19/05/2024  Жексенбі

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ

 

 

 

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ  АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ
2014 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІНІҢ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ
ЕСЕБІ

 

 

 

Актау қ.
2015 жыл.

 

МАЗМҰНЫ

  •       КІРІСПЕ……………………………………………………....................

3

2.

ҚАЛА БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ......................

4

2.1.

Қалалық бюджет кірістерінің орындалысын талдау ………………..........

5

2.1.1.

Қалалық бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерін талдау ........................................................................................................ 

5-6

2.2.

Қалалық бюджеттің шығыстар бөлігінің орындалысын талдау …….......

6

2.2.1.

Қалалық бюджет шығындарының орындалысын талдау.........………......

6-8

2.3.

Бюджет тапшылығын және олардың қаржыландыру көздерін талдау.....

8

2.4.

Нысаналы трансферттердің пайдаланылуға талдау, оның ішінде бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы............................

8

2.5.

Жүргізілген бақылаулардың негізгі нәтижелері.....................................

8-10

3.

Қорытынды ………………………………………………………..............

10

4.

Ұсынымдар………….……...……………………………………….......

10-11

  • КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 142-ші бабына сәйкес, Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясы Ақтау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы қала бюджетінің атқарылуы туралы есебіне қорытынды болып табылатын есеп дайындады (бұдан әрі - Есеп).
Есепте қала бюджетінің атқарылуына талдау жасалып, кіріс түсімдері, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер, шығыстардың атқарылуы,   бюджет тапшылығы мен оны қаржыландыру көздері жөнінде талдамалық деректер көрсетілді.
Есепті дайындау барысында Ақтау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы қала бюджетінің атқарылуы туралы есебі, Тексеру комиссиясының бақылау-талдау іс-шараларының нәтижелері пайдаланылды.
Талдау және бақылау іс-шаралары негізінде бюджет қаражатын және мемлекет активтерін басқару тетіктерінің тиімділігін арттыру жөніндегі тиісті тұжырымдар мен ұсынымдар қалыптастырылды.

2. ҚАЛА БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ

2014 жылғы есепті кезеңде қалалық бюджетке 6 рет нақтылаулар және  3 рет түзетулер жүргізілген.
Нақтылаулар мен түзетулер арқылы қала бюджетінің кірістері бекітілген бюджетпен салыстырғанда 4 095,4 млн. теңгеге немесе 20,2 %-ға өсіріліп, сәйкесінше шығыстар 8 284,3 млн. теңгеге немесе 33,8 %-ға өскен.
2014 жылы қала бюджетіне 21 336,7 млн.теңге көлемінде кірістер түсіп,  түзетілген жоспар 105,0 %-ға немесе 1 009,6 млн. теңгеге асыра орындалған.
Есепті жыл соңында бюджет қаражатының қалдығы 1 147,2 млн. теңге соманы құрады.
Ақтау қаласының 2014 жылғы бюджетінің атқарылуының жалпы қорытындысы төмендегі № 1 кестеде көрсетілген.
№ 1 кесте

 

 

Атауы

Бекітілген бюджет, млн. теңге

Нақтыланған бюджет, млн. теңге

 

Түзетілген бюджет, млн. теңге

 

Орындалуы

 млн.теңге

%

1

І. КІРІСТЕР

16 231,6

20 470,7

20 327,0

21 336,7

105,0

Салықтық түсімдер

12 655,6

15 010,0

15 010,0

15 984,8

106,5

Салықтық емес түсімдер

24,0

170,9

170,9

185,2

108,4

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

627,5

616,3

616,3

686,4

111,4

Трансферттер түсімі

2 924,3

4 673,3

4 529,6

4 480,1

98,9

2

ІІ. ШЫҒЫНДАР

16 231,6

24 659,6

24 515,9

24 378,3

99,4

3

ІІІ. ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕУ

0

0

0

0

 

4

IV. ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІМЕН ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО

0

713,5

713,5

713,5

 

5

V. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ  (ПРОФИЦИТІ)

0

-4 902,3

-4 902,3

-3 755,1

 

6

VІ. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ  (ПРОФИЦИТІН ПАЙДАЛАНУ)

0

4 902,3

4 902,3

3 755,1

 

Қарыздар түсімі

0

3 537,5

3 537,5

3 537,5

100

7

Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

0

1 364,8

1 364,8

217,5

 

8

Есепті жыл басына бюджет қаражатының қалдықтары

 

 

 

1 364,8

 

9

Есепті жыл соңына бюджет қаражатының қалдықтары

 

 

 

1 147,2

 

2.1. ҚАЛА БЮДЖЕТІ КІРІСТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ

2014 жылдың 1 қаңтары жағдайына жалпы түскен кірістер сомасына салықтық түсімдердің үлес салмағы –74,9 %, салықтық емес түсімдер – 0,8 %, негізгі капиталды сатудан түскен кірістер – 3,3 %, трансферттік түсімдер – 21,0% құрайды.

2.1.1. ҚАЛАЛЫҚ  БЮДЖЕТКЕ ТҮСЕТІН САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ ЕМЕС ТҮСІМДЕРДІ ТАЛДАУ

2014 жылы салықтық түсімдер бойынша жоспар 12 655,6 млн. теңге көлемінде бекітіліп, нақтылаулар нәтижесінде 15 010,0 млн. теңгеге дейін көбейтілген. Бюджетке сомасы 15 984,8 млн. теңге салықтық түсімдер түсіп,  нақтыланған жоспар 106,5 % орындалған.
Салықтық түсімдердің 34%-н жеке табыс салығы мен 32,6 %-н әлеуметтік салық құраған. 
Есепті жылы салықтық түсімдердің артық орындалуы заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық бойынша автокөліктер санының өсуіне байланысты салық төлеушілердің өсуімен түсіндіріледі.
Салықтық емес түсімдер бойынша жоспар 24,0 млн. теңге болып бекітілген, нақтылаулар нәтижесінде 170,9 млн. теңгеге дейін өсірілген,  түскен түсімдер 185,2 млн. теңгені құрап, нақтыланған жоспар 108,4 % орындалған.
Салықтық емес түсімдер бойынша түсімдердің жоспарының көп бөлігі орындалған.
Бюджет сыныптамасының 101205 «Төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша түсімдер бекітілген бюджетте жоспарланбаса да 26,1 млн. теңге, 206109 «Басқада салықтық емес түсімдер» коды бойынша – 59,2 млн. теңге түсімдер түскен.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспар 627,5 млн. теңге болып бекітілген, нақтылаулар нәтижесінде 616,3 млн. теңгеге азайған.  Түскен түсімдер 686,4 млн. теңгені құрап, нақтыланған жоспар 111,4 % орындалған. Оның ішінде:

  • Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспар 72,6 млн.теңгеге бекітіліп, 139,0 млн. теңгеге нақтыланған, орындалысы 142,2 млн.теңге немесе 102,3 %;
  • Жер учаскелерін және материалдық емес активтерді сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспар 554,9 млн.теңгеге бекітіліп, 477,3 млн.теңгеге нақтыланған, орындалысы 544,1 млн.теңге немесе 114,0 %.

Түсімдердің жоспардан артық орындалуы өткен жылдардағы жер телімдері жеке меншік құқығымен сатып берілуіне байланысты және коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерді жекешелендіруде жоспар артық орындалғандығымен түсіндіріледі.
Жоғары тұрған бюджеттерден келіп түсетін трансферттер 2 924,3 млн.теңгеге бекітіліп, жыл ішінде нақтылау нәтижесінде 4 529,6 млн.теңгеге ұлғайған. Орындалысы 4 480,1 млн.теңге немесе 98,9%-ға орындалған.

2.2. ҚАЛА БЮДЖЕТІНІҢ ШЫҒЫСТАР БӨЛІГІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ

Қала бюджетінің 2014 жылға шығындары 16 231,6 млн.теңгеге бекітіліп, нақтылау және түзетулермен 24 515,9 млн.теңгені құрады. Орындалысы 24 378,3 млн. теңге немесе 99,4%-ға орындалған.
Есепті кезеңге 137,6  млн.теңге қаржы игерілмей қалған. Есепті кезеңге Ақтау қаласының қалалық бюджеті бойынша кредиторлық берешектер 619,4 млн. теңге, ол құрылыс және реконструкциялау бойынша 5% төлемнен ұсталынған сома 597,7 млн. теңге және 2014 жылдың желтоқсан айының коммуналдық қызметімен байланыс қызметінен ұсталынған төлем шоттарының кеш берілуінен пайда болған сома 9,4 млн. теңге, №23 бала бақшаны күрделі жөндеу жұмыстарына төлемдер жөніндегі жоспар бойынша қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты пайда болған сома 12,2 млн. теңге.           
2015 жылдың 1 қаңтарына қалалық бюджет бойынша дебиторлық берешектер 9,4 млн. теңге, ол тұрғын үй  коммуналдық шаруашылығы бөлімінің қаланы жарықтандыру жұмыстарының көлемін түзетуден пайда болған дебиторлық берешек.     

        
2.2.1. ҚАЛА БЮДЖЕТІ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ

2014 жылы қала бюджетін нақтылаулар мен түзетулер қорытындысы бойынша шығындарға жұмсалатын бюджеттік қаражат көлемі 8 284,3 млн.теңгеге немесе 33,8 % өскен.         2013 жылғы кезеңмен салыстырғанда шығындар сомасы 2 720,5 млн. теңгеге немесе 11,1% өскен.
Барлық жоспарланған бюджет қаржысының басым көлемі білім беруге (38,2%) және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына - (42,9%) бағытталған, 1 диаграмма:

Диаграмма-1

2013 жылмен салыстырғанда шығыстары көбейген
  функционалдық топтар

Бюджеттің орындалысына функционалды топтар бойынша талдау:

  • «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк  қызметтер» функционалдық тобы бойынша 178,9 млн.теңге жоспарланып, 175,8 млн.теңгеге немесе 98,3% орындалған. 
  • «Қорғаныс» функционалдық тобы бойынша 21,4  млн.теңге жоспарланып, 21,3 млн.теңгеге немесе 99,1%-ға орындалған.
  • «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметті» функционалдық тобы бойынша  58,5 млн.теңге жоспарланып, 58,5 млн.теңгеге немесе 100%-ға орындалған.
  • «Бiлiм беру» функционалдық тобы бойынша 9 327,6 млн.теңге жоспарланып, 9 321,0 млн.теңгеге немесе 99,9 % орындалған.
  • «Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру» функционалдық тобы бойынша 783,6 млн.теңге жоспарланып, 779,3 млн.теңгеге немесе 99,4% орындалған.
  • «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» функционалдық тобы бойынша 10 543,3 млн.теңге жоспарланып, 10 476,6 млн.теңгеге немесе 99,4% орындалған. Игерілмеген бюджет қаржысы 66,7 млн.теңгені құраған. мемлекеттік сатып алудың нәтижесіндегі үнемдеулер, мемлекеттік сатып алудың уақытылы өткізілмеуінен және  уақытылы жасалынған жұмыстардың актісінің тапсырылмауы, құрылыс-монтаждау жұмыстарының мерзімінде аяқталмауы және т.б.
  • «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк» функционалдық тобы бойынша 1 242,4 млн.теңге жоспарланып,  1 242,0 млн.теңгеге немесе 99,7% орындалған.
  • «Отын энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобы бойынша 1 083,7 млн.теңге жоспарланып, 1 077,2 млн.теңгеге немесе 99,4% орындалған.
  • «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобы бойынша 30,7 млн.теңге жоспарланып 99,9 % орындалған.
  • «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционалдық тобы бойынша 97,8 млн.теңге жоспарланып, 96,3% орындалған.
  • «Көлік және коммуникация» функционалдық тобы бойынша 678,4 млн. теңгеге жоспарланып, 675,9 млн.теңгеге немесе 99,6% орындалған. Игерілмеген қаржы 2,5 млн.теңге.
  • «Басқалар» функционалдық тобы бойынша 319,2 млн.теңге жоспарланып, 275,6 млн.теңгеге немесе 86,3% орындалған.
  • «Трансферттер» функционалдық тобы бойынша 149,6 млн.теңге жоспарланып, 149,6 млн.теңгеге немесе 100% орындалған.

 

2.3. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗІ

2014 жылға қалалық бюджет тапшылығы (дефицит) (-4 902,3) млн. теңгеге бекітіліп, қарыздар түсімі 3 537,5 млн.теңгеге бекітілген.
Жыл ішінде бюджет тапшылығы (-4 902,3) млн.теңгеге нақтыланған.
Жыл аяғында жалпы сомасы (-3 755,0) млн.теңгеге бюджет тапшылығы орын алған.
Сондай-ақ, жыл аяғындағы қарыздар түсімдері 3 537,5 млн.теңгені, жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен 1 364,8 млн.теңгені және (-3 755,1) млн.теңге бюджет тапшылығының нәтижесінде 2014 жылы (қарыздар түсімі 3 537,5 + жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтары 1 364,8 млн.теңге – 3 755,1 бюджет тапшылығы = 1 147,2 млн.теңге) жалпы сомасы 1 147,2 млн.теңгеге бюджет қаражатының қалдықтары орын алған.

2.4. НЫСАНАЛЫ ТРАНСФЕРТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУҒА ТАЛДАУ,
 ОНЫҢ ІШІНДЕ БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ

2014 жылы жалпы сомасы 4 529,6 млн.теңгеге жоғары тұрған бюджеттен берілетін трансферттер бөлінген. Оның ішінде: ағымдағы нысаналы трансферттер – 1 106,8 млн.теңге, нысаналы даму трансферттері –  3 422,8  млн.теңге.
2014 жылы келіп түскен  трансферттердің үлес салмағы қалалық бюджет кірістерінің жалпы көлемінің 30 % құрайды.                                                Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің басым бөлігі құрылысқа, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға бөлінген.           

2.5. ЖҮРГІЗІЛГЕН БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімінде бақылау жүргізіліп бақылау қорытындысы бойынша жалпы сомасы 49 515 мың теңге заң бұзушылықтары анықталды, оның ішінде бюджет кірісіне өтелуге жататын түсімдер 44 493 мың теңгені құрайды.
Атап айтқанда, 2013 жылы жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылданған кезден бастап алты ай мерзiм ішінде бюджет кірісіне өтелуі тиіс жалпы сомасы 3 060,0 мың теңге ауыл шаруашылығы өндiрiсiне келтірілген залалды өтеу бойынша түсімдердің толық көлемде түсуі қамтамасыз етілмеген.
Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімімен жер учаскелерін сатып алу-сату шарттары мен жалдау шарттары талаптарының орындалуын, яғни белгіленген төлемақылардың толық мөлшерде және мерзімінде бюджет кірісіне өтелуін, бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілмей, 2012-2013 жылдары мен 2014 жылдың 9 айы аралығында жалпы сомасы 33 310,0 мың теңге төлемақылардың бюджет кірісіне төленуі қамтамасыз етілмеген.
Бөліммен жер заңдарының және жер учаскелерін сатып алу-сату немесе жалдау шарттарының талаптарына сәйкес, төлемақы жасау жөніндегі міндеттемелерді шарттарда белгіленген мерзімде орындамаған жағдайларда кешіктірілген әрбір күні үшін 8 122,0 мың теңге тұрақсыздық айыптары есептелмеген.
Бұл жерде қалалық жер қатынастары бөлімімен шарттарда белгiленген мерзiмде төлемақы жасау жөнiндегi мiндеттемелердi орындамаған жағдайларда шарттарды бұзып,жер учаскелерiн қайтарып беруді талап ету құқылары жүзеге асырылмағандығын және бақылаумен қамтылған кезеңде наразылық білдіру, талап-арыздар беру жұмыстары жүргізілмегендігін атап өту керек.
Бөлімнің бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу, бекіту кезінде заңнама талаптарының сақталмағаны және жер учаскелерін сатып алу-сату немесе жер пайдалану шарттарының уақытылы жасалмау фактілері анықталды.
«Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемемен 2013-2014 жылдары бюджеттік  бағдарламаларды іске асыруда Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің уақытылылық, негізділік, нәтижелілік принциптерінің нормалары  тиісті деңгейде  сақталмаған.
Бюджеттік бағдарламаларды жасақтауда  формальдық тәсіл қолданылған, көзделген тікелей және түпкілікті көрсеткіштері, сапа, тиімділік көрсеткіштері нақты, өлшемді емес, кейбір жағдайларда көзделген тиімділік көрсеткіштері іс жүзінде жүзеге асырылмаған.
Атап айтқанда, бақылаумен қамтылған 27 бюджеттік бағдарламалардың 15-і бойынша көзделген тікелей және түпкілікті көрсеткіштері, сапа, тиімділік көрсеткіштері нақты, өлшемді емес, 3-і бойынша қол жеткізілмеген, 1-і бойынша тиімділік көрсеткіші іс жүзінде жүзеге асырылмаған. Ал, 1 бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет шығыстарының бағытын айқындайтын және нәтиже көрсеткіштері мен бюджет шығыстарын қаржыландыру көлемдерін қамтитын Бюджеттік бағдарламасы тіптен жасақталмаған.
Сонымен қатар, Мекеменің Ережесінде көзделмеген, яғни міндетіне кірмейтін автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Бюджет шығындарын жоспарлаудабюджеттік бағдарламалар қажетті ресурстардың сандық және қаржылық ақпараттары негiзiнде қамтамасыз етілмеген.
Бюджет шығыстарын орындауда мерзімі төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес орындалмай, Бюджет жүйесінің уақытылылық принципінің нормалары өз дәрежесінде сақталмаған.
Бақылаумен жалпы сомасы 558 301,2 мың теңгені құрайтын бюджеттік заңнаманы бұзушылықтар, 94 238,5 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзушылықтары, 7 919 934,3 мың теңгеге активтерді пайдалануда бұзушылықтар анықталды.
Жалпы сомасы  802 296,8 мың теңгеге сәулет - құрылыс ісі заңнамаларының бұзушылықтары анықталды.
Мекемемен көрсетiлген қызметтiң жеткiзiлуiнің растығы және дұрыстығы қамтамасыз етілмегендігі анықталды. Оның ішінде,стихиялы қоқыстарды жою бойынша  жалпы сомасы 1 596,0 мың теңгеге қызмет көрсетілмей, негізсіз  қаржы аударылған.
Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын және басқа да төлемақыларын есептеуде жалпы сомасы 325,4 мың теңгеге бюджет шығындары артық жоспарланған.
Мемлекеттік активтер лауазымды жауапты тұлғалардың сақталуына берілмеген және олардың сақталуы мен бақылауы қамтамасыз етілмеген.

3. ҚОРЫТЫНДЫ

Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясы Ақтау қаласының 2014 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебін бағалау және тексеру комиссиясының бақылау-талдау шараларының нәтижелері негізінде келесі қорытындыларға келеді:
1. Ақтау қаласының 2014 жылғы бюджетін атқару барысында, қаржылық жыл ішінде енгізілген нақтылаулар мен түзетулерге қарамастан, бюджеттің жекелеген көрсеткіштері орындалмаған, атап айтқанда: қаржылық жылдың қорытындысы бойынша қалалық бюджеттің шығыс бөлігінде 137,6 млн. теңге игерілмей қалған.
2. Қалалық бюджеттің кредиторлық берешегі 619,4 млн.теңге және дебиторлық берешек 9,4 млн. теңге көлемінде қалыптасқан.
3. Жүргізілген бақылау іс-шараларына жасалған талдау заң бұзушылықтарға негізінен мемлекеттік сатып алу, бюджет қаржысын пайдалану, бухгалтерлік есеп жүргізу және есептілік жасау барысында жол берілгенін көрсетеді.   
Аталған фактілер қала бюджетін жоспарлау және атқару барысында Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің нәтижелілік, негізділік, уақытылылық және жауапкершілік принциптерінің толық көлемде сақталмай отырғандығын көрсетеді.

4. ҰСЫНЫМДАР

1. Жергілікті бюджетті кірістер мен шығыстары бойынша қалыптастыру және атқару барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджет заңнамасының нормаларын қатаң сақтауды;
2. Жергілікті бюджеттің түсімдер бойынша жоспарының толық және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді;
3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне алдағы уақытта бюджетті жоспарлауда, бюджеттік бағдарлама жасақтауда тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштерінің, сапа, тиімділік көрсеткіштерінің нақты, қол жетімді, өлшемді болуын қамтамасыз етуді, бюджеттік бағдарламаларды іске асыруда тиісті заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету;  
4. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстардың уақытылы және қолданыстағы заңнамаға сәйкес өткізілуін қамтамасыз ету;
5. Негізгі құралдарға уақытылы толықтай түгендеу жүргізіліп, жауапты тұлғаларды белгілеп, сақталуы мен бақылауын қамтамасыз ету, активтерді басқару тиімділігін арттыру бойынша шаралар алу.
6. Жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттерді уақытылы және толық көлемде игеруді, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде қабылданған іс-шаралардың орындалмау фактілерін болдырмауды;
7. Мемлекеттік мекемелер мен жергілікті бюджеттен қаржыландыратын кәсіпорындардың қаржылық жылды дебиторлық және кредиторлық берешектерсіз аяқтауын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы