18/05/2024  Суббота
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

1.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:
Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттердің пайдалануына сәйкестік аудитін жүргізу.

2.Мемлекеттік аудит объектісі:
«Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме).

3.Мемлекеттік аудит Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің басшысы А.Н.Тагановпен жүргізілген.

4.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2015 жылдың 01 қаңтары – 2017 жылдың 30 маусым аралығы.

5.Негізгі (талдамалық) бөлік:

Мекеменің миссиясы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сай құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттеу, адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыру, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамыту. Мекеме құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2015 жылы 454 613,0 мың теңге бөлініп, 453 304,4 мың теңге игерілген (99,71%), игерілмеу себебі- қаржының үнемделуі.
2016 жылы 1 318 923,0 мың теңге бөлініп, 1 318 546,0 мың теңге игерілген (99,97%), игерілмеу себебі- қаржының үнемделуі.
2017 жылы 1 298 931,0 мың теңге бөлініп, 1-жарты жылдықта 666 519,3 мың теңге игерілген.
Мекеменің қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларына сәйкестігіне жүргізілген аудиторлық іс-шараның көрсеткіші бойынша төменде көрсетілген кемшіліктер анықталды.
1)Мекемеде мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 1 171 027,9 мың теңгеге анықталған қаржылық заң бұзушылықтар қалпына келтірілуге және бюджетке өтелуге тиіс.
1-тармақ. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 санды «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 28, 60-баптары сақталмай, жүргізілген жұмыстар бойынша жобалық сметалық құжаттамада көрсетілген уақытша имараттардан қайтаруға жатқызылатын жалпы сомасы 9236,2 мың теңге бюджет қаржысының мердігермен қайтарылуы қамтамасыз етілмеген.
2-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы N393 Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 272-бөлімі бұзылып, 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі кезеңде қабылдау және пайдалануға беру актісі бойынша қабылданған жалпы сомасы 1 161 791,7 мың теңгені құрайтын 4 нысан бухгалтерлік есепте көрсетілмеген.

2)Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың жалпы сомасы -1 009 936,3 мың теңге, 9 бірлік.
3-тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Кодексінің 32-бабы сақталмай, 2015 жылы Мекеме бюджеттік бағдарламалар әзірлемеген.
4-тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95 Бюджет кодексінің 4-бабының 6-тармағында көзделген нәтижелілік қағидаты өз деңгейінде сақталмаған. Яғни, 2016 жылы 004 «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасының тікелей көрсеткіші ретінде «Сайын-Шапағатов кентінде Ақтау-Форт-Шевченко және Ақтау-Әуежай газ құбырлары арасындағы газ құбырын салу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу (6-орам)» жоспарланған, алайда «Мұнайгазпроект-Сервис» ЖШС-мен жалпы сомасы 14 461,0 мың теңгеге келісім-шарт жасалып, 13291,0 мың теңге қаржыландырылса да, қазіргі уақытта ЖСҚ әлі әзірленуде.
5-тармақ. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 санды «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 34-2 бабының 2-тармағының 3-тармақшасы бұзылып, 2015 жылы жалпы сомасы 928 321,2 мың теңгені құрайтын құрылыс жұмыстары техникалық және авторлық қадағалауларсыз жүргізілген.
6-тармақ. «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк» туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңының 4-бабы сақталмаған. Яғни, аудит барысында жалпы сомасы 33 807,8 мың теңгені құрайтын, 2015 жылдың жылдық есебінде жеткізушілер мен мердігерлерге берешек ретінде көрсетілмеген қарыз анықталды.
7-тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V ҚРЗ заңының 43-бабының 9,11-тармақтары сақталмай, қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда келесi қаржы жылындағы келiсiмшартты орындау үшiн өнім берушілер 5 жағдайда 27 965,6 теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етпеген.
8-тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабын бұза отырып, Мекеме тікелей негізде бір көзден шарттарды негізсіз жасаған:
1.«СтройМонтажСервисПроект» ЖШС-мен 2566,7 мың теңге сомасына Ақшұқыр ауылында ауылішілік сумен жабдықтау жүйесінің құрылысына авторлық қадағалауды жүзеге асыруға келісім-шарт жасалған, ал аталған ЖШС жобаны әзірлеуші болып табылмайды және ЖСҚ-ға айрықша құқыққа ие емес;
2.«FLAGMAN_EXPERT» ЖШС-мен «Форт-Шевченко қаласында (Сыртқы инженерлік желілер) 2-кезеңде бір қырық сегіз пәтерлік тұрғын үйді салу» жобасының сараптамасын жүргізуге 526,0 мың теңге сомасына келісім-шарт жасалған, Заңның 37-бабына сәйкес, осы қызметтерді мемлекеттік сатып алу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырылуы керек;
3.«МаңғыстауИнфраструктура» ЖШС-нен Таушық селосындағы 200 орындық ауылдық клубтың (электрмен жабдықтау және газбен жабдықтау) сыртқы инженерлік желілерін салу үшін 5 891,7 мың теңге көлемінде келісім-шарт жасасқан. 2017 жылы сметалық құнын арттыру үшін тиісті рәсімдер жүргізілмей, мемлекеттік сараптама өткізілмей, келісім- шарттың сомасы негізсіз 2 288,0 мың теңгеге ұлғайтылған.

6. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар
Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша Мекеменің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді.

7.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша тұжырымдар
Мекемеде жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 1 171 027,9 мың теңгеге бюджетке қайтарылуға және қалпына келтірілуге жататын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар –9 бірлік, жалпы сомасы 1 009 936,3 мың теңге.
Жобалық сметалық құжаттамада көрсетілген уақытша имараттардан қайтаруға жатқызылатын бюджет қаржысының мердігермен қайтарылуы қамтамасыз етілмеген.
Қабылдау және пайдалануға беру актісі бойынша қабылданған нысандар бухгалтерлік есепте көрсетілмеген.
2015 жылы Мекеме бюджеттік бағдарламалар әзірлемеген.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95 Бюджет кодексінің 4-бабының 6-тармағында көзделген нәтижелілік қағидаты өз деңгейінде сақталмай, 2016 жылы дайын болуға тиісті «Сайын-Шапағатов кентінде Ақтау-Форт-Шевченко және Ақтау-Әуежай газ құбырлары арасындағы газ құбырын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы (6-орам)» қазіргі уақытта ЖСҚ әлі әзірленуде.
Құрылыс жұмыстары техникалық және авторлық қадағалауларсыз жүргізілген.
Аудит барысында 2015 жылдың жылдық есебінде жеткізушілер мен мердігерлерге берешек ретінде көрсетілмеген қарыз анықталды.
5 жағдайда келесi қаржы жылындағы келiсiмшартты орындау үшiн өнім берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етпеген.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабын бұза отырып, 3 жағдайда Мекеме тікелей негізде бір көзден шарттарды негізсіз жасаған.
Бұзушылықтар негізінен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп, бюджет, құрылыс ісі, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының өз дәрежесінде сақталмауынан орын алған.

8.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар
Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.
2.Түпқараған ауданының Әкіміне 2017 жылдың 05 желтоқсанына дейін (Т.Асауов):
1)Жіберілген бұзушылықтарға жауапты лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар алуды ұсынамын.
3.«Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2017 жылдың 05 желтоқсанына дейін (Е.Жанбырбаев ):
1)Аудиторлық іс-шара нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау мақсатында, аудит нәтижесін жиналыста жауапты тұлғалардың қатысуымен қарап, бухгалтерлік есепті, мемлекеттік сатып алуды және құрылыс жұмыстарын заңнамаға сәйкес жүргізу, бюджеттік бағдарламаларды тиімді орындау мәселелері бойынша нақты іс-шаралар жоспарын жасауды ұсынамын.

Жалғама: жиынтық тізбе 2 бетте.

Тексеру комиссиясының
мүшесі                                   А.Нурбосынова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя