 мың теңгеге жасалынған жұмыстардың атқарылғандығы жөнінде акттерінсіз қаржы аударылғаны анықталды.

Байланыс қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстарды есептеуде ұялы телефон байланысы қызметіне шығындар жоспарланбаған. Алайда мекеме 2013 жылы жалпы сомасы 59,7 мың теңге қаражат шығындалған.

Қызметкерлердің іссапарға шығуы кезінде мекеме басшысының іссапарға жіберу туралы бұйрығы жоқ бола тұра, 3 (үш) қызметкеріне жалпы сомасы 72,3 мың теңге іссапар шығыны негізсіз шығысталғаны анықталды.

«Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақытылылығын және жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген бақылаумен 215 353,0 мың теңге көлеміндегі қаржы қамтылып, жалпы сомасы 120 882,0 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №584 «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» бұйрығының 1-бөлімінің 2-тармағының бұзушылықтары анықталды, яғни, бюджеттiк өтiнiмдегі жалпы сомасы 79 199,0 мың теңге көлеміндегі шығыстары қажетті ресурстардың сандық және қаржылық ақпараты негiзiнде қамтамасыз етілмеген.

Нәтижесінде, бюджет жүйесінің негізділік принципінің  нормалары өз дәрежесінде сақталмағандығы анықталды.

ҚР Үкіметінің 11.08.2009 жылғы «Жанар-жағармай материалдары шығыстарының нормаларын бекіту туралы» №1210 қаулысының талаптары бұзылып, жыл ішінде автокөлікке базалық нормадан артық  2013 - 2015жылдары жалпы сомасы 52,3 мың теңгегежанар-жағармай шығысталғандығы анықталды.

Қалалық (ауылдық) нөмірлермен телефон байланысы4 нөмірге, республика ішіндегі қалааралық телефон байланысы 8 нөмірге нормадан артық жүргізіліп, 2013 - 2014жылдары жалпы сомасы 368,8 мың бюджет қаражаты шығысталған.

ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы №494 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау қағидаларының» 11 тармағының талаптары бұзылып, Мекемемен «Аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының 169 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігі бойынша мәдени мерекелік іс-шараларды өткізуге бюджет шығындары жоспарланып, 2013 - 2014жылдары жалпы сомасы 15 615,5 мың теңге игерілген.

Сондай-ақ, Бақылау актісіне жалғанған есепші Р. Байтузелованың түсініктемесі бойынша 2013-2015 жылдары мәдени мерекелік іс-шараларды өткізуге жұмсалғанбюджет қаражаты пайдаланылуы туралы құжаттардың жоқтығы анықталды.

Бұл жерде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің» 18 тармағы сақталмаған.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңының талаптары сақталмай, Мекемемен конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде сатып алынатын тауарлардың фирмалық атауларына (Chevrolet Captiva, Skoda Superb Elegant, Chevrolet Cruze) сілтеме жасалып,әлеуетті өнім берушілерге теңдей мүмкіндік берілмейжәне әлеуетті өнім берушілер арасында адал бәсекелестікболуы туралы принциптері басшылыққа алынбай, жалпы сомасы 17 000,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алулар заң бұзушылықпен өткізілген.

Мәдени-мерекелік іс-шараларды өткізу үшін Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 3, 4 баптарының талаптарын сақтамай 2013-2015 жылдары  жалпы сомасы 15 615,5 мың теңгеге естелік сыйлықтар мен әр түрлі тағамдар сатып алынған.

«Құланды селолық аумағы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақытылылығын және жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген бақылаумен 161 595,6 мың теңге көлеміндегі қаржы қамтылып, жалпы сомасы 35 490,5 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды.

         «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 2013-2014 жылдары жұмысқа 12 адам тарту міндеттелген болатын. Алайда, жалпы сомасы 31218,0 мың теңгеге (республикалық бюджет есебінен 28096,0 мың теңге, жергілікті бюджет есебінен 3122,0 мың теңге) жобаларды іске асыру барысында, Қарақия аудандық жұмыспен қамту орталығының хатына сәйкес, 11 жұмыс орны құрылған. Нәтижесінде, Келісіммен көзделген тікелей нәтижелерге толығымен қол жеткізілмеген.

ҚР 16.07.2001 ж. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс жәнеқұрылыс қызметі» Заңының 60 бабының 1 тармағының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 33,6 мың теңге болатынсметалық құжаттамада көрсетілген уақытша имараттардан қайтаруға жатқызылатын бюджет қаржысы мердігерлер тарапынан қайтарылмағаны анықталды.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 37 бабының 5 тармағының талаптары басшылыққа алынбай, 2013-2015 жылдары жалпы сомасы 1087,3 мың теңгеге мердігерлермен шарттың орындалуын қамтамасыз ету енгізілмесе де, Мекеме тарапынан сатып алулар жүргізілген.

2014 жылы Мемлекеттік сатып алу туралы заңының32 бабымен көзделген  бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздеріне сәйкес келмейтін жағдайларда бір көзден сатып алу тәсілімен жалпы сомасы 3 122,0 мың теңгеге (Құланды селосының саябағын абаттандыруға  2009,0 мың теңге, Құланды селосына тротуар төсеуге 1113,0 мың теңге) мемлекеттік сатып алулар өткізілген.

Қолданыста болған «ҚР Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының кейбiр мәселелерi» ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 ж. № 71 мен «ҚР Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау қағидаларын бекiту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 494 бұйрығының талаптары бұзылып, Мекемемен 001 «Ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасынан «Аружан балабақшасы» МКҚК пайдаланған электр энергиясы үшін 2014-2015 жылдары жалпы сомасы 1 116,9 мың теңге төленгендігі анықталды.

 «Бостан селолық аумағы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Байланыс қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстарды есептеуде ұялы телефон байланысы қызметіне шығындар жоспарланбай, 2013-2015 жылдары нақты түрде жалпы сомасы 50,1 мың теңге қаражат шығындалған.

Бақылау барысында «БекКур Констракшн Компани» ЖШС-мен жалпы сомасы 3 194,0 мың теңге «Қарақия ауданы Бостан селосының балалар ойын алаңының құрылысы» жұмыстары мерзімінен кешіктіріліп тапсырылған. Шарттың 14.2 тармағында әрбір кешіктірілген күн үшін шарт сомасының 0,1 % мөлшерінде көзделген 76,7 мың теңгеніқұрайтынтұрақсыздық айыппұлы талап етілмеген.

Сонымен қатар, сметада көрсетілген уақытша имараттардан қайтарылатын жалпы сомасы 6,1 мың теңгеқаражатМердігермен қайтарылмаған. 

«Жетібай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақытылылығын және жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген бақылаумен 518 842,0 мың теңге көлеміндегі қаржы қамтылып, жалпы сомасы 5 303,7 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды.

Байланыс қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстарды есептеуде, ұялы телефон байланысына шығын жоспарланбай, бақылаумен қамтылған мерзімде нақты түрде жалпы сомасы 39,8 мың теңге шығындалған.

Мекеме заң бұзушылықтармен 2014 жылы 1 қызметкерге 7,5 мың теңге пәтерді жалдау ақысы артық төленген және 2 қызметкерге 3,2 мың теңге іссапар туралы бұйрығынсыз іссапар шығындары негізсіз өтелген.

Электронды конкурсқа «TURAN company ltd» ЖШС-і – 3 700,0 мың теңгеге (ҚҚС-сыз) өз бағасын ұсынып, мекемемен шарт жасалған.

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 39-бабының талаптары бұзылып,  Мекеме шартты Мердігердің ұсынған бағасы 4 144,0 мың теңгеге (3 700,0 мың теңге, ҚҚС - 444,0 мың теңге) емес,  4 704,0 мың теңгеге (ҚҚС - 504,0 мың теңге) жасаған. Сол себепті жасалған шарттың бағасы конкурстық өтінімде Мердігер ұсынған бағадан 560,0 мың теңгеге(ҚҚС - 60,0мың теңге) артық болып, Мердігерге негізсіз аударылған.

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 39-бабының талаптарын бұзушылықпен «TURAN company ltd» ЖШС-мен «Жетібай селосындағыбұрынғы кәсіптік-техникалық лицейі ғимаратын ағымдағы жөндеу»жобасы бойынша шарт бағасының ұлғаюына жол берілген: шарт сомасы - 4 704,0 мың теңгеден, Қосымша жұмыстарға сметалық құжаттамалар жасалмай, шарттың сомасы - 2 140,2 мың теңгеге ұлғайтылған, жалпы сомасы - 6 844,7 мың теңге.

Конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алулар негізінде жасалған 9 шарттар бойынша 2013-2015 жылдары жалпы сомасы 2 338,5 мың теңгеге шарттың орындалуын қамтамасыз етулер енгізілмеген .

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 37- бабы 5-тармағының және 38-бабы 1-тармағының талаптары сақталмай, Мекеме өнім берушілерді жосықсыз өнім берушілер деп тану үшін сотқа жүгінбеген.  

Мекеме тарапынан 2014 жылы сметада көрсетілген уақытша ғимараттар мен имараттардан қайтарылатын жалпы сомасы 145,2 мың теңгенімердігерлерден өндіру шаралары жүргізілмегендігі анықталды.

ІІІ БӨЛІМ. АУМАҚТЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН БАҒАЛАУ

 

3.1. Аумақтың Даму бағдарламасының жүзеге асырылуын бағалау.

Қарақия ауданының  2011-2015 жылдарға арналған Дамыту бағдарламасы Қарақия аудандық маслихатының 2012 жылғы 11 қыркүйектегі  № 5/60 санды шешімімен  бекітілген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 10.10.2014 жылғы №50 «Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі»  Әдістемесінің (бұдан әрі –Әдістеме) 40- тармағы сақталмаған, яғни бірқатар нысаналы индикаторлар үшін ақпарат көздері мен деректер жинау құралдары айқындалмаған.

Әдістеменің 55- тармағының талабы, яғни лайықты тексеру көздері табылмауы мүмкін көрсеткіштер болған  жағдайда басқаларымен ауыстырылуға болатыны ескерілмеген.

Қарақия ауданының  2011-2015 жылдарға арналған Дамыту бағдарламасын жасақтау және орындауда нысаналы индикаторлардың  Әдістеменің 38-тармағымен қарастырылған  келесі критерийлерге сәйкестігі қамтамасыз етілмеген:      оларды жоспарланатын кезеңдегі серпінде салыстыруға мүмкіндік беру, пайдаланушылар үшін біркелкі түсінікті болу, қолжетімді және өлшемді болу,      мониторинг жүргізу мен көрсеткіштерге қол жеткізуді бағалау мақсатында аралық мәндердің болуын қамтамасыз ету.

Қарақия ауданының  2011-2015 жылдарға арналған Дамыту  бағдарламасын іске асыру туралы есеп  «Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасына, мемлекеттік бағдарламаларға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемеде»  көрсетілген форматқа сәйкес келмейді. Атап айтқанда:  есепті кезеңге бекітілген аумақты дамыту бағдарламасының нақты мәнде өлшенетін тиісті нысаналы индикаторларының, нәтижелер көрсеткіштерінің және жоспарлы іс-шаралардың мәні (5-баған), есепті жылда нақты мәнде өлшенетін нысаналы индикаторлардың, нәтижелер көрсеткіштерінің және іс-шаралардың нақты мәні (6-баған), бюджеттік бағдарлама коды, өлшем бірліктерікөрсетілмеген.

Мысалы: Білім беру жүйесі бойынша:

 –«Жалпы орта білім беру мектептеріндегі сыныптарды, арнайы түзету ұйымдарының желісін көбейту және сақтау»  іс-шарасы бойынша өлшем бірлігі де, нақты мәні де көрсетілмеген.

  –«Аудан орталығында психологиялық – педагогикалық түзету кабинетінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету»   іс-шарасы бойынша өлшем бірлігі де, нақты мәні де көрсетілмеген. Сонымен қатар, кабинеттің алдағы жылы іске қосылатыны – орындалғаны жөнінде ақпарат ретінде көрсетілген.

Барлық іс-шаралар бойынша жоспарлы және нақты мәндерінің орнына бөлінген қаражат көлемі көрсетілген.

Нәтижесінде, Қарақия ауданының дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілуін жоспарланған көрсеткіштермен салыстыру мүмкіншілігі болған жоқ.

 

IV БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ

2015 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуын бағалау бойынша, мемлекеттік активтерінің пайдаланалуына, Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен жүргізілген бақылау-талдау шараларының нәтижелері осы бөлімде ұсынылған қорытындыда көрсетілген.

 

4.1. ҚОРЫТЫНДЫ

1.Аудандық бюджеттің 2015 жылға арналған басты параметрлері нақтыланғанына және түзетілгеніне қарамастан, оның жекелеген көрсеткіштері орындалмаған.

2. Есепті жылы дебиторлық және кредиторлық берешек, 2014 жылмен салыстырғанда, сәйкесінше 3,0 млн. теңгеге (88,2%) және 17,8 млн. теңгеге немесе (423,8%) ұлғайған. Осы фактілердің барлығы аудандық бюджетті сапалы жоспарлаудың және оған әкімшілік етудің жеткіліксіз екенін көрсетеді.

3.Есепті жылы шығыстардың жекелеген көрсеткіштерін нақтылау мен түзету аясында бюджет шығыстарының құрылымы функционалдық және экономикалық сипаттамалар бойынша едәуір өзгерді. Аудандық бюджетті нақтылау кезінде шығыстар 76,9 млн.теңгеге көбейтілген болатын, бірақ 21,6 млн.теңге игерілмей қалған. Дегенмен, төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізуде уақытылы шешім қабылдағанда, сондай-ақ бюджеттік қаражатты бюджеттік бағдарламалар бойынша қайта бөлгенде бюджет қаражатының толық игерілуін қамтамасыз ету мүмкіндігі болар еді.

4.2015 жылға арналған жылдық көрсеткіштер 18 бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ішінде 100 %-ға тек 7 бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша орындалған.

5.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының тексеру нәтижелері  2015 жылы бюджет қаражатының жеткілікті дәрежеде тиімді пайдаланылмағанын көрсетті.

6.Қарақия ауданының дамыту бағдарламасын жасақтауда және іске асыруда аумақты дамыту бағдарламасы белгіленген мақсаттарға қол жеткізу, міндеттерді шешу жолдарын баяндау мақсатында әзірленетіні ескерілмеген, тиісті заңнама талаптары өз дәрежесінде сақталмаған.

 

4.2. ҰСЫНЫСТАР

1)Аудандық  жоспарлау және атқару бойынша жергілікті уәкілетті органға:

–өңірдің аумақтық дамыту бағдарламасын жасақтауда және орындауда тиісті заңнама талаптарын сақтау;

–аудандық бюджеттің орындалуы барысында бюджет қаржысын игеру бөлігінде бюджет қаражатын басқаруды, қаржы жылы ішінде кассалық шығындарының бірқалыптылығын қамтамасыз ету, дебиторлық және кредиторлық қарыздарын азайту;

- мемлекеттік қаржыны басқару саласында аудандық бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған қосымша шараларды әзірлеу және іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру;

–бюджет заңнамаларының сақталуына, нысаналы трансферттерді пайдалануда, оның түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуіне және жүзеге асыру мерзімдерінің сақталуына бақылауды күшейту ұсынылсын.

2)Аудандық  жоспарлау және атқару бойынша жергілікті уәкілетті органға және бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне:

            -аудандық бюджетті жоспарлау  және орындау кезінде нормативтік-құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

          -Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының тексеру нәтижелерімен анықталған бюджеттік және мемлекеттік сатып алу заңнамаларының бұзушылықтары бойынша тиісті шаралар алынуын қадағалау ұсынылсын.

 

 

 

Маңғыстау облысы бойынша

Тексеру комиссиясының мүшесі                                      А.Нұрбосынова          

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы