19/05/2024  Жексенбі

 

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы

Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Есебі

(жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтау2016

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ………………………………………………………………………........

2

 

I БӨЛІМ. ОБЛЫСТЫҚ  БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ

 

1.1.

Облыстық бюджет кірістерінің орындалуын талдау ………………….....

4

1.1.1.

Облыстық бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерін талдау………………...……………………………………………….……...

4

1.2.

Облыстық бюджеттің шығыстар бөлігінің орындалуын талдау………...

5

1.2.1.

Облыстық бюджет шығындарының орындалуын талдау.........…………..

7

1.2.2.

Бюджет кредиттерінің пайдаланылуынжәне өтелуін талдау…................

12

1.2.3.

Мемлекеттің қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған шығындарын талдау…….......................................................................................................

13

1.3.

Бюджет тапшылығын және оларды  қаржыландыру көздерін талдау......

14

1.4.

«2015-2017жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихат сессиясы шешімінің орындалуы ..................................................

15

1.5.

 

Нысаналы трансферттердің пайдаланылуы ................................................

16

ІІ БӨЛІМ. АУМАҚТЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ

 

 

2.1.     Аумақтың Даму бағдарламасының жүзеге асырылуы .................................

16

 

ІІІ БӨЛІМ. ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛЫ ЖҮРГІЗГЕН БАҚЫЛАУ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ

3.1.     Бақылау іс-шараларының негізгі нәтижелері ...............................................

 

 

19

 

IV БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ

 

4.1.

Қорытынды……………………………………………………..........……....

27

4.2.

Ұсыныстар …………….……...………………………………………..........

28

 

 

 

 

Кіріспе

 

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы №392 «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 29-бабынасәйкес, 2015 жылғы облыстық бюджеттiң орындалуы туралы жергiлiктi атқарушы органның есебіне  қорытынды  болып табылатын есеп дайындалды (бұдан әрі - Есеп).

Бірінші бөлімдеоблыстық бюджеттің атқарылуына талдау ұсынылған. Онда кірістерге, салықтық және салықтық емес түсімдерге, бюджеттің шығыстар бойынша орындалуына, бюджеттік кредиттерді пайдалану және өтеуге, мемлекеттің қаржы активтерін сатып алу және сату, бюджет тапшылығына және оны қаржыландыру көздеріне жасалған талдау деректері көрсетілген.

Екінші бөлімдеӨңірдің аумақтық дамуы бағдарламасының орындалуына қатысты талдау деректері көрсетілген.

Үшінші бөлімдеМаңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясымен 2015 жылы жүргізілген бақылау іс-шараларының негізгі нәтижелері көрсетілді.

Төртінші бөлімМаңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік активтерді және бюджет қаржысын басқарудың тиімділігін арттыруға, бюджет заңдылықтарының сақталуын бақылауды күшейтуге қатысты негізгі қорытындылары мен ұсынымдарын қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І БӨЛІМ. ОБЛЫСТЫҚ  БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ

 

2015 жылы облыстық бюджеттің түсімдері 110 601,9  млн. теңгені құраған. 2014 жылмен салыстырғанда (91 993,9 млн. теңге) 18 608,0 млн. теңгеге немесе 16,8% өскен.

Облыстық бюджеттің кірістері 2015 жылға 99 949,8 млн. теңге көлемінде жоспарланып, нақты  98 988,8 млн. теңге түсіп, 99 % орындалған.

2015 жылы облыстық бюджеттің нақтыланған шығыстары 113 412,2 млн. теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда (95 749,4 млн. теңге) 17 662,8 млн. теңгеге немесе 15,6 % артқан.

Есепті қаржы жылында іс-жүзіндегі шығыстар 2014 жылмен (94 616,9 млн. теңге) салыстырғанда 15,7 % ұлғайып, 112 291,7 млн. теңге көлемінде немесе 99,0 % орындалған.

Шығыстар құрылымында елеулі үлес шығындарға (99 970,1 млн. теңге) тиесілі, олар 2014 жылмен салыстырғанда (88 503,5 млн. теңге) 11 466,6 млн. теңгеге немесе 12,9 % көбейген.

                                                                                              Кесте № 1

2015 жылғыоблыс бюджетінің негізгі

 көрсеткіштерінің орындалысы

                                                                                                                      млн.теңге

 

п/п

Көрсеткіштер атауы

Бекітілген бюджет

 

Түзетілген бюджет

 

Нақты

Нақтыланған бюджетке айырмасы

(+/-)

% орынд

1

Кірістер

102423,6

99949,9

98988,8

-961,0

99,0

2

Шығындар

101891,8

100935,7

99970,1

-965,5

99,0

3

Бюджеттік кредиттер

2878,2

8149,2

8149,2

0

100

4

Бюджеттік кредиттерді өтеу

133,0

3670,5

3670,5

0

100

5

Қаржы активтерін сатып алу

317,0

656,9

501,9

-155,0

76,4

6

Қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0

0

8,2

0

0

7

Бюджет тапшылығы

-2530,4

-6121,4

-5953,7

167,7

0

8

Есепті жыл соңына бюджет қаражатының қалдығы

 

 

167,7

 

 

 

Есепті кезеңде облыс бюджетінің атқарылу тиімділігіне белгілі дәрежеде әсер еткен кемшіліктер мен мәселелер, облыстық бюджеттің кірістер мен шығыстар бойынша орындалуын талдау нәтижелері тиісті бөлімдерде ұсынылған.

 

1.1. ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУЫН ТАЛДАУ

 

Есепті кезеңдегі жалпы түскен түсімдер сомасында кірістердің үлес салмағы – 89,5 %, бюджеттік кредиттерді өтеудің үлес салмағы – 3,3 %,  қарыздар түсімі – 7,2 % құрайды.

Кірістердің жалпы сомасында салықтық түсімдер үлесі 56 722,3 млн.теңгені немесе 57,3 % құрайды, салықтық емес түсімдер үлесі – 3 105,4 млн.теңгені немесе 3,1 %, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3,7 млн. теңге, трансферттер түсімі – 39 157,3 млн. теңге немесе 39,6 %.

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 3,1 млн. теңге көлемінде жоспарланып, 3,7 млн. теңгеге немесе 120, 6% орындалған.

Трансферттер түсімі  39 157, 3 млн. теңгеге немесе 100 % орындалған.

 

1.1.1.         ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ТҮСЕТІН САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ ЕМЕС ТҮСІМДЕРДІ ТАЛДАУ

 

2014 жылмен салыстырғанда салықтық түсімдер (51 074,1 млн. теңге) 5 648,2 млн. теңгеге немесе 11,1 % көбейіп, 56 722,3 млн. теңгені құраған. Салықтық емес түсімдер (2014 жылы – 1 645,4 млн. теңге) 1 460,0 млн. теңгеге немесе 88,7 %  көбейіп, 3 105,4 млн. теңгені құраған. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер (2014 жылы - 39,8 млн. теңге) 36,1 млн. теңгеге немесе 90,7 % азайып, 3,7 млн. теңгені құраған. Ал трансферттер түсімдері (2014 жылы – 38 154,3 млн. теңге) 1 003,0 млн. теңгеге немесе 2,6 % ұлғайып, 39 157,3 млн. теңгені құраған.

Салықтық түсімдер бойынша нақтыланған жоспар 56 722,3 млн. теңгеге немесе 97,5 % орындалған. Бастапқы бекітілген жоспар (53 702,2 млн. теңге) нақтылаулармен 3 020,1 млн. теңгеге немесе 5,6 % ұлғайып, 58 182,9 млн. теңгені құраған.

2015 жылғы салықтық түсімдердің негізгі үлесін табыс салығы (31 585,1 млн. теңге немесе 55,7 %) мен әлеуметтік салығы (27 861,2 млн. теңге немесе 49,1 %) құраған. Табыс салығы бойынша жоспардың 103,5 %, әлеуметтік салық бойынша – 102,9 % орындалуына қол жеткізілген.

Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар бойынша жоспардың орындалуы  (-2 724,1)   млн.теңге. Жоспардың орындалмауының басты себебі «CNPC Интернешнл Инк (Бузачи)» Корпорация филиалына 2011 жылғы 28 желтоқсандағы №2952 салықтық тексеру шешімімен «105316» коды бойынша есептелген жалпы сомасы 4256,1 млн. теңге үстеме сома 2013 жылдың 13 желтоқсандағы №2-2297/8-2013 сот шешімімен қайтарылған. 

Салықтық емес түсімдер бойынша 3 105,4 млн. теңге төлемдер түсіп, жоспар 119,1 % орындалған. Салықтық емес түсімдердің жалпы көлемінің негізгі үлесін (60,1%) жергілікті бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер құрайды.

 

1.2.         ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ШЫҒЫСТАР БӨЛІГІНІҢ ОРЫНДАЛУЫН ТАЛДАУ

 

«2015-2017 жылдарға арналған  облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың  2014 жылғы 11 желтоқсандағы  № 21/304  шешімін іске асыру туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.01.2015ж. №2 Қаулысына 2015 жылдың 17 наурызында № 23/374 Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімі негізінде 2015 жылдың 30 наурызында № 85 Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Нәтижесінде республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер көлемі     11 517,8 млн. теңгеге оңтайландырылған, оның ішінде: ағымдағы трансферттер  - 7 223,4 млн. теңге; даму трансферттері – 4 294, 4 млн. теңге.

Ал, облыстық бюджет 4 320,0 млн. теңгеге секвестрленді. Оның ішінде:

Бейнеу ауданының бюджеті – 357,3 млн. теңгеге, оның ішінде: даму бюджеті – 114, 5 млн. теңге;

Қарақия ауданы – 173,2 млн. теңге;

Маңғыстау ауданы – 483,2 млн. теңгеге, оның ішінде: даму бюджеті – 350,7 млн. теңге;

Мұнайлы ауданы – 419,6 млн. теңге;

Түпқараған ауданы – 125,2 млн. теңге;

Ақтау қаласы  - 1 190,9 млн. теңгеге, оның ішінде: даму бюджеті – 576,0 млн. теңге;

Жаңаөзен қаласы – 944,9 млн. теңгеге,  оның ішінде: даму бюджеті –305,4 млн. теңге;

Облыстық бюджет – 625,8 млн. теңгеге,  оның ішінде: даму бюджеті – 277,5 млн. теңге.

2015 жылы облыстықбюджеттің нақтыланған шығыстары бастапқы жоспарланған көлемнен (105 219,9 млн. теңге) 8 192,3 млн. теңгеге немесе 7,8 % артып, 113 412,2 млн. теңгені құраған.

2015 жылы облыстық бюджеттің шығындары 99 970,1 млн. теңгеге немесе 99% орындалған. Бюджет шығындары бойынша игерілмеген қаражат 965,5 млн. теңгені құрайды.

Бюджеттік кредиттер бойынша жоспар 8 149,2 млн. теңгеге немесе 100 % орындалған.

Қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған шығыстар 501,9 млн. теңгені құрап, жоспарланған көрсеткіш 76,4 % ғана орындалған.

Есепті кезеңде дебиторлық қарыздар 2014 жылмен салыстырғанда (2014 жылы – 897,2 млн. теңге) 0,3 млн. теңгеге азайып,  896,9 млн. теңгені құраған.

01.01.2016 жыл жағдайына дебиторлық қарыздардың басым көпшілігі келесі бюджеттік бағдарламалар әкімшілер есебіне тиесілі:

- Кәсіпкерлік және сауда басқармасында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында ауылда кәсіпкерлікті дамытуды қолдауға, шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға берілген кредиттер бойынша 850,0 млн. теңге берешектер қалыптасқан;

- Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ішкі істер органында – 16,0 млн. теңге берешек келісім-шарт міндеттемелерінің толық көлемде орындалмауы себепті қалыптасқан (іс сот органдарында қаралып жатыр);

- Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында – 11,7 млн. теңге (мемлекеттік қабылдау комиссиясымен жасалған жұмыстар қабылданбаған);

- Білім басқармасында – 7,6 млн. теңге (шарт талаптары бойынша ағымдағы жыл үшін жасалған алдын ала төлемдер);

- Денсаулық сақтау басқармасында – 5,3 млн. теңге (шарт талаптары бойынша ағымдағы жыл үшін жасалған алдын ала төлемдер).

            Өзге де жалпы сомасы 6,3 млн. теңге дебиторлық берешектер  білім басқармасы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыс әкімінің аппараты бойынша қалыптасқан.  

Есепті кезеңнің соңында кредиторлық қарыз 2014 жылмен салыстырғанда (2014 жылы – 500,0 млн. теңге) 244,4 млн. теңгеге немесе 48,9 % азайып,  255,6 млн. теңгені құраған.

Кредиторлық қарыздың пайдаболуының басты себептері: облыс бюджетінде қолма-қол ақшаның бақылаушотында қаражат жетіспеушілігі (195,9 млн. теңге), даму бюджетінің объектілері бойынша шарт сомасының 5 %  мөлшерінде ұсталып қалған сомаларының мемлекеттік қабылдау комиссиясының актілері жасалмау себепті аударылмауы (34,2 млн. теңге) және желтоқсан айындағы ағымдағы шығындар (байланыс қызметі, коммуналдық қызметтер және т.б.) бойынша 25,5 млн. теңге.

 Пайдаланылмаған трансферттердің жалпы сомасы 371,0 млн. теңгені құраған. Олардың 124,6 млн. теңге сомасын 2016 жылы пайдалануға рұқсат алынған, ал қалған 246,4 млн. теңге сомасы республикалық бюджет кірісіне аударылған. Трансферттердің жете игерілмеу себептері конкурстық процедуралардың нәтижесінде пайда болған үнемдеулер; мемлекеттік сатып алулардың уақытылы өткізілмеуі; «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша мамандарды қайта даярлауға артық жоспарланған соманың алынып тасталуы болып отыр.

 

1.2.1.  ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН

ТАЛДАУ

 

2015 жылы облыстық бюджеттің шығындары 99 970,1 млн. теңгеге немесе 99% орындалған. Облыстық бюджеттің шығындары 2014 жылмен салыстырғанда (2014 жылы - 88 503,5 млн. теңге) 11 466,6 млн.теңгеге немесе 13,0 % өскен. Бюджет шығындарының ішінде 26,6 % (26 590,2 млн. теңге) даму бюджеттік бағдарламаларының үлесіне келеді, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының үлесі 73,4 % (73 379,9 млн. теңге) құрайды.

Игерілмеген бюджет қаражаты 965,5 млн. теңгені құрайды, оның ішінде: даму бюджеттік бағдарламалары бойынша 311,8 млн. теңге, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша 653,7 млн. теңге қаржы игерілмеген.

Есепті кезеңде нақтылаулар мен түзетулер барысында жалпы бюджет шығындарының өсуімен қатар жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бастапқы бекітілген қаржыларының төмендеуіне жол берілген. Облыстық бюджеттің шығындар бөлігі 6 функционалдық топ бойынша азайған, оның ішінде: «Қорғаныс» - 42,3 млн. теңге, «Білім» - 1 305,4 млн. теңге «Денсаулық» - 1 045,7  млн. теңге, «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» - 97,4 млн.теңге, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» - 719,3  млн. теңге, «Басқалар» - 4 167,5 млн. теңге.

Облыстық бюджеттің бірнеше мәрте нақтыланып түзетілгеніне қарамастан, есепті кезеңнің соңында 965,5 млн. теңге игерілмеген.

Кесте № 2

 

Облыс бюджетінің 2015 жылғы қаржыландыру бағыттары

 бойынша орындалуы

млн. теңге

Функционалдық топ атауы

Бекітілген бюджет

Нақтыланған бюджет

Орындалысы

Нақты

Түзетілген %,

Шығыстар:

101 891,8

100 935,7

99 970,1

99,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

2326,3

5381,1

4925,6

91,5

Қорғаныс

515,1

472,8

455,9

96,4

Қоғамдық тәртіп,қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

5600,6

5691,3

5687,5

99,9

Білім беру

18288,8

16983,4

16832,7

99,1

Денсаулық сақтау

19038,6

17992,9

17926,8

99,6

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

2069,6

1972,2

1910,4

96,9

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы

13260,9

12541,6

12527,1

99,9

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

4770,2

5321,4

5283,7

99,3

Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану

307,7

403,5

402,1

99,6

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

2168,7

3185,5

3172,8

99,6

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

365,2

368,5

362,5

98,4

Көлік және коммуникация

4824,3

5458,0

5454,9

99,9

Басқалар

9175,8

5008,2

4872,8

97,3

Борышқа қызмет көрсету

1,2

2,5

2,5

100

Трансферттер

19178,8

20152,8

20152,8

100

 

 

Қаржы көлемінің басым көпшілігі денсаулық сақтау саласына – 17,9 %, білім беруге – 16,8 % және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласына – 12,5 % жұмсалған.

                                     

                                               Кесте № 3

 

млн.тенге

р/н

Әкімшілер атауы

Түзетілген жоспар

Орынд. жоспар

Игерілмеген сома

Игеру %

1

Облыс мәслихатының аппараты

35,4

35,4

0,0

100

2

Облыс әкімінің аппараты

2 208,9

2 043,3

165,6

92,5

3

Облыстық тексеру комиссиясы

90,2

90,2

0,0

100

4

Облыстық қаржы басқармасы

27 091,0

26 993,0

98,0

99,6

5

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

863,8

862,5

1,3

99,9

6

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық қорғаныс, табиғи және дүлей апаттардың алдын алу бойынша уәкілетті төтенше жағдайлар органдарының аймақтық органы

209,5

196,6

12,9

93,8

7

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы ішкі істер органдары

5 313,6

5 310,4

3,2

99,9

8

Облыстық білім басқармасы

9 866,9

9 694,9

172,0

98,3

9

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

16 385,9

16 321,8

64,1

99,6

10

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

1 679,8

1 643,5

36,3

97,8

11

Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы

10 972,3

10 918,9

53,4

96,8

12

Облыстық мәдениет басқармасы

1 232,2

1 229,1

3,1

124,3

13

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

2 784,4

2 774,0

10,4

99,6

14

Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы

1 032,3

1 029,9

2,4

99,8

15

Облыстың жер қатынастар басқармасы

32,4

32,4

0,0

100

16

Тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы

80,1

71,2

8,9

89

17

Облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасы

78,4

78,2

0,2

99,8

18

Облыстық ішкі саясат басқармасы

677,1

677,1

0,0

100

19

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

8,6

8,6

0,0

100

20

Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы

1 906,1

1 867,7

38,4

98,0

21

Облыстық құрылыс басқармасы

23 108,4

22 691,3

417,1

98,2

22

Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы

123,6

123,4

0,2

99,8

23

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

5 845,4

5 842,3

3,1

99,9

24

Облыстық жастар саясаты жөніндегі басқармасы

195,7

195,6

0,1

99,9

25

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

1 110,1

1109,5

0,6

100

26

Облыстық туризм басқармасы

99,9

84,9

15,0

84,9

27

Облыстық еңбек басқармасы

45,3

41,1

4,2

90,8

28

Облыстық дін істер басқармасы

62,0

61,8

0,2

99,7

29

Облыстық индустриалды – инновациялық даму басқармасы

178,0

177,6

0,4

99,9

30

Ветеринария басқармасы

45,5

36,1

9,4

79,4

31

Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

20,5

20,5

0,0

99,9

32

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

28,9

28,9

0,0

99,9

Барлығы:

113 412,2

112 291,7

1 120,5

 

 

Игерілмеген бюджет қаражатының негізгі бөлігі төмендегілерге тиесілі:      

- Құрылыс басқармасымен - 417,1 млн. теңге игерілмеген (шарт сомасының 5 %  мөлшерінде ұсталып қалған сомаларының аударылмауы – 17,1 млн. теңге; қолма-қол ақшаның бақылаушотында қаражат жетіспеушілігі салдарынан -400,0 млн. теңге);

- Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасымен – 53,4 млн. теңге (келісім-шарт міндеттемелерінің орындалмауы: жұмыстарды орындау актілері мен шот-фактуралардың ұсынылмауына байланысты);

- Білім басқармасымен – 172,0 млн. теңге (еңбекақы төлеу қорынан пайда болған үнемдеулер – 68,7 млн. теңге; келісім-шарт міндеттемелерінің орындалмауы: жұмыстарды орындау актілері мен шот фактуралардың ұсынылмауы – 25,2 млн. теңге; қолма-қол ақшаның бақылаушотында қаражат жетіспеушілігі (78,1 млн. теңге) салдарынан  орын алған);

- Облыс әкімінің аппаратымен – 165,6 млн. теңге (келісім-шарт міндеттемелерінің орындалмауы: жұмыстарды орындау актілері мен шот фактуралардың ұсынылмауы – 11,2 млн. теңге; еңбекақы төлеу қорынан – 1,0 млн. теңге, млекеттік сатып алулардан – 2,7 млн. теңге және коммуналдық қызметтерден – 5,8 млн. теңге пайда болған үнемдеулер; 2,9 млн. теңге – мемлекеттік сатып алулардың уақытылы өткізілмеуінен; 142,0 млн. теңге қолма-қол ақшаның бақылаушотында қаражат жетіспеушілігі салдарынан орын алған);

- Қаржы басқармасымен – 98,0 млн. теңге (коммуналдық қызметтерден, еңбекақы қорынан және мемлекеттік сатып алулардың нәтижесінде пайда болған үнемдеулер – 4,5 млн. теңге; жергілікті атқарушы органның резерві – 93,5 млн. теңге);

- Денсаулық сақтау басқармасымен – 64,1 млн. теңге (63,3 млн.теңге нысаналы трансферттер жұмыстарды орындау актілері мен шот фактуралардың ұсынылмауы себепті игерілмеген;  0,8 млн.теңге мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеулер);

- Әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасымен – 36,3 млн. теңге (9,0 млн. теңге – мемлекеттік сатып алулардың уақытылы өткізілмеуі; 17,3 млн теңге - еңбекақы төлеу қорынан және мемлекеттік сатып алулардан пайда болған үнемдеулер; 10,0 млн. теңге - келісім-шарт міндеттемелерінің орындалмауынан  (жұмыстарды орындау актілері, шот фактуралардың ұсынылмауы) себепті орын алған);

- Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасымен – 38,4 млн. теңге (еңбек ақы бойынша 0,4 млн. теңге үнемделген, 38,0 млн. теңге - қолма-қол ақшаның бақылаушотында қаражат жетіспеушілігі салдарынан орын алған);

- Облыстық туризм басқармасымен – 15,0 млн. теңге (келісім-шарт міндеттемелерінің орындалмауы (келісім-шарт міндеттемелерінің орындалмауы: жұмыстарды орындау актілері, шот фактуралардың ұсынылмауы) – 14,5 млн. теңге; еңбек ақы бойынша үнемделгені – 0,5 млн. теңге);

- Азаматтық қорғаныс, табиғи және дүлей апаттардың алдын алу бойынша уәкілетті төтенше жағдайлар органдарының аймақтық органымен – 12,9 млн. теңге (жобалық сметалық құжаттамаға қорытынды уақытылы алынбаған);

- Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен– 10,4 млн. теңге (алып қою өтінімі кеш берілу салдарынан – 9,8 млн. теңге, еңбекақы төлеу қорынан үнемделгені – 0,6 млн. теңге);

- Ветеринария басқармасымен – 9,4 млн. теңге (еңбекақы төлеу қорынан және мемлекеттік сатып алулардан пайда болған үнемдеулер);

- Тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасымен – 8,9  млн. теңге (4,1 млн. теңге – мемлекеттік сатып алулардың уақытылы өткізілмеуінен; 4,8 млн. теңге - еңбекақы төлеу қорынан пайда болған үнемдеулер).

 

1.2.2.   БЮДЖЕТ КРЕДИТТЕРІНІҢ  ПАЙДАЛАНЫЛУЫН  ЖӘНЕ

ӨТЕЛУІН  ТАЛДАУ

 

Облыстық бюджетті нақтылаулармен 2015 жылы бюджеттік кредиттер көлемі 8149,1 млн. теңгені құраған немесе алғашқы бекітілгеннен 5271,0 млн. теңгеге артқан.  Бюджеттік кредиттер 2014 жылмен салыстырғанда (4 465,0 млн. теңге) 3684,1 млн. теңгеге немесе 82,5 % өскен.

2015 жылы бюджеттік кредиттер тұрғын үй құрылысына және сатып алуға, ауылдық елді мекендерге жұмыс жасауға және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек беру шараларына және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамытуды қолдауға, моноқалаларда  кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуге, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылысын дамытуға бағытталған.

 

Кесте № 4

 

Бюджеттік кредиттердің негізгі бағыттары

                        млн.теңге

Облыстық бюджеттік бағдарлама атауы

Кредит сомасы

Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің атауы

Барлық бюджеттік кредиттер, соның ішінде:

8149,2

 

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне тұрғын үй жобалауға және салуға кредит беру

5567,4

Маңғыстау облыстық құрылыс басқармасы

Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер

719,5

Маңғыстау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы  шеңберінде ауылдағы  кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру

130,6

Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне моноқалаларда кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуге кредиттер беру

70,0

Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беру

1661,6

Маңғыстау облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

 

         Бюджеттік кредиттерге бөлінген 8149,2 млн. теңге және бюджеттік кредиттерді өтеуге жоспарланған 3670,5 млн. теңге толықтай орындалған.

 

1.2.3. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІН САТЫП АЛУҒА ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАРЫН ТАЛДАУ

 

Қаржы активтерін сатып алуға облыстық бюджет шығындары 317,0 млн. теңге көлемінде жоспарланып, нақтылаулар кезінде 2,1 есеге (339,9 млн. теңгеге) артып, 656,9 млн. теңгені құраған. Нақтыланған жоспар 501,9 млн. теңгеге орындалған. 2014 жылмен салыстырғанда (1 555,5 млн. теңге) 67,7 % азайған. Игерілмеген қаражат 155,0 млн. теңгені құрады.

Қаржы активтерін сатып алу үш бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылық капиталдарын ұлғайту, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың бағалы қағаздарының үлес қатынасын сатып алу жолымен жүзеге асырылған.

Энергетика және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен осы мақсатқа 351,9 млн. теңге жоспарланып, 301,9 млн. теңге игеріліп, 50,0 млн теңгесі игерілмеген.

Құрылыс басқармасымен 105,0 млн. теңге жоспарланып, толықтай игерілмеген.

Ауыл шаруашылығы басқармасымен 200,0 млн. теңге жоспарланып, толықтай игерілген.

Жалпы сомасы 155,0 млн. теңге қаржының игерілмеуі қолма-қол ақшаның бақылау шотында қаражат жетіспеушілігі себепті орын алған.

 

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға жұмсалған шығындар

 

Кесте  № 5

 

                                                                                                               млн. теңге

Заңды тұлғалардың атауы

Бөлінген сома

Барлық инвестициялар (немесе жоғарылау) жарғы                                                                  капиталының құрылымы, оның ішінде:

656,9

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

200,0

«ҰК ӘКК «Каспий»»АҚ

200,0

Облыстық құрылыс басқармасы

105,0

«Маңғыстауқұрылысинвест»ЖШС

105,0

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылығы басқармасы

351,9

«Каспийжылу,су арнасы»МКК

248,3

«Көктем» МКК

9,6

«ҰК ӘКК «Каспий»»АҚ

94,0

 

1.3. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІН ТАЛДАУ

 

2015 жылғы облыстық бюджетінің тапшылығы -2 530,4 млн. теңге көлемінде бекітілген. Нақтылаулар мен түзетулердің нәтижесінде бюджет тапшылығы -6 121,4 млн. теңгені құрап, 1 347,8 млн. теңгеге өскен.

Есепті кезең соңында -5 953,7 млн. теңге көлемінде бюджет дефициті пайда болған.

Жыл соңында сыртқы қарыздардыңтартылуының нақты сомасы 7 934,4млн. теңгені, қарыздарды өтеу 3 670,5 млн. теңгені, бюджет қаражатының пайдаланылған қалдықтарының сомасы 1 689,8 млн. теңгені құраған.

Бюджет қаражатының қалдығы жыл басында 1 857,5 млн. теңгені және есепті кезеңнің соңында 167,7 млн. теңгені құраған.

 

1.4. «2015-2017 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ» ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ШЕШІМІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ

 

Төрт рет облыстық мәслихат сессиясының шешімімен нақтыланған бюджет көрсеткіштері 2015-2017 жылдарға бекітілген облыстық бюджеттің бастапқы көрсеткіштеріне қарағанда анағұрлым өзгерген.        

Алайда енгізілген өзгертулерге қарамастан, нақтыланған және түзетілген облыстық бюджеттің жоспарлы көрсеткіштері бюджет құрылымының жекеленген бөлімдері бойынша орындалмаған.

Есепті кезеңде бюджеттің кірістер бөлігінің нақтыланған жоспары салықтық түсімдер бойынша орындалмаған. Салықтық түсімдер 58 182,9 млн. теңге мөлшерінде жоспарланғанымен, бюджет кірісіне 56 722,3 млн. теңге қаражаттың түсуі қамтамасыз етілген немесе жоспардың орындалуы 97,5 % құраған.       

Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар бойынша жоспардың орындалуы  (-2 724,1) млн. теңгені құраған. Жоспардың орындалмауының басты себебі «CNPC Интернешнл Инк (Бузачи)» Корпорация филиалына 2011 жылғы 28 желтоқсандағы №2952 салықтық тексеру шешімімен «105316» коды бойынша есептелген жалпы сомасы 4256,1 млн. теңге үстеме сома 2013 жылдың 13 желтоқсандағы №2-2297/8-2013 сот шешімімен қайтарылған.

Салықтық емес түсімдер бойынша жалпы сомасы 2 606,5 мың теңге жоспарланып, бюджет кірісіне 3105,4 мың теңге түскен. Жоспардың 119,1 % асыра орындалуы жер қойнауын пайдаланушылардан түсетін түсімдердің көбеюімен түсіндіріледі («Н Оперейтинг Компани» ЖШС, «Кен сары» ЖШС, «Емир Ойл» ЖШС-нен).

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 3,1 млн. теңге көлемінде жоспарланып, жалпы сомасы 3,7 млн. теңгеге орындалған немесе 120,6 %. Артық орындалу себебі: жер учаскелерін сату көлемінің ұлғаюы және жылжымайтын мүлік объектілерінің сатылуы.

Бюджеттің кіріс бөлігі бойынша жекелеген көрсеткіштердің ауытқуы бюджеттің атқарылуына жеткілікті мониторингтің жоқтығын көрсетеді.       

01.01.2016 ж. жағдайға салық төлеушілердің салықтар және міндетті төлемдер бойынша жалпы сомасы 14 883,0 млн. теңге бюджетке берешектері қалыптасқан.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсынған мәліметтеріне сәйкес, бюджет қаражаттарының игерілмеуінің негізгі себептері қолма-қол ақшаның бақылаушотында қаражат жетіспеушілігі, үнемдеулер, мемлекеттік сатып алулардың уақытылы өткізілмеуі, келісім-шарт міндеттемелерінің уақытылы және толық орындалмауы болып табылады.

 

1.5. НЫСАНАЛЫ ТРАНСФЕРТТЕРДІҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ

 

2015 жылы республикалық бюджеттен жалпы сомасы 35137,4 млн. теңге нысаналы трансферттер бөлінген. Есепті жыл қорытындысында нысаналы трансферттердің 34766,4 млн. теңге қаражаты игерілген немесе жоспарға шаққанда 98,9 % орындалған. Игерілмей қалғаны 371,0 млн. теңге, оның ішінде: 124,6 млн. теңге қаржы 2016 жылы толық пайдаланылуға жатады, 246,4 млн. теңге республикалық бюджетке қайтарылған.         

Республикалық бюджетке алымдар 2014 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге көбейіп, 16 725,9 млн. теңгені құраған  (2014 жылы – 10 079,8 млн. теңге).

Аудан (қалаларға) субвенция2014 жылмен салыстырғанда 31,8 % азайып, 3 226,7  млн. теңгені құраған (2014 жылы – 4 728,2 млн. теңге).

Облыстық бюджетке аудандық бюджеттерден алымдар түріндегі трансферттер – 3 649,6 млн. теңгені құраған.2014 жылмен салыстырғанда 36,4 % көбейген (2014 жылы – 2 675,0 млн. теңге).

            2015 жылы облыстық бюджет кірістерінің жалпы көлемінде келіп түскен трансферттердің үлес салмағы 39,6% немесе 39157,3 млн. теңгені құрады ( 2014 жылы 41,9% немесе 38154,3 млн. теңге).

 

 

ІІ БӨЛІМ. АУМАҚТЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ

 

2.1. Аумақтың Даму бағдарламасының жүзеге асырылуы

Маңғыстау облысы аумағының 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасы Маңғыстау облыстық маслихатының 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 30/359 шешімімен  бекітілген.

Даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылдың 5 наурызындағы №63 Қаулысымен Іс-шаралар жоспары бекітілген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2014 жылдың 23 желтоқсандағы №166 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жағдайды ескере отырып, Маңғыстау облыстық маслихатының 2011 жылғы 10 ақпандағы № 29/448 шешімімен Маңғыстау облысы аумағының 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасына өзгеріс енгізілген.

Маңғыстау облысының 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасын жүзеге асыру іс-шараларына Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылдың 24 шілдедегі №209 Қаулысымен өзгеріс енгізілген.

Маңғыстау облысы аумағының 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасында 26 мақсат, 67 мақсатты индикаторлар, 110 нәтиже көрсеткіштері көзделген.

2015 жыл қорытындысымен 33 (80 %) мақсатты индикаторларға қол жеткізілген, 10 (10 %) бойынша статистикалық деректер жарияланбаған, ал 24 (6 %) мақсатты индикаторларға қол жеткізілмеген. 110 нәтиже көрсеткіштерінен 62 (77 %) нәтиже көрсеткіші орындалған, 14 (7 %) бойынша статистикалық деректер жарияланбаған, ал 34 (14,4 %) нәтиже көрсеткіштері орындалмаған.

1. «Экономика» бағыты бойынша 2015 жылы 13 мақсат, 27 мақсатты индикаторлар, 40 нәтиже көрсеткіші көзделген. Есепті кезеңде 4 мақсатты индикаторларға және 12 нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілген, 17 мақсатты индикаторларға және 19 нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілмеген, 6 мақсатты индикаторларға және 9 нәтиже көрсеткішіне статистикалық деректер жарияланбаған.

2. «Әлеуметтік сала» бағыты бойынша 2015 жылы 7 мақсат, 21 мақсатты индикаторлар, 41 нәтиже көрсеткіші көзделген. Есепті кезеңде 15 мақсатты индикаторларға, 30 нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілген, 4 мақсатты индикаторларға және 11 нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілмеген, 6 мақсатты индикаторларға статистикалық деректер жарияланбаған.

3. «Қоғамдық қауіпсіздік және тәртіп»  бағыты бойынша 1 мақсат, 3 мақсатты индикатор, 4 нәтиже көрсеткіші көзделген. 2015 жылдың қорытындысымен  3 мақсатты индикаторларға қол жеткізілді, 3  нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген.

4. «Инфрақұрылым» бағыты бойынша 3 мақсат, 3 мақсатты индикаторлар,  6 нәтиже көрсеткіші көзделген. Есепті кезеңде 2 мақсатты индикаторларға қол жеткізілмеген, барлық нәтиже көрсеткіштерге  қол жеткізілген.

5. «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы» бағыты бойынша 1 мақсат, 8 мақсатты индикаторлар, 9 нәтиже көрсеткіштері көзделген.  Есепті кезеңде 8 мақсатты индикаторларға қол жеткізілген, 1 нәтиже көрсеткішінің статистикалық деректері жарияланбаған.

6. «Экология және жер ресурстары» бағыты бойынша 1 мақсат, 4 мақсатты индикаторлар, 8 нәтиже көрсеткіштері көзделген. Есепті кезеңде 2 мақсатты индикаторларға қол жеткізілген, 2 мақсатты индикаторлардың  статистикалық деректері жарияланбаған,  4  нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілген, 3 статистикалық деректері жарияланбаған, 1 нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген.

7. 2015 жылы «Мемлекеттік  қызметтер» бағыты бойынша көзделген 1 мақсат, 1 мақсатты индикатор, 2 нәтиже көрсеткіштері көзделген.  Есепті кезеңде 1 мақсатты индикаторға қол жеткізілмеген, 1 нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілген, 1 нәтиже көрсеткішінің  статистикалық деректері жарияланбаған.

Статистика органдарымен статистикалық деректер тоқсан сайын, есепті кезеңнен 2-3 айдан кейін беретіндіктен, 2015 жылдың қорытындысымен  «Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, алдыңғы жылға %-да» нысаналы индикаторына және «Жалпы өңірлік өнімнің көлемі» тікелей нәтиже көрсеткішіне (бұдан әрі – ТНК) қол жеткізілгенін статистикалық деректер жарияланбауы себепті бағалау мүмкін емес.

«Халықтың атаулы ақшалай табысының өсу қарқыны (мөлшері)» ТНК-не қол жеткізілмеген: жоспар 119,7 % болғанда, 2015 жылдың 3-ші тоқсанында нақты түрде 99,7 % құраған.

«Кезеңнің соңына инфляция деңгейі, алдыңғы жылдың желтоқсанына» ТНК-і  117,2 % құрап, жоспарлы көрсеткішке қол жеткізілмеген (жоспар - 106,5 %).

«Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі» мақсатты индикаторы96 % (жоспар – 100 %) орындалып, «Өңдеу өнеркәсібінің өнімін шығарудың нақты көлем индексі» мақсатты индикатор84,5 % болып (жоспар – 101 %), жоспарланған  индикаторларға қол жеткізілмеген.

Қарқынның төмендеуі облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 88,6 % (1 375 млрд. теңге) құрайтын кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруде НКИ-нің (96,3 %) төмендеуіне байланысты болды. Техникалық қызметтердің (немесе сервистік қызметтер – бұрғылаудың, ұңғымаларды күрделі жөндеудің) 29 % төмендеуі байқалады.

Есепті кезеңде мұнайға әлемдік бағалардың күрт құлдырауы өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының өндірістік қызметіне теріс әсер көрсетті, нәтижесінде облыстың мұнай-газ өндіруші кәсіпорындары сервистік қызметтер бойынша жұмыс көлемдерін төмендетуге мәжбүр болды.

Жылдық статистикалық деректер болмағандықтан, «Ішкі өңірлік өнімнің энергия сыйымдылығының көрсеткіші» ТНК-нің орындалуын бағалауға мүмкіндік болмады.

Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2015 жылы барлық қаржыландыру көзі есебінен 45 479,0 млн. теңгені игеру жоспарланып, нақты 40 227,8 млн. теңге игерілген немесе жоспардың 88,5 %.

Соның ішінде :

- республикалық бюджеттен 22 581,1 млн. теңге қаралған, игерілгені 22 617,8 млн. теңге;

- жергілікті бюджеттен 20 059,9 млн. теңге қаралған, оның 16 639,0 млн.  теңге сомасы игерілген;

- өзге де қаражат есебінен 2 838,0 млн. теңге қаралған, 971,0 млн. теңге игерілген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 10.10.2014 жылғы №50 «Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық –кеңістіктің дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі» Әдістемесінің 55-тармағының талабы, яғни лайықты тексеру көздері табылмауы мүмкін көрсеткіштер болған жағдайда басқаларымен ауыстырылуы тиістігі туралы талабы сақталмаған.  

 

ІІІ БӨЛІМ. ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛЫ ЖҮРГІЗГЕН БАҚЫЛАУ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

3.1.     Бақылау іс-шараларының негізгі нәтижелері

Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясымен 2015 жылы 41 бақылау нысанында 17 бақылау іс-шаралары жүргізілді. Бақылаумен 40 712,8 млн. теңге бюджет қаржысы қамтылып, нәтижесінде жалпы сомасы 20 517,5 млн. теңге заң  бұзушылықтары анықталды.

Анықталған бұзушылықтардың қалпына келтіруге немесе бюджетке өндіруге жататыны 919,0 млн. теңге, оның есепті кезеңде қалпына келтірілгені немесе бюджетке өндірілгені 906,3 млн. теңге.

Бақылау материалдарына жүргізілген талдау анықталған заң бұзушылықтарының негізінен бюджет шығындарын сапасыз жоспарлау, бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына тиісті бақылау болмауы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу талаптарының сақталмауы, мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру барысында заң талаптарының сақталмауы себепті орын алғанын көрсетеді.

            Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясымен 2015 жылы 17 облыстық бюджеттен қаржыландырылатын бақылау нысандарында 6 бақылау іс-шаралары жүргізілді.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын бақылау нысандарында жалпы сомасы 15 974,5млн. теңге заң бұзушылықтары анықталды, олардың қалпына келтіруге немесе бюджетке өндіруге  жататыны 844,2млн. теңгені құрайды. Есепті кезең ішінде қалпына келтірілгені немесе бюджетке өндірілгені – 839,0 млн. теңге.

            Жүргізілген бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін бақылау объектілеріне тексеру комиссиясының қаулылары жолданды.

Бақылау объектілерінің 16 лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Тексеру комиссиясының бастамасы негізінде Маңғыстау облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясымен бақылау объектілерінің 14 лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Процессуалды шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына 5 бақылау материалдары жолданды.

«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы»мемлекеттік мекемесінде 2014 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуына және  коммуналдық меншіктегі объектілерді басқару тиімділігіне жүргізілген бақылаумен жалпы сомасы 750,5 млн. теңге бюджет қаржысы және 11 891,9 млн. теңге мемлекеттік активтер қамтылып, бақылаудың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 11 891, 9 млн. теңге мемлекеттік активтерді пайдалану тәртібінің бұзушылықтары анықталды.

Бақылаумен қамтылған кезең аралығында Басқарма тарапынан коммуналдық мүліктің мақсатты және тиімді пайдаланылуына тиісті дәрежеде бақылау жасалмаған.

Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру кезінде алу-беру актілерін уақытылы жасалмағаны анықталды.

Басқармамен ауданы 100 шаршы метрден асатын облыстық коммуналдық меншік объектісі  тендер өткізбей, мүліктік жалға берілген.

Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көктем» мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорнының  Жарғысында көрсетілген қызметіне сай келмейтін мүліктердің кәсіпорын балансында тұрғандығы анықталды. 

Кәсіпорын есебіндегі Ақтау қаласындағы 4 шағын ауданда орналасқан, алаңы 60 шаршы метр болатын «кафе» нысанын азық-түлік дүкені ретінде Баланс ұстаушысының келісімінсіз және коммуналдық мүлік жөніндегі уәкілетті органның шешімінсіз белгісіз тұлғалар пайдаланып отырғаны анықталды.

Нысаналы трансферттер бойынша жасалған келісім аясында қабылданған міндеттемелер бойынша түпкілікті нәтижеге қол жеткізуге қажетті шаралардың қабылданбауы, бюджетті жоспарлау мәселелеріне қатысты кешенді ұстанымның жоқтығы бюджет қаражатының игерілмеуіне әкелген.

«Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы»мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Басқарма) және оған бағынышты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарда бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау және мемлекеттік активтердің пайдаланылуына жүргізілген бақылаудың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 2 582,8 млн. теңге болатын заң бұзушылықтары орын алғаны анықталды.

2013-2014 жылдары бюджеттік  бағдарламаларды іске асыруда Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің уақытылылық, негізділік және нәтижелілік принциптерінің нормалары  тиісті деңгейде  сақталмаған.

Басқармамен Стратегиялық жоспарда  көрсетiлген мақсаттары мен міндеттерін орындау бойынша кәсіпорындардың қызметiн сипаттайтын сандық өлшенетін түйiндi көрсеткiштері бағынышты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарға жеткiзілмеген. Кәсіпорындардың даму жоспарларының мониторингі және іске асырылуын бағалау жүргізілмеген. 2013 жылғы стратегиялық жоспарда көзделген екі тікелей нәтиже көрсеткіштері орындалмаған, 2014 жылы 003 бюджеттік бағдарламасында қол жеткізілуге тиіс нақты нәтижелер келтірілмеген. 2014 жылы бюджет қаражатының көлемі өскенімен, тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу деңгейі төмендетілген.

Басқармамен кәсіпорындардың  даму жоспарларын әзірлеу кезінде әкімшілік шығыстардың лимиттері бекітілмеген.

2014 жылға жасалған жалпы сомасы 1 713,4 млн. теңгеге бюджеттік өтінімдер түсіндірме жазбаларымен қамтамасыз етілмеген.

Жалақы мөлшерін арттыру мақсатында республикалық бюджет есебінен келіп түскен нысаналы трансферттердің 2,4млн. теңгесі мақсатқа сай пайдаланылмай, кәсіпорын қызметкерлеріне сыйақы есебінде төленген.

Бағынышты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындармен орындалған қызметтері үшін тапсырылған актілерінің нысандары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмейді және келісім-шарттар негізінде аударылған  жалпы сомасы 180,8 млн. теңгені құрайтын алдын ала төлемдер қызметтердің көлемдерімен расталмағандығы анықталды. 

Басқарма мен кейбір кәсіпорындар арасында спорттық қызмет көрсетуге жасалған келісім-шарттардың міндеттері толық орындалмаса да, Басқармамен 35, 9 млн. теңге қаражат аударылған.

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындармен мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптары сақталмай,әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін теңдей мүмкіндіктер берілмеген.

Басқармаға бағынышты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындармен іс-сапар шығындарын өтеу барысында заң бұзушылықтарға жол берілген.

«Маңғыстау бокс клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының балансында спорт зал және әкімшілік ғимараттары болмаса да, ғимаратты күтіп ұстайтын мамандар бірліктері штаттық кестеде қаралған.

Әкімшілік қызметкерлерге спортшылар мен жаттықтырушыларға ғана тиісті төлемдер төлену жағдайлары орын алған.

«Каспий» кәсіптік волейбол клубы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мен Басқарма арасында жасалған келісім-шарттаүстел үстiндегi теннис бойынша қызмет көрсету көзделмесе де, үстел үстiндегi теннис бойынша қызмет көрсетуге 2013-2014 жылдары барлығы 14, 7 млн. теңге қаражат жұмсалған.

«Маңғыстау облыстық олимпиадалық резервін даярлау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2013-2014 жылдары Кәсіпорынның Жарғысында көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін қарастырылған 6 қызмет түрі мүлдем көрсетілмеген. Қолданыстағы заңнамамен көзделген олимпиада резервін даярлау орталығының оқу-жаттығу шараларын ұйымдастыру жұмысының негізгі түрлері жүзеге асырылмаған. Орталық тарапынан спортшылар мен жаттықтырушыларды тамақтандыру, медициналық қараумен қамтамасыз ету және іс-сапар шығындарын өтеу жұмыстарын ғана атқарумен шектеліп отырған.

«Ш. Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен экономист М.А.Бектілеуова нақты түрде қызметін Спорт Басқармасында атқарса да, жұмыс уақыты есепке алынып, барлығы 0,6 млн. теңге еңбекақы есептеліп, төленген.         

«Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы»мемлекеттік мекемесінде жүргізілген бақылаумен  жалпы сомасы 838,6 млн. теңгені құрайтын бюджет қаржысы және активтері қамтылып,  жалпы сомасы 77,4 млн. теңге заң бұзушылықтарының орын алғаны анықталды, оның ішінде: қалпына келтірілуге жататыны – 17,1 млн. теңге.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің уақытылылық принципінің нормалары толық сақталмаған.Атап айтқанда, 2015 жылы 002 «Қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын  және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша – 23,2 млн. теңге, 108 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін  және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік  сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша – 28,8 млн. теңге сомаға жасалған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу міндеттемелерді  қабылдау мерзіміне, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу мерзіміне сәйкес келмейді.

Сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесінің талаптары сақталмай, 2013 жылы 168 «Қосымша құнға салық» ерекшелігі бойынша үнемделген 0,2 млн. теңге сыйақы төлеуге жұмсалған.

Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің талаптары сақталмай, жалпы сомасы 17,1 млн. теңгені құрайтын мердігерлер орындаған жұмыстардың сомасына 2411 «Аяқталмаған құрылыс» қосалқы шотының дебетіне жазба жүргізілмей, негізсіз шығысталған.

Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің талаптары сақталмай, 2014 жылдың 01 шілде жағдайына жалпы сомасы 8,1 млн. теңгені құрайтын мердігерлерге кредиторлық берешек бухгалтерлік баланста көрсетілмеген.

«Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті»мемлекеттік мекемесінде жүргізілген бақылау нәтижесінде жалпы сомасы 1 249,6 млн. теңге заң бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.  

   Департамент қаржылық және салық органдарымен ай сайын бюджетке түсетін әкімшілік айыппұлдардың толықтығы бойынша өзара салыстыру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізбеген.

   Маңғыстау облысының әкімшілік полиция басқармасының 2013-2014 жылдарға ұсынған ақпаратына сәйкес, облыс көлемінде жалпы сомасы 1 735, 7 млн. теңгеге 196253 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері тіркелген. Олардың жалпы сомасы 1 264,4 млн. теңгесі  немесе 72,8 % бюджетке өндірілген. Ал қалған 471, 4 млн. теңге немесе 27,2 % бюджетке өндірілмеген.

Жол-патрульдік полициясы қызметкерлерімен облыс көлемінде систематикалық жол ережесін бұзған 899 тұлғаларға қатысты ешқандай шаралар алынбаған, көлік жүргізу куәліктері сотқа жолданбаған және соның салдарынан жалпы сомасы 1,3 млн. теңгеге айыппұлдар салынбаған.

Негізгі құралдар ретінде есепте тұрған жалпы құны 15,8 млн. теңгені құрайтын 70 дана мобильдік терминалдардың жарамсыз, қолданылмай тұрғаны, оларды қолдану тікелей экономикалық пайда әкелмейтіні анықталды.

«Форт-Шевченко-Шетпе» бағытындағы жылдамдықты өлшеу құралы тиісті тәртіппен метрологиялық салыстырудан өтпесе де, 24.12.2012-11.01.2013 жылдар аралығында жалпы сомасы 0,7 млн. теңгеге 33 құқық бұзушылық фактісін тіркеген.

Департаменттің 006 «Мемлекеттік органның күрделі шығындары» бюджеттік бағдарламасының тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген.

Бекітілген 006 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасының қаржыландыру көлемі өзгерсе де, бағдарламаға тиісті тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар жасалмаған. 

Бюджеттік бағдарламалар жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен уақытылы келісіліп, бекітілмеген.

Мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында Департамент тарапынан жалпы сомасы 167, 2 млн. теңгеге заң бұзушылықтарға жол берілген.

Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің талаптары бұзылып, жалпы сомасы 152,1 млн. теңге кемшіліктер анықталды.  

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында жүргізілген бақылаудың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1 341,8 млн. теңге заң бұзушылықтары анықталды.

Мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау бойынша келісім-шарттарда мамандарды даярлау бағыттары мен бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны қамтылмаған және жергiлiктi атқарушы органмен оқытуды ұйымдастырудың бағалары белгіленбеген.

Бухгалтерлік есеп және есептілік туралы заңнама талаптары бұзылып, жалпы сомасы 12,4 млн. теңгені құрайтын негізгі құралдар мен материалдық құндылықтар есепке алынбаған. Жалпы сомасы  1,0 млн. теңгені құрайтын негізгі құралдар басқа баланстық шотқа кірістелген және 52,4 млн. теңгеге қызмет көрсету кезеңі дұрыс көрсетілмеген, яғни қараша айында желтоқсан айы үшін білім беруді ұйымдастыру қызметінің орындалған жұмыс актісі жасалып, ұсынылған.

Кәсіпорынмен жалпы сомасы 1 074,7 млн. теңгеге жасақталған орындалған жұмыстар актілері заңнамаға сәйкес бекітілген нысанға сәйкес келмейді.

Кәсіпорынмен оқу ақысы бойынша жалпы сомасы 8,9 млн. теңгені құрайтын  дебиторлық қарызды уақытылы қайтару және өндіру бойынша  жұмыстар жүргізілмеген.

Кәсіпорын мен Басқарма арасында жасалған ауыспалы оқушылар контингентіне өндірістен тыс білімді ұйымдастыру  үшін  келісім-шартта 2090 оқушы көрсетілгенімен, нақты оқушылар саны 2055 құрап, Кәсіпорынға 35 оқушы үшін 7,0 млн. теңге қаражат артық түскен.

Кәсіпорын мен Басқарма арасында 052 «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау» 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен» бюджеттік бағдарламасы бойынша жасалған келісім-шартта оқудан шығарылған 3 оқушы артық көрсетіліп, нәтижесінде орындалмаған жұмыс үшін 0,7 млн. теңге артық түскен.

Кәсіпорынның нақты еңбекпен қамтылған және жұмысқа орналасқан бітірушілер үлесі (48 % - 58 %) жалпы бітірушілер санынан заңнамада көрсетілген мөлшерден (кемінде 78 %) кем болса да,  Басқармамен орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік мамандарды дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған.

Кәсіпорынмен мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптары өз дәрежесінде сақталмай, 2 мемлекеттік сатып алуда 1,9 млн. теңге артық қаражат жұмсалған және1 мемлекеттік сатып алу бойынша өнім берушімен міндеттері толық орындалмаса да, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының «Маңғыстау облыстық қуыршақ театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында жүргізілген бақылау нәтижесінде жалпы сомасы 16,7 млн. теңгеге заң бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.     

Кәсіпорынның Даму жоспарында қызметті сипаттайтын мақсаттары, міндеттері, нәтижелер көрсеткіштері қамтылмаған.

 Кәсіпорынның кредиторлық берешегі бола тұра, жалпы сомасы 1,9 млн. теңге сыйақылар берілгендігі анықталды.

Сонымен бірге, жалпы сомасы 14, 8 млн.теңгеге мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарының сақталмау талаптары анықталды.

 

 

IV БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ

 

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуын бағалау мақсатында жергілікті атқарушы органдардың есептері және бақылау-талдау шараларының нәтижелері негізінде жасалған қорытындылары мен ұсынымдары осы бөлімде көрсетілген.

 

4.1. ҚОРЫТЫНДЫ

 

1. Облыстық бюджеттің 2015 жылға арналған басты параметрлері негізінен, нақтылаулар және түзетулер есебімен орындалған.

2. Облыстық бюджеттің параметрлері нақтыланғанына және түзетілгеніне қарамастан, оның жекелеген болжамды көрсеткіштері орындалмаған.

3. Есепті кезеңде бюджеттің кірістер бөлігінің нақтыланған жоспары салықтық түсімдер бойынша орындалмаған.

Бюджеттің кіріс бөлігі бойынша жекелеген көрсеткіштердің ауытқуы бюджеттің атқарылуына жеткілікті мониторингтің жоқтығын көрсетеді.       

4. Облыстық бюджетті нақтылау кезінде  шығыстар 8 192,3 млн. теңгеге көбейтілген болатын, бірақ 965,5 млн. теңге бюджет қаржысы игерілмей қалған. Төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізуде уақытылы шешім қабылдағанда, сондай-ақ бюджеттік қаражатты бюджеттік бағдарламалар бойынша қайта бөлгенде бюджет қаражатының толық игерілуін қамтамасыз ету мүмкіндігі болар еді.

5. 2015 жылы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен жалпы сомасы 371,0 млн. теңге нысаналы трансферттер игерілмеген.  

6. Маңғыстау облысы аумағының Даму бағдарламасының 2015 жылға жоспарланған мақсаттарының, міндеттерінің, нәтиже көрсеткіштерінің толықтай орындалуына қол жеткізілмеген.

7. Есепті кезеңде дебиторлық берешектер 2014 жылмен салыстырғанда 0,3 млн. теңгеге азайып,  896,9 млн. теңгені құраған. Дебиторлық берешек негізінен келісім-шарттар бойынша міндеттемелердің толық көлемде орындалмауы себепті қалыптасқан.

8. Есепті кезеңнің соңында кредиторлық қарыз 2014 жылмен салыстырғанда 244,4 млн. теңгеге немесе 48,9 % азайып,  255,6 млн. теңгені құраған. Кредиторлық берешектің пайда болуының басты себептерінің бірі - облыс бюджетінде қолма-қол ақшаның бақылаушотында қаражаттың жетіспеушілігі.

Сонымен бірге,  01.01.2016 ж. жағдайына салық төлеушілердің салықтар және міндетті төлемдер бойынша жалпы сомасы 14 883,0 млн. теңге бюджетке берешектері қалыптасқан.

Осы фактілердің барлығы Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің нәтижелілік, уақытылылық және жауапкершілік принциптерінің толық көлемде сақталмай, облыстық бюджетті сапалы жоспарлаудың және оған әкімшілік етудің жеткілікті деңгейде болмай отырғандығын көрсетеді.

 

4.2. ҰСЫНЫСТАР

            Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы облыстың жергілікті атқарушы органдарға ұсынады:

– облыстық бюджетті кірістер мен шығыстары бойынша қалыптастыру және атқару барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджет заңнамасының талаптарын қатаң сақтауды;

– жергілікті бюджеттің түсімдер бойынша жоспарының толық және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді;

– аумақтық даму бағдарламасының мақсаттарына, міндеттеріне, нәтиже көрсеткіштеріне, сондай-ақ көзделген мақсатты индикаторларға қол жеткізу бойынша шаралар қабылдауды;

– облыстық бюджеттің атқарылуы барысында бюджет қаражатын басқарудың сапасын жақсартуды, қаржы жылы ішінде кассалық шығындарының бірқалыптылығын, дебиторлық және кредиторлық берешектердің азайтылуын қамтамасыз етуді;

– коммуналдық мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдауды;

–     анықталған қаржылық бұзушылықтар мен кемшіліктерді қаперге алуды, бюджет заңнамасының принциптері мен нормаларының бұзылуына жол берген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің лауазымды тұлғаларының жауапкершілік мәселелерін уақытылы қарауды.

Маңғыстау облысы бойынша

Тексеру комиссиясы

төрағасының міндетін атқарушы                                        Е. Гапуов   

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы