18/05/2024  Суббота
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

1.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

«Қарақия аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер түрінде бөлінген қаражаттың пайдалануына сәйкестік аудитін жүргізу.

2.Мемлекеттік аудит объектісі:

«Қарақия аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме).

3.Мемлекеттік аудит Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман - бас мемлекеттік аудиторы Б. Мухамединовпен жүргізілген.

4.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2016 жылдың 01 қаңтары – 2017 жылдың 30 маусым аралығы.

5.Негізгі (талдамалық) бөлік:

 

Мекемеде жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер түрінде бөлінген қаражаттың пайдалануына сәйкестік аудит мәселесімен 1 598 160,9 мың теңге бюджет қаражаты қамтылды.

2016 жылдың қорытындысымен 21 205,9 мың теңге игерілмеген, 001 «Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 3168,2 мың теңге игерілмеу себебі, Қарақия аудандық қазынашылық басқармасының  кассаның бақылау шотында қаржы болмауынан.

004.011. «Азматтардың жекелген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 241,0 мың теңге тұрғын үйлерді сатып алудан үнемделген қаржы.

012.015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі» бюджеттік бағдарламасы бойынша 9 446,0 мың теңге игерілмеу себебі, Қарақия аудандық қазынашылық басқармасының  кассаның бақылау шотында қаржы болмауынан.

013.015 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша 53,4 мың теңге игерілмеу себебі, мемлекеттік сатып алудан үнемделген.

022.015 «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 700,0 мың теңге Қарақия аудандық қазынашылық басқармасының  кассаның бақылау шотында қаржы болмауынан.

023.000 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 4 569,3 мың теңге  Қарақия аудандық қазынашылық басқармасының кассаның бақылау шотында қаржы болмауынан игерілмеген.

028.015 «Коммуналдық шаруашылығын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 840,4 мың теңге мемлекеттік сатып алудан үнемделген.

050 «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша игерілмеген 187,6 мың теңге (РБ-113,2мың теңге) мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы.  

 

2017 жылдың І жартыжылдығының қорытындысымен 224 191,4 мың теңге игерілмеген, оның ішінде: 001.000 «Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 371,0 мың теңге.

022.015 «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 197 948,4 мың теңге жасалған жұмыстар акттері берілмеуінен игерілмеген.

067.000 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша міндеттемелер 25 872,0 мың теңге, Қарақия аудандық қазынашылық басқармасының кассаның бақылау шотында қаржы болмауынан игерілмеген.

 

1) Мекемеде  мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 356 924,3 мың теңгеге анықталған қаржылық заң бұзушылықтар қалпына келтірілуге  және бюджетке өтелуге тиіс.

1-тармақ. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің» (одан әрі - Бухгалтерлік есеп жүргізу ережесі) 243 тармағының талабы сақталмай, 2016 жылы жалпы сомасы 342 344,8 мың теңгенің негізгі құралдары мен аяқталмаған құрылыс ретінде Құрық селосындағы ауылішілік автомобиль жолдарын салуға ЖСҚ жасақтауға жұмсалған жалпы сомасы 13 983,0 мың теңге есепке алынбағаны анықталды.

2-тармақ. ҚР-ның 05.12.2015 жылғы №434 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (Бұдан әрі-№434 Заң) 43-бабының 24-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарымен көзделген әрбір кешіктірілген күн үшін келесі өнім берушілерден жалпы сомасы 13,7 мың теңге тұрақсыздық айыппұлдары талап етілмеген: 

1) «Жумагалиев» ЖК-ден: 05.08.2016 жылғы №38 шартқа сәйкес орындау мерзімі шарт жасасқаннан бастап 1 ай, ал жасалған жұмыстар акті нақты 14.09.2016 жылы әкелінген, яғни 9 күнге кешіктірілген (тұрақсыздық айыбы: 1 күн=732тг.*9күн=6,6 мың тг.);           

2) «Маңғыстауқұрылыс» ЖШС-нен: 29.03.2017 жылы №17 шартқа сәйкес орындау мерзімі 30.04.2017жылға дейін, ал жасалған жұмыстар акті нақты 05.05.2017ж. берілген, яғни 6 күнге кешіктірілген (тұрақсыздық айыбы: 1 күн-1178тг.*6күн=7,1 мың тг.).

3-тармақ. ҚР 16.07.2001 жылғы №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы 28-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттiк реттеу Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасының, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтiк құжаттар жүйесiнiң қолданылуымен қамтамасыз етiледi және Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережесінің 4-бөлім, 4.3.-тармағының талаптары сақталмай, жүргізілген жұмыстар бойынша сметалық құжаттамада көрсетілген уақытша имараттардан қайтаруға жатқызылатын жалпы сомасы 582,8 мың теңге бюджет қаржысының мердігермен қайтарылуы қамтамасыз етілмеген.

 

2) Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар сомасы – 839 183,7 мың теңге, 22 бірлік.

 

4-тармақ. ҚР Бюджет Кодексінің 67-бабының және ҚР Қаржы министрiнiң 24.11.2014ж. № 511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының» 3, 8 тармақтарының (күші жойылғанҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 ж. №73 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 3, 7 тармақтары) талабы сақталмай, Мекеме бюджеттiк бағдарламаларды орындау үшін қажеттi ресурстар мен шығыстар көлемiн анықтауға негiз болып табылатын бюджеттiк өтiнiмдi келесі бюджеттік бағдарламалар бойынша есептеу нысандарын әзірлемеген:

2016 жыл үшін: 004 011 «Азматтардың жекелген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету» 43 191,0 мың теңге,

012 015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі» 78 516,0 мың теңге,

015 015 «Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру» 120 002,0 мың теңге,

016.015 «Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету» 22 242,0 мың теңге,

018 015 «Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру» 19 721,0 мың теңге,

026 015 «Ауданның коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін қолдануды ұйымдастыру» 27 629,0 мың теңге,

028 015 «Коммуналдық шаруашылығын дамыту» 6 395,0 мың теңге, 041 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай  кәсіпкерлікті дамыту

бағдарламасы шеңберінде қалалардың және ауылдық елді мекендердің объектілерін жөндеу және абаттандыру» 20 431,0 мың теңге (Рб-16346,0 мың теңге, Жб-4085,0 мың теңге);

2017 жылы 015 015 «Елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру» 144 420,0 мың теңге, 021 000 «Елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету» 1748,0 мың теңге,

 023 000 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» 128 341,3 мың теңге,

045 015 «Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» 89 600,0 мың теңге.

5-тармақ. ҚР Бюджет Кодексінің 32-бабы 2-тармағының және ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014ж. №195 «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығының талаптары басшылыққа алынбай, Мекеменің 2016 және 2017 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары әзірленіп, бекітілмеген.

6-тармақ. Сонымен қатар, №434 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43-бабы 9-тармағының өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті-делінген талаптары басшылыққа алынбай, жалпы сомасы 1 696,8 мың теңгеге шарттың орындалуын мерзімінен кешіктіріліп қамтамасыз етілген және жалпы сомасы 3244,7 мың теңгеге шарттың орындалуын қамтамасыз етілмегендігі анықталды. Атап айтқанда:

·                   «Каспий су арнасы сервис» ЖШС 24.09.2016 жылғы №49 келісім шарттың орындалысын (07.10.2016) 3 жұмыс күніне кешіктіріліп 420,0 мың теңге 13.10.2016 жылы №8 төлем тапсырмасымен қамтамасыз етілген;

·                   «БекКур Констракшн Компани» ЖШС 01.06.2017 жылғы №30 келісім шарттың орындалысын (14.06.2017) 4 жұмыс күніне кешіктіріліп 1 276,8 мың теңге 20.06.2017 жылы №200/4-1872 банк кепілдігімен қамтамасыз етілген;

·                   «Алтынқұрық» ЖШС 23.09.2016 жылғы №46 келісім шартқа жасалған, 29.11.2016 жылы №1 қосымша келісімнің орындалысын 2 741,2 мың теңгеге қамтамасыз етілмеген;

·                   «Эколос» сауда үйі ЖШС 04.08.2016 жылғы №№№40,41,42 келісім шарттардың орындалысын 503,5 мың теңгеге қамтамасыз етілмеген.

Сондай-ақ, №434 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабы 4-тармағы 3)-тармақшасының талабы сақталмай, Мекеме жоғарыда аталған өнім берушілерді сотқа жосықсыз деп тану үшін жүгінбегендігі анықталды.

7-тармақ. №434 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабының 3-тармағының 1)-тармақшасыныңтабиғи монополия салаларына жататын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ энергиямен жабдықтау қызметтерін көрсетуді сатып алу немесе электр энергиясын кепілдендірген берушімен электр энергиясын сатып алу-сату жүзеге асырылады-делінген талаптарын бұзушылықпен, Мекеме ШЖҚ «Тұрмыс-Сервис» МКК-нан 22.08.2016 жылы №45 келісім шартпен техникалық құжаттарды рәсімдеу қызметтерін жалпы сомасы 22 923,0 мың теңгеге сатып алғандығы анықталды.

8-тармақ. Сондай-ақ, №434 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабының 3-тармағының 2)-тармақшасында ҚР заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып жүзеге асырылады-делінген талаптарын бұзушылықпен, Мекеме ШЖҚ «Тұрмыс-Сервис» МКК-нан жалпы сомасы 10 175,0 мың теңгеге сатып алғандығы анықталды. Атап айқанда: 05.05.2016 жылғы №14 келісім шартпен «М.Жолболдин атындағы демелыс орнына» ағымдағы жөндеу жұмыстарын жалпы сомасы 6 000,0 мың теңгеге және 28.11.2016 жылғы №54 келісім шартпен ауылдардағы су қоймаларына бейнебақылау қондырғыларын орнату жұмыстарын жалпы сомасы 4 175,0 мың теңгеге сатып алынған.

9-тармақ. Сонымен қатар, Мекеме 2016 жыл соңында бюджеттен қаржы бөлінуіне байланысты, «Алтынқұрық»ЖШС-мен 04.08.2016 жылы №37 келісім шартқа «Алиев-Аубакиров учаскесінің автожолын салу» үшін 30.11.2016 жылы №1 қосымша келісім жалпы сомасы 98 907,9 мың теңгеге жасалған. Яғни, №37 келісім шартта көрсетілген төрт учаскеге (Аэропорт-Қазақауыл, мектепке кіреберіс жолы, қазақауыл және аэропорт учаскелері) автомобил жолдарын салу жұмыстарын сатып алудан үнемделген қаржы болмаса да, қараша айында бюджеттен қосымша қаржы бөлініп, қосымша жұмыстар емес, басқа Алиев-Аубакиров учаскесінің автожолы салынған.

Нәтижесінде, №434 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы 45-бабының 2-тармағы 3)-тармақшасын «жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілген жұмыстың бірлігі үшін бағаның өзгермеуі талабымен осы сатып алынатын тауарлардың, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, жұмыстардың көлеміндегі қажеттіліктің азаюына не ұлғаюына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын азайту не ұлғайту бөлігінде жол беріледі. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты осындай өзгертуге осы жұмыстарды сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген сомалар шегінде жол беріледі-делінген талабы бұзылған.

 

6. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

 

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің талаптарының бұзылуы фактілері бойынша Мекеменің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша материал 2017 жылғы 8қыркүйегіндегі 01-08/616 санды хатпен Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

 

7.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы  бойынша тұжырымдар

 

Мекемеде жергілікті бюджет қаражатының пайдалануы, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасақтау анықтығы және дұрыстығына жүргізілген сәйкестік аудитімен жалпы сомасы 356 924,3 мың теңгеге бюджетке қайтарылуға және қалпына келтірілуге жататын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 22 бірлік, жалпы сомасы – 839 183,7 мың теңге.

2016 жылы жалпы сомасы 342 344,8 мың теңгенің негізгі құралдары мен аяқталмаған құрылыс ретінде Құрық селосындағы ауылішілік автомобиль жолдарын салуға ЖСҚ жасақтауға жұмсалған жалпы сомасы 13 983,0 мың теңге есепке алынбаған.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарымен көзделген әрбір кешіктірілген күн үшін өнім берушілерден жалпы сомасы 13,7 мың теңге тұрақсыздық айыппұлдары талап етілмеген. 

Жүргізілген жұмыстар бойынша сметалық құжаттамада көрсетілген уақытша имараттардан қайтаруға жатқызылатын жалпы сомасы 582,8 мың теңге бюджет қаржысының мердігермен қайтарылуы қамтамасыз етілмеген.

Мекеме бюджеттiк бағдарламаларды орындау үшін қажеттi ресурстар мен шығыстар көлемiн анықтауға негiз болып табылатын бюджеттiк өтiнiмдi  бюджеттік бағдарламалар бойынша есептеу нысандарын әзірлемеген.

2016 және 2017 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар әзірленіп, бекітілмеген.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті, жалпы сомасы 1 696,8 мың теңгеге шарттың орындалуын мерзімінен кешіктіріліп қамтамасыз етілген және жалпы сомасы 3244,7 мың теңгеге шарттың орындалуын қамтамасыз етілмегендігі анықталды және Мекеме өнім берушілерді сотқа жосықсыз деп тану үшін жүгінбеген.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының бір көзден алу тәсілін бұзушылықпен, Мекеме ШЖҚ «Тұрмыс-Сервис» МКК-нан 22.08.2016 жылы №45 келісім шартпен техникалық құжаттарды рәсімдеу қызметтерін жалпы сомасы 22 923,0 мың теңгеге сатып алған.

Сондай-ақ, Мекеме ШЖҚ «Тұрмыс-Сервис» МКК-нан жалпы сомасы 10 175,0 мың теңгеге сатып алған. Атап айқанда: 05.05.2016 жылғы №14 келісім шартпен «М.Жолболдин атындағы демелыс орнына» ағымдағы жөндеу жұмыстарын жалпы сомасы 6 000,0 мың теңгеге және 28.11.2016 жылғы №54 келісім шартпен ауылдардағы су қоймаларына бейнебақылау қондырғыларын орнату жұмыстарын жалпы сомасы 4 175,0 мың теңгеге сатып алынған.

Мекеме 2016 жыл соңында бюджеттен қаржы бөлінуіне байланысты, «Алтынқұрық»ЖШС-мен 04.08.2016 жылы №37 келісім шартқа «Алиев-Аубакиров учаскесінің автожолын салу» үшін негізсіз 30.11.2016 жылы №1 қосымша келісім жалпы сомасы 98 907,9 мың теңгеге жасалған. Яғни, №37 келісім шартта көрсетілген төрт учаскеге (Аэропорт-Қазақауыл, мектепке кіреберіс жолы, қазақауыл және аэропорт учаскелері) автомобиль жолдарын салу жұмыстарын сатып алудан үнемделген қаржы болмаса да, қараша айында бюджеттен қосымша қаржы бөлініп, қосымша жұмыстар емес, басқа Алиев-Аубакиров учаскесінің автожолы салынған.

Бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы, бюджет, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жасақтау туралы заңнамаларының сақталмауынан орын алған.

 

8.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы  бойынша ұсынымдар

         Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

        

         1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында«Қарақия аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

         2. Қарақия ауданының әкіміне 2017 жылдың 25 қазанына дейін              (А. Дауылбаев):

         1)Қарақия ауданына қарасты бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді және бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардың болжауда, жоспарлауда, орындауда, бюджеттік есепті жүргізуде, бюджет жәнемемлекеттік сатып алу заңнамаларын сақталмауына жол берген жауапты лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар алуды ұсынамын;

         3. «Қарақия аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне2017 жылдың 25 қазанына дейін (А. Чукин):

         1) Анықталған кемшіліктердің басым бөлігі жүйелі түрде қайталанатынын ескере отырып бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік заңнамалары, бюджеттік бағдарламаларды бекітуі мен есептілігі және мемлекеттік сатып алу заңнамалырының орындалуын, жергілікті атқарушы органмен қабылданған қаулының сақталуын жола қою бойынша атқарылатын жұмыстар туралы іс-шаралар жоспарын жасақтау;

         2) Мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік заңнамаларын сақтау тәртібі бойынша бағынышты ұйымдардың қатысуымен семинар-кеңес өткізуді ұсынамын.

        

                           

         Жалғама: жиынтық тізбе   2  бетте;

 

         Тексеру комиссиясының

         мүшесі                                                                        C. Ергазиев

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя