19/05/2024  Жексенбі

 

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

Түпқараған ауданының 2015 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Есебі

(жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтау2016

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ………………………………………………………………………...

2

 

I БӨЛІМ. АУДАНДЫҚ  БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ.......

3

1.1.

Аудандық бюджет кірістерінің орындалысын талдау ……………….

4

1.1.1.

Аудандық бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерін талдау………………...……………………………………………….……

4

1.2.

Аудандық  бюджет шығыстар бөлігінің орындалысын талдау……

5

1.2.1.

Аудандық бюджет шығындарының орындалысын талдау.........………

6

1.2.2.

Бюджет кредиттерінің пайдаланылуынжәне өтелуін талдау…...............

8

1.2.3.

Мемлекеттің қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған шығындарын талдау…….......................................................................................................

9

1.3.

Бюджет тапшылығын және олардың қаржыландыру көздерін талдау.....

9

IIБӨЛІМ. АУДАН  БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН БАҒАЛАУ..........

 

10

2.1.

«2015-2017жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Аудандық мәслихат сессиясы шешімінің орындалысын бағалау............................

10

2.2.

 

Нысаналы трансферттердің тиімді пайдаланылуын бағалау, оның ішінде бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы..............

11

2.3.

Жүргізілген бақылаулардың негізгі нәтижелері бақылау іс-шараларының тізілімінде...............................................................................

12

ІІІ БӨЛІМ. ЖЕКЕ БАҒЫТТАР БОЙЫНША БАҚЫЛАУ ТИІМДІЛІГІ МЕН НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ...........................................................................14

3.1. Аумақты дамыту бағдарламасының орындалысын талдау.................................................................................................................     14

IV БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ...............…………………………………………

15

4.1.

Қорытынды……………………………………………………..........…..

15

4.2.

Ұсыныстар…………….……...………………………………………....

16

 

 

Кіріспе

 

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы №392 санды  «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 29-бабынасәйкес 2015 жылға аудандық бюджеттiң орындалуы бойынша жергiлiктi атқарушы органның есебіне  қорытынды - есеп дайындалды (Бұдан әрі - Есеп).

Бірінші бөлімде аудандық бюджеттің орындалысына талдау ұсынылған. Онда кірістер түсімдеріне, салықтық және салықтық емес түсімдерге, шығыстар орындалысына, бюджеттік кредиттерді пайдалану және өтеуге, мемлекеттің қаржы активтерін сатып алу және сату, бюджет тапшылығына және оны қаржыландыру көздеріне жасалған талдау деректері көрсетілген.

Екінші бөлімдебюджет жүйесінің принциптеріне сәйкестігіне,  аудандық мәслихаттың «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық маслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №27/189 шешімімен бекітілген 2015 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалысына баға берілген.

Үшінші бөлімде Аумақты дамыту бағдарламасының орындалысына берілген баға қорытындысы көрсетілген.

Төртінші бөлім Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік активтерді және бюджет қаржысын басқару тиімділігін арттыру бойынша, бюджет заңдылықтарын сақтауда бақылауды күшейтудегі негізгі қорытындылары мен ұсынымдарын қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 

І БӨЛІМ. АУДАН БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ

 

2015 жылы аудандық бюджеттің түсімі 6077,2 млн.теңгені құрады және2014 жылмен салыстырғанда (5691,3 млн. теңге) 385,9 млн.теңгеге немесе 6,8%-ға көбейген.

Аудандық бюджеттің кірісі 2015 жылға 6051,9млн.теңгеге жоспарланып, нақты  6055,9 млн.теңге түсіп немесе 100,1%-ды құраған.

2015 жылы аудандық бюжеттің түзетілген шығыстары 6309,7 млн. теңгені құрап және 2014 жылмен салыстырғанда (5542,3 млн. теңге) 767,4 млн.теңгеге немесе 13,8% -ға көбейген.

Есепті қаржы жылында іс-жүзіндегі шығыстар 2014 жылмен (5538,9млн.теңге) салыстырғанда 756,3 млн теңгеге немесе 13,6%-ға ұлғайып, 6295,2 млн.теңге көлемінде орындалған.Шығыстар құрылымында елеулі үлес шығындарға (6270,6 млн. теңге) тиесілі, олар 2014 жылмен салыстырғанда (5524,7 млн.теңге) 745,9 млн.теңгеге немесе 13,5%-ға көбейген.

                                                                                              Кесте – 1

2015 жылға аудан бюджетінің негізгі

 көрсеткіштерінің орындалысы

                                                                                                                      млн.теңге

 

п/п

Көрсеткіштер атауы

Бекітілген бюджет

 

Түзетілген бюджет

 

Нақты

Нақтыланған бюджетке айырмасы

(+/-)

% орынд

1

Кірістер

6017,5

6051,9

6055,9

4

100,1

2

Шығындар

6017,5

6285,1

6270,6

14,5

99,8

3

Бюджеттік кредиттер

29,7

20,6

20,6

0

100

4

Бюджеттік кредиттерді өтеу

4,0

4,0

6,6

2,6

166,1

5

Қаржы активтерін сатып алу

0

0

0

0

0

6

Қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0

0

0

0

0

7

Бюджет тапшылығы

-25,7

-249,9

-228,7

- 21,2

 

8

Есепті жыл соңына бюджет қаражатының қалдығы

 

 

21,2

 

 

 

Есепті кезеңде аудан  бюджетінің орындалу тиімділігіне белгілі дәрежеде әсер еткен кемшіліктер мен мәселелер, аудандық бюджеттің түсімдер мен шығыстар орындалысын талдау нәтижесінің тиісті бөлімдерінде ұсынылған.

 

1.1. АУДАН БЮДЖЕТІ КІРІСТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ

 

Есепті кезеңдегі жалпы түскен түсімдер сомасында кірістердің үлес салмағы – 99,7%, бюджеттік кредиттерді өтеудің үлес салмағы - 0,1%,  қарыздар түсімі – 0,2 % құрайды.

Кірістердің жалпы сомасында салықтық түсімдер 3919,1 млн.теңгені немесе 64,7%-ын құрайды, салықтық емес түсімдер (- 44,7) млн.теңгеге орындалмаған, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 68,8 млн.теңге немесе 1,1%, трансферттер түсімі – 2112,7 млн. теңге немесе 34,7 %.

Трансферттер түсімдері (955,0 млн.теңге) 1157,7 млн. теңгеге немесе 2,2 есеге (121,2%) көбейіп 2112,7 млн. теңгені құрап, 99,4%-ға орындалды.

 

1.1.1.       АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТКЕ ТҮСЕТІН САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ ЕМЕС ТҮСІМДЕРДІ ТАЛДАУ

 

Жалпы түскен кірістер сомасында салықтық түсімдер үлесі 3919,1 млн.теңге немесе 64,7 %, салықтық емес түсімдер – (-44,7) млн.теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 68,8 млн.теңге немесе 1,1%, трансферттер түсімі – 2112,7млн.теңге немесе 34,7 % - ды құрады.

Былтырғы жылмен салыстырғанда (4557,9 млн.теңге) салықтық түсімдер 638,8 млн.теңгеге немесе 14,0 %-ға азайып,  3919,1  млн.теңгені құраған,салықтық емес түсімдер (-916,9 %) –ға немесе (- 44,7) млн. теңгеге орындалмаған. (2014 жылы 72,4 млн. теңге түскен). Орындалмау себебі - республикалық бюджет есебінен 2014 жылы игерілмеген нысаналы  трансферттердің қайтарылуы 2015 жылы салықтық емес түсімдер есебінен жүргізілген.Салықтық түсімдер бойынша жоспар 101,7%-ға орындалды, бастапқы бекітілген жоспар (4307,1 млн.теңге) 452,5 млн.теңгеге немесе 10,5%-ға азайып 3854,6 млн.теңгені құрап, аудандық бюджеттің кіріс бөлігінің толық орындалуына мүмкіндік жасады.

2015 жылғы салықтық түсімдердің негізгі үлесін олардың жалпы көлемінде меншікке салынатын салықтар - 3361,1 млн. теңге немесе 85,8  % құрады,  табыс салығы - 255,3 млн.теңге немесе 6,5 %, әлеуметтік салық - 171,2млн.теңге немесе 4,3%, тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар – 127,7 млн.теңге немесе 3,2% құраған.

Жоспарланған меншікке салынатын салықтар 101,3%-ға, табыс салығы 104,3 %-ға, әлеуметтік салық –104,8%-ға орындалды.

Аудандық бюджетке жоспарланған салықтық емес төлем түсімдері 8,5 млн. теңгеге жоспарланып, 4,9 млн.теңгеге түзетілгенімен жыл соңында  орындалмаған,  яғни орындалысы (-44,8) млн.теңгені немесе (-916,9%) құраған.

Салықтық емес түсімнің орындалмауының басты  себеб і- республикалық бюджеттен түскен қайтарылуға тиісті 53,2 млн.теңгені құрайтын қаржы, өткен жылы  жергілікті бюджеттің салықтық емес түсімдер кодына түсіп, республикалық бюджетке қайтарылмаған. 2015 жылы Есеп комитетімен жүргізілген бақылау нәтижесімен негізсіз түскен 53,2 млн. теңге республикалық бюджетке кері қайтарылған. 

Салықтық емес түсімдер бойынша жеткілікті түрде талдаудың жүргізілмеуі, Қазақстан Республикасының 04.12.2008 жылғы № 95 IV Бюджет кодексінің (одан әрі –Бюджет кодексі) 101- бабының сапалы мониторинг, бюджет ақшаларын басқару бөлігінде нормаларының өз дәрежесінде  сақталмауы, 2015 жылғы салықтық емес түсімдердің орындалмауына әсерін тигізген.

 

1.2.               АУДАН БЮДЖЕТІНІҢ ШЫҒЫСТАР БӨЛІГІНІҢ            ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ

 

2015 жылы аудандықбюджеттің нақтыланған шығыстары бастапқы жоспарланған көлемнен (6051,2млн.теңге) 244,0 млн.теңгеге немесе 4%-ға көбейіп, 6295,2млн.теңгені құрады. Соның ішінде:

2015 жылы аудандықбюджеттің шығындар бойынша төленген міндеттемелері 6270,6 млн.теңгеге немесе 99,8%-ға орындалған. Оның ішінде даму бюджеті 4032,6 млн.теңге, ағымдағы бюджет 5207,7 млн.теңге.

2015 жылғы аудандық бюджеттің шығындар бойынша төленген міндеттемелері 6270,6 млн.теңгені немесе түзетілген бюджетке 99,8 %-ды құрады  (2014 жылмен салыстырғанда (5524,7млн.теңге) 745,9 млн.теңгеге немесе 13,5%  көбейді,бюджеттік кредиттер бойынша 100%-ға орындалып, 20,6 млн.теңгені құрады. Қаржы активтерін сатып алуға шығындар жұмсалмаған.

Аудан бюджеті бойынша бөлінген қаражат 99,8% -ға игерілген, 14,6 млн. теңге (0,2%-ы) игерілмеген.

Есепті кезеңде дебиторлық , кредиторлық қарыз орын алмаған.

 

1.2.1. АУДАН БЮДЖЕТІ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ

 

Есепті кезеңде функционалдық топтар тұрғысынан нақтылаумен түзетулер барысында жалпы бюджет шығындарының өсуімен қатар жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қарастырылған бастапқы бекітілген қаржысы төмендеген.        

Аудандық бюджеттің шығындар бөлігі 6 функционалдық топ бойынша азайып, 7 функционалдық топ бойынша көбейген.

Жылдық бекітілген шығындар қосымша жалғанған кестеде көрсетілген функционалдық топтар бойынша орындалған:       

Кесте 2

Аудан бюджетінің 2015 жылғы қаржыландыру бағыттары

 бойынша орындалысы

млн. теңге

Функционалдық топ атауы

Бекітілген бюджет

Нақтыланған бюджет

Орындалысы

Нақты

Түзетілген %,

Шығындар:

6017,5

6285,1

6270,6

99,8

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

302,6

435,7

435,7

100

Қорғаныс

7,4

7,9

7,9

100

Қоғамдық тәртіп,қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

 

5,5

5,4

99,6

Білім беру

2611,6

2482,7

2470,2

99,5

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

178,0

210,0

209,6

99,8

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы

1636,8

2315,8

2314,9

100

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

176,6

181,6

181,6

100

Ауыл, су,орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

69,7

72,7

72,5

99,7

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

13,7

13,5

13,2

97,8

Көлік және коммуникация

643,2

366,2

366,2

100

Басқалар

67,8

47,4

47,4

100

Борышқа қызмет көрсету

0,01

0,01

0,01

100

Трансферттер

310,1

146,0

146,0

100

 

 

Қаржы көлемінің басым бөлігі: білім беруге – (39,4%), тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына – (36,9%) жұмсалған.

Қаржының 100% игерілуі 8 функционалдық топ бойынша қамтамасыз етілген, 5 функционалдық топ бойынша қаржының толық игерілуі қамтамасыз етілмеген, оның ішінде басым бөлігі білім беру саласында орын алған, яғни 99,5%-ға орындалып, 12,5 млн. теңге игерілмеген. Үш деңгейде білімін жетілдірілген 146 мұғалімнің еңбекақысын өсіру, жоспарланған, нақты 109 мұғалімге еңбекақы төленген.

Қаржы бөлімінің мәліметтеріне сәйкес, бюджет қаржысының игерілмеуінің негізгі себептері: бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаны тиімсіз басқаруы (конкурстық рәсімді уақытында жүргізбеу, өткізу мерзімін ауыстыру, жеткізушінің келісім шарт талабын орындамауы,  орындалған жұмыстың актілерін, шот-фактураны төлеуге әкелмеуі), қаражатты  жоспарлаудың сапасыздығы (бюджет қаражатына сұраныстың болмауы) және жоспарланғанға қарсы бюджет қаражатын алушылардың санының нақты кемуі болып табылады.

Сондай-ақ,        бюджеттің атқарылуы бойынша жүргізілген талдау нәтижесінде бюджеттік мониторингтің тиісті деңгейде жүргізілмегендігі анықталды.Атап айтқанда, аудан бюджетінің орындалысы туралы есебіне сәйкес, барлық жоспарланған 6070,5 млн.теңге  түсімдерінің  орындалысы 6077,1 млн.теңгені құрады, оның ішінде жоғарыда аталғандай, республикалық бюджетке салықтық емес түсімдер есебінен қайтарылуы тиіс 53,2 млн. теңге (салықтық емес түсімдердің (-44,7) млн.теңгеге орындалмауы) салықтық түсімдердің 64,5 млн.теңгеге артық орындалуы есебінен жабылған. Сондай-ақ, негізгі капиталды сатудан түсетін түсім 1,4 млн. теңгеге, бюджетттік кредиттерді өтеудегі түскен түсім 2,6 млн.теңгеге артық орындалған.       

Ал шығындар бөлігі  100%-ға  игерілген жағдайда, яғни 14,6 млн.теңге қалдық қалмаған жағдайда, сондай-ақ, түсімдер құрамында салықтық түсімдердің 64,5 млн.теңгеге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсім 1,4 млн. теңгеге, бюджетттік кредиттерді өтеуден түскен 2,6 млн.теңгеге артық орындалмаған жағдайда, аудандық бюджеттің шығыс бөлігі толық көлемде орындалмас еді. Яғни, бюджеттің шығыс бөлігін орындауда, 61,9 млн. теңгеге аудандық бюджет  тапшылығы  орын алған болар еді.

        

1.2.2. БЮДЖЕТ КРЕДИТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ӨТЕЛУІНЕ  ТАЛДАУ

 

 

         Бюджеттен бөлінген барлығы 20,6 млн. теңге бюджеттік кредиттер  толықтай 100% орындалды.Қаржы  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мы Маңғыстау филиалы арқылы пайдаланылған.

Бюджеттік кредиттерді өтеуде жоспарланған 4,0 млн. теңгенің орындалысы 6,6 млн. теңгені құрады.  2,6 млн. теңгеге артық орындалу  себебі, мамандардың бюджеттік кредиттерді уақытынан бұрын толық қайтаруынан орын алған.

2015 жылы бюджеттік кредиттер: тұрғын-үй сатып алуға, ауылдық елді мекендерге жұмыс жасауға және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек беру шараларына бағытталған.

 

1.2.3. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІН САТЫП АЛУҒА ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫ ТАЛДАУ

 

Қаржы активтерін сатып алуға  шығындар жұмсалмаған.

Заңды  тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға инвистиция бөлінбеген.

 

1.3. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗІ

2015 жылға аудандық бюджет профициті (тапшылығы)  25,7 млн. теңге көлемінде бекітілді. Нақтылау мен түзетулердің нәтижесінде бюджет профициті (тапшылығы) 249,9 млн. теңгені құрап, 224,2 млн. теңгеге өскен.

Есепті кезең соңында - 228,7 млн. теңге көлемінде бюджет профициті пайда болған.

Жыл соңында профицитті пайдаланудың нақты сомасы 228,7 млн.теңгені, қарыздарды өтеу 14,7 млн.теңгені, бюджет қаражатының пайдаланылған қалдықтарының сомасы 218,0 млн.теңгені құраған, бюджет қаражатының қалдығы жыл басында – 239,2 және есепті кезеңнің соңында 21,2 млн. теңгені құраған.

 

II. БӨЛІМ. АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН  БАҒАЛАУ

 

2015 жылғы аудандық бюджеттің орындалысын бағалау, Қазақстан Республикасының бюджет заңдылықтарына сәйкестігі және бюджет қаражатын тиімді пайдалануын бағалау бойынша, бақылау материалдарымен талдау іс-шаралары негізінде жүргізілді.

 

2.1. «2015-2017 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ» АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ШЕШІМІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН БАҒАЛАУ

 

Төрт рет мәслихат сессиясының шешімімен нақтыланған бюджет көрсеткіштері, 2015-2017 жылдарға бекітілген аудандық бюджеттің, бастапқы бюджеттік көрсеткіштеріне қарағанда анағұрлым өзгерген.    

Есепті кезеңде аудандық бюджет көрсеткіштері төрт рет нақтыланып, 2 рет түзетілген. Түпқараған аудандық мәслихатының шешімімен енгізілген өзгерістер нәтижесінде 2015 жылы аудандық бюджет кірістері 38,4 млн.теңгеге көбейіп, 6051,9 млн.теңгені құраған, ал шығындары  233,6 млн. теңгеге көбейіп, 6285,1 млн.теңгені құраған, бюджеттік кредиттер 9,1 млн. теңгеге азайып, 20,6 млн.теңгені құраған,  бюжеттік кредиттерді өтеуде 3,9 млн. теңгеге жоспарланып, орындалысы 3,9 млн.теңгені құраған.

Алайда, енгізілген өзгертулерге қарамастан, нақтыланған және түзетілген жоспарлы көрсеткіштері, бюджет құрылымының жекеленген бөлімдері бойынша орындалмаған.

 «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихат сессиясы шешімінің жекеленген тармақтарының орындалмауынан бюджет жүйесінің нәтижелілік және негізділік принциптерінің сақталмауына жол берілген. Атап айтқанда:

- салықтық емес түсімдер бойынша жоспарланған 4,8 млн.теңгенің орындалысы (–44,7)  млн.теңгені немесе (-916,9 %) -ды құрады;

- трансферттік түсімдер бойынша жоспарланған 2125,0 млн.теңгенің орындалысы – 2112,7 млн.теңгені немесе 99,4 %-ды құрады;

- 6285,1млн.теңге мөлшерінде жоспарланған шығындардың, орындалысы 6270,5млн.теңгені немесе 99,8% құрады,

бюджеттік кредиттерді  өтеуде жоспарланған 4,0 млн.теңгенің орындалысы  – 6,6 млн.теңге, немесе 166,1%-ға асыра орындалды.                       

2.2. НЫСАНАЛЫ ТРАНСФЕРТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ, ОНЫҢ ІШІНДЕ БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ

 

2015 жылы аудандық бюджет кірістерінің жалпы көлеміне келіп түскен трансферттердің үлес салмағы 34,9 % немесе 2112,7 млн. теңгені құрады. Оның ішінде ағымдағы мақсатты трансферттер – 665,9 млн. теңге, даму нысаналы трансферттері – 1156,6 млн.теңге, облыстық бюджеттен ауданға 290,2 млн. теңге субвенция бөлінген. 

Республикалық бюджеттен жалпы сомасы 1066,8 млн. теңгеге нысаналы трансферттер бөлінген, оның ішінде ағымдағы бюджет - 416,9 млн. теңге, даму бюджеті - 649,9 млн.теңге. Орындалысы 1053,9 млн. теңгені немесе жоспарға шаққанда 98,8 %-ды құраған, игерілмегені 12,9 млн.теңге, оның ішінде:

-             білім бөліміне бөлінген қаражаттың – 12 ,3 млн. теңгесі игерілмеген, үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен 146 мұғалімнің еңбекақысын көтеруге ағымдағы нысаналы трансферттер  жоспарланған, нақты біліктілігін арттырудан өткен 109 мұғалімге көтеріңкі еңбекақы төленген.

   -нысаналы ағымдағы трансферттер – «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасымен бөлінген субсидияның 0,2 млн. теңгесі игерілмеген, 3 отбасының көшіп - қонуының шығындарын өтеу жоспарланып, нақты 2 отбасы көшіп келген.       

         Облыстық бюджеттен жалпы сомасы 909,4 млн. теңге бөлініп, игерілгені 908,2 млн. теңге, оның ішінде ағымдағы бюджет – 260,8 млн. теңге, даму бюджеті – 647,4 млн.теңге. Игерілмегені – 1,2 млн.теңге, оның ішінде инженерлік коммуникациялық инфраструктураны жайластыруға, дамытуға және ауылдық жерлерді сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамытуға  бөлінген 0,2 млн. теңге конкурстың кеш өткізілуіне байланысты  игерілмеген.

Даму нысаналы трансферттердің басым бөлігі ауылдық елді мекендердегі су құбырларын жөндеуге, су жүйесімен қамтамасыз етуге, дамытуға, инженерлік коммуникациялық инфраструктураны жайластыруға, дамытуға, коммуналдық тұрғын-үй қорының құрылысын жобалау және, құрылыс жұмыстарына, тұрғын - үй сатып алуға  бөлінген.

Жергілікті атқарушы органдармен республикалық бюджеттен бөлінген даму трансферттері және ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануда, бюджет жүйесінің негізділік, нәтижелілік принциптері сақталмаған.   

Аудан бюджетінің кіріс және шығын бөліктерінің толық орындалмауы - нысаналы трансфеттердің көлемін жоспарлауда және жергілікті деңгейде бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бюджетті орындауда, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігінің төмендігін көрсетеді.

Ал, Бюджет кодексінің 4-бабымен, бюджетжобасынақандайдаболсынтүсімдердінемесешығыстардыенгізубарысында,олардыңкөлемдерініңнегізділігінайқын дайтыннормативтікқұқықтықактілержәнебасқадақұжаттарнегізіндебюджеттіжоспарлаукөзделген.

 

 

2.3. ЖҮРГІЗІЛГЕН БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ, БАҚЫЛАУ ІС-ШАРАЛАРЫ БӨЛІГІНДЕ

 

Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясымен 2015 жылы 2 бақылау іс-шарасы жүргізіліп  2 бақылау нысанында тексерумен 384793,7 мың теңге қамтылып, жалпы сомасы 49959,4 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің бұзушылықтары анықталды.

Оның ішінде, қалпына келтіруге немесе бюджетке өндіруге жататыны 24,6 мың теңге толық қалпына келтіріліп, бюджетке өндірілген.

- «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттыпайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылаумен 46 439,5 мың теңге қаржы қамтылып, бақылаудың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 53,8 мың теңге  заң бұзушылықтары анықталды, оның ішінде: қалпына келтірілуге (өтелуге) жататыны – 13,8 мың теңге.

Жүргізілген бақылау іс-шарасымен мекемемен ұялы телефон байланысы қызметіне шығындар жоспарланбағанымен, нақты түрде оған 2013 жылы 13,8 мың теңге қаражат шығындалған.

Белгіленген автомобиль шиналары жүрісінің пайдалану нормалары сақталмай, 2014 жылы жалпы сомасы 40,0 мың теңгеге автомобиль шиналары сатып алынған.

- «Баутино ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жалпы сомасы 49 905,6 мың теңгеге бюджеттік және басқа да заңнамалардың бұзушылықтары орын алды. Атап айтқанда:

Бюджет кодексінің 67-бабының 12-тармағының, Қазақстан Республикасы 13.03.2013 жылғы «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары» №73 бұйрығының  31-тармағының талаптары сақталмай, ұялы телефон байланысының шығыстарына шығын жоспарланбай жалпы сомасы 10,8 мың теңге қаражат шығындалған. 

Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік  жоспарлау министрiнiң 13.03.2013ж. №72 бұйрығымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесінің» 50, 53 тармақтарының талаптары сақталмай, жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатын жоспарлау көлемi, нәтижелiлiк және тиiмдiлiк көрсеткiштерi бар бюджеттiк бағдарлама әзірленбеген.

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының  1,2. 33-бабы, 1. 34-бабы,  2.40 –бабының талаптары бұзылып, мектеп-гимназиясының оқушыларын тегін тасымалдауға көліктік қызмет көрсетуге «Үш тұра» ЖШС-гі мен бір көзден сатып алу тәсілімен тиісті хаттама жасақталмай келісім шартқа отырған, әлеуетті өнім берушіге шақыру хатын жолдамаған, сондай-ақ, келісім шартты мерзімінде  уәкiлеттi органда тіркемеген.

Нәтижесінде бақылау қамтыған аралықта жалпы сомасы 49 894,8 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу заң бұзушылығы орын алған.

 

ІІІ БӨЛІМ. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ТАЛДАУ

 

3.1. Аумақтың Дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуын талдау.

Түпқараған ауданының  2011-2015 жылдарға арналған Дамыту бағдарламасы Түпқараған аудандық маслихатының 2011 жылғы 09 қыркүйектегі № 33/224 шешімімен  бекітілген.

"Экономика" бағытының 2 мақсатты индикаторларына: «Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі», «Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексіне» 2 қол жеткізілмеген, статистикалық мәлімет жарияланбаған.

«Инфрақұрылым» бағыты бойынша «Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі» және «Халықтың су құбырын бұру қызметінің деңгейін ұлғайту» мақсатты индикаторларына қол жеткізілмеген, қол жеткізілмеу себептері көрсетілмеген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 10.10.2014 жылғы №50 «Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі»  Әдістемесінің 55- тармағының талабы, яғни лайықты тексеру көздері табылмауы мүмкін көрсеткіштер болған  жағдайда басқаларымен ауыстырылуы тиістігі туралы талабы сақталмаған.

 

IV БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ

 

2015 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуын бағалау бойынша, мемлекеттік активтерінің  пайдаланалуына, Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен жүргізілген бақылау-талдау шараларының нәтижелері осы бөлімде ұсынылған қорытындыда көрсетілген.

 

4.1. ҚОРЫТЫНДЫ

 

1.Аудандық бюджеттің 2015 жылға арналған басты параметрлері  4 рет нақтыланып, 2 рет түзетілсе де,  бюджет құрылымының жекеленген бөлімдері бойынша орындалмаған.

2.Есепті жылы шығыстардың жекелеген көрсеткіштерін нақтылау мен түзету аясында бюджет шығыстарының құрылымы функционалдық және экономикалық сипаттамалар бойынша едәуір өзгерген. Аудандық бюджетті нақтылау кезінде  шығындар 267,6 млн.теңгеге көбейтілгенімен, 14,6 млн.теңге игерілмей қалған. Дегенмен, төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістермен толықтыруларды енгізуде уақытылы шешім қабылдағанда, сондай-ақ бюджеттік қаражатты бюджеттік бағдарламалар бойынша қайта бөлгенде бюджет қаражатының толық игерілуін қамтамасыз ету мүмкіндігі болар еді.

3.2015 жылы бөлінген қаржының 100% игерілуі 8 функционалдық топ бойынша қамтамасыз етілген, 5 функционалдық топ бойынша әкімшілерімен қаржы толық игерілмеген.       

4.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының тексеру нәтижелері бюджеттік және мемлекеттік сатып алу заңнамаларының талаптары жеткілікті дәрежеде сақталмағанын көрсетті.

5.Түпқараған ауданының 2011-2015 жылдарға арналған Дамыту бағдарламасын жасақтауда тиісті заңнама талаптары өз деңгейінде сақталмаған.

 

4.2. ҰСЫНЫСТАР

 

             Бюджетті жоспарлау және атқару бойынша жергілікті уәкілетті органға:

         -өңірдің аумақтық дамыту бағдарламасын жасақтауда тиісті заңнама талаптарын сақтау, дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында индикаторларды жоспарлау барысында лайықты тексеру көздері табылмауы мүмкін көрсеткіштер немесе олар бойынша ақпарат жинау көп еңбек етуді қажет етіп, әрі қымбатқа түсетін жағдайда басқаларымен ауыстырылатынынескеру   ұсынылсын.

 -өңірдің аумақтық даму бағдарламасының  тікелей және соңғы нәтижесі бойынша қол жеткізуде мүдделі мемлекеттік органдардың және шаруашылық  субьектілердің жұмыстарын үйлестіру, сондай-ақ көзделген мақсатты индикаторларға қол жеткізу бойынша жұмыстарын күшейту;

 -бюджеттік мониторинг жасауда  және бюджет ақшасын басқару бөлігінде, Бюджет кодексінің нормаларын қатаң басшылыққа алу;

         -бюджет заңнамаларының сақталуына, нысаналы трансферттерді пайдалануда, оның түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуіне және жүзеге асыру мерзімдерінің сақталуына бақылауды күшейту ұсынылсын.

2)Аудандық  жоспарлау және атқару бойынша жергілікті уәкілетті органға және бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне:

 -Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының тексеру нәтижелерімен анықталған бюджеттік және мемлекеттік сатып алу заңнамаларының бұзушылықтары бойынша тиісті шаралар алынуын қадағалау;

          -аудандық бюджетті жоспарлау  және орындау кезінде нормативтік-құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

 

 

 

Маңғыстау облысы бойынша

Тексеру комиссиясының мүшесі                                      А.Нурбосынова         

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы