19/05/2024  Жексенбі

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ

 

 

2014 ЖЫЛҒА МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛЫСЫНА ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ЕСЕБІ
(Мұнайлы ауданы әкімдігінің есебіне қорытынды)

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтау қ., 2015 жыл

                                                       МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ………………………………………………………………………...

3

 

I БӨЛІМ. АУДАНДЫҚ  БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ.........

4

1.1.

Аудан  бюджетінің негізгі параметрлерінің орындалысы …………..

4

1.2.

Аудандық бюджет кірістерінің орындалысын талдау ……………….

5

1.3.

Аудандық бюджет шығыстар бөлігінің орындалысын талдау ……...

7

1.4.

Бюджет  кредиттерінің өтелуін  және пайдалануын  талдау  .............

10

1.5.      Бюджет тапшылығын және олардың қаржыладыру көздерін талдау
II БӨЛІМ. АУДАН  БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН  БАҒАЛАУ...............

 

11

2.1.

Бақылау іс-шаралары бойынша жүргізілген тексерулердің негізгі нәтижелері.....................................................................................................

11

 

 

 

III БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІК………………………………………….......

13

3.1.

Қорытынды  ............................…………………………………..........…..

13

3.2.

Ұсынымдар  ................................................................................................

14

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 142-ші бабына сәйкес, Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы есебіне қорытынды болып табылатын есеп дайындады (бұдан әрі - Есеп).
Есепте аудан бюджетінің атқарылуына талдау жасалып, кіріс түсімдері, шығындардың атқарылуы, бюджеттік кредиттердің пайдалануы мен өтелуі, мемлекеттік қаржы активтерінің сатып алынуы мен сатылуы, бюджет тапшылығы мен оны қаржыландыру көздері бойынша жөнінде талдамалық деректер көрсетілді.
Есепті дайындау барысында Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы есебі, Тексеру комиссиясының бақылау-талдау іс-шараларының  нәтижелері пайдаланылды.
Талдау және бақылау іс-шаралары негізінде бюджет қаражатын және мемлекет активтерін басқару тетіктерінің тиімділігін арттыру жөніндегі тиісті тұжырымдар мен ұсынымдар қалыптастырылды.

I БӨЛІМ. АУДАНДЫҚ  БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ
1.1 АУДАН БЮДЖЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫ
Мұнайлы ауданының 2014 жылға бюджеті Мұнайлы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №17/187 «2014 - 2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешімімен бекітіліп, есепті кезеңде аудан бюджетінің көрсеткіштері мен параметрлері 6 рет нақтыланып, 5 рет түзетулер енгізілді.
Жергілікті бюджеттің нақтылануы бюджет қаражаттарының бос қалдықтары сомалары есебінен, республикалық бюджеттің нысаналы трансферттер сомалары есебінен, сонымен қатар әрбір салық түрлері бойынша жылдық тағайындаулардың нақтылануынан және бюджеттік бағдарламалардың орындалуы барысындағы шығындар бөлігіне енгізілген өзгерістерге сәйкес жүргізіліп отырған.
Аудан бюджетін нақтылауда 1925,2 млн. теңге немесе 23% кірістер бөлігі көбейтіліп және шығыстар 2094,4 млн.теңге немесе 25% өсірілген. (Талдау кестесі төменде көрсетілген)
Кесте -1
2014 жылға аудан бюджетінің
негізгі параметрлерінің орындалысы
млн.теңге



р/с

Көрсеткіш атаулары

Бекітіл-ген бюджет

Түзетілген  бюджет

Орында-
лысы

Нақтылан-ған  бюджеттен айырмасы
 (+/-)

Орындалуы %

1

Кірістер

8333,9

10259,1

10213,1

-46,0

99,6

2

Шығындар

8333,9

10428,3

10382,8

-45,5

99,6

3

Бюджеттік кредиттер

319,0

372,9

372,9

0

100

4

Бюджеттік кредиттерді өтеу

 

39,9

 

42,7

55,6

12,9

130,1

5

Қаржы активтерін алу

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

6

Бюджет тапшылығы

-279,1

-499,4

-487,0

-12,4

 

7

Қарыздар түсімі

319,0

372,2

372,2

0

100

8

Қарызды өтеу

39,9

42,7

42,7

0

100

 

9

Есепті жыл басына бюджет қаражатының қалдығы

 

 

170,0

 

 

 

10

Есепті жыл соңына бюджет қаражатының қалдығы

 

 

12,4

 

 

2014 жылы кірістер бойынша 46,0 млн. теңгеге және шығындар бойынша  45,5  млн. теңгеге кем орындалған.
Аудан бюджетінің кірістер мен шығындарының орындалысына талдау қорытындылары тиісті бөлімдерде келтірілген.

        1.2. АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ
Мұнайлы ауданы бюджетінің кірістер бөлігі 2014 жылға 8333,9 млн. теңге көлемінде бекітіліп, нақтыланулар мен түзетулер нәтижесінде 10259,1 млн. теңгені құраған. Нақтыланған бюджет бекітілген бюджеттен 23% өскен, атап айтқанда салықтық түсімдер бойынша 7,8% немесе 258,8 млн. теңгеге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 3,5% немесе 13,7 млн. теңгеге, салықтық емес түсімдер 251% немесе 25,1 млн.теңгеге көбейген және трансферттер түсімі бойынша 35,9% немесе 1654,9 млн.теңгеге азайтылған.
Кірістер бөлігі бойынша аудан бюджетіне 10259,1 млн. теңге түсіріліп, 99,6% орындалған. Оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша есепті кезеңге бекітілген бюджет 8333,9 млн. теңге, нақтыланған бюджет 10259,1 млн. теңге, нақты түскен түсім 10213,1 млн. теңге немесе 97,8% орындалған; салықтық емес түсімдер бойынша есепті кезеңге бекітілген бюджет 10,0 млн. теңге, нақтыланған бюджет 35,1 млн. теңге, нақты түскен түсім 33,5 млн. теңге немесе 95,2% орындалған; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша есепті кезеңге бекітілген бюджет 393,9 млн. теңге, нақтыланған бюджет 380,2 млн. теңге, түскен түсім 414,7 млн. теңге болып 109,1% орындалған; трансферттік түсімдер бойынша бекітілген жоспар 4603,8 теңге, нақтыланған жоспар 6258,7 млн.теңге, орындалысы 6257,1 млн. теңге немесе 100%.
Түсім бойынша бюджет кірістері түрлерінің жалпы кіріс түсімі 10213,1 млн. теңгеден үлес салмағы төмендегідей:
- салықтық түсімдер – 34,3%;
- салықтық емес түсімдер – 0,3%;
- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4,1%;
- трансферттік түсімдер – 61,3%.
Аудан бюджетінің кірістерінің құрылымы төмендегідей (диаграммаға қараңыз):
01.01.2014ж. кезеңіне аудан бюджетінің кірістерінің құрылымы

Диаграмма -1

БЮДЖЕТКЕ ТҮСЕТІН САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ ЕМЕС  ТҮСІМДЕРДІ ТАЛДАУ     
         2014 жылға салықтық түсірімдер аудандық бюджеттің барлық кірістерінің 34,3 % құрап, салық және басқа да төлемдер бойынша жалпы сомасы 3326,2 млн. теңгеге жоспарланып, есепті кезеңде 3585,0 млн. теңгеге  нақтыланды. Орындалысы 3507,8 млн. теңге немесе 97,8 %.
         Жоспардан кем орындалған түсімдердің жалпы сомасы 77,2 млн. теңге құрады, негізінен табыс салығы 1149,4 млн. теңге (37,8%), әлеуметтік салық 873,6 мың. теңге (24,9%),  мүлікке салынатын салық 1347,1 млн. теңге (38,4%) және басқа да салықтар 137,7 млн. теңге (3,9%).
         Жер салығынан түскен түсімдер 104,4 % артығымен орындалды. Көлік салығы 104,8  % орындалды. Жер салығы мен көлік құралдарына салынатын салықтардың артық орындалуы халықтың көбеюінен және де көлікті пайдаланудың көптігіне байланысты, көлікке салынатын салық артығымен орындалып отыр.
  Салықтық түсімдер бойынша жоспардағы  3 585,0 млн. теңгенің орындалысы 3 507,8 млн. теңге немесе нақты түсімдердің азаюына байланысты 33,1 млн теңгеге кем орындалған. Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтар бойынша жыл аяғында облыстық басқармаға қысқарту жөнінде ұсыныс беріліп, қолдау болмауына орай, арық орындалған салықтар есебінен ішінара 38,0 млн. теңгеге қысқартылған.
Салықтық емес түсімдер есепті кезеңге жоспарланғандығы 35,1  млн. теңге, орындалысы 33,4 млн. теңге, яғни  95,2% орындалды.  Салықтық емес түсімдер бойынша жоспардағы 35,1 млн. теңгенің орындалысы 33,4 млн. теңге. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесіне» сәйкес әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар және өзге де айыппұлдардың болжамы жүргізілмейді. Ай сайынғы түсімдерге талдау жасақтау негізінде, қараша айында жүргізілген бюджет нақтылауына сәйкес 6,3 млн. теңгеге қысқартылды. Дегенмен, салық төлеушілер және әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар санының азаюына орай 1,6 млн. теңгеге кем орындалған. 
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер  бойынша есепті кезеңге жоспарланғаны 380,2 млн. теңге,  орындалысы 414,7  млн. теңге болып, 109,1 % құрады. Түсімдердің артық орындалуы жер учаскелерін жеке меншікке бөліп алған жеке және заңды тұлғалар, яғни жер пайдаланушылардың уақытынан бұрын төлем жүргізілуімен түсіндіріледі
         2013 жылғы жалпы кірістерді 2014 жылғы кірістермен салыстырғанда (2013 жылы 7797,0 млн.теңге, 2014 жылы 10213,1 млн. теңге) 31 % өскен.
 Трансферттер бойынша түсімдер 2014 жылға жоспарланғаны  6258,7 млн. теңге,  орындалысы 6257,1  млн. теңгені құрап 100 % орындалған.
1.3. АУДАНДЫҚ  БЮДЖЕТ ШЫҒЫСТАР БӨЛІГІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ТАЛДАУ
Аудан бюджетінің шығыстары 2013 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 2524,4 млн. теңгеге артық, яғни 32% өскен. 2014 жылға нақтыланған бюджеттің орындалысы 99,6%, оның ішінде шығындар 9954,3млн.теңге, бюджет кредиттері  372,9 млн. теңге және қарыздарды өтеу – 55,6 млн. теңге (төмендегі кестеге қараңыз). Алайда 58,4 млн.теңге игерілмеген.
         МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ:
Білім беру саласы бойынша 2014 жылы 13 жалпы орта білім беру мектептері, 8 балалар бақшасы, 4 мектеп жанынан ашылған шағын орталық, 14 жеке меншік балабақшасы және мектептен тыс білім беру ұйымы «Өнер» мектебі және білім үйлестіру орталығы  қаржыладырылған.
2014 қаржылық жылға білім беру саласы шығындары 5109,4 млн. теңге көлемінде бекітіліп, есепті кезең ішіндегі нақтылау нәтижесінде жылдық жоспар 5352,2 млн. теңге, орындалысы 5350,3 млн. теңге құраған.
Білім саласы бойынша шығындар, білім беру нысандарының құрылысына қаралған қаржы есебінен өскен. Атап айтқанда:
Даулет,  Атамекен селоларында 280 орындық балабақшасы құрылысы басталған. Маңғыстау-4  елді мекенінде 280 орындық балабақша құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Маңғыстау -5 елді мекеніндегі 280 орындық балабақша құрылысы аяқталып коммуналдық меншікке қабылданған. Сонымен бірге Атамекен селолық округінен 1200 орындық мектеп құрылысы басталған. Барлық жұмсалған қаржының 145,3 млн. теңгесі мекепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту бағдарламасы бойынша аудандағы 8 балабақша мен 13 жеке меншік балабақша шығындарына жұмсалған қаржы.
Сонымен қатар, аудан мектептерінде 1 сыныптың оқушылары және аз қамтылған отбасылардың балалары, барлығы 4731 оқушыға бір мезгіл ыстық тамақпен толық қамтылған.  Аталған шараға жалпы сомасы 184,4 млн. теңге қаржы жұмсалған.
Білім беру саласында балалар үшін мектептен тыс оқуды ұйымдастыру, яғни «Өнер» МКҚК шығындарына ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен  95,5 млн. теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілген.
МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ:
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі бойынша жылдық жоспар 29,1 млн. теңге қаралып, 29,0 млн. теңге, яғни  99,5% игерілген.
Аталған функционалдық топта аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің ағымдағы шығындары бойынша мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы есебінен толық игерілмеген. 

КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

12-ші функционалдық топ бойынша  жылға 113,1 млн. теңге қаралып кассалық орындалысы 112,2 млн. теңге, яғни 99,2%. Кем орындалуы Қызылтөбе 2 елді мекеніндегі 15км автокөлік жол құрылысының ЖСҚ жасақтау бойынша келісім сомасынан 5% есебінен.
Кесте -2
Аудандық бюджеттің шығыстар
бөлігінің орындалысының негізгі көрсеткіштері
млн. теңге


Көрсеткіштер атауы

Бекітілген бюджет

Нақтыланған бюджет

орындалысы

айырмасы  (+,-)

Орындалу %

Шығыстар,
оның ішінде:

8333,9

10428,3

10382,8

-45,5

99,6

шығындар

7975,0

10012,7

9954,3

-58,4

99,7

Бюджеттік кредиттер

319,0

372,9

372,9

0,0

100

Қаржы активтерін сатып алу

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Қарыздардың түсімі

 

39,9

 

42,7

55,6

12,9

130,1

 

 

 

 

 

 

         Аудан бюджетін нақтылау қорытындысы бойынша бюджет шығындарының көлемі 2094,4 млн.теңге немесе 25% өскен.
Бюджет қаражатының қомақты бөлігі ауданның білім беру саласына (51,5%), тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығына (24,5%) бөлінген (диаграммаға қараңыз):

Диаграмма -2

Аудандық бюджет шығындарының құрылымы, %

Аудан бюджетінің есепті кезеңге функциолналдық топтарға бөлінген шығындарының орындалысы төмендегі кестеде көрсетілген.
Аудан бюджетінің есепті кезеңге функциолналдық топтарға бөлінген шығындарының орындалысы төмендегі кестеде көрсетілген.
                                                                                                            Кесте -3

млн.теңге


Функционалдық топ атауы

Бекітілген бюджет

Нақтыланған бюджет

Орындалысы

Нақты

Нақтыл. бюджетке %

Шығындар:

8333,9

10428,3

10382,8

99,6

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

484,7

541,0

540,9

100

Қорғаныс

13,4

11,5

11,5

100

Қоғамдық тәртіп,қауіпсіздік,құқық

       5,1

4,9

4,9

100

Білім беру

5109,4

5352,1

5350,3

100

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

295,8

371,6

370,6

99,7

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық

1606,6

2591,3

2553,9

98,6

Мәдениет,спорт,туризм және ақпараттық кеңістік

171,6

259,9

258,4

99,4

Ауыл, су,орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

99,0

140,5

140,5

100

Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану

0,0

1,1

0

100

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

20,7

29,1

29,0

99,5

Көлік және коммуникация

62,5

113,1

112,2

99,2

Басқалар

465,0

990,6

989,0

99,8

Қарыздарды қамтамасыз ету                

0,06

0,07

0,07 

100

Трансферттер

0,0

21,5

21,5

100

        
Жалпы 2014 жыл соңына, жасалған нақтылаулардан кейін көрсетілген 14 функционалдық топтан толық орындалғандары:  «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметкер», «Қорғаныс», «Ауыл, су,орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» ,  «Қарыздарды қамтамасыз ету», «Трансферттер».  Шығындар бойынша толық игерілмеген қаражат 45,5 млн. теңгені құрады. Орындалмаған функционалдық топтар: «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық» - 37,4 млн. теңге; «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» - 0,1 млн. теңге, «Білім беру» - 1,9 млн. теңге, «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» -1,5 млн. теңге, «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру»-1,0 млн. теңге. «Көлік және коммуникация»- 0,9 млн.теңге, «Отын-энергетика комплексі және жер қойнауы»-1,1 млн. теңге,  «Басқалар» -1,6 млн. теңге.

1.4.  БЮДЖЕТ КРЕДИТТЕРІНІҢ ӨТЕЛУІН ЖӘНЕ  ПАЙДАЛАНЫЛУЫН  ТАЛДАУ
2014 жылы облыстық және  республикалық бюджет есебінен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттердің жалпы сомасы 4230,2 млн. теңге болса, сонымен бірге  ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген әлеуметтік сала мамандары тұрғын үй сатып алуға 372,0 млн. теңге бюджеттік несие бөлінген..
Бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша жоспардағы 42,7 млн. теңгенің орындалысы 55,6 млн. теңге немесе 130,1% құрады. Жоспардан артық орындалуы білім саласы бойынша 2 маманның отбасылық жағдайына байланысты жұмыстан шығуына орай, алынған бюджеттік кредит толықтай қайтарылуына, сонымен бірге, кейбір бюджет кредитін өтеушілердің уақытынан бұрын төлеуіне байланысты.
               1.5. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ   ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗІ
2014 жылға аудандық бюджет, (-279,1) млн. теңге бюджет тапшылығымен  бекітілген. Содай-ақ, қарыз  түсімдері 319,0 млн.теңгені ал қарызды өтеу сомасы 39,9 млн.теңге құраған.
Нақты 2014 жылдың аяғында жалпы сомасы (-487,0) млн.теңгеге бюджет тапшылығы орын алған. Сонымен қатар, қарыз түсімдері 372,2 млн.теңгені, ал қарызды өтеу сомасы 42,7 млн. теңгені құрады,  157,5 млн.теңге сомасында бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары (жыл басында бюджет қаражатының қалдығы – 170,0 млн.теңгені, есепті кезең аяғында – 12,4 млн. теңгені құрады).
2013 жылдың нәтижесі бойынша жалпы сомасы  170,0 млн.теңгеге бюджет профициті пайда болған.

II БӨЛІМ. АУДАН  БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛЫСЫН  БАҒАЛАУ

2.1. БАҚЫЛАУ ІС-ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛГЕН    ТЕКСЕРУЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ
Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясы 2014 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес,  Мұнайлы ауданына қарасты  2 бақылау объектісінде  бақылау шараларын жүргізді.
«Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген бақылаудың нәтижесінде Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 46 бабының 15 тармағын және Келісімнің 10 тармағының 10.2 тармақшасы бұзылған. Атап айтқанда, аудан Әкімі Министрлікке және бюджетті атқару бойынша орталық уәкілетті органға тікелей және түпкілікті нәтижелерге нақты жету туралы аралық есепті тапсырмағандығы анықталды.
  2. Келісімнің 2.4. тармағына сәйкес, Тікелей нәтижелер: Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген, саны 229 адам әлеуметтік сала мамандарын ынталандыру үшін көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсету.
Алайда, көтерме жәрдемақы нақты 226 адамға берілген. Яғни, Келісімнің тікелей нәтижесіне қол жеткізілмеген.

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен жүргізілген Мұнайлы ауданындағы жер қатынастары бөлімінде жер қатынастары саласындағы қызметінің тиімділігін және жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақытылылығын бақылаудың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 45506,9 мың теңгеге заң бұзушылықтар анықталды.
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрiнiң 13.03.2013ж.  № 72 бұйрығымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесінің» 50, 53 тармақтарының және оған дейін қолданыста болған ҚР Қаржы министрiнiң 06.05.2010 ж. № 214 бұйрығымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесінің» 60, 63 тармақтарының талаптары бұзылып, 2012, 2013, 2014 жылдары кезеңіне Бөлімнің жер қатынастары саласындағы қызметінің көрсеткіштері бар бюджеттiк бағдарламалар әзірленіп, бекітілмеген.
ҚР Бюджет кодексінің 32-бабының 4-тармағына сәйкес,  бюджеттік бағдарламада оны іске асыруды бағалау үшін тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштері болуы тиіс, сондай-ақ бюджеттік бағдарламада сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің болуы мүмкін. Сапа көрсеткіштері көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің оны алушылардың талабына және мемлекеттік қызметтер көрсету стандартына сәйкестігінің деңгейін көрсетеді.
ҚР Жер кодексінің 105-бабының 2-тармағының ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасы жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылданған немесе ауыл шаруашылығы алқаптарының нысаналы мақсаты өзгерген кезден бастап алты ай мерзiмде өтелуге тиiстігі туралы талабы сақталмай, 2013 жылы жалпы сомасы 949,0 мың теңге ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасы төленбеген.
ҚР Жер кодексінің 44-бабының 8-тармағының жергілікті атқарушы органдармен кемінде тоқсанына бір рет мемлекеттік тілде және орыс тілінде арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру арқылы және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімінің қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы талабы орындалмаған.
ҚР Жер кодексінің 43-бабының 7-тармағына сәйкес, сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарттары жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органмен жер учаскесіне құқық беру туралы шешімдері қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде жасалуы тиіс.
Алайда жер учаскелеріне құқық беру туралы ауыл әкімдерінің шешімдерін алған соң жеке және заңды тұлғалар Бөлімге ұзақ уақыт ішінде келмеген және жер учаскелерін сатып алу-сату немесе жалға беру шарттары уақытылы жасалмаған.
Бақылау барысында 2012-2013 жылдары жалпы құны 39 647,2 мың теңгені құрайтын 10 жер учаскелеріне қатысты шарттар мерзімінен кешіктіріліп жасалғаны анықталды.
Төлеу мерзімі ұзартылып жүзеге асырылған 12 жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарының құрамына кіретін төлем кестелеріне сәйкес өтелуі тиіс жалпы сомасы 4 309,8 мың теңге төлемақылар мерзімінде төленбеген.
Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген шарттардың «Тараптардың құқылары мен міндеттері» тарауына сәйкес 01.10.2014 ж. жағдайына есептелген тұрақсыздық айыптарының сомасы 146,1 мың теңгені құрайды.
ҚР Жер кодексінің 14-1 бабының 3 тармағының 16 тармақшасына сәйкес, жер учаскелерін жалдау шарттары талаптарының орындалуын бақылау қамтамасыз етілмеген.
Бақылау жүргізілген күнге дейін 9 жалға берілген жер учаскелері бойынша жалпы сомасы 454,8 мың теңге төленбегені  анықталды.
Бөліммен бюджеттiк бағдарламалар әзірленбегендіктен, Бөлімнің жер қатынастары саласындағы қызметінің көрсеткіштеріне қол жеткізуін бағалау мүмкін болмады.  Сондай-ақ, Бөлімнің жұмыс жоспары да жасалмаған.
Бөліммен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімінің қолжетімділігін көрсетілген мерзімдерде қамтамасыз ету талабы сақталмаған.
Ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасының бюджет кірісіне толық өтелуі қамтамасыз етілмеген.
III БӨЛІМ.  ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІК
3.1. ҚОРЫТЫНДЫ
Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясы Мұнайлы ауданының 2014 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебін бағалау және тексеру комиссиясының бақылауталдау шараларының нәтижелері негізінде келесі қорытындыларға келеді:
Мұнайлы ауданының 2014 жылғы бюджеті, қаржылық жыл ішінде енгізілген нақтылаулар мен түзетулерді есепке алғанда, негізінде орындалған.
Аудандық бюджетті атқару барысында, бюджеттің параметрлеріне енгізілген нақтылаулар мен түзетулерге қарамастан, жекелеген болжам көрсеткіштері орындалмаған:
Қаржылық жылдың қорытындысы бойынша аудандық бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, жоспарға нақтылаулар мен түзетулер жасалып, бірқатар түсім көздері бойынша жоспар көбейтілген немесе азайтылған, нәтижесінде кірістердің түсімі алғаш бекітілген бюджет бойынша түсімдер көлемінен  1879,2 млн. теңгеге асыра орындалған.
Аудан бюджетінің шығыстары 10382,8 млн.теңге көлемінде немесе 99,6 % орындалған. Игерілмей қалған сома 45,5 млн.теңгені құраған.
Жүргізілген бақылау іс-шараларына жасалған талдау заң бұзушылықтарға негізінен бюджет қаржысын пайдалану, бухгалтерлік есеп жүргізу және есептілік жасау барысында жол берілгенін көрсетеді. 
Аталған фактілер Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің нәтижелілік, негізділік, уақытылылық және жауапкершілік принциптерінің толық көлемде сақталынбағанын, аудан бюджетін жоспарлау және атқару сапасының тиісті деңгейде болмай отырғандығын көрсетеді.
 3.2. ҰСЫНЫМДАР
Жоғарыдағы көрсетілгендер негізінде Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясы  ұсынады:

  1. Бюджетті жоспарлауда жергілікті уәкілетті орган мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне – жоспарлау барысында бюджет заңдылықтарының принциптерін сақтау.
  2. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі тиісті уәкілетті орган бюджеттің атқарылуын ұйымдастыруда және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіруде заңнама талаптарын толық сақтау.
  3. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің талаптарын сақтауды.

          4. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстардың уақытылы және қолданыстағы заңнамаға сәйкес өткізілуін қамтамасыз етуді.
5. Қаржылық жылға қаржыландыру жоспарларын жасау кезінде сатып алынған тауарлар, орындалған қызметтер мен жұмыстар үшін төлемдердің нақты уақыттарын ескеруді.                 

                   6. Қазақстан Республикасының Жер және Салық кодекстерінің талаптарын ескере отырып, жер учаскелерін сатып алу-сату немесе жер пайдалану шарттарының жобасын жасауды, оның ішіне шарттарда төлемақы жасау мерзімін белгілеуге және төлемақы жасау жөніндегі міндеттемелер шартта белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда тұрақсыздық айыбын төлеуге қатысты талаптарды енгізуді.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы