19/05/2024  Жексенбі

 

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұнайлы ауданының 2015 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Есебі

(жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтау2016

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ………………………………………………………………………...

2

 

I БӨЛІМ. АУДАНДЫҚ  БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ.......

3

1.1.

Аудандық бюджет кірістерінің орындалысын талдау ……………….

4

1.1.1.

Аудандық бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерін талдау………………...……………………………………………….……

4

1.2.

Аудандық бюджет шығыстар бөлігінің орындалысын талдау……

5

1.2.1.

Аудандық бюджет шығындарының орындалысын талдау.........………

6

1.2.2.

Бюджет кредиттерінің пайдаланылуынжәне өтелуін талдау…...............

7

1.2.3.

Мемлекеттің қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған шығындарын талдау…….......................................................................................................

8

1.3.

Бюджет тапшылығын және олардың қаржыландыру көздерін талдау.....

8

IIБӨЛІМ. АУДАН  БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН БАҒАЛАУ..........

 

8

2.1.

«2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Аудандық мәслихат сессиясы шешімінің орындалысын бағалау............................

9

2.2.

 

Нысаналы трансферттердің тиімді пайдаланылуын бағалау, оның ішінде бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы..............

10

2.3.

Жүргізілген бақылаулардың негізгі нәтижелері бақылау іс-шараларының тізілімінде...............................................................................

11

ІІІ БӨЛІМ. ЖЕКЕ БАҒЫТТАР БОЙЫНША БАҚЫЛАУ ТИІМДІЛІГІ МЕН НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ...........................................................................12

3.1. Өңірдің аумақтық даму бағдарламасының орындалысын талдау.................................................................................................................     12

IVБӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ...............…………………………………………

13

4.1.

Қорытынды……………………………………………………..........…..

13

4.2.

Ұсыныстар…………….……...………………………………………....

15

 

 

Кіріспе

 

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы №392 санды  «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 29-бабынасәйкес 2015 жылға аудандық бюджеттiң орындалуы бойынша жергiлiктi атқарушы органның есебіне  қорытынды - есеп дайындалды (Бұдан әрі - Есеп).

Бірінші бөлімде аудандық бюджеттің орындалысына талдау ұсынылған. Онда кірістер түсімдеріне, салықтық және салықтық емес түсімдерге, шығыстар орындалысына, бюджеттік кредиттерді пайдалану және өтеуге, мемлекеттің қаржы активтерін сатып алу және сату, бюджет тапшылығына және оны қаржыландыру көздеріне жасалған талдау деректері көрсетілген.

Екінші бөлімдебюджет жүйесінің принциптеріне сәйкестігіне,  аудандық мәслихаттың «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық маслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №28/294 шешімімен бекітілген 2015 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалысына баға берілген.

Үшінші бөлімде Өңірдің аумақтық дамуы бағдарламасының орындалысына берілген баға қорытындысы көрсетілген.

Төртінші бөлім Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік активтерді және бюджет қаржысын басқару тиімділігін арттыру бойынша, бюджет заңдылықтарын сақтауда бақылауды күшейтудегі негізгі қорытындылары мен ұсынымдарын қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 

І БӨЛІМ. АУДАН БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ

 

2015 жылы аудандық бюджеттің түсімі 10766,4 млн.теңгені құрады және 2014 жылмен салыстырғанда (10640,9 млн. теңге) 125,5 млн.теңгеге немесе 1,2 %-ға көбейген.

Аудандық бюджеттің кірісі 2015 жылға 10 284,0млн.теңгеге жоспарланып, нақты  107363,2 млн.теңге түсіп немесе 100,8%-ды құраған.

2015 жылы аудандық бюжеттің түзетілген шығыстары 10693,7млн. теңгені құрап және 2014 жылмен салыстырғанда (10843,9  млн. теңге) 150,2 млн.теңгеге немесе 1,4% -ға азайған.

Есепті қаржы жылында іс-жүзіндегі шығыстар 2014 жылмен (10798,4 млн.теңге) салыстырғанда 1,1%-ға 120,3 млн. теңгеге азайып 10671,1млн.теңге көлемінде орындалған. Шығыстар құрылымында елеулі үлес шығындарға (10 273,8 млн. теңге) тиесілі, олар 2014 жылмен салыстырғанда (10382,8 млн.теңге) 109,0 млн.теңгеге немесе 1,04%-ға азайған.

                                                                                              Кесте – 1

2015 жылға аудан бюджетінің негізгі

 көрсеткіштерінің орындалысы

                                                                                                                      млн.теңге

 

п/п

Көрсеткіштер атауы

Бекітілген бюджет

 

Түзетілген бюджет

 

Нақты

Нақтыланған бюджетке айырмасы

(+/-)

% орынд

1

Кірістер

12528,1

 

10 284,0

10 363,2

79,2

100,8

2

Шығындар

12528,1

10296,5

10273,8

22,7

99,8

3

Бюджеттік кредиттер

330,0

330,0

330,0

0

100

4

Бюджеттік кредиттерді өтеу

67,3

67,3

73,2

2,7

108,7

5

Қаржы активтерін сатып алу

0

0

0

0

0

6

Қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0

0

0

0

0

7

Бюджет тапшылығы

-262,6

-275,1

-167,4

- 107,7

 

8

Есепті жыл соңына бюджет қаражатының қалдығы

 

 

107,7

 

 

 

 

 

1.1. АУДАН БЮДЖЕТІ КІРІСТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ

 

Есепті кезеңдегі жалпы түскен түсімдер сомасында кірістердің үлес салмағы – 96,3%, бюджеттік кредиттерді өтеудің үлес салмағы - 0,7%,  қарыздар түсімі – 3,0 % құрайды.

Кірістердің жалпы сомасында салықтық түсімдер 4239,3 млн.теңгені немесе 40,9%-ын құрайды, салықтық емес түсімдер – 29,0 млн.теңгені немесе 0,3 %, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер кірісі – 213,9 млн.теңге, немесе 2 %, трансферттер түсімі –5881,0 млн. теңге немесе 56,8 %.

Трансферттер түсімі – 5881,0 млн. теңгеге немесе 99,9%-ға орындалды.

 

1.1.1.       АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТКЕ ТҮСЕТІН САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ ЕМЕС ТҮСІМДЕРДІ ТАЛДАУ

 

Былтырғы жылмен салыстырғанда (4558,0 млн.теңге) салықтық түсімдер 318,8млн.теңгеге немесе 6,9 %-ға азайып 4239,2 млн.теңгені құраған,салықтық емес түсімдер (72,5 млн. теңге) 43,5 млн.теңгеге немесе 60%-ға (2,5 есеге) азайып 29,0 млн. теңгені құрады, ал трансферттер түсімдері (955,0 млн.теңге) 4926,0 млн. теңгеге немесе 6,1 есеге (515,8%) көбейіп 5881,0 млн. теңгені құрады.

Салықтық түсімдер бойынша жоспар 102%-ға орындалды, бастапқы бекітілген жоспар (3987,0 млн.теңге) 252,2 млн.теңгеге немесе 6,3%-ға көбейіп 4239,2 млн.теңгені құрап, аудандық бюджеттің кіріс бөлігінің толық орындалуына мүмкіндік жасады.

2015 жылғы салықтық түсімдердің негізгі үлесін меншікке салынатын салықтар - 1 708,4млн. теңге немесе 40,3 %,  табыс салығы – 1 370,1млн.теңге немесе 32,3%, әлеуметтік салық - 1 072,3 млн.теңге немесе 25,3%, тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар – 70,4млн.теңге немесе 1,7% құраған.

Жоспарланған меншікке салынатын салық 100,6 %-ға, табыс салығы – 103,2%-ға, әлеуметтік салық -102,6%-ға, тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар - 102,0%-ға орындалды.

Аудандық бюджетке салықтық емес төлем түсімдері жоспарға шаққанда 29,0 млн.теңге немесе 104,4% -ды құрады.

Салықтық емес төлемдер түсімінің жалпы көлемінің негізгі үлесін (69,6%) 20,2 млн. теңге көлемде мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер құрайды.

 

1.2.               АУДАН БЮДЖЕТІНІҢ ШЫҒЫСТАР БӨЛІГІНІҢ            ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ

 

2015 жылы аудандықбюджеттің түзетілген шығыстары бастапқы жоспарланған көлемнен (12925,5 млн.теңге) 2231,6 млн.теңгеге немесе 17,3%-ға азайып, 10693,7млн.теңгені құрады. Соның ішінде:

2015 жылы аудан бюджеті шығындарының орындалысы 10273,8 млн.теңгеге немесе 99,8%-ға орындалған, 22,7 млн.теңге игерілмеген.Оның ішінде даму бюджеті 3513,5 млн.теңге, ағымдағы бюджет 13787,3 млн.теңге.

2015 жылғы аудан  бюджетінің шығындары (2014 жылмен салыстырғанда 10 382,8 млн.теңге) 109,0 млн.теңгеге 1,04% азайды; бюджеттік кредиттер бойынша (2014 жылмен салыстырғанда 372 ,9млн.теңге) 72,9  млн.теңгеге 19,5% азайып,  330,0 млн.теңгені  құрап,  100%- ға орындалды. Қарыздарды өтеуде 2014 жылмен салыстырғанда (42,7 млн. теңге) 24,7 млн.теңгеге 57,8% көбейіп,  67,4 млн.теңгені құрап, 100%- ға орындалды. Қаржы активтерін сатып алуға шығындар жұмсалмаған.

Есепті кезеңде дебиторлық , кредиторлық қарыз орын алмаған.

 

1.2.1. АУДАН БЮДЖЕТІ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ

 

Есепті кезеңде функционалдық топтар тұрғысынан нақтылаумен түзетулер барысында жалпы бюджет шығындарының өсуімен қатар жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қарастырылған бастапқы бекітілген қаржысы төмендеген.        

Аудандық бюджеттің шығындар бөлігі 5 функционалдық топ бойынша азайып, 9 функционалдық топ бойынша көбейген.

Жылдық бекітілген шығындар қосымша жалғанған кестеде көрсетілген функционалдық топтар бойынша орындалған:       

Кесте 2

Аудан бюджетінің 2015 жылғы қаржыландыру бағыттары

 бойынша орындалысы

млн. теңге

Функционалдық топ атауы

Бекітілген бюджет

Нақтыланған бюджет

Орындалысы

Нақты

Түзетілген %,

Шығындар:

12528,1

10296,5

10273,8

99,8

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

581,6

343,6

343

99,8

Қорғаныс

14,5

10,1

10,1

99,9

Қоғамдық тәртіп,қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

5,5

12,9

12,9

100

Білім беру

6808,7

6163,9

6153,4

99,8

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

469,3

521,0

520,7

99,9

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы

3954,3

2081,4

2072,8

99,6

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

146,1

215,4

215,2

99,9

Жылу- энергетикалық кешені және жерқойнауын пайдалану

0

1,1

1,1

100

Ауыл, су,орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

172,7

146,7

146,2

99,6

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

23,4

23,8

23,7

99,4

Көлік және коммуникация

266,7

274,3

272,5

99,4

Басқалар

85,3

457,4

457,3

100

Борышқа қызмет көрсету

0,06

0,09

0,09

100

Трансферттер

0

44,9

44,9

100

 

 

Қаржы көлемінің көп бөлігі: білім беруге – (59,9%), тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына – (20,1%) жұмсалған.

Қаржының 100% игерілуі 4 функционалдық топ бойынша қамтамасыз етілген, 9 функционалдық топ бойынша       қаржы толық игерілмеген. 

Есепті кезең қорытындысымен шығындар бойынша 22,7 млн.теңге игерілмеген.Шығындардың  игерілмеуі - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет Кодексінің (одан әрі –Бюджет Кодексі) 101-бабы 4-тармағының  -  бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысын мониторингін жүргізу –талабының өз дәрежесінде сақталмағанын көрсетеді.

 

1.2.2. БЮДЖЕТ КРЕДИТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ӨТЕЛУІНЕ  ТАЛДАУ

 

         Бюджеттен бөлінген барлығы 330,0 млн. теңге бюджеттік кредиттер  толық жұмсалып,  100% орындалды.

Бюджеттік кредиттерді өтеуде жоспарланған 67,4 млн. теңгенің орындалысы 73,2 млн. теңгені құрады.  5,9 млн. теңгеге артық орындалу  себебі, мамандардың бюджеттік кредиттерді уақытынан бұрын толық қайтаруынан орын алған.

2015 жылы бюджеттік кредиттер: тұрғын-үй сатып алуға, ауылдық елді мекендерге жұмыс жасауға және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек беру шараларына бағытталған.

 

1.2.3. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІН САТЫП АЛУҒА ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫ ТАЛДАУ

 

Қаржы активтерін сатып алуға  шығындар жұмсалмаған.

Заңды  тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға инвистиция бөлінбеген.

 

1.3. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗІ

 

2015 жылға аудандық бюджет профициті (тапшылығы)  262,6 млн. теңге көлемінде бекітілді. Нақтылау мен түзетулердің нәтижесінде бюджет профициті (тапшылығы) 275,1 млн. теңгені құрап, 12,5 млн. теңгеге өскен.

Есепті кезең соңында – 167,4 млн. теңге көлемінде бюджет профициті пайда болған.

Жыл соңында профицитті пайдаланудың нақты сомасы 167,4 млн.теңгені, қарыздарды өтеу 67,4 млн.теңгені, бюджет қаражатының пайдаланылған қалдықтарының сомасы 95,2 млн.теңгені құраған, бюджет қаражатының қалдығы жыл басында – 12,4 және есепті кезеңнің соңында 107,6 млн. теңгені құраған.

 

II. БӨЛІМ. АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН  БАҒАЛАУ

 

2015 жылғы аудандық бюджеттің орындалысын бағалау, Қазақстан Республикасының бюджет заңдылықтарына сәйкестігі және бюджет қаражатын тиімді пайдалануын бағалау бойынша, бақылау материалы мен талдау іс-шаралары негізінде жүргізілді.

 

2.1. «2015-2017 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ» АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ШЕШІМІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН БАҒАЛАУ

 

Бес рет мәслихат сессиясының шешімімен нақтыланған бюджет көрсеткіштері, 2015-2017 жылдарға бекітілген аудандық бюджеттің, бастапқы бюджеттік көрсеткіштеріне қарағанда анағұрлым өзгерген.   

Есепті кезеңде аудандық бюджет көрсеткіштері бес рет нақтыланды, 4 рет түзетілді. Мұнайлы аудандық мәслихатының шешімімен енгізілген өзгерістер нәтижесінде 2015 жылы аудандық бюджет кірістері бастапқыдан 2244,1млн.теңгеге азайып, 10284,0 млн.теңгені құраған, ал шығындары  2231,6  млн. теңгеге азайып, 10296,5  млн.теңгені құраған.

Алайда, енгізілген өзгертулерге қарамастан, нақтыланған және түзетілген жоспарлы көрсеткіштері, бюджет құрылымының жекеленген бөлімдері бойынша орындалмаған.

Кіріс бөлігі бойынша жекеленген көрсеткіштерінің орындалмауы және бюджет қаражатының игерілмеуі, бюджеттің орындалысында жеткілікті мониторингтің жоқтығын көрсетті.

«2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихат сессиясы шешімінің жекеленген тармақтары орындалмаған. Атап айтқанда:

-трансферттік түсімдер бойынша жоспарланған 5886,5 млн.теңгенің орындалысы - 5881,0 млн.теңгені немесе 99,9 %-ды құрады;

-10296,5млн.теңге мөлшерінде жоспарланған шығындардың, орындалысы 10273,8млн.теңгені немесе 99,8% құрады.

Жергілікті атқарушы органдармен республикалық бюджеттен бөлінген даму трансферттері және нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалануда, бюджет жүйесінің негізділік, нәтижелілік принциптерінің  нормалары өз дәрежесінде сақталмаған.                          

2.2. НЫСАНАЛЫ ТРАНСФЕРТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ, ОНЫҢ ІШІНДЕ БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ

 

2015 жылы аудандық бюджет кірістерінің жалпы көлеміне келіп түскен трансферттердің үлес салмағы 56,7 % немесе 5881,0 млн. теңгені құрады. Оның ішінде ағымдағы мақсатты трансферттер – 1749,1,0 млн. теңге, даму нысаналы трансферттері – 3441,6 млн.теңге, облыстық бюджеттен ауданға 690,3млн. теңге субвенция бөлінген. 

Жалпы бөлінген 5886,5 млн. теңгеге нысаналы трансферттердің орындалысы 5881,0 млн. теңгені немесе жоспарға шаққанда 99,9 %-ды  құраған, ағымдағы бюджет – 658,3 млн.теңге, даму бюджеті – 1921,6 млн.теңге.

Соның ішінде, республикалық бюджет есебінен үш деңгейлі жүйеде білімдерін жетілдірілген мұғалімдердің еңбекақысын өсіруге бөлінген 73,8 млн. теңге ағымдағы мақсатты трансферттердің орындалысы 68,3 млн.теңге құраған,5,5 млн. теңге жоспарланған трансферт аудан бюджетіне келіп түспеген.    Трансферттер түсімі бойынша жоспарланған көрсеткіш орындалмаған.  Сонымен қатар, есепті кезеңде республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің 22,7 млн.теңгесі игерілмеген, оның ішінде 5,8 млн.теңгесі- ағымдағы нысаналы трансферттер - үнемделген қаржы, 16,9 млн.теңгесі даму нысаналы трансферттері.

Қаржы бөлімінің  ақпараттары бойынша, даму нысаналы трансферттердің басым бөлігі ауылдық елді мекендердегі су құбырларын және  су жүйесімен қамтамасыз етуге, дамытуға жұмсалған. Аймақтардағы тұрғын-үй массивтерін электр энергиясымен жабдықтау, газдандыру, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жайластыру жұмыстарына бөлінген қаржаттың 8,0 млн. теңгесі мемлекеттік сатып алу конкурстарының кеш жүргізілуіне байланысты және білім бөлімінде күрделі шығыстар бойынша тауарлардың уақытылы жеткізілмеуіне байланысты 2,7 млн. теңге игерілмеген, қалған 6,2 млн. теңгесі - үнемделген қаржы.

Аудан бюджетінің кіріс және шығын бөліктерінің толық орындалмауы - нысаналы трансфеттердің көлемін жоспарлауда және жергілікті деңгейде бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бюджетті орындауда, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігінің төмендігін көрсетеді. Ал, Бюджет кодексінің 4-бабымен, бюджетжобасынақандайдаболсынтүсімдердінемесешығыстардыенгізуқажеттігінжәнеолардыңкөлемдерініңнегіз ділігінайқындайтыннормативтікқұқықтықактілержәнебасқадақұжаттарнегізіндебюджеттіжоспарлаукөзделген.

 

2.3. ЖҮРГІЗІЛГЕН БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ, БАҚЫЛАУ ІС-ШАРАЛАРЫ БӨЛІГІНДЕ

 

Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясымен 2015 жылы   Мұнайлы ауданы әкімдігінің «Маңғыстауэнерго» мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорнына жүргізілген тексерумен жалпы сомасы 385 393,4 мың теңгеге  Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің бұзушылықтары анықталды. Атап айтқанда,

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.06.2011 жылғы №673 қаулысымен бекітілген«Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидасының» 4,5,6-тармақтары бұзылып, даму жоспарында кәсіпорынның қызметiн сипаттайтын мақсаттары, нәтижелер көрсеткіштері, тікелей және түпкілікті көрсеткіштері қамтылмаған, жергілікті атқарушы орган тарапынан кәсіпорынға Мұнайлы ауданын дамыту бағдарламасында көрсетiлген мақсаттары мен міндеттерін орындау бойынша кәсіпорынның қызметiн сипаттайтын сандық өлшенетін түйiндi көрсеткiштері жеткiзілмеген,  2013 – 2014 жылдардың Даму жоспарына түсіндірме жазбалары жасақталмаған.

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының 8 бабының талабы бұзылып, Кәсіпорнының Есеп саясаты жасалмаған.

- Жалпы сомасы 742,0 мың теңгені құрайтын пайдалануға жарамсыз 2 автокөлік бірлігі  бүгінгі күнге дейін есептен шығарылмай, олар бойынша 40,0 мың теңге автокөлік салығы төленген. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының 01.03.2011 ж. «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-бабының 4-тармақшасының талаптары сақталмай, мемлекеттік мүліктердің тиімсіз қолданылуы орын алып отыр. 

-Мемлекеттік сатып алу Заңының 8.5–бабының талабы бұзылып, Кәсіпорын мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарымен қарастырылмаған  жағдайдарда жалпы сомасы 384 651,4 мың теңгеге тауарлар сатып алынған.

Сонымен қатар, Заңның  3.3-бабының талабы бұзылып, мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін теңдей мүмкіндік берілмей,   әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік қағидаттары сақталмай, жалпы сомасы 160 457,3 мың теңгеге негізсіз бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алулар жүргізілген.

Маңғыстау облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясына лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға бақылау материалы жолданып, 1 адамға 198,2 мың теңгеге айыппұл салынды. 

 

 

ІІІ БӨЛІМ. МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ АУМАҒЫНЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ТАЛДАУ

 

3.1. Аумақтың Даму бағдарламасының жүзеге асырылуын талдау.

Мұнайлы ауданының  2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасы Мұнайлы аудандық маслихатының 2011 жылғы 18 ақпанындағы № 33/334 шешімімен  бекітілген.

Мұнайлыаудан аумағының 2011-2015 жылдарға арналған Дамубағдарламасының "Экономика" бағытының 4 мақсатты индикаторлары бойынша:

«Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексінің» жоспарланған 94,2% көрсеткішінің орындалысы – 89,8 %,

 «Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексінің» жоспарланған 221,6% көрсеткішінің орындалысы – 108,3 %,

«Жалпы өңірлік өнімнің негізгі капиталына инвестициялар үлесінің» көрсеткіші 159 % -ға жоспарланғанымен орындалмаған, орындалмау себебі атап көрсетілмеген.

«Негізгі капиталға қосылған инвестиция көлемі» жоспарланған 58 % көрсеткішінің орындалысы 30,8%- ды құрап нәтижелерге қол жеткізілмеген, сондай –ақ,  жауапты орындаушылары аталып көрсетілмеген.

«Әлеуметтік саланы дамыту» бағыты бойынша 3 индикатор «Ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі», «Күн көріс деңгейінің шамасы және «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санындағы)» көрсеткіштерінде ақпарат көздері көрсетілмеген, нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 10.10.2014 жылғы №50 «Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі»  Әдістемесінің 40- тармағы сақталмаған, яғни әрбір нысаналы индикатор үшін ақпарат көздері мен деректер жинау құралдары айқындалмаған.

 

IV БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ

 

2015 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуын бағалау бойынша, мемлекеттік активтерінің  пайдаланалуына, Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен жүргізілген бақылау-талдау шараларының нәтижелері осы бөлімде ұсынылған қорытындыда көрсетілген.

 

4.1. ҚОРЫТЫНДЫ

 

1.Аудандық бюджеттің 2015 жылға арналған басты параметрлері  5 рет нақтыланып, 4 рет түзетілсе де,  бюджет құрылымының жекеленген бөлімдері бойынша орындалмаған.

2.Есепті жылы шығыстардың жекелеген көрсеткіштерін нақтылау мен түзету аясында бюджет шығыстарының құрылымы функционалдық және экономикалық сипаттамалар бойынша едәуір өзгерген. Аудандық бюджетті нақтылау кезінде  шығындар 2231,6 млн.теңгеге азайтылғанмен, 22,7 млн.теңге игерілмей қалған. Дегенмен, төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістермен толықтыруларды енгізуде уақытылы шешім қабылдағанда, сондай-ақ бюджеттік қаражатты бюджеттік бағдарламалар бойынша қайта бөлгенде бюджет қаражатының толық игерілуін қамтамасыз ету мүмкіндігі болар еді.

3. 2015 жылы бөлінген қаржының 100% игерілуі тек 4 функционалдық топ бойынша қамтамасыз етілген, 9 функционалдық топ бойынша қаржы толық игерілмеген.        

4.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының тексеру нәтижелері коммуналдық меншікті басқаруда жергілікті атқарушы орган тарапынан да, квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан да заңнама талаптары жеткілікті дәрежеде сақталмағанын көрсетті.

5.Мұнайлы ауданының 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасын жасақтауда тиісті заңнама талаптары өз деңгейінде сақталмаған, атап айтқанда: әрбір нысаналы индикатор үшін ақпарат көздері мен деректер жинау құралдары айқындалмаған, жауапты орындаушылары аталып көрсетілмеген.

6.Мұнайлы ауданының 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасымен көзделген 70 мақсатты индикатордың 9 –ның нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген.

 

4.2. ҰСЫНЫСТАР

 

1.  Аудандық  жоспарлау және атқару бойынша жергілікті уәкілетті органға:

          -өңірдің аумақтық даму бағдарламасын жасақтауда тиісті заңнама талаптарын сақтау,

 -өңірдің аумақтық даму бағдарламасының  тікелей және соңғы нәтижесі бойынша қол жеткізуде мүдделі мемлекеттік органдардың және шаруашылық  субьектілердің жұмыстарын үйлестіру, сондай-ақ көзделген мақсатты индикаторларға қол жеткізу бойынша жұмыстарын күшейту;

 -бюджеттік мониторингті және бюджет ақшасын басқару бөлігінде, Бюджет кодексінің нормаларын қатаң басшылыққа алу;

-бюджет заңнамаларының сақталуына, нысаналы трансферттерді пайдалануда, оның түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуіне және жүзеге асыру мерзімдерінің сақталуына бақылауды күшейту;

-аудандық  коммуналдық меншікті басқару тиімділігін арттыру,мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарда жергілікті бюджет қаражатының және мемлекет активтерінпайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз ету тапсырылсын.

2)Аудандық  жоспарлау және атқару бойынша жергілікті уәкілетті органға және бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне:

 -Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының тексеру нәтижелерімен анықталған бюджеттік және мемлекеттік сатып алу заңнамаларының бұзушылықтары бойынша тиісті шаралар алынуын қадағалау;

          -аудандық бюджетті жоспарлау  және орындау кезінде нормативтік-құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

 

 

Маңғыстау облысы бойынша

Тексеру комиссиясының мүшесі                                      А.Нурбосынова         

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы