19/05/2024  Жексенбі

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ

 

 

 

 

2014 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы
Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Есебі
(жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды)

 

 

 

 

 

 

Ақтау 2015

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ………………………………………………………………………...

2

 

I БӨЛІМ. ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ.......

3

1.1.

Облыстық бюджет кірістерінің орындалысын талдау ……………….

4

1.1.1.

Облыстық бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерін талдау………………...……………………………………………….……

4

1.2.

Облыстық бюджет шығыстар бөлігінің орындалысын талдау ……

5

1.2.1.

Облыстық бюджет шығындарының орындалысын талдау.........………

7

1.2.2.

Бюджет кредиттерінің пайдаланылуын және өтелуін талдау…...............

11

1.2.3.

Мемлекеттің қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған шығындарын талдау…….......................................................................................................

12

1.3.

Бюджет тапшылығын және олардың қаржыландыру көздерін талдау.....

13

II БӨЛІМ. ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН БАҒАЛАУ..........

 

14

2.1.

«2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихат сессиясы шешімінің орындалысын бағалау............................

14

2.2.

Нысаналы трансферттердің тиімді пайдаланылуын бағалау, оның ішінде бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы..............

14

2.3.

Жүргізілген бақылау шараларының негізгі нәтижелері бақылау іс-шаралары бөлігінде...............................................................................

16

ІІІ БӨЛІМ. АУМАҚТЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН БАҒАЛАУ.....................................................................37
3.1. Аумақтың Даму бағдарламасының жүзеге асырылуын бағалау................................................................................................................. 37
IV БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ...............………………………………………

43

4.1.

Қорытынды……………………………………………………..........…..

44

4.2.

Ұсыныстар …………….……...………………………………………....

45

Кіріспе

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен, Бюджет кодексінің 142-шi бабына сәйкес 2014 жылға облыстық бюджеттiң орындалуы бойынша жергiлiктi атқарушы органның есебіне қорытынды - есеп дайындалды (Бұдан әрі - Есеп).
Бірінші бөлімде облыстық бюджеттің орындалысына талдау ұсынылған. Онда кірістер түсімдеріне, салықтық және салықтық емес түсімдерге, шығыстар орындалысына, бюджеттік кредиттерді пайдалану және өтеуге, мемлекеттің қаржы активтерін сатып алу және сату, бюджет тапшылығына және оны қаржыландыру көздеріне жасалған талдау деректері көрсетілген.
Екінші бөлімде бюджет жүйесінің принциптеріне сәйкестігіне, облыстық мәслихаттың «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық маслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №13/188 шешімімен бекітілген 2014 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалысына баға берілген.
Үшінші бөлімде Өңірдің аумақтық (кеңістіктік) дамуы бағдарламасының орындалысына берілген баға қорытындысы көрсетілген.
Төртінші бөлім Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік активтерді және бюджет қаржысын басқару тиімділігін арттыру бойынша, бюджет заңдылықтарын сақтауда бақылауды күшейтудегі негізгі қорытындылары мен ұсынымдарын қамтиды.

 

 

 

І БӨЛІМ. ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ

2014 жылы облыстық бюджеттің түсімі 91993,9 млн.теңгені құрады және 2013 жылмен салыстырғанда (97976,3 млн. теңге) 5982,4 млн.теңгеге немесе 6,1%-ға азайған.
Облыстық бюджеттің кірісі 2014 жылға 90188,5 млн.теңгеге жоспарланып, нақты 90913,6 млн.теңге түсіп немесе 100,8%-ды құраған.
2014жылы облыстық бюжеттің нақтыланған шығыстары 95749,4 млн. теңгені құрап және 2013 жылмен салыстырғанда (98952,7 млн. теңге) 3203,3 млн.теңгеге немесе 3,2% -ға азайған.
Есепті қаржыжылында іс-жүзіндегі шығыстар 2013 жылмен (94533,9 млн.теңге) салыстырғанда 0,08%-ға ұлғайып, 94616,9 млн.теңге көлемінде орындалған. Шығыстар құрылымында елеулі үлес шығындарға (88503,5 млн. теңге) тиесілі, олар 2013жылмен салыстырғанда (91603,3 млн.теңге) 3099,8 млн.теңгеге немесе 3,4%-ға азайған.
Кесте – 1
2014 жылға облыс бюджетінің негізгі
көрсеткіштерінің орындалысы
млн.теңге

 

п/п

Көрсеткіштер атауы

Бекітілген бюджет

 

Түзетілген бюджет

Нақты

Нақтыланған бюджетке айырмасы
(+/-)

% орынд

1

Кірістер

81109,5

90188,5

90913,6

725,1

100,8

2

Шығыстар

80865,3

89635,9

88503,5

- 1132,4

98,7

3

Бюджеттік кредиттер

602,4

4465,0

4465,0

0

100

4

Бюджеттік кредиттерді өтеу

146,6

152,8

152,8

0

100

5

Қаржы активтерін сатып алу

320,0

1555,5

1555,5

0

100

6

Қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0

0

0

0

0

7

Бюджет тапшылығы

-531,6

-5315,2

-3457,7

1857,5

 

8

Есепті жыл соңына бюджет қаражатының қалдығы

 

 

1857,5

 

 

Есепті кезеңде облыс бюджетінің орындалу тиімділігіне белгілі дәрежеде әсер еткен кемшіліктер мен мәселелер, облыстық бюджеттің кірістер мен шығыстар орындалысын талдау нәтижесінің тиісті бөлімдерінде ұсынылған.

1.1. ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ

Есепті кезеңдегі жалпы түскен түсімдер сомасында кірістердің үлес салмағы - 98,8%, бюджеттік кредиттерді өтеудің үлес салмағы - 0,2%, қарыздар түсімі – 1,0 % құрайды.
Кірістердің жалпы сомасында салықтық түсімдер 51074,0 млн.теңгені немесе 56,2%-ын құрайды, салықтық емес түсімдер – 1645,4 млн.теңгені немесе 1,8%, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер кірісі–39,8 млн.теңге, немесе 0,1%, трансферттер түсімі – 38154,3 млн. теңге немесе 41,9%.
Жалпы кірістер сомасынан облыстық бюджетке негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 15,0 млн. теңгеге жоспарланып, орындалысы – 39,8 млн.теңгені немесе 265,4%-ды құрады. Түсімдердің 24,8 млн.теңгеге артық орындалу себебі, 2014 жылы сатылуы жоспарланбаған нысандар сатылған.
трансферттер түсімі – 38154,3 млн. теңгеге немесе 100%-ға орындалды.

      • ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ТҮСЕТІН САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ ЕМЕС ТҮСІМДЕРДІ ТАЛДАУ

 

2013 жылмен салыстырғанда салықтық түсімдер (52829,1млн.теңге) 1755,1 млн.теңгеге немесе 3,3%-ға азайып 51074,1 млн.теңгені құраған, салықтық емес түсімдер (1093,7 млн. теңге) 551,7 млн.теңгеге немесе 50,4%-ға көбейіп 1645,4 млн. теңгені құрады, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер (6,9 млн.теңге) 32,9 млн.теңгеге немесе 476,8%-ға артып 39,8 млн. теңгені құраған, ал трансферттер түсімдері (42272,5 млн.теңге) 4118,2 млн.теңгеге немесе 9,7%-ға төмендеп 38154,3 млн. теңгені құрады.
Салықтық түсімдер бойынша жоспар 100,9%-ға орындалды, бастапқы бекітілген жоспар (49079,8 млн.теңге) 1994,8млн.теңгеге немесе 4,1%-ға ұлғайып, 51074,1 млн.теңгені құрап, облыстық бюджеттің кіріс бөлігінің толық орындалуына мүмкіндік жасады.
2014 жылғы салықтық түсімдердің негізгі үлесін табыс салығы – 26587,4млн.теңге немесе олардың жалпы көлемінде 52% құрады, әлеуметтік салық – 22124,6 млн.теңге немесе 43,3%, тауарларға, жұмыстарғажәнеқызметтергесалынатын ішкі салықтар – 2361,9 млн.теңге немесе 4,6% құраған.
Жоспарланған табыс салығы 101,1%-ға, әлеуметтік салық –101,7%-ға орындалды.
Облыстық бюджетке салықтық емес төлем түсімдері жоспарға шаққанда 1645,4 млн.теңге немесе 117,7% -ды құрады.
Салықтық емес төлемдер түсімінің жалпы көлемінің негізгі үлесін (44,6%) жергілікті бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер құрайды.
206109 «Жергіліктік бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер» коды бойынша 390,3 млн.теңгеге түзетілген жоспардың орындалысы 419,6 млн.теңгені немесе 107,5%-ды құрады.
Айта кететін жағдай, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-нан 2011 жылы артық түскен қаражаттың 2014 жылы 600,0 млн.теңге сомасы кері қайтарылды.

    • ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ШЫҒЫСТАР БӨЛІГІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ

 

2014жылы облыстық бюджеттің нақтыланған шығыстары бастапқы жоспарланған көлемнен (81858,5 млн.теңге) 13890,9млн.теңгеге немесе 16,9%-ға артып, 95749,4 млн.теңгені құрады. Соның ішінде:
2014жылы облыстық бюджеттің шығындар бойынша кассалық орындалысы 88503,5млн.теңгеге немесе 98,7%-ға орындалған. Оның ішінде, даму бюджеттік бағдарламалары - 23083,2 млн.теңге немесе 26,1%, ағымдағы бюджеттік бағдарламалары - 65420,3 млн.теңге немесе 73,9%.
Облыстық бюджеттің шығындарын 2013 жылмен салыстырғанда (91603,3млн.теңге) 3099,8 млн.теңгеге 3,5% азайды; бюджеттік кредиттер бойынша 100%-ға орындалып, 4465,0 млн.теңгені құрады. Қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған шығыстар 1555,5 млн.теңгені немесежылдық көрсеткіштің 100,0%-ын құрады. Барлық игерілмеген қаражат 1132,5 млн.теңге. Оның ішінде даму бюджеттік бағдарламалары 303,0 млн.теңгені, ағымдағы бюджеттік бағдарламалары 829,0 млн.теңгені құрайды.
Есепті кезеңде дебиторлық қарызды 2013 жылмен салыстырғанда (746,8 млн. теңге) 150,4 млн. теңгеге немесе 20,1% өсіп, 897,2 млн.теңгені құрады.
Дебиторлық қарыздың ең көп көлемі келесі бюджеттік бағдарламалар әкімшілер есебіне тиесілі:
Кәсіпкерлік және сауда басқармасында 850,3 млн.теңге сомасында – «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде, ауылда кәсіпкерлікті дамытуды қолдауға, шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға берілген кредиттер бойынша берешектер;
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы ішкі істер органында – 17,1 млн.теңге сомасында, жабдықтаушылардың келісім-шарт міндеттемелерін орындамау салдарынан;
Білім басқармасымен – 13,8 млн. теңге, жабдықтаушылардың келісім шарт міндеттемелерін орындамау салдарынан және т.б.
Есепті кезеңнің соңында кредиторлық қарызды 2013 жылмен салыстырғанда (98,4 млн. теңге) 401,6 млн. теңгеге немесе 408,1% өсіп, 500,0 млн.теңгені құрады. Кредиторлық қарыздың ең көп көлемі келесі бюджеттік бағдарламалар әкімшілер есебіне тиесілі:
Құрылыс басқармасына – 305,9 млн.теңге;
Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасына – 88,9 млн.теңге;
Тұрғын үй-шаруашылығы және энергетика басқармасына – 80,6 млн.теңге және т.б.
Кредиторлық қарыздың пайда болуының басты себептері - бюджетті секвестрлеу, жұмыстар және қызметтерді орындауда мердігерлердің жұмыстарды орындау актілерін және төлем шоттарын уақытылы ұсынбау салдарынан және 5%-ық ұстап қалулар.
«2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық маслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №13/188 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2014 жылғы 19 қарашадағы №20/297 облыстық мәслихаттың шешімімен жалпы сомасы 368,1 млн.теңгеге секвестрлеу жүргізілген.
Оның ішінде, 300,8 млн.теңге нысаналы даму трансферттері Құрылыс басқармасына және Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тиесілі, 67,3 млн.теңгесі ағымдағы нысаналы трансферттер Өнеркәсіп және сауда, Әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру, Денсаулық сақтау, Білім басқармаларына және басқа да бағдарлама әкімшілеріне тиесілі.

1.2.1. ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ

Есепті кезеңде функционалдық топтар тұрғысынан нақтылаулармен түзетулер барысында жалпы бюджет шығындарының өсуімен қатар жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қарастырылған бастапқы бекітілген қаржысының төмендеуіне жол берілген. Облыстық бюджеттің шығындар бөлігі 2 функционалдық топ бойынша азайған. Оның ішінде, «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» - 207,8 млн. теңге, «Басқалар» - 2829,9 млн. теңге. Облыстық бюджеттің бірнеше мәрте нақтыланып түзетілгеніне қарамастан, есепті кезеңнің соңында 1132,5млн. теңге игерілмеген.
Бұл ретте жылдық бекітілген шығындар 16 функционалдық топтардың 15-і бойынша орындалмаған:
Кесте 2

Облыс бюджетінің 2014 жылғы қаржыландыру бағыттары
бойынша орындалысы
млн. теңге


Функционалдық топ атауы

Бекітілген бюджет

Нақтыланған бюджет

Орындалысы

Нақты

Түзетілген %,

Шығыстар:

80865,3

89635,9

88503,5

98,7

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

1534,7

2905,2

2437,1

83,9

Қорғаныс

680,9

792,7

785,1

99,0

Қоғамдық тәртіп,қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

5595,7

6639,1

6627,2

99,8

Білім беру

12815,1

13827,0

13769,4

99,6

Денсаулық сақтау

15511,3

16408,4

16260,3

99,1

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

1588,4

1980,0

1955,4

98,8

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы

7008,6

10212,3

10170,5

99,6

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

3564,2

4429,7

4409,4

99,5

Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану

2374,8

2928,0

2847,1

97,2

Ауыл, су,орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

1780,4

2225,3

2122,0

95,4

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

2194,3

1986,5

1933,2

97,3

Көлік және коммуникация

4034,0

4658,1

4648,7

99,8

Басқалар

8298,9

5468,9

5363,4

98,1

Борышқа қызмет көрсету

1,1

1,2

1,2

99,2

Трансферттер

13882,9

15173,5

15173,5

100

Қаржы көлемінің көп бөлігі: денсаулық сақтауға – (18,37%): білім беруге – (15,55%), тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына – (11,49%) жұмсалған.
Жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында бюджет қаржысының 100% игерілуі 29 жергілікті мемлекеттік органдардың 8-мен ғана қамтамасыз етілген.
Кесте 3

млн.тенге


р/н

Әкімшілер атауы

Түзетілген жоспар

Орынд. жоспар

Игерілмеген сома

Игеру %

1

Облыс мәслихатының аппараты

35,2

35,2

0

100

2

Облыс әкімінің аппараты

1754,6

1731,8

22,8

98,7

3

Облыстық тексеру комиссиясы

97,6

97,6

0

100

4

Облыстық қаржы басқармасы

17099,5

16638,3

461,1

97,3

5

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

781,4

781,4

0,0

100

6

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық қорғаныс, табиғи және дүлей апаттардың алдын алу бойынша уәкілетті төтенше жағдайлар органдарының аймақтық органы

318,0

312,5

5,4

98,2

7

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы ішкі істер органдары

6146,6

6142,6

4,0

99,9

8

Облыстық білім басқармасы

9455,9

9404,0

51,8

99,4

9

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

15828,4

15708,9

119,5

99,2

10

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

1498,0

1477,3

20,7

98,6

11

Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы

11177,5

11068,3

109,2

99,0

12

Облыстық мәдениет басқармасы

1401,1

1399,9

1,2

99,9

13

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

2518,8

2518,4

0,3

99,9

14

Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы

1089,0

1003,9

85,0

92,1

15

Облыстың жер қатынастар басқармасы

87,6

86,2

1,3

98,5

16

Облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасы

121,7

121,7

0

100

17

Облыстық ішкі саясат басқармасы

597,9

596,7

1,1

99,8

18

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы

27,5

26,9

0,5

98,0

19

Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы

1612,7

1592,6

20,1

98,7

20

Облыстық құрылыс басқармасы

17249,5

17032,0

217,4

98,7

21

Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы

338,5

338,3

0,2

99,9

22

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

5480,0

5470,7

9,3

99,8

23

Облыстық жастар саясаты жөніндегі басқармасы

50,3

50,3

0,0

100

24

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

528,7

528,7

0

100

25

Облыстық туризм басқармасы

201,0

201,0

0

100

26

Облыстық еңбек басқармасы

35,9

35,0

0,8

97,6

27

Облыстық дін істер басқармасы

60,5

60,5

0,0

99,9

28

Облыстық индустриальды – инновациялық даму басқармасы

145,0

144,9

0,1

99,9

29

Облыстық балалар құқықтарын қорғау басқармасы

9,9

9,9

0

100

Барлығы:

95748,2

94615,3

1132,5

 

Игерілмеген қаражаттың негізгі бөлігі төмендегілерге тиесілі: Қаржы басқармасында – 461,1 млн. теңге, игерілмеу себебі: конкурстың өтпеді деп танылуынан - 400,0 млн. теңге, коммуналдық меншікке мүліктерді сатып алулардың нәтижесінде пайда болған үнемдеулер – 37,9 млн. теңге, еңбекақы қорынан және мемлекеттік сатып алудың нәтижесінде пайда болған үнемдеулер – 7,9 млн. теңге, игерілмеген жергілікті атқарушы органның резерві – 15,3 млн. теңге;
Құрылыс басқармасында – 217,4 млн. теңге, игерілмеу себебі: конкурстық рәсімдердің уақытында жүргізілмеуі, келісім-шарт міндеттемелерінің орындалмауынан (жұмыстарды орындау актілері, шот фактуралардың ұсынылмауы) орын алған;
Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасында – 109,2 млн. теңге, оның ішінде: келісім-шарт міндеттемелерінің орындалмауы (жұмыстарды орындау актілері, шот фактуралардың ұсынылмауы) – 108,6 млн. теңге, еңбек ақы бойынша үнемделгені – 0,5 млн. теңге;
Білім беру басқармасында – 51,8 млн. теңге, оның ішінде: жұмыстарды орындау актілері, шот фактуралардың ұсынылмауы – 47,1 млн. теңге, үнемдеулер – 4,1 млн. теңге;
Ауыл шаруашылық басқармасында – 85,0 млн. теңге, оның ішінде: еңбекақы төлеу қорынан үнемделгені – 15,2 млн. теңге, жабдықтаушылармен келісім шарт міндеттемелерінің орындалмауы – 6,3 млн. теңге, басқа да үнемдеулер – 5,3 млн. теңге;
Денсаулық сақтау басқармасында – 119,4 млн. теңге, оның ішінде: 103,6 млн.теңге - мемлекеттік сатып алу бойынша өтінімдердің болмауынан игерілмеген, 15,8 млн.теңге - мемлекеттік сатып алулардың нәтижесінде пайда болған үнемдеулер;
Әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасында – 20,7 млн. теңге, оның ішінде: 5,7 млн.теңге – мемлекеттік сатып алулардың уақытылы өткізілмеуінен, 15,0 млн теңге - еңбекақы төлеу қорынан және мемлекеттік сатып алулардан пайда болған үнемдеулер.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсынған мәліметтеріне сәйкес, бюджет қаражаттарының игерілмеуінің негізгі себептері: үнемдеу, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан бюджеттік бағдарламаларды тиімсіз басқару, келісім шарт міндеттемелерінің уақтылы және толық орындалмауы болып табылады.
Облыстық бюджет қаражатының орындалысында жіберілетін қаржылық бұзушылықтардың бірқатары кейбір бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жеке шығындарын негізсіз жоспарлаудан, сонымен қатар бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігінің төменділігінен туындап отыр.

1.2.2. БЮДЖЕТ КРЕДИТТЕРІНІНІҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫН ЖӘНЕ ӨТЕЛУІН ТАЛДАУ

Облыстық бюджетті нақтылауда 2014 жылы бюджеттік кредиттер көлемі 4465,0 млн. теңгені құрады немесе алғашқы бекітілгеннен 3862,7 млн. теңгеге артық. 2013 жылмен салыстырғанда (1283,0млн. теңге) 3182,0 млн. теңгеге немесе 248% артқан.
2014 жылы бюджеттік кредиттер: тұрғын-үй құрылысына және сатып алуға, ауылдық елді мекендерге жұмыс жасауға және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек беру шараларына, тұрғын үй сатып алуға және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамытуды қолдауға, моноқалаларды дамытуға бағытталған.
Кесте 4
Бюджеттік кредиттердің негізгі бағыттары
млн.теңге


Облыстық бюджеттік бағдарлама атауы

Кредит сомасы

Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің атауы

Барлық бюджеттік кредиттер, соның ішінде;

4465,0

 

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне тұрғын үй жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредиттер беру

3537,5

Маңғыстау облыстық құрылыс басқармасы

Мамандардың әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер

602,3

Маңғыстау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету үшін бюджеттік кредиттер беру

200,0

Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне моноқалаларда кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуге кредиттер беру

125,2

Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Бюджеттік кредиттерге бөлінген 4465,0 млн. теңге және бюджеттік кредиттерді өтеуде жоспарланған 152,8 млн. теңге толықтай орындалды немесе 100% құрады.

1.2.3. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІН САТЫП АЛУҒА ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАРЫН ТАЛДАУ

Қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған облыстық бюджет шығындары 2013 жылмен салыстырғанда (1162,3млн.теңге) 33,8%-ға көбейіп, 1555,5 млн.теңгені құрады. Бұл ретте, қаржы активтерін сатып алу үшін бекітілген бастапқы шығындар бюджетті нақтылау кезінде 4,5 есеге өскен.
Қаржы активтерін сатып алу «Басқалар» функционалдық тобы бойынша үш бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік кәсіпорындардың Жарғылық капиталдарын ұлғайту, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың бағалы қағаздарының үлес қатынасын сатып алу жолымен: энергетика және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен 780,0 млн. теңге, құрылыс басқармасымен 320,0 млн. теңге, ауыл шаруашылық басқармасымен 455,5 млн. теңгеге жүргізілді.
Уәкілетті органның есебіне сәйкес, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен Жарғылық капиталдарын ұлғайтуға көзделген қаржы толықтай игерілген.

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға жұмсалған шығындар 5-кестеде көрсетілген.
Кесте № 5

млн. теңге


Заңды тұлғалардың атауы

Сомасы

Барлық инвестициялар (немесе жоғарылау) жарғы капиталының құрылымы, оның ішінде:

1555,5

«Маңғыстауқұрылысинвест» ЖШС

320,0

«ҰК ӘКК «Каспий»» АҚ

498,3

ШЖҚ «Маңғыстау облыстық су жүйесі» МКК

55,5

«Каспий,жылу,су арнасы» МКК

661,2

«Көктем» МКК

20,5

1.3. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІН ТАЛДАУ

2014 жылға облыстық бюджет тапшылығы 531,6 млн. теңге көлемінде бекітілді. Нақтылау мен түзетулердің нәтижесінде бюджет тапшылығы 5315,2 млн. теңгені құрап, 4773,6 млн. теңгеге өскен.
Есепті кезең соңында - 3457,7 млн. теңге көлемінде бюджет дефициті пайда болған.
Жыл соңында сыртқы қарыздардың тартылуының нақты сомасы 927,5млн.теңгені, қарыздарды өтеу 92,7 млн.теңгені, бюджет қаражатының пайдаланылған қалдықтарының сомасы 2622,9 млн.теңгені құраған, бюджет қаражатының қалдығы жыл басында – 4480,4 млн.теңге және есепті кезеңнің соңында 1857,5 млн. теңгені құраған.

II. БӨЛІМ. ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН БАҒАЛАУ

2014 жылғы облыстық бюджеттің орындалысын бағалау, Қазақстан Республикасының бюджет заңдылықтарына сәйкестігі және бюджет қаражатын тиімді пайдалануын бағалау бойынша, бақылау материалдарымен талдау іс-шаралары негізінде жүргізілді.

2.1. «2014-2016 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ» ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ШЕШІМІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН БАҒАЛАУ

Төрт рет мәслихат сессиясының шешімімен нақтыланған бюджет көрсеткіштері, 2014-2016 жылдарға бекітілген облыстық бюджеттің, бастапқы бюджеттік көрсеткіштеріне қарағанда анағұрлым өзгерген.
Алайда, енгізілген өзгертулерге қарамастан, нақтыланған және түзетілген жоспарлы көрсеткіштері, бюджет құрылымының жекеленген бөлімдері бойынша орындалмаған.
Есепті кезеңде, кірістер бөлігінің 2 салықтық түсім атауы бойынша орындалмаған, ал 89635,9 млн. теңге мөлшерінде жоспарланған шығындардың орындалысы 88503,4 млн. теңгені немесе 98,7% құраған.
Кіріс бөлігі бойынша жекелеген көрсеткіштердің орындалмауы және бюджет қаражатының игерілмеуі, бюджеттің орындалысында жеткілікті мониторингтің жоқтығын көрсетті.


2.2. НЫСАНАЛЫ ТРАНСФЕРТТЕРДІҢ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ, ОНЫҢ ІШІНДЕ БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ

2014 жылы республикалық бюджеттен жалпы сомасы 35986,3 млн. теңгеге нысаналы трансферттер бөлінген. Орындалысы 35858,5 млн. теңгені немесе жоспарға шаққанда 99,6%-ды құраған. Республикалық бюджетке алымдар 2,4 есеге азайып 10079,8млн. теңгені (2013ж. – 24607,2 млн. теңге).
Аудан (қалаларға) субвенция 2013 жылмен салыстырғанда 69,5%-ға көбейіп 4728,2 млн. теңгені құрады. (2013ж. – 1438,3 млн. теңге).
Облыстық бюджетке аудандық бюджеттерден алымдар түріндегі трансферттер есепті кезеңде – 2675,0 млн. теңгені құрады. 2013 жылмен салыстырғанда 51% - ға төмендеген (2013ж. – 5236,3 млн. теңге). 2014 жылы облыстық бюджет кірістерінің жалпы көлеміне, келіп түскен трансферттердің үлес салмағы 41,9% немесе 38154,3 млн. теңгені құрады ( 2013 жылы 43,9% немесе 42272,5 млн. теңге).
Республикалық бюджеттен даму нысаналы трансферттердің басым бөлігі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға, құрылысқа, жылу энергетикалық жүйесін дамытуға бөлінген.
Пайдаланылмаған трансферттердің жалпы сомасы 127,8 млн. теңгені құрады. Оның ішінде, 2015 жылы пайдалануға 55,1 млн. теңге сомасына рұқсат алынып, ал қалған 72,6 млн. теңге сомасы республикалық бюджет кірісіне аударылған (27.02.2015 жылғы №2572752/15-79 санды төлем шотымен республикалық бюджетке кері қайтарылған). Игерілмеу себептері -конкурстық процедуралардың нәтижесінде пайда болған үнемдеулер, сондай-ақ жасалған жұмыстарды растайтын актілердің кеш тапсырылуынан және мемлекеттік сатып алулардың уақытынан кеш өткізілуінен болып отыр. Нысаналы трансферттер бойынша жасақталған келісім аясында қабылданған міндеттемелер бойынша түпкілікті нәтижеге қол жеткізуде қажетті шаралардың қабылданбауы, бюджетті жоспарлау мәселелеріне қатысты кешенді ұстанымның жоқтығы бюджет қаражатының игерілмеуіне әкеліп соқтырып отыр.

Нәтижесінде, жергілікті атқарушы органдармен республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттерді және даму трансферттерін пайдалануда, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы №95 Бюджет кодексінің 4- бабының 9,10-тармақтарымен көзделген негізділік, уақытылылық принциптері сақталмаған.

2.3. ЖҮРГІЗІЛГЕН БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ, БАҚЫЛАУ ІС-ШАРАЛАРЫ БӨЛІГІНДЕ

Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясымен 2014 жылы 13 бақылау іс-шарасы жүргізіліп, 63 бақылау нысанында тексерумен 41843596,6 мың теңге қамтылып, жалпы сомасы 15659773,2 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің бұзушылықтары анықталды.
Оның ішінде, қалпына келтіруге немесе бюджетке өндіруге жататыны 1255493,4 мың теңге, қалпына келтірілгені немесе бюджетке өндірілгені 863882,5 мың теңге.
Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының жұмыс жоспары негізінде 2014 жылы 16 облыстық бюджеттен қаржыландырылатын бақылау нысандарында 6 бақылау іс-шаралары жүргізілді.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамаларын және басқада нормативті-құқықтік актілерінің талаптары бұзылып, жалпы сомасы 2664097,1 мың теңгеге кемшіліктер анықталды.
Бюджетке қалпына келтіру мен қайтарылуға жататын сома 19500,9 мың теңгені құрап, түгелдей қалпына келтіріліп, бюджетке қайтарылды.
Жүргізілген бақылау нәтижелері бойынша кемшіліктер жіберген лауазымды тұлғаларға шаралар қолдану үшін нысандарға тексеру комиссиясының қаулылары жолданды.
Тәртіптік жауапкершілікке 27 лауазымды тұлға тартылды.
Тексеру комиссиясының бастамасының негізінде Маңғыстау облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясымен 11 лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Процессуалды шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына 3 бақылау материалдары жолданды.
«Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражаттарының пайдаланылуының сәйкестігіне жүргізілген бақылаудың нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2012 жылғы 29 желтоқсандағы «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидалары туралы» №584 (одан әрі – № 584 Бюджеттік өтінімді жасау Қағидасы) санды бұйрығының 24-тармағы бұзылып, 161 «Ел iшiнде және елден тысқары жерлерге қызметтiк iссапарларға шығындар» ерекшелігі бойынша шығыстарды жоспарлауда Ереженің 51-тармағы сақталмай, барлығы 1329,0 мың теңгеге іссапар шығыстары ағымдағы жылға арналған iссапарлардың бекiтiлген жоспарынсыз және жоспарлы кезеңге арналған iссапарлар жоспарларының жобаларынсыз жоспарланған.
«Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына бюджеттен бөлінген қаражаттың, мемлекет активтерінің пайдаланылуының сәйкестігіне және қаржылық есептілігіне бақылаудың нәтижесінде жалпы сомасы 14805,5 мың теңгеге кемшіліктер анықталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 санды «Азаматтық қызметшілер, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлері, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі туралы» (одан әрі - Азаматтық қызметшілер, ұйымдар, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу Қаулысы) қаулысының 6- тармағының 2- тармақшасы сақталмай, 2012-2013 жылдардағы Кәсіпорынның кредиторлық берешегі бола тұра, жалпы сомасы 13827,0 мың теңгеге сыйақы берілгендігі анықталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iс-сапарлары туралы» (одан әрі - №1428 Қызметтiк iс-сапарлар туралы Ереже) ережесінiң 10-шы тармағының 2-ші тармақшасының талаптары сақталмай, жалпы сомасы 118,1 мың теңге іс-сапар шығындары негізсіз төленгені анықталды.
Кәсіпорын тарапынан Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-III «Мемлекеттік сатып алу туралы» (одан әрі - Мемлекеттік сатып алу Заңнамасы) Заңының 30-шы бабының 3-ші тармағының талаптары орындалмай, жалпы сомасы 860,4 мың теңгені құрайтын тауарлар бөліктерге бөлшектеліп сатып алынған.
Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі жән автомобиль жолдары басқармасына бөлінген қаржының пайдаланылуы бойынша жүргізілген бақылаумен 2942 443,4 мың теңге көлеміндегі қаржы қамтылып, жалпы сомасы 1243456,4 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды. Бірқатар бюджеттік бағдарламалар аясында Стратегиялық жоспарға өзгертулер мен толықтырулар енгізілмеген, қаржы көлемдері және тағы да басқа көрсеткіштері Стратегиялық жоспарда көрсетілмеген.
Жалпы сомасы 43991,0 мың теңгені құрайтын бюджеттік өтінім есептеме құжаттармен қамтамасыз етілмеген, оның ішінде: 1718,0 мың теңге негізсіз жоспарланған.
Әкімшілік шығындар бойынша бюджетті жоспарлауда және орындауда тиісті заңнамалар өз дәрежесінде сақталмаған. Басқармамен қозғалтқыш көлемі заңнамада көрсетілген шектен артық автокөлік жалға алынған. Қалааралық телефон байланысы бойынша шығындар нормасы 6 нөмірге тиіс бола тұра, 7 нөмірге жүргізілген.
Жолға күрделі жөндеу жүргізу барысында нақты жасалған жұмыстар мен қабылдау актілері арасында сәйкессіздіктер орын алған. Яғни, жалпы сомасы 736669,5 мың теңгені құрайтын жасалған жұмыстарды қабылдау актісіне сәйкес тексеру барысында жол жамылғысының төменгі қабаты – 6,5 см. асфальтбетоннан жүргізілген деп көрсетілгенмен, «Маңғыстаужолзертханасы» мемлекеттік мекемесімен жүргізілген сынақ қорытындыларына сәйкес жамылғының төменгі қабатының асфальтбетонының қалыңдығы нақты 9 см-ге орындалғандығын анықтап отыр. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысымен берілген жобалық-сметалық құжаттамасының смета есебі мен жұмыс жобасының сызбасында ауытқушылықтардың орын алуынан болған бұл сәйкессіздікті қалпына келтіру бойынша шаралар алынбаған.
Құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат алынбай тұрып, орындалған жұмыс актілері қабылданып, құрылыс жұмыстары жүргізілген.
Мемлекеттік сатып алу туралы Заңнамасы бұзылып, жалпы сомасы 6 897,0 мың теңгені құрайтын 4 мемлекеттік сатып алуда тапсырыс беруші өнім берушілерді келісім шартты толық орындаудан бас тартқаны үшін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбегендігі анықталды.
Мемлекеттік сатып алу принциптері бұзылып, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін теңдей мүмкіндік берілмей, 258,0 мың теңгені құрайтын 3 жағдайда іс-шаралар өткізу қызметін сатып алу бойынша хабарландырулар мемлекеттік сатып алу веб порталында 5 күннен аз мерзімге орналастырылған.
«Мұнайлы аудандық коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген қарсы бақылау нәтижесімен орташа жөндеу жұмыстары бойынша жасақталған келісім шарттың талабы сақталмай, жұмыс уақытында аяқталмағаны үшін жалпы сомасы 313,7 мың теңгеге тұрақсыздық айыппұлы есептелмегендігі анықталды.
Республикалық бюджеттен агроөнеркәсіпті дамытуға бөлінген нысаналы трансферттердің тиімді пайдаланылуына Маңғыстау облысының ауыл шаруашылық басқармасында жүргізілген бақылаумен Стратегиялық жоспардың мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен өнімділігін арттыру, тікелей нәтиже - асыл тұқымды мал басының үлес салмағын ұлғайту,соның ішінде қойдың үлес салмағын 6,4%-ға ұлғайту жоспарланып, асыл тұқымды төлді арттыруға бағытталған жұмыстардың толыққанды жүргізілмеуіне байланысты нақты түрде 5,6%-ға орындалып, толық қол жеткізілмегені анықталды. Осы мақсаттарды жүзеге асыруға республикалық бюджет есебінен жалпы сомасы 22796,0 мың теңге шығысталған. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 6 маусымдағы №827 санды «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» жарлығының талабы бұзылып, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің нәтижелілік және тиімділік қағидаты сақталмағаны анықталды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 233 санды «Бюджеттiк өтінімдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы»
(одан әрі - № 233 Бюджеттiк өтінімдi жасау Бұйрығы) бұйрығының 15 және 53- тармақтарының талаптары сақталмай, 2013 жылға 222 - бюджеттік бағдарлама бойынша жалпы сомасы 51720,0 мың теңгеге бюджеттік өтінім және нәтижелер туралы келiсiм жобалары жасақталып, ұсынылмағаны анықталды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылы 3 тамыздағы №393 санды «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» (одан әрі- №393 Бухгалтерлік есеп жүргізу Ережесі) бұйрығының 122- тармағының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 51720,0 мың теңге субсидияның есебі бойынша бухгалтерлік жазбаның рәсімделу тәртібі сақталмағаны анықталды.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық онкологиялық диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына бюджеттен бөлінген қаражаттың және активтерінің пайдалануының сәйкестігіне және қаржылық есептілігіне жүргізілген сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаумен жалпы сомасы 106 917,3 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды.
Кәсіпорынмен 2014 жылы жалпы сомасы 95597,1 мың теңгеге қоймада жеткілікті көлемде болған дәрі-дәрмектерді, артығымен сатып алынғаны анықталды. Яғни, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қарашадағы №762 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу ережесін бекіту туралы» Ереженің 2-тарауының 9-тармақшасы сақталмай, Кәсіпорын дәрілік затты пайдалануға қажеттілікті қалыптастыруда дәйектілігін қамтамасыз етпеген.

Қоймада қалған дәрі-дәрмектер көлемін және дәрі-дәрмектердің нақты түрде тұтыну мөлшерін ескермеу, Кәсіпорынның 01.01.2014 жылғы есебі бойынша бірыңғай дистрибьюторға дәрі-дәрмектер үшін жалпы сомасы 97467,0 мың теңгеге кредиторлық берешегінің пайда болуына әсерін тигізген.

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №203 санды Қаулысымен Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық онкологиялық диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 20028,0 мың теңге болып Жарғысы бекітілген, ал 01.01.2014 жылғы жылдық бухгалтерлік балансында жарғылық капиталының мөлшері 20087,0 мың теңге болып көрсетілген, яғни ауытқушылық 59,0 мың теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет Кодексінің (одан әрі – Бюджет кодексі) 44-бабының 7-тармағының талабын сақтамай, Кәсіпорын 2013 жылы Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің қаржы жылы ішінде толық пайдаланылмаған 3226,8 мың теңгесін жоғары тұрған бюджетке қайтармаған.
Іс-сапар шығындарының дұрыстығын ішінара тексеру барысында №1428 Қызметтiк iс-сапарлар туралы Ережесінің талаптары бұзылып, жалпы сомасы 474,4 мың теңге тәулік ақы артық төленгені анықталды.
Байланыс қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстарды есептеуде ұялы телефон байланысының шығыстарына шығындар жоспарланбағанымен, нақты түрде ұялы телефон байланыс қызметі үшін жалпы сомасы 235,6 мың теңге қаражат шығысталған.
Кәсіпорынның 01.01.2014 жыл жағдайына жасақталған салыстырмалы актілеріне сәйкес жалпы сомасы 103921,0 мың теңге кредиторлық берешектері бола тұра, кәсіпорын қызметкерлеріне 2156,5 мың теңге көлемінде сыйақы берілгендігі анықталды.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» (одан әрі – Мүлік туралы Заң) Заңының 17-бабының 11-тармағының талабы бұзылып, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының балансынан жалпы сомасы 355,9 мың теңгеге келіп түскен негізгі құралдар алу-беру актісінсіз Кәсіпорын балансына есепке алынған.
Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның шешімінсіз жеке тұлғадан жалпы сомасы 2755,2 мың теңгені құрайтын 2 дана кондиционерлерді және принтерлерді негізгі құралдар есебінде балансқа қабылдаған.
Мемлекеттік сатып алу Заңының 31-бабының 1-тармағы сақталмай, мемлекеттiк сатып алуларда баға ұсыныстарын беруге көзделген бес жұмыс күнiн сақтамай, 2014 жылы жалпы сомасы 1700,4 мың теңгеге мемлекеттік сатып алулар өткізілген.
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру» (одан әрі - Мемлекеттік сатып алу Ережесі) ережесінің 158-тармағының талаптары сақталмаған, яғни келісім шартта көрсетілетін жұмысқа 30% алдын ала төлем қарастырылмағандығымен, кәсіпорынмен «Диас» ЖК-дің есеп шотына жалпы сомасы 356,4 мың теңге алдын ала төлем жасалған.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына мемлекеттік активтер және қаржылық, бюджеттік есептіліктері бойынша жүргізілген сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаумен жалпы сомасы 11670,3 мың теңгеге бұзушылықтар орын алғаны анықталды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 18 тамыздағы №652 «Денсаулық сақтау ұйымдарының мемлекеттiк қызметшілері болып табылмайтын қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн есептеу ережесi және Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыру және еңбекақы төлеу ережесi» бұзылып, екі қызметкердің санаты дұрыс есептелмей 6,0 мың теңге жалақы артық төленген.
№1428 Қызметтiк iс-сапарлар туралы Ережесінің 9-тармағы бұзылып жалпы сомасы 10,8 мың теңгеге іс-сапар шығындары артық төленген.
№393 Бухгалтерлік есеп жүргізу Ережесінің 1-бөлімінің 2-тармағы және 2-бөлімінің 5-тармағының талаптары басшылыққа алынбай, кәсіпорынның 01.01.2013 жылғы балансы мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп нұсқаулығы бойынша жасалып, тапсырылғандығы анықталды.
Бақылаумен қамтылған аралықта Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» (одан әрі - №234 Бухгалтерлік есеп туралы Заң) Заңының 6-бабының 2-тармағы және 7-бабының 1-тармағының талаптары басшылыққа алынбай, кәсіпорын тарапынан бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жасау үшін қолдануға қабылданған нақты принциптерді, негіздерді, ережелерді, тәртіп пен практиканы білдіретін Есеп саясаты бойынша бухгалтерлік есебі жүргізілмеген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №673 «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидасын бекіту туралы» Қаулысының 4-тармағы, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы №52 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы №140 «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарлары құрылымын, нысандарын, көрсеткіштер тізілімін бекіту туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес байланыс қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстарды есептеуде, ұялы телефон байланысының шығыстарына шығындар жоспарланбасада, бақылаумен қамтылған кезеңде нақты түрде ұялы телефон байланыс қызметі үшін жалпы сомасы 51,6 мың теңге қаражат шығындалған.
№234 Бухгалтерлік есеп туралы Заңының 4-бабының талаптары сақталмай, кәсіпорынмен мүдделi тұлғаларды ұйымның қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етілмеген.
Кәсіпорынның азық-түлік қоймасына түгендеу жүргізу барысында негізгі құралдардың, тауарлы-материалдық құндылықтардың, азық-түліктердің және дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі жалпы сомасы 32,1 мың теңгені, ал артық шыққан азық түліктер 42,8 мың теңгені құраған.
Жалпы сомасы 257,4 мың теңгені құрайтын тауардың жарамдылық мерзімі өтіп кеткендігі анықталды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы №30 «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп нұсқаулық бекіту туралы» (одан әрі - №30 Бухгалтерлік есеп туралы Нұсқаулық) бұйрығының 38-тармағының талабы сақталмай, жалпы сомасы 929,5 мың теңгенің бейне бақылау құралы, салқындатқыштар машиналар мен жабдықтары ретінде есепке алынбағаны анықталды.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» (одан әрі - №193-IV Халық денсаулығы және денсаулық сақтау Кодексінің) Кодексінің 47-бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы №1464 «Стационарлық көмек көрсету ережесі» қаулысының талабы сақталмай, науқастар санымен ас мәзірі арасында жалпы сомасы 120,9 мың теңге айырмашылық анықталды, яғни азық-түліктер артық шығысталған.
Нәтижесінде, №234 Бухгалтерлік есеп туралы Заңының 6-бабы 3-тармағы 3-тармақшасының синтетикалық есепке алуды, талдамалық есепке алуға сәйкес келтіру туралы талабы қамтамасыз етілмеген.
Кәсіпорын бақылаумен қамтылған 2012-2014 жылдары аралығында Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 34-бабының 1- тармағы мен Мемлекеттік сатып алу ережесінің 142- тармағы, 7-тармақшасы бұзылып жалпы сомасы 8981,6 мың теңгеге өткізілген мемлекеттік сатып алулардың тиісті тәртіппен хаттамалары жасақталмаған.
Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 44-1 бабының 3-тармағы мен 2011 жылғы 31 қаңтардағы №64 Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы»қаулысының 9-тармағының талабы бұзылып, мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырмай, өзге әлеуетті өнім берушілерден жалпы сомасы 1237,6 мың теңгеге сатып алулар жүргізілген.
Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемлекеттік мекемесі және ведомстволық бағыныстағы мекемелерге бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген бақылау нәтижесі бойынша жалпы сомасы 1185253,0 мың теңгеге бюджеттік және басқа да заңнамалардың бұзушылықтары орын алды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» қаулысының талаптары сақталмаған, яғни бюджеттік өтінімді жасақтау барысында Басқарма тарапынан 294,5 мың теңгеге жанар жағар май тиісті нормадан артық жоспарланған.
№30 Бухгалтерлік есеп туралы Нұсқаулықтың 20,21-тармақтары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 Бухгалтерлік есеп жүргізу Ережесінің 21,22-тармақтарының талаптары бұзылған, яғни Психоневрологиялық интернат-үйінде мемориалды ордерлер және «Басты-журнал» кітабы жүргізілмеген.
№1400 Азаматтық қызметшілер, ұйымдар, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақы туралы Қаулысының 19-жалғамасының 10-тармағының талаптары басшылыққа алмау салдарынан мекеме басшысының орынбасарларына сомасы 567,3 мың теңге қосымша төлемақы төленген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықберу, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстеме ақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағының талабы сақталмаған, яғни тәртіптік жазасы бар қызметкерге 30,0 мың теңге сыйақы төленген.
№1428 Қызметтiк iс-сапарлар туралы Ережесінің 9 тармағы, 1,2-тармақшаларының талаптары бұзылған, яғни іс сапар шығындарын өтеуде 25,5 мың теңге артық және 13,6 мың теңге кем төленген.
№30 Бухгалтерлік есеп туралы Нұсқаулықтың 10-тармағы және №393 Бухгалтерлік есеп жүргізу Ережесінің 243-тармағы сақталмаған, мүліктерге түгендеу жүргізуде құны 505,5 мың теңгенің ғимараты балансқа алынбаған және құны 7686,1 мың теңгенің ғимараты алу-беру актісімен басқа кәсіпорынға берілгенімен, аталған ғимарат есептен шығарылмаған.
Мекемемен қосылған құн салығы ерекшелігінен, автокөлік қызметіне жалпы сомасы 81,0 мың теңге және мекеме ғимаратына жөндеу жұмыстары үшін жалпы сомасы 1408,9 мың теңге қосылған құн салығы төленген, алайда әлеуетті өнім берушілер қосылған құн салығын төлеуші болып тіркелмеген.
Мемлекеттік мүлік туралы Заңының 161-бабының 1-тармағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы №615 «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» Қаулысының 12-тармағының талаптары бұзылған, яғни жалпы сомасы 2027,1 мың теңгенің 2 автокөлігі мекеме есебінде тұрсада, құзырлы органның рұқсатынсыз жол полициясының есебінен шығарылып тасталған.
Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 11-бабының 4-тармағының талабы бұзылған, яғни ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттаманы жасақтау үшін «НурАман» ЖШС-гі жеңімпаз бола тұра, жалпы сомасы 350,0 мың теңгеге 2-ші жеңімпаз «Софипроект» ЖШС-мен келісім шарт жасасқан. Сонымен қатар, жеңімпаз болып танылған әлеуетті өнім берушіні жосықсыз қатысушы деп тану үшін сотқа жүгінбеген.
Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 4-бабы 60-тармағының және 39-бабының 1-тармағының талаптары басшылыққа алынбаған, мекеме тарапынан жалпы сомасы 1044,6 мың теңгеге жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын тауарлар сатып алынған және мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға өзгерістер енгізуге жолберіліп 2 жағдайда жалпы сомасы 626,0 мың теңгеге қосымша келісім жасақталған.
Мемлекеттік сатып алу Заңының 41-бабы 3-тармағының 8-тармақшасы бұзылған, яғни конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың Ерекше тәртібін негізсіз қолдану арқылы жалпы сомасы 262980,2 мың теңгеге мемлекеттік сатып алулар өткізілген.
Бюджет кодексінің 67-бабы және Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 13 наурыздағы «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары» №73 ( одан әрі - №73 Бюджеттік өтінімді жасау Қағидасы) бұйрығының 31-тармағы сақталмаған, яғни Маңғыстау облыстық балалар психоневрологиялық интернат-үйінде ұялы телефон байланысы және қала аралық байланысы қызмет түрлеріне шығыстар жоспарланбай, жалпы сомасы 27,3 мың теңге қаражат жұмсалған.
№393 Бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің 14-тармағы сақталмаған, бас есепші жұмыстан босатылғанда және орнына жаңа бас есепші тағайындалғанда бухгалтерлік құжаттарды тапсыру үшін алу-беру актілері жасалмаған.
№1400 Азаматтық қызметшілерге, ұйымдардың, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу туралы Қаулысының 6-тармағының 2-тармақшасының талабы сақталмаған, яғни, кредиторлық қарыз бола тұра, қызметкерлерге жалпы сомасы 2 335,6 мың теңге сыйақы төленген.
Қазақстан Республикасының 2007 каңтардың 11 каңтардың жылғы №214 «Лицензиялау туралы» Заңы 33-бабы және №393 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің 35-тармағы сақталмаған, тиісті лицензиясы жоқ мердігермен 2 850,0 мың теңгеге көкөністерді сақтау қоймасын жеткізу мен оны қондыру жұмыстары үшін келісім шарт жасақталған және аталған қойма басқа шотқа кірістелген.
№393 Бухгалтерлік есеп жүргізу Ережесінің 224 және 225-тармақтарының талаптары сақталмаған, жалпы сомасы 454,0 мың теңгеге жанар жағар май тиісті нормадан артық шығысталған. Азық-түліктерге түгендеу жүргізу барысында сомасы 3392,1 мың теңгеге жетіспеушілік және 39,5 мың теңгеге және сомасы 1042,4 мың теңгенің арзан құнды және тез тозатын заттар артық шыққандығы анықталды.
№30 Бухгалтерлік есеп туралы Нұсқаулықтың 53-тармағының және №393 Бухгалтерлік есеп жүргізу Ережесінің 282-тармағының талаптары бұзылып, баланстық құны 628307,5 мың теңгені құрайтын әр-түрлі жеке тұрған ғимараттарға 1 түгендеу нөмерімен Есепке алынған.
№393 Бухгалтерлік есеп жүргізу Ережесі 198, 224-тармағының талаптары бұзылған, яғни материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу барысында, сомасы 4261,4 мың теңгені құрайтын киімінің тиімсіз тұрғандығы, сомасы 2385,8 мың теңгені құрайтын әр-түрлі негізгі құралдар мен тауарлық материалдық құралдар пайдаланылмаған күйінде жатқандығы анықталды. Сондай-ақ, сомасы 129,6 мың теңгенің 1320 дана жаялықтың (подгузник) және сомасы 265,0 мың теңгенің балалар сусабынының (шампунь) сақталу мерзімдері өтіп кеткен.
Келісім шарт талаптарын сақтамау салдарынан талап етілмеген тұрақсыздық айыппұл сомасы 2,6 мың теңгені құрады.
№1400 Азаматтық қызметшілер, ұйымдар, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақы төлеу туралы Қаулысының 19-жалғамасының 10-тармағының талаптары сақталмай, мекеме орынбасарларына 885,7 мың теңге қосымша төлемақылар және іс-сапар шығындарын өтеуде 17,9 мың теңгеге артық төленгендігі анықталды.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ «Білім туралы заңының» 39 және 51-баптары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 10.01.2008 жылғы №8 «Білім туралы құжаттарды тану нострификациялау ережесінің» 1,2 тармақтары бұзылған, яғни нострификациялаудан өткен куәліктері болмаса да үш адам тәрбиеші қызметтеріне қабылданып жалпы сомасы 1845,3 мың теңге және педагогикалық білімі жоқ маман жұмысқа қабылданып жалпы сомасы 1 626,3 мың теңге жалақы есептеліп, төленген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» қаулысының 21-тармағы мен 3-қосымшасы бұзылған, мекемеде жүзу бассейіні болмасада, жүзу жөніндегі нұсқаушының еңбекақысына жалпы сомасы 1600,7 мың теңге жоспарланып қаржыландырылған.
Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 5-бабының 8-тармағының талабы сақталмаған, мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген жалпы сомасы 158,0 мың теңгеге қызмет түрі сатып алынған және 536,9 мың теңгеге жоспардан қаралған сомадан жоғары бағамен қосымша келісім жасақтаған.
№193-IV Халық денсаулығы және денсаулық сақтау Кодексінің 69-бабы 2-тармағының талабы сақталмаған, яғни көтерме саудада тиісті лицензиясы жоқ мердігерлерден 4026,6 мың теңгеге әр-түрлі дәрі дәрмектер және жалпы сомасы 136,3 мың теңгенің дәрі дәрмектерін жылдық жоспарда жоспарланған бағалардан аса жоғары бағалармен сатып алынған.
№193-IV Халық денсаулығы және денсаулық сақтау Кодексінің 12-бап 5-тармақшасы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы №330 «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік
берілген көлемінің тізбесі» Қаулысының (одан әрі - Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі) 4-тармағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2135 «Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесі» Қаулысының (одан әрі - Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету Ережесі) 1-бөлім, 3-тармақ, 1-ші тармақшасының талаптары сақталмай, дәрілік формулярынсыз 4561,5 мың теңгеге әр-түрлі дәрі дәрмектер сатып алынған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысының (одан әрі - Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесінің) 190-тармағының 5-тармақшасы бұзылған. Яғни, жөндеу жұмыстары мен техникалық қызметтер толық көрсетілмесе де 30,1 мың теңге негізсіз төленген.

Бюджет кодексінің 67-бабы және №73 Бюджеттік өтінімді жасау Қағидасының 31-тармағының талаптары сақталмаған, яғни Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінде ұялы телефон байланысы және қала аралық байланысы қызмет түрлері үшін шығыстар жоспарланбай, жалпы сомасы 24,6 мың теңге қаражат шығысталған.
№393 Бухгалтерлік есеп жүргізу Ережесінің 225-тармағының талабы сақталмаған, яғни 2,3 мың теңгеге жанар-жағар май нормадан артық шығысталған.
№30 Бухгалтерлік есеп туралы Нұсқаулықтың 44-тармағының талабы сақталмай, жалпы сомасы 5200,0 мың теңгенің жобалық-сметалық құжаттамасы өзге активтері ретінде есепке алынбаған.
Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 44-1-бабының 3-тармағы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы №64 «Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысының 9-тармағының талаптары сақталмай, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан мемлекеттік сатып алулар жүзеге асырылмай, өзге әлеуетті өнім берушілерден жалпы сомасы 5138,5 мың теңгеге мемлекеттік сатып алулар жүргізілген.
Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың Ерекше тәртібін негізсіз қолдану арқылы өткізілген мемлекеттік сатып алулардың жалпы сомасы 223578,2 мың теңгені құрады.
Бюджет кодексінің 67-бабы және №73 Бюджеттік өтінімді жасау қағидасының 31-тармағының талаптары сақталмаған, яғни Маңғыстау облыстық мүгедектерді оңалту орталығында ұялы телефон байланысы және қала аралық байланыс шығыстары қызметінің түрі жоспарланбай, жалпы сомасы 26,3 мың теңге қаржы шығысталған.
№193-IV Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексінің 12-бап 5-тармақшасы, Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесінің 4-тармағы және Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету Ережесінің 1-бөлім, 3-тармақ, 1-ші тармақшасының талаптары сақталмай, дәрілік формулярынсыз 4536,1 мың теңгеге әр-түрлі дәрі дәрмектер сатып алынған.
Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 33–бабы және 34-бабы талаптары сақталмай, сомасы 7877,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамалар жасақталмаған.
Маңғыстау облысы Білім басқармасының арнайы ұйымдарда арнайы оқыту бағдарламалары бойынша және дарынды балаларды оқыту үшін бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген бақылаудың нәтижесінде жалпы сомасы 49 259,3 мың теңгеге бюджеттік және басқа да заңнамалардың бұзушылықтары орын алды.
«Маңғыстау облысының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Маңғыстау облысының Білім басқармасының стратегиялық жоспарының «Арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру» және «Мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламалары бойынша тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген.
«Көру қабілеті нашар балаларға арналған №1 арнайы (түзету) мектеп-балабақшасы» мемлекеттік мекемесінде жалпы сомасы 962,8 мың теңге қаржылық заң бұзушылықтар анықталды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы №89 «Мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы» (одан әрі- №89 Бюджеттік есептілікті жасау, ұсыну Ережесі) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010жылғы 08 шілдедегі №325 «Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесін бекіту туралы» (одан әрі - №325 Қаржы есептілігін жасау, ұсыну Ережесі) бұйрықтарының талаптары сақталмаған, яғни бюджеттік есептілікті жасауда, кредиторлық және дебиторлық берешегі туралы есебінде және бухгалтерлік баланста 2012-2013жылдардың желтоқсан айларында 6-мемориалды ордер – ұйымдармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосінде көрсетілген шаруашылық операциялардың нәтижесінде қалыптасқан Мекеменің 2012 жылдың соңына дебиторлық берешегі 65,6 мың теңге және кредиторлық берешегі 534,7 мың теңге, 2013жылдың соңына дебиторлық берешегі 95,9 мың теңге және кредиторлық берешегі 123,7 мың теңге көрсетілмеген.
№73 Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну Қағидасының талабы сақталмаған, яғни байланыс қызмет түрі - ұялы телефон және қала аралық байланыс шығыстары жоспарланбай, жалпы сомасы 21,9 мың теңге қаржы жұмсалған.

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 31-бабының 1-тармағының 6-тармақшасының талабы басшылыққа алынбай, жалпы сомасы 112,2 мың теңгеге тауарларларды сатып алу барысында, мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған ақпаратта тауардың шығарылған жерінің атауына және фирмалық атауларына сілтемелердің болуына жол берілген.
«№2 арнайы (түзеу) мектебі» мемлекеттік мекемесінде жалпы сомасы 2043,2 мың теңге қаржылық заң бұзушылықтар анықталды.
№1400 Азаматтық қызметшілер, ұйымдар, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесі туралы Қаулысының талаптарын басшылыққа алмау салдарынан, мекеме басшысы Б.Р. Айтжановаға 82,5 мың теңге және мекеме басшысының орынбасары А. Нұржановаға жалпы сомасы 256,0 мың теңге артық төленген және кредиторлық берешек бола тұра қызметкерлерге жалпы сомасы 900,8 мың теңге сыйақы берілген.
№73 Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну Қағидасының талабы сақталмай, байланыс қызмет түрі - ұялы телефон және қала аралық байланыс шығыстары жоспарланбай, жалпы сомасы 16,7 мың теңге қаржы жұмсалған.
№89 Бюджеттік есептілікті жасау, ұсыну және №325 Қаржы есептілігін жасау, ұсыну Ережелерінің талаптары сақталмай, бюджеттік есептілікті жасауда кредиторлық және дебиторлық берешегі туралы есепте, сонымен қатар бухгалтерлік баланста 2012 жылдың және 2013жылдың 31 желтоқсан айына 6-мемориалды ордер – ұйымдармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосінде мекеменің 2012 жылдың соңына дебиторлық берешегі 14,9 мың теңге және кредиторлық берешегі 11,9 мың теңге, 2013 жылдың соңына дебиторлық берешегі 15,7 мың теңге және кредиторлық берешегі 32,2 мың теңге көрсетілмеген.
Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 31-бабының 1-тармағының 6-тармақшасының талабы басшылыққа алынбай, жалпы сомасы 168,3 мың теңгеге тауарды сатып алу барысында, мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған ақпаратта тауардың шығарылған жерінің атауына және фирмалық атауларына сілтемелердің болуына жол берілген.
Жалпы сомасы 271,0 мың теңгеге 1 дана электр пешін сатып алу бойынша хабарландырудың сатып алу атауында, отандық өнім өндірушілердің өнімі қажеттігі айтылғанымен, Ресей мемлекетінде өндірілген пешті сатып алған және тауарды келісім шартта көрсетілген мерзімнен 8 күнге кешіктіріп әкелгенімен мекеме тарапынан 2,2 мың теңге тұрақсыздық айыппұлы салынбаған және аталған электр пеші бухгалтерлік есепке уақытылы алынбаған.
«Есту қабілеті нашар, психикалық дамуы жетілмеген және сөйлеу қабілетінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған №4 арнайы (түзету) мектеп балабақшасы» мемлекеттік мекемесінде жалпы сомасы 6926,2 мың теңге қаржылық заңбұзушылықтар анықталды.
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесінің 2-бөлімінің 5,6-тармақтары сақталмай, жалпы сомасы 5701,5мың теңге қаражат уақтылы игерілмеген.
2 жағдайда жалпы сомасы 1 276,5мың теңге әлеуетті өнім берушілер келісім шарт талаптарын толық орындамаса да, мекеме тарапынан әлеуетті өнім берушілерді жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбенсотқа жүгінбеген.
Жалпы сомасы 5600,0 мың теңгеге ғимаратты күрделі жөндеу және ғимарат аумағын қоршауға жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтау жұмыстарын кеш тапсырған мердігерді жосықсыз қатысушы ретінде тануға Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына мерзімінен кеш талап арызбенжүгінген.
№1400 Азаматтық қызметшілер, ұйымдар, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақы төлеу туралы» қаулысының талаптары сақталмай, еңбек ақы сағаттарын дұрыс белгілемеу салдарынан қызметкерлерге жалпы сомасы 5,5 мың теңге артық төленген.
«Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат» мемлекеттік мекемесінде жалпы сомасы 39327,1 мың теңге қаржылық заң бұзушылықтар анықталды.
Мекеме орналасқан ғимаратта «Мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп-интернат» және «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» мемлекеттік мекемелері орналасқан. Ғимаратты пайдалануға қандай да бір құқық белгілейтін құжаттары жоқ және құрылыс нысанымен бірге табыс етілген құрал-жабдықтар мен инвентарлар балансқа алынбай, қолданыста екені анықталды.
Мемлекеттік мүлік туралы Заңының 6-бабында белгіленген мемлекеттік мүлікті басқарудың заңдылық принципі бұзылып, осы Заңның 8-бабының 2,4-тармақтарына сәйкес коммуналдық мүлікті басқару кезінде коммуналдық мүлікке құқықтарын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастырмаған және мемлекеттік мүлік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіп беруі қамтамасыз етілмеген.
№584 Бюджеттік өтінімді жасау қағидасының 30-тармағы сақталмаған, яғни ғимараттың техникалық паспорты болмаса да коммуналдық қызметтерге (су, газ, электр энергиясы және жылыту) ақы төлеу үшiн жоспарлы кезеңге арналған бюджет шығыстарының көлемi негізсіз құжаттарға сай бюджеттік өтінім жасақталған. Нәтижесінде 2012 жылға коммуналдық қызметке жұмсалған қаржы көлемі – 14134,0 мың теңге, 2013 жылға – 14285,7 мың теңгені құрады және 2013 жылғы кезеңде Мекемеде артық жоспарлаудан комуналдық қызметтерден 2634,5 мың теңге дебиторлық берешек қалыптасқан.
Бюджет Кодексінің 97-бабы 6-тармағының талабы бұзылған, яғни 2013 жылы әлеуетті өнім берушілермен жалпы сомасы 2 332,4мың теңгенің азық-түлігі жеткізілмесе де, мекеме тарапынан жүк құжатынсыз қаржы аударылған.
01.09.2013 жылға бекітілген штаттық кестеде бір әлеуметтік педогог көзделіп, 03.09.2013 жылғы №244 бұйрық негізінде Г.Ү. Руханова осы қызметті атқаруға қабылданған. Алайда, штаттық кестеде әлеуметтік педогог болып қаралмаған Р.А.Нуртаеваға 2013 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларына әлеуметтік педогог лауазымымен жалпы сомасы 164,8 мың теңге жалақы есептелініп, төленген.
№584 Бюджеттік өтінімді жасау Қағидасының талаптары сақталмаған, яғни ұялы телефон байланысының шығыстары жоспарланбай, жалпы сомасы 33,7 мың теңге шығысталып, қаржы жұмсалған.
Мемлекеттік мүлік туралы Заңның 73-бабы және 74-бабының 3-тармағы сақталмаған, яғни уәкілетті органның рұқсатынсыз жеке тұлғаға мекеме асханасы, қоймалар және құрал-жабдықтар тиісті түрде жалға беру шарты жасақталмай пайдалануға берілген.
№1428 Қызметтiк iссапарлары туралы Ережесінің талаптары сақталмай, 13 қызметкерге жалпы сомасы 104,1 мың теңге іс-сапар шығындары артық аударылған.
Мекеменің азық-түлік есебі бойынша жалпы сомасы 1094,4 мың теңгеге жетіспеушілігі, сонымен қатар кейбір азық-түліктерінің артық екендігі анықталды.
№393 Бухгалтерлік есеп жүргізу Ережесінің 224–тармағы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы №423 «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасын бекіту туралы» Бұйрығының 4-тармағының 7-тармақшасы сақталмаған, яғни тамақ өнімдерінің түсімін есепке алуда 11-мемориалды ордер жасалмаған және тамақ өнімдеріне түгендеу мүлдем жүргізілмеген.
Мемлекеттік сатып алу Заңының5-бабы 8-тармақшасы және 31-бабының талаптары басшылыққа алынбаған, жалпы сомасы 373,1 мың теңгеге жылдық мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жоспарында көзделмеген азық-түліктер сатып алынған және электрондық мемлекеттiк сатып алуларды жүзеге асыруда баға ұсыныстарын беруге көзделген бес жұмыс күнi мерзімі сақталмай, жалпы сомасы 6657,4 мың теңгеге баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алулар өткізілген.
Бюджет кодексінің 97-бабының 6-тармағының талаптары басшылыққа алынбаған, яғни келісім шарт бойынша ЖК «Кидиршаев А.» жалпы сомасы 147,5 мың теңгенің азық-түлігін мүлдем әкелмеген және Мекеме тарапынан тиісті шаралар қолданылмаған.

ІІІ БӨЛІМ. АУМАҚТЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН БАҒАЛАУ

3.1. Аумақтың Даму бағдарламасының жүзеге асырылуын бағалау.
Маңғыстау облысы аумағының 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасы Маңғыстау облыстық маслихатының 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 30/359 шешімімен бекітілген.
Даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Маңғыстау облысының 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасын жүзеге асыру іс-шаралары бірлесіп орындаушы – органдармен өзара іс-қимылында жүргізілуі Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылдың 5 наурызындағы №63 Қаулысымен бекітілген.
Маңғыстау облысы аумағының 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасында 26 мақсат, 50 мақсатты индикаторлар көзделіп, 2014 жыл қорытындысымен 40 мақсатты индикатордың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізілген, 5-уі бойынша статистикалық деректер жарияланбаған, 3 мақсатты индикаторға қол жеткізілмеген, 2-еуі бойынша 2015 жылға арнап есептелгендіктен орындалу мерзімдері жетпеген. 90 нәтиже көрсеткіштерінен 69 нәтиже көрсеткіші орындалды, 6-уы бойынша статистикалық деректер жарияланбаған, 13 нәтиже көрсеткіштері орындалмаған, 2-еуі бойынша орындалу мерзімдері жетпеген, оның ішінде:
1. "Экономика" бағыты бойынша 2014 жылға 12 мақсат, 25 мақсатты индикаторлар, 35 нәтиже көрсеткіші көзделген. 18 мақсатты индикаторларға және 22 нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілген.
2. «Әлеуметтік сала» бағыты бойынша 2014 жылдың Бағдарламасында 7 мақсат, 14 мақсатты индикаторлар, 29 нәтиже көрсеткіші көзделген. 12 мақсатты индикаторларға, 22 нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілген.
3. «Инфрақұрылым» бағыты бойынша 2014 жылдың Бағдарламасында 4 мақсат, 6 мақсатты индикаторлар, 17 нәтиже көрсеткіші көзделген. Барлық көрсеткіштерге қол жеткізілген.
4. «Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурстары» бағыты бойынша 2014 жылдың Бағдарламасында 2 мақсат, 3 мақсатты индикатор, 8 нәтиже көрсеткіші көзделген. Барлық мақсатты индикаторларға және нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілген.
5. «Мемлекеттік қызметтер» бағыты бойынша 2014 жылдың Бағдарламасында көзделген 1 мақсат, 1 мақсатты индикатор, 1 нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілген.
Есептік кезеңде көзделген 50 мақсатты индикаторлардан 3 мақсатты индикаторларға (қысқаша-МИ) қол жеткізілмеген, соның ішінде:
1. «Металлургиялық өнеркәсіптің нақты көлем индексі» (қысқаша - НКИ) МИ жоспарланған 105,3% -дың, нақты - 91,9% орындалды. НКИ-нің төмендеуі соңғы жылдары «АЛЗ» ЖШС саласындағы негізгі кәсіпорынның қаржылық қиыншылықтарына байланысты болды (айналым қаражатының жоқтығы).
Кәсіпорын дағдарыстан кейінгі кезеңде қалпына келтіру Бағдарламасының қатысушысы болып табылады (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды қалпына келтіру) және 2013 жылдың соңынан бастап Бағдарлама шегінде қаржылық қолдау алып отыр.
Металл сынықтарын жеткізуге аймақтың ірі мұнай өңдіруші компанияларымен келісім шарттар жасақталды ("Маңғыстаумұнайгаз"АҚ, "Өзенмұнайгаз" АҚ, "Қаражанбасмұнай" АҚ, "Ойл Сервис Компани" ЖШС және т.б.). Сондай-ақ, "Арселор Миттал Ақтау" АҚ-мен тапсырыс көлемімен қиындықтарға тап болып отыр.
2. «Жеңіл өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің артуы» МИ жоспарланған 80%-дың нақты орындалысы - 68,5% құрады. Жеңіл өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанында 10,5 мың АҚШ долл. құрады (2013 ж. қаңтар-желтоқсаны - 17,1 мың АҚШ долл.).
3. «Ауыл шаруашылық өнім өндірісінің нақты көлем индексі» МИ жоспарланған 101%-дың, нақты орындалысы 100%. Индикаторларға қол жеткізілмеген. Өсімдік шаруашылығының нақты көлем индексіне қол жеткізілмеуі салдарынан облыстың ауыл шаруашылығының НКИ-не қол жеткізілмеген.
13 тікелей нәтиже көрсеткіш (қысқаша –ТНК) орындамалмаған, оның ішінде:
1.«Өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнімділігінің өсуі» ТНК-нің жоспарланған 118%-ның нақты орындалысы-105,5%. Өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнімділігі 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанында 34,7 мың АҚШ долл. құрады (2013 ж. қаңтар-желтоқсанында - 37,8 мың АҚШ долл.).
2. «Жеңіл өнеркәсіпте өнім көлемі» жоспарланған 2670,0 млн. теңгенің нақты орындалысы - 2543,0 млн. теңге.
3. «Өсімдік шаруашылығының нақты көлем индексі» ТНК-нің жоспарланған 100,7%-ның, нақты орындалысы - 92,1%. Көрсеткіш қуаңшылыққа байланысты орындалмаған.
4. «Мал шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі» ТНК-нің жоспарланған 101,5%-ның, нақты орындалысы - 101,3%. Қол жеткізілмеу себебі мал басының және еттің субсидиялаумен қамтылған көлемінің азаюына байланысты.
5. «Құрама және құнарлы жемшөптерді арзандатуға берілетін субсидиялаумен қамтылған өндірілген қой етінің көлемі» ТНК-нің жоспарланғаны 0,051 мың теңге, нақты орындалысы - 0,028мың теңге. Өндірістің төмендеуі қуаңшылыққа байланысты болды.
6. «Асыл тұқымды жылқы малының үлес салмағы» ТНК-нің жоспарланған 7,2%-ның нақты орындалысы - 6%, қойдың жоспарланған 7,9%-ның нақты орындалысы -5,6% . Өтінімнің болмауына байланысты.
7. «Бөлінген субсидиялар шеңберінде сатып алынған отандық селекцияның асыл тұқымды ІҚМ саны» ТНК-нің жоспарланған 0,086 мың бастың нақты орындалысы - 0,036. Өтінімнің болмауына байланысты.
8. «Сатып алынған, субсидиялаумен қамтылған түйелердің асыл тұқымды төлдерінің саны» ТНК-нің жоспарланған 0,014 мың бастың, нақты орындалысы - 0. Өтінімнің болмауына байланысты.
9. «Ана өлімін төмендету» ТНК-нің 100 мың тірі туылған сәбиге жоспарланған 10,7 жағдайдың нақты орындалысы – 21,2. Негізгі себептерінің бірі әйел денсаулығының төмендеу индексі болып отыр.
10. «Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған адамдардың санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі» ТНК-нің жоспарланғаны 70,8%, нақты орындалысы - 56,9%.
11. «Жеке сектор субъектілері (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдары) көрсететін арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі» ТНК-нің жоспарланған 6,0%-ның, нақты орындалысы – 1,9%. Орындалмау себебі, облыста үкіметтік емес ұйымның бір ғана данасы болуына байланысты.
12. «Әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымның паспортталған объектілерінің жалпы санында мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілерінің саны» ТНК-нің жоспарланған 23,8%-ның, нақты орындалысы – 21,0%. 2014 жылы 228 дана бейімдеуге жататын әлеуметтік объектілер санының 48 данасы бейімделген.
13. «Ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен өмір сүретін халықтың жалпы санындағы АӘК алушылардың үлесі» ТНК-нің жоспарланған 21,5%-ның, нақты орындалысы – 26,02%. Қарақия ауданы мен Жаңаөзен қаласында жәрдемақы алушылардың көбеюіне байланысты орындалмаған.
2011-2015 жылдарға арналған Маңғыстау облысы аймағын дамыту Бағдарламасы бойынша іс-шара жоспарында қарастырылған 375 іс-шараның 300 іс-шарасы жүзеге асырылған, 59 іс-шара орындалу сатысында, 16 іс-шара орындалмаған.
1.«Экономика» бағыты бойынша жүзеге асырылуға қарастырылған жалпы сомасы 5081,9 млн. теңге тұратын 53 іс шараның жалпы сомасы 3860,3 млн. теңгені құрайтын 47 іс шара жүзеге асырылған, 6 іс шара жүзеге асырылуда.
2. «Әлеуметтік сала» бағыты бойынша жүзеге асырылуға қарастырылған жалпы сомасы 38343,7 млн. теңге тұратын 238 іс шараның жалпы сомасы 18075,0 млн.теңгені құрайтын 189 іс шара жүзеге асырылған, 38 іс шара жүзеге асырылуда.
3. «Инфрақұрылым» бағыты бойынша жүзеге асырылуға қарастырылған жалпы сомасы 9220,6 млн. теңге тұратын 49 іс шараның жалпы сомасы 6024,1 млн. теңгені құрайтын 39 іс шара жүзеге асырылған, 8 іс шара жүзеге асырылуда.
4. «Ауылдық аумақтың дамуы, экология және жер ресурстары» бағыты бойынша жүзеге асырылуға қарастырылған жалпы сомасы 1025,6 млн. теңге тұратын 28 іс шараның жалпы сомасы 654,8 млн. теңгені құрайтын 24 іс шарасы жүзеге асырылған, 1 іс шара жүзеге асырылуда.
5. «Мемлекеттік қызметтер» бағыты бойынша жүзеге асырылуға қарастырылған жалпы сомасы 482,0 млн. теңге тұратын 7 іс шараның 15,0 млн. теңгеге 1 іс шара жүзеге асырылған.
Бюджеттік қаражаты есебінен жоспарланған 15 іс шара орындалмаған.
1. «Экономика» бағыты бойынша орындалмаған іс шаралар:
Ветеринарлық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандырудағы конкурстың өтпеуіне байланысты, қаражат бюджетке қайтарылды.
Көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті ЖЖМ (жанар-жағар май) және басқа ТМҚ (тауарлық-материалдық құндылықтар) құнының арзандату, ауыл шаруашылық тауарын өндірушілердің өтінімдерінің азаюына байланысты.
Ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерге су беру бойынша кызметінің арзандауы, ауыл шаруашылық тауарын өндірушілермен су көлемін толық пайдаланбауына байланысты.
2. «Әлеуметтік сала» бағыты бойынша орындалмаған іс шаралар:
Ақтау қаласындағы музыкалық-драма театры ғимаратының құрылысының ЖСҚ-на ТЭН-нің (техникалық-экономикалық негіздеме) болмауына байланысты мемлекеттік сараптамадан өтпеген, осыған байланысты қаражат игерілмеген, бюджетке қайтарылды.
Ақтау қаласындағы "Абай атындағы мәдиниет үйі" ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталмауына байланысты.
«Рубеж №17» бекет құрылысы (Ақтау-Жанаөзен жол бойындағы 23 км.) типтік жобаның байластыруы және ЖСҚ болмауына байланысты.
Қарақия ауданы Жетібай кентіндегі полиция бөлімінің ғимарат құрылысы. Жоба мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуға тапсырылған.


3. «Инфрақұрылым» бағыты бойыншы Ақтау-Қаламқас және Таушық-Шетпе автомобиль жолындағы жасанды ғимараттарды реконструкциялауға қаражат бөлінбегендіктен орындалмаған.

4. «Ауылдық аумақтың дамуы, экология және жер ресурстары» бағыты бойынша, орындалмаған іс шаралар:
Маңғыстау ауданы Жармыш және Онды селосында дренаждық жүйенің құрылысына қаражат бөлінбеуіне байланысты орындалмаған.

  • «Мемлекеттік қызметтер» бағыты бойынша қоғамдық рұқсат алу бекетін кеңейту және сүйемелдеу, Бейнеу ауданы Бейнеу селосында 75 мың бірлік сақтауға мемлекеттік мұрағат ғимаратының типтік кұрылысы, Жаңаөзен қаласында және Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосында жылжымалы стеллаж қондырғыларын сатып алу (облыстық мемлекеттік архивтің жаңа жалғастырып салынған ғимараты мен аудандардағы архивтер үшін) қаржыландыру болмау салдарынан орындалмаған.

Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс шаралар жоспарына сәйкес, 2014 жылы барлық қаржыландыру көзі есебінен 63 226,4 млн. теңгені игеру жоспарланып, нақты 42 496,8 млн. теңге игерілді немесе жоспардың 67,2%.
Соның ішінде :
Республикалық бюджеттен 35 392,6 млн. тенге қаралған, игерілгені 21406,7 млн. тенге немесе жоспардың 60,5%;
Жергілікті бюджеттен 18463,5 млн. теңге қаралған, 17988,9 млн. теңге игерілді, яғни 97,4% құрайды;
Өз және басқа қаражат есебінен 9 370,3млн. теңге қаралған, 3 101,2 млн. теңге игерілген немесе 33,0%.
Есептік кезеңде Бағдарламаның жүзеге асырылуына әсер еткен негізгі факторлар болып іс шаралардың жеткіліксіз қаржыландырылуы болып табылады.

IV БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ

2014 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуын бағалау бойынша, мемлекеттік активтерінің пайдаланалуына, Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен жүргізілген бақылау-талдау шараларының нәтижелері осы бөлімде ұсынылған қорытындыда көрсетілген.

4.1. ҚОРЫТЫНДЫ

1. Облыстық бюджеттің 2014 жылға арналған басты параметрлері, негізінен, нақтылаулар және түзетулер есебімен орындалған.
2. Облыстық бюджетті жоспарлау мен атқару тетігінің үйлесімді жүйесінің болмауы салдарынан қаржыжылында оның көрсеткіштеріне бірнеше мәрте нақтылаулар мен түзетулер жүргізілген. Облыстық бюджеттің параметрлері нақтыланғанына және түзетілгеніне қарамастан, оның жекелеген болжамды көрсеткіштері орындалмаған.
3. Есепті жылы дебиторлық және кредиторлық берешек, 2013 жылмен салыстырғанда, сәйкесінше 150,4 млн. теңгеге (20,1%) және 401,6 млн. теңгеге немесе (408,1%) ұлғайған. Осы фактілердің барлығы облыстық бюджетті сапалы жоспарлаудың және оған әкімшілік етудің жеткіліксіз екенін көрсетуде.
4. Есептіжылы шығыстардың жекелеген көрсеткіштерін нақтылау мен түзету аясында бюджет шығыстарының құрылымы функционалдық және экономикалық сипаттамалар бойынша едәуір өзгерді. Облыстық бюджетті нақтылау кезінде шығыстар 8770,7 млн.теңгеге көбейтілген болатын, бірақ 1132,5 млн.теңге игерілмей қалған. Дегенмен, төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізуде уақытылы шешім қабылдағанда, сондай-ақ бюджеттік қаражатты бюджеттік бағдарламалар бойынша қайта бөлгенде бюджет қаражатының толық игерілуін қамтамасыз ету мүмкіндігі болар еді.
5. 2014 жылға арналғанжылдық көрсеткіштер 21 бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша орындалмаған. Нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған жалпы сомасы 127,8 млн.теңге, оның 72,6 млн.теңгесі қайтарылуға жатады.
6. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының тексеру нәтижелері 2014жылы бюджет қаражатының жеткілікті дәрежеде тиімді пайдаланылмағанын көрсетті, осыған байланысты мемлекеттік қаржыны басқару саласында облыстық бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған қосымша шараларды әзірлеу және іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.
7. Маңғыстау облысы аумағының 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасында 50 мақсатты индикатордың 3 мақсатты индикаторға қол жеткізілмеген, 90 нәтиже көрсеткіштерінен 13 нәтиже көрсеткіштері орындалмаған. Жоғарыда айтылған мақсатты индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштерінің орындалмауы халықтың ауыл шаруашылық саласындағы қызмет сапасына қанағаттанушылығына, халықтың қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртібіне әсерін тигізеді.

4.2. ҰСЫНЫСТАР

  • Жоспарлау бойынша жергілікті уәкілетті органға:

– облыстық бюджетті жоспарлау кезінде нормативтік-құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз етуді;
– облыстық бюджеттің орындалуы барысында түзетулер мен өзгертулерді барынша азайтып бюджет қаражатын басқарудың сапасын жақсарту;
– аумақтық даму бағдарламасының тікелей және соңғы нәтижесі бойынша қол жеткізуде мүдделі мемлекеттік органдардың және шаруашылық субьектілердің жұмыстарын үйлестіру, сондай-ақ көзделген мақсатты индикаторларға қол жеткізу бойынша жұмыстарын күшейту қажет.
– негізділікті талап ететін нақты талдау және жете тексерілген есептемелерімен қоса, уәкілетті органдардың сараптамаларымен қажетті қорытындылары бар сапалы жоспарлауды қамтамасыз ету;
2. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға:
– бюджеттік мониторингті және бюджет ақшасын басқару бөлігінде, Бюджет кодексінің нормаларын қатаң басшылыққа алуды;
– облыстық бюджеттің орындалуы барысында бюджет қаржысын игеру бөлігінде бюджет қаражатын басқарудың, қаржы жылы ішінде кассалық шығындарының бірқалыптылығын және дебиторлық және кредиторлық қарыздарын азайтудың сапасын жақсарту;
3. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға және бюджет бағдарламалар әкімшілеріне:
– бюджет заңнамаларының сақталуына, нысаналы трансферттерді пайдалануда, оның түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуіне және жүзеге асыру мерзімдерінің сақталуына бақылауды күшейту;

  • бюджет қаржысын пайдалану кезінде 2014 жылы қаржы бұзушылықтарға жол берген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің лауазымды тұлғаларының жауапкершілік мәселелерін қарау.

 

Маңғыстау облысы бойынша

Тексеру комиссиясының төрағасы М.Нысанбаев

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы