18/05/2024  Суббота
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша

Тексеру комиссиясының

09.11.2017 ж. № 02-02/12 қаулысымен бекітілген

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Мемлекет активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу.

Мемлекеттік аудит объектілері:

1)«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

2) «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (үстеме тексеру);

3)«Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (үстеме тексеру);

4)«Жаңа серпін» Орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (үстеме тексеру);

5)Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының «Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (үстеме тексеру).

Мемлекеттік аудитті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман – бас мемлекеттік аудиторы А.О. Рзамбек жүргізді.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 01.01.2015 ж. – 30.06.2017 ж. аралығы.

 

Негізгі (талдамалық) бөлік

«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстың коммуналдық мүлкін басқару және бюджетті орындау, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есепті және есеп беруді жүргізу саласында функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Маңғыстау облысының қаржы басқармасының негізгі міндеттері бюджеттік саясатты іске асыруға, бухгалтерлік есепті, мемлекеттік қаржының бухгалтерлік есебін орындау, жүргізу, жергілікті бюджеттің және өз құзыретінің шегінде аудандар мен қалалар бюджеттерінің атқарылуы бойынша бюджеттік есептілікті жасау, салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік несиелеу саласында мемлекеттік реттеу, мемлекет мүддесінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару болып табылады.

«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде(бұдан әрі – Басқарма)жүргізілген аудиторлық іс-шара барысында мемлекет активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігінталдау және бағалау келесі көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылды:

1) Қаржы басқармасының коммуналдық мүлікті басқару және пайдалану бойынша құзіреттерінің атқарылуының уақытылылығы мен толықтығы;

2) Мемлекеттік заңды тұлғалармен және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқару бойынша қызметінің тиімділігі.

 

2017 жылдың 30 маусымы жағдайына коммуналдық меншікте172ұйымдар бар, оның ішінде:мемлекеттік мекемелер саны – 82, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар – 44, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар – 28, акционерлік қоғамдар – 4, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер – 14.

 

Ұйымдастыру-құқықтық нысаны

Облыстық коммуналдық меншік

01.01.2015ж.жағдай бойынша

01.01.2016ж.жағдай бойынша

01.01.2017ж.жағдай бойынша

30.06.2017ж. жағдай бойынша

Мемлекеттік мекемелер

 

71

78

78

82

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар

23

28

28

28

Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар

59

46

45

44

Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар АҚ, ЖШС

9

16

17

18

Барлығы

162

168

168

172

 

 

2015 жылы мемлекет қатысуы бар ұйымдардың саны 162-ден 168-ке дейін өсті. Мемлекеттің қатысуы бар ұйымдар санының динамикасына облыс әкімдігінің құрылымының өсуі, сондай-ақ өңірлік деңгейде әлеуметтік сала мекемелерінің желісін құру, оның ішінде жаңа объектілерді енгізу және республикалық деңгейден жергілікті деңгейге көшіру әсер етті.

Мемлекеттік мекемелердің саны 71-ден 78-ге дейін өскені байқалады, ол республика деңгейіндегі функцияларды беру нәтижесінде мемлекеттік органдарды, әлеуметтік саланың жекелеген ұйымдарын құруға, сондай-ақ кейбір мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік мекеме болып қайта құрылуына байланысты орын алған.

Мемлекеттік кәсіпорындардың құрылымындағы өзгерістер денсаулық сақтау ұйымдарының шаруашылық жүргізу құқығына көшу салдарынан болған. Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың саны 59-дан 46-ға дейін азайды.

Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың (АҚ, ЖШС) саны алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда 9-дан 16-ға дейін өсті, бұл спорт саласындағы ұйымдардың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер болып құрылуына байланысты болған.

2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда мемлекет қатысатын ұйымдардың саны өзгеріссіз қалды.

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында облыстық коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалардың саны 168-ден 172-ге дейін өсті.

Мемлекеттің қатысуы бар ұйымдар санының өсуіне облыс әкімдігінің құрылымын кеңейту, сондай-ақ өңірлік деңгейде әлеуметтік мекемелер желісін құру, соның ішінде жаңа нысандарды енгізу ықпал етті.

 

Көрсеткіш 1. Қаржы басқармасының коммуналдық мүлікті басқару және пайдалану бойынша құзіреттерінің атқарылуының уақытылылығы мен толықтығы

1) Коммуналдық мүлікті пайдалану бойынша мемлекеттік меншіктен түсетін кірістердің өсімі:

Облыстық коммуналдық мүлікті пайдаланудан түсетін кірістердің көздерін және олардың бюджетке өтелуін талдау

Мемлекеттік меншіктен облыстық бюджетке түсетінкірістер 2015 жылы 58 320,5 мың теңгені құраған, 2016 жылы – 70 048,8 мың теңге, 2017 жылдың І жартыжылдығында – 34 545,4 мың теңге.

Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістерді құрайтын түсімдер ішінде жоғары үлес салмағы облыстың коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістердің үлесіне келеді: 2015 жылы – 36 292,6 мың теңге немесе 62,2 %; 2016 жылы – 34 537,6 мың теңге немесе 49,3 %.

Облыстың коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістердің көлемі 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 4,8 % төмендегені байқалады.

2) коммуналдық мүлікті басқару және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуы:

Коммуналдық мүліктің уақытылы және толық есепке алынуының, оның тиімді пайдаланылуының қамтамасыз етілуі, коммуналдық мүліктің коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілуі

1-тармақ. ҚР Қаржы министрінің 03.08.2010 ж. № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» (бұдан әрі – № 393 Қағида) 4, 5, 36, 243 және 250 тармақтарының талаптары бұзылып, ҚР Қаржы министрінің 15.06.2010 ж. №281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарының» (бұдан әрі – Шоттар жоспары) 16-тармағына сәйкес негізгі құралдарды есепке алу үшін арналған 2300 «Негізгі құралдар» кіші бөлімінің шоттарында есепке алынуы тиіс жалпы сомасы 3 446,5 мың теңге негізгі құралдарға жататын объектілер Шоттар жоспарының 1300 «Қорлар» кіші бөлімі шоттарында есепке алынғаны анықталды.

1) «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» ММ-мен жалпы сомасы 3 125,3 мың теңге негізгі құралдарға жататын объектілер (теледидарлар, телефон аппараттары, үстелдер, орындықтар, сейфтер және т.б.) қорлар ретінде есепке алынған;

2) «Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ-мен жалпы сомасы 126,4 мың теңге негізгі құралдарға жататын объектілер (бұрғы, перфоратор, дәнекерлеу қондырғысы) қорлар ретінде есепке алынған;

3) «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» ММ-мен жалпы сомасы 194,8 мың теңге негізгі құралдарға жататын объектілер (обогреватель, телефон аппараты, ламинатор) қорлар ретінде есепке алынған.

Бұл болса бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігінде толық және анық ақпарат берілмеуіне, сондай-ақ негізгі құралдарға жататын әрбір объектінің (заттың, жиынтықтың) сақталуы мен дұрыс қолданылуын бақылаудың толық қамтамасыз етілмеуіне әкеліп соғады.

2-тармақ. «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» ММ-де жүргізілген үстеме тексерумен № 393 Қағиданың 275-тармағының және ҚР Үкіметінің 01.06.2011 ж. № 615 қаулысымен бекітілген «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасының» 1-тармағының талаптары бұзылып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес есептен шығарудың тәртібі сақталмай, 2015-2016 жылдары негізгі құралдарға жататын жалпы сомасы 98,2 мың теңге объектілер (қағаз жоюға арналған құрылғылар, тумбалар, киім ілгіш) қорлар ретінде шығысталып кеткені анықталды: 2015 жылы – 83,2 мың тенге, 2016 жылы – 15,0 мың теңге.

Осылайша, бухгалтерлік есепке алу тәртібінің сақталмауы негізгі құралдарға жататын объектілердің бақылаудың қамтамасыз етілмеуі себепті шығысталып, жоқ болуына әкеліп соқтырған.

Бюджет қаражаты есебінен сатып алынған (тұрғызылған) мүліктердің тіркелуі, есепке алынуы және пайдаланылуы

2015 жылы бюджет қаражатынан есебінен тұрғызылып, құрылысы аяқталған сомасы 10 041 726,0 мың теңгені құрайтын объектілерді бекіту туралы Басқарманың 27 шешімдері қабылданған, оның ішінде: 15 жылжымайтын мүлік объектілері – 7 085 101,2 мың теңге; 6 инженерлік желілер – 2 863 906,5 мың теңге; 6 имараттар – 92 718,9 мың теңге.

2016 жылы бюджет қаражатынан есебінен тұрғызылып, құрылысы аяқталған сомасы 9 289 587,0 мың теңгені құрайтын объектілерді бекіту туралы Басқарманың 38 шешімдері қабылданған, оның ішінде: 18 жылжымайтын мүлік объектілері – 5 718 450,4мың теңге; 13 инженерлік желілер – 3 489 716,1 мың теңге; 7 иммараттар – 81 420,8 мың теңге.

2017 жылдың 6 айында бюджет қаражатынан есебінен тұрғызылып, құрылысы аяқталған сомасы 168 695,0 мың теңгені құрайтын объектілерді бекіту туралы Басқарманың 2 шешімдері қабылданған, оның ішінде: 1 инженерлік желілер – 13 660,5мың теңге; 1 имарат – 155 034,7мың теңге.

Қазақстан Республикасының 01.03.2011 ж. «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 196-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік мүлікті есепке алу мемлекеттік мүлікті бақылау және тиімді пайдалану мақсаттары үшін жүзеге асырылады. Мемлекеттік мүлікті есепке алу туралы деректер мемлекеттік мүліктің тізіліміне енгізілуге тиіс.

3-тармақ. Қазақстан Республикасының 01.03.2011 ж. «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 200-бабының 6-тармағының талаптары сақталмай, 2015-2016 жылдары Басқарманыңбұйрықтарымен коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген жалпы сомасы 2 256 865,0 мың теңге 14 құрылыс объектілері осы уақытқа дейін мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізілмегені анықталды: 2015 жылы – 3 объект жалпы сомасы 315 320,4 мың теңге, 2016 жылы – 11 объект жалпы сомасы 1 941 544,6 мың теңге.

4-тармақ. «Каспий жылу, су арнасы» МКК-да жүргізілген үстеме тексерумен Қазақстан Республикасының 28.02.2007 ж. «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының 4-бабының және 6-бабының 3-тармағының талаптары сақталмай, аудиторлық іс-шара жүргізілген күнге дейін алу-беру актілерімен қабылданып алынған жалпы сомасы 77 235,7 мың теңгеобъектілер Кәсіпорынмен бухгалтерлік есепке алынбағаны анықталды, сәйкесінше олар Кәсіпорынның қаржылық есептілігінде көрініс таппаған, сол себепті есептілік деректердің бұрмалаушылығына әкеліп соқтырған.

Атап айтқанда, Кәсіпорынмен келесі объектілер есепке алынбаған:

1) Маңғыстау облысыныңқаржы басқармасының19.01.2016 ж. № 2-04/05 бұйрығына сәйкес, Маңғыстау облысының құрылыс басқармасы мен «Каспий жылу, су арнасы» МКК-ны арасында 22.01.2016 ж. жасалған алу-беру актісімен қабылданған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша салынған құны 2 875,4 мың теңгені құрайтын «Маңғыстау аурухана-аралық дәріханасы» ЖШС-нің сыртқы инженерлік желілері;

2) «Каспий жылу, су арнасы» МКК-ның балансына бекіту туралы Маңғыстау облысыныңқаржы басқармасының27.03.2015 ж. № 2/04/108-1 бұйрығына сәйкес, Маңғыстау облысының құрылыс басқармасы мен «Каспий жылу, су арнасы» МКК-ны арасында 05.05.2016 ж. алу-беру актісімен қабылданған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша салынған құны 1 746,8 мың теңгені құрайтын «Sofie Medgroup» көп салалы емханасының сыртқы сумен жабдықтау және кәріз желілері;

3) Маңғыстау облысыныңқаржы басқармасының25.04.2016 ж. №2-04/49 бұйрығына сәйкес, Маңғыстау облысының құрылыс басқармасы мен «Каспий жылу, су арнасы» МКК-ны арасында 05.05.2016 ж. жасалған алу-беру актісімен қабылданған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша салынған құны 72 116,97 мың теңгені құрайтын «Sofie Medgroup» көп салалы емханасының сыртқы жылумен жабдықтау желісі;

4) Маңғыстау облысыныңқаржы басқармасының12.02.2016 ж. № 2-04/20 бұйрығына сәйкес, Маңғыстау облысының құрылыс басқармасы мен «Каспий жылу, су арнасы» МКК-ны арасында 16.02.2016 ж. жасалған алу-беру актісімен алынған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша салынған құны 496,6 мың теңгені құрайтын «Ақтау қаласы, 3-промзона, № 90 жер телімінде орналасқан «Ринго» шаруа қожалығын сумен жабдықтау» нысаны.

Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар Қазақстан Республикасының 27.11.2000ж. «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 6-бабының 4-тармақшасына және Маңғыстау облысы әкімдігінің 26.05.2016 ж. № 149 қаулысымен бекітілген «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің» 17-тармағының 24, 53 тармақшаларына сәйкес Басқармамен қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырмауы себепті мүмкін болып отыр.

5-тармақ. «Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізілген үстеме тексерумен Қазақстан Республикасының 26.07.2007 ж. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 9-бабының 1-тармағының талаптары сақталмай, құрылысы аяқталуына байланысты Маңғыстау облысыныңқаржы басқармасының25.02.2016 ж. № 2-04/23 бұйрығымен Іс басқармасына бекітілген құны 187 306,7 мың теңгені құрайтын «Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы Облыстық жинау пункті» нысаны осы уақытқа дейін жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуорганында тіркелмегені анықталды.

Мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру, коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру тәртібінің сақталуы

2015 жылы бастапқы құны 3 942 149 мың теңгені құрайтын мүліктерге қатысты 45 қаулылар қабылданған.

Республикалық меншікке берілген мүліктер – 2 893 900,6 мың теңге (17 қаулы), облыстық коммуналдық меншікке – 387 678,0 мың теңге (14 қаулы), қалалар және аудандық коммуналдық меншікке – 660 571,2 мың теңге (14 қаулы).

2016 жылы бастапқы құны 1 168 746мың теңгені құрайтын мүліктерге қатысты 30 қаулылар қабылданған.

Республикалық меншікке берілген мүліктер – 705 193,7 мың теңге (11 қаулы), облыстық коммуналдық меншікке – 80 466,2 мың теңге (11 қаулы), қалалар және аудандық коммуналдық меншікке – 383 086,4 мың теңге (8 қаулы).

2017 жылдың 6 айында бастапқы құны 483 689мың теңгені құрайтын мүліктерге қатысты 14 қаулылар қабылданған.

Республикалық меншікке берілген мүліктер – 401 015,6 мың теңге (4 қаулы), облыстық коммуналдық меншікке – 17 398,9 мың теңге (2 қаулы), қалалар және аудандық коммуналдық меншікке – 65 274,8 мың теңге (8 қаулы).

6-тармақ. Қазақстан Республикасының 01.03.2011 ж. «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 10-бабының 4-тармағының талаптары сақталмай, жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне мемлекеттік мүлікті беру туралы шешімдер қабылданғаннан кейін мүлікті беретін және қабылдайтын тараптардың алу-беру актілері белгіленген отыз күн мерзімнен кешіктіріліп ресімделген: 2015 жылы 14 қаулылармен берілген жалпы сомасы 589022,6 мың теңге мүліктер бойынша алу-беру актілері және 2016 жылы 7 қаулылармен берілген жалпы сомасы 121 889,1 мың теңге мүліктер бойынша алу-беру актілері кешіктіріліп ресімделген.

Коммуналдық мүлікті есептен шығару тәртібінің сақталуы

Басқармамен 2015 жылы бастапқы құны 511 626,0 мың теңгені құрайтын 35 550 дана жарамсыз негізгі құралдарды шығыстауға келісімдер берілген. 2016 жылы бастапқы құны 495 788,0 мыңтеңгені құрайтын 13 803 дана жарамсыз негізгі құралдарды және 2017 жылдың І жартыжылдығында бастапқы құны 651 072,5мыңтеңгені құрайтын 19 394 дана жарамсыз негізгі құралдарды шығыстауға келісім берілген.

7-тармақ.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде ҚР Үкіметінің 01.06.2011 ж. № 615 қаулысымен бекітілген «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасының» 12-тармағының және № 393 Қағиданың 285-ші және 286-шы тармақтарының талаптары сақталмай, есептен шығарудың қолданыстағы тәртібі бұзылып, тиісті құжаттармен ресімделмей жалпы сомасы 2 888,6 мың теңгені құрайтын негізгі құралдар 2016 жылы бухгалтерлік есепте шығысталған мүліктер тізіміне жатқызылып көрсетілгені анықталды. Аталған бұзушылықпен шығысталған негізгі құралдар мемлекеттік аудит барысында ағымдағы жылдың мамыр айында бухгалтерлік есепте қалпына келтірілді.

Басқармамен Маңғыстау облысы әкімдігінің 26.05.2016 ж. № 149 қаулысымен бекітілген «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің» 17-тармағының 53 тармақшасына сәйкес, есептілікті жүргізудің анықтығы мен дұрыстығына көз жеткізбей, мүліктердің есептен рұқсатсыз шығысталуы орын алғанымен, Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2016 жылғы есептері қабылданған.

Коммуналдық меншік объектілеріне түгендеу жүргізілуінің ұйымдастырылуы

Облыстық коммуналдық меншіктегі жылжымайтын мүлікті тиімді пайдалану мақсатында, жыл сайын Басқарманың бұйрығымен облыстық коммуналдық меншікке түгендеу жүргізу үшін түгендеу тобы құрылады.

2015 жылы Қаржы басқармасының 12.01.2015 ж. № 2-04/23-1 бұйрығы негізінде құрылған түгендеу тобымен 27 әлеуметтік нысандарда түгендеу жұмыстары жүргізілген, оның ішінде: облыстың денсаулық сақтау басқармасының 6 нысандары, білім беру басқармасының 15 нысандары, дене шынықтыру және спорт басқармасының 6 нысандары қамтылған.

2016 жылы Қаржы басқармасының 01.02.2016 ж. № 2-04/11 бұйрығы негізінде құрылған түгендеу тобымен 14 кәсіпорынның мүліктеріне түгендеу жұмыстары жүргізілген, оның ішінде: дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты 4 кәсіпорынның, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 10 кәсіпорынның мүліктері түгенделді.

Облыстық коммуналдық меншікке түгендеу жүргізу үшін құрылған түгендеу топтары жұмыстарының нәтижесінде кемшіліктер анықталмаған.

Артық немесе пайдаланылмай отырған мемлекеттік мүлікті анықтау бойынша шаралардың қабылдануы, артық үй-жай алаңдарының ұтымды пайдаланылуы

8-тармақ. «Жаңа серпін» Орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде және «Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізілген үстеме тексерулар нәтижесінде артық немесе пайдаланылмай отырған мемлекеттік мүліктердің бары және олардың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 17.03.2015 ж. № 212 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының» (бұдан әрі – № 212 Қағида) 4, 5 және 7 тармақтарының талаптары сақталмай, жалға беру тәртібі бұзылып, тегін пайдалануға берілгендігі анықталды:

1) «Жаңа серпін» Орталығы» КММ-нің балансындағы қалдық құны 1 260,8 мың теңге құрал-жабдықтар (мұздатқыш, электроплита, теледидар, үстелдер, орындықтар және т.б.) жеке кәсіпкердің пайдалануына тегін берілгені анықталды. №212 Қағиданың 53-тармағына сәйкес есептелген құрал-жабдықтардың жалдау төлемақысы айына 19,3 мың теңге болып, нақты пайдаланған 10 айға жалдау төлемақысы 193,2 мың теңгені құрайды;

2) «Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ-нің балансындағы жиһаз мүліктердің уақытша пайдалану актісі бойынша берілгендігі анықталды. Аудитпен қамтылған кезеңде мүмкін болар құрал-жабдықтардың жалдау төлемақысы 278,6 мың теңгені құрайды.

Іс басқармасының лауазымды тұлғаларымен кеңсе жиһаздарының облыс әкімімен шұғыл мәжіліс өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында уақытша берілгендігі, мәжіліс өткен соң қайтарылғандығы, алайда қайтарылған кезде актімен ресімделмей қалғандығы жөнінде уәждер келтірілді.

Облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендірудің жүзеге асырылуы

Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес жекешелендіру нысандарының тізбесіне Маңғыстау облысы бойынша коммуналдық меншіктегі 16 ұйымдар енгізілген.

2015 жылы жекешелендіруге жататын 3 ұйым аукционға қойылған: «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ы, «Маңғыстау облыстық ат спорты түрлерінің клубы» ЖШС-гі және «Жасыл әлем» ЖШС-гі.

2015 жылдың 15 желтоқсанда өткізілген соңғы аукционның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 8 196,2 мың теңгеге «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның мемлекеттік акциялар пакетінің 51 % сатылған.

Қалған екі ұйымдар бойынша тіркелген қатысушылар болмауына байланысты сауда-саттық өтпеді деп танылған.

2016 жылы жекешелендірудің екінші толқыны аясында сатуға коммуналдық меншіктегі 4 нысан шығарылған болатын, оның 2-уі жалпы сомасы 30 738,0 мың теңгеге сатылған («Жасыл әлем» ЖШС-гі, «Ақтау тренингтік орталығы» ЖШС-гі).

Жекешелендірудің екінші толқыны аясында 2017 жылы электрондық саудаға коммуналдық меншіктегі 10 ұйымдарды шығару жоспарланған. Нысандарды сатуға шығару мерзімдері ағымдағы жылдың қазан айына дейін белгіленген.

Облыстық коммуналдық мүлікті пайдалану, оның ішінде: оны сату, кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру тәртібінің сақталынуы

2015 жылы жалпы ауданы 6 865,1 шаршы метрді құрайтын объектілер жалға беріліп, барлығы 150 келісім-шарттар жасалған, оның ішінде: 4 шарт тендер әдісімен және 146 шарттар тендерсіз жасалған. Жергілікті бюджетке жалпы сомасы 36 292,6 мың теңге түсімдер түскен.

Тендер әдісімен жасалып, жалға берілген орын-жайлардың ауданы 661,5 шаршы метрді құрайды, жалға алу құны айына 347,0 мың теңге. Тендерсіз жалға 6 203,6 шаршы метр орын-жайлар берілген, жалға алу құны айына – 3 400,6 мың теңге.

2016 жылы жалпы ауданы 6 459,4 шаршы метрді құрайтын объектілер жалға беріліп, барлығы 124 келісім-шарттар жасалған, оның ішінде: 7 шарт тендер әдісімен және 117 шарт тендерсіз әдісімен. Жергілікті бюджет жалпы сомасы 34 537,6 мың теңге түсімдермен толыққан.

Тендер әдісімен жалға берілген орын-жайлар – 768,8 шаршы метр, жалға алу құны айына – 890,0 мың теңге. Тендерсіз берілген орын-жайлар – 5 690,6 шаршы метр, жалға алу құны айына – 1 777,4 мың теңге. Тендермен әдісімен жалға берілген орын-жайлардың 1 шаршы метрінің орташа жалға алу құны айына 1,158 мың теңгені құрайды. Тендерсіз жалға берілген орын-жайлардың 1 шаршы метрінің орташа жалға алу құны айына 0,312 мың теңгені құрайды.

2017 жылдың 1 шілдесіне жалпы ауданы 6 354,7 шаршы метрді құрайтын объектілер жалға беріліп, барлығы 98 келісім-шарттар жасалған, оның ішінде: 8 шарт тендер әдісімен және 90 шарт тендерсіз әдісімен. Жергілікті бюджетке жартыжылдықта жалпы сомасы 19 365,8 мың теңге түсімдер түскен.

01.07.2017 ж. жағдайына тендер әдісімен жалға берілген орын-жайлар – 416,0 шаршы метр, жалға алу құны айына – 890,0 мың теңге. Тендерсіз берілген орын-жайлар – 5 938,7 шаршы метр, жалға алу құны айына – 1 981,1 мың теңге.

Тендермен әдісімен жалға берілген орын-жайлардың 1 шаршы метрінің орташа жалға алу құны айына 2,139 мың теңгені құрайды. Тендерсіз жалға берілген орын-жайлардың 1 шаршы метрінің орташа жалға алу құны айына 0,334 мың теңгені құрайды.

Орын-жайлардың жалға беру шарттарын талдау оларды тендер әдісімен жалға беру бюджет кірісін толықтыру үшін тиімділігін көрсетеді.Аудитпен қамтылған кезеңде орын-жайлардың басым көпшілігі тендерсіз жалға беріліп отырылған.

Коммуналдық меншіктегі мүлікті жалға беру шарттарына және жалға беріліп отырған орын-жайларға жасалған талдау жұмыстары барысында келесілер белгілі болды:

Маңғыстау облысының қаржы басқармасымен жасалған 08.01.2009 ж. №1 шартпен «Маңғыстау облысының бодибилдинг және фитнес федерациясы» қоғамдық бірлестігі Ақтау қаласының 14-ші шағын ауданында орналасқан «Неке сарайы» ғимаратынан ауданы 442,0 шаршы метр орын-жайды «Денсаулық және сұлулық орталығы» ретінде пайдалануға 01.01.2009 ж. -31.12.2013 ж. аралығындағы мерзімге жалға алған.

«Маңғыстау облысының бодибилдинг және фитнес федерациясы» ҚБ Басқармамен 11.05.2010 ж. қосымша келісім жасау арқылы 08.01.2009 ж. № 1 мүліктік жалдауға беру шартының мерзімін 31.12.2020 ж. дейін ұзартылған. Мүліктік жалдауға беру мерзімдері ұзартылған шарттарды талдау, Басқармамен тек аталған қоғамдық бірлестікпен жалдауға беру мерзімі 31.12.2020 ж. дейін ұзартылғандығын көрсетеді.

Сонымен бірге, Маңғыстау облысының бодибилдинг және фитнес федерациясына 30.09.2010 ж. № 3 қосымша келісіммен жалға берілген орын-жайдың ауданын тендерсіз 531,9 шаршы метрге өсіруге мүмкіндік берілген.

Неке сарайын орналастыру және пайдалану үшін «Маңғыстау облысы әкімдігінің Іс басқармасы» МКҚК-на берілген тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актіде алаңы 0,8068 гектар жер учаскесінің бөлінбейтіндігі көрсетілген.

Қазақстан Республикасының 20.06.2003 ж. Жер кодексінің 51-бабының 1-тармағына сәйкес, жер учаскесi бөлiнетiн және бөлiнбейтiн болуы мүмкiн. Өзiнiң нысаналы мақсатын өзгертпей және өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, құрылыстық және өзге де мiндеттi нормалар мен ережелердi бұзбай бөлiктерге бөлуге болатын, бөлiнгеннен кейiн әрқайсысы дербес жер учаскесiн құрайтын жер учаскесi бөлiнетiн жер учаскесi болады, бұлай болмаған жағдайда ол бөлiнбейтiн болып табылады.

Қазақстан Республикасының 20.06.2003 ж. Жер кодексінің 51-бабының 2-тармағына сәйкес, жер учаскесiнiң бөлiнбейтiндiгi сәйкестендіру құжатында көрсетiледi.

Ақтау қаласының әкімі Е. Жанбыршиннің 11.02.2013 ж. № 264 қаулысымен «Маңғыстау облысының бодибилдинг және фитнес федерациясы» ҚБ-не жалға алып отырған орын-жайлар орналасқан «Неке сарайы» ғимаратына жалғастыра салынған жай (пристройка) құрылысын салу және пайдалану үшін «Неке сарайы» ғимараты орналасқан бөлінбейтін жер учаскесінің ортасынан ауданы 0,0395 гектар жер учаскесі жеке меншікке берілген.

«Неке сарайы» ғимараты орналасқан бөлінбейтін жер учаскесініңтерриториясынан «Маңғыстау облысының бодибилдинг және фитнес федерациясы» ҚБ-не жер қоғамдық бірлестігіне жер учаскесін беруге және ғимаратқа жапсыра үй-жай салуға «Маңғыстау облысы әкімдігінің Іс басқармасы» КММ-нің басшысы А. Умбетаевтың келісімі берілген.

Нәтижесінде аталған шешімдермен Ақтау қаласының бірегей сәулет объектісі болып табылатын, сәулетшілермен жобасы ұлттық нақышта орындалған облыстық коммуналдық меншіктегі «Неке сарайы» ғимаратына түпнұсқа жобасын өзгертіп, жалғастыра үй-жай құрылысын салуға мүмкіндік берілген.

 

Көрсеткіш 2. Мемлекеттік заңды тұлғалармен және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқару бойынша қызметінің тиімділігі

1) Теріс қаржылық нәтижесі бар ұйымдардың санын азайту:

Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жай-күйінің тұрақтылығына және теріс қаржылық нәтижесі бар ұйымдар бойынша талдау жүргізу

2014 жылды табыспен аяқтаған ұйымдар саны 5 болған, 11 ұйым болса қаржы жылын нөлдік нәтижемен бітірген, ал 16 ұйымдар немесе ұйымдардың жалпы санының 50 % шығынды болып отыр.

2015 жыл қорытындысы бойынша табысты ұйымдар саны – 3, нөлдік нәтиже көрсеткендер саны – 16, шығынды ұйымдар – 25 (немесе 56,8 %).

2016 жылы қорытындысы бойынша табысты ұйымдар саны – 8, нөлдік нәтижелі ұйымдар – 10, шығынды ұйымдар – 27 (немесе 60 %).

2016 жыл қорытындысы бойынша табысты ұйымдар саны өскенімен, талдау жасалған жылдары теріс қаржылық нәтижелі ұйымдар санының өсу серпінінің азаймай отырғандығы байқалады.

Шығынды ұйымдардың басым бөлігі денсаулық сақтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салалары ұйымдарының үлесіне келеді. Ұйымдардың шығынды болуының негізгі себептері: қарыздарды өтеу бойынша қиындықтардың болуы (борыштық міндеттемелер), күрделі жөндеуге қосымша шығынды талап ететін негізгі құралдардың тозуы, амортизациялық аударымдардың өсуі, нақты шығындардың бекітілген бағалармен өтелмеуі.

2) Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінің және мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) акцияларының мемлекеттік пакетіне (жарғылық капиталына қатысу үлестеріне) дивидендтердің (табыстардың) бюджетке түсуін қамтамасыз ету:

Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінің және мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) акцияларының мемлекеттік пакетіне (жарғылық капиталына қатысу үлестеріне) дивидендтердің (табыстардың) бюджетке түсуінің қамтамасыз етілуі

2015 жылы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінің түсімдері 9 467,0 мың теңгені құраған, 2016 жылы түсімдер көлемі 5,9 есеге азайып, 1 608,0 мың теңгені құрады, 2017 жылы түскен түсімдер – 7 337,0 мың теңге.

2015 жылы мемлекет меншігіндегі заңды тұлғалардың қатысу үлесіне табыстар 625,0 мың теңгені құраған, 2016 жылы түсімдер көлемі 940,0 мың теңгені құрады, 2017 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда түсімдер 5,1 есеге өсіп, 4 798,0 мың теңгені құраған.

Аудитпен қамтылған кезеңде коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттерінің дивидендтері бойынша түсімдердің 2017 жылы 24 523,0 мың теңге көлемінде бюджетке түскені байқалады.

3) Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жай-күйінің тұрақтылығы:

Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметтерін мониторинг және олардың даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдаудың жүзеге асырылуы

9-тармақ. Маңғыстау облысы әкімдігінің 26.05.2016 ж. № 149 қаулысымен бекітілген «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің» 17-тармағының 13-тармақшасында облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру функциялары белгіленгенімен, Басқармамен аталған функциялар тиісті деңгейде орындалмай отыр.

Мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге бөлінген бюджеттік инвестициялардың нәтижелері

2015 жылы «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-на, «Маңғыстауқұрылысинвест» ЖШС-не, «Каспий жылу, су арнасы» МКК-на және «Көктем» МКК-на жалпы сомасы 656 924,0 мың теңге бюджеттік инвестициялар бөлінген.

2016 жылы «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның, «Маңғыстауқұрылысинвест» ЖШС-нің, «Микроқаржы ұйымы» ЖШС-нің, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС-нің, «Каспий жылу, су арнасы» МКК-ның және «Көктем» МКК-ның жарғылық капиталдарын ұлғайтуға жалпы сомасы 1 864 575,0 мың теңге қаржы бөлінген.

Басқарманың ұсынылған мәліметтері бойынша бюджеттік инвестициялар мақсатына сәйкес толық игеріліп, нәтижелеріне қол жеткізілген.

 

Мемлекеттік аудиттің барысында қабылданған шаралар

Мемлекеттік аудит жүргізу барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенше«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» ММ-мен қорлар ретінде шығысталып кеткен негізгі құралдар бойынша 98,2 мың теңге қаржының бюджетке өтелуі қамтамасыз етілген, қорлар ретінде есепке алынған жалпы сомасы 3 125,3 мың теңге негізгі құралдар бухгалтерлік есепте қалпына келтірілген, аудиторлық есепте көрсетілген негізгі құралдарға түгендеу (инвентарлық) нөмірлері қойылған, қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманына тәртіптік жаза «ескерту» жарияланған(26.10.2017 ж. шығыс № 17/12-27 хат және оған жалғанған құжаттар көшірмелері).

«Жаңа серпін» орталығы» КММ-мен тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенше құрал-жабдықтардың жалдау төлемақысы бойынша жалпы сомасы 193,2 мың теңгеқаржының бюджетке өтелуі қамтамасыз етілген (27.10.2017 ж. шығыс № 04-25/524 хат және 23.10.2017 ж. № 0015, 26.10.2017 ж. № 1016773722 түбіртектер көшірмелері).

«Маңғыстау облысы қаржы басқармасы» ММ-мен қорлар ретінде есепке алынған жалпы сомасы 194,8 мың теңге негізгі құралдар мемлекеттік аудит барысында бухгалтерлік есепте қалпына келтірілген(13.10.2017ж. бухгалтерлік анықтама).

«Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ-мен жалпы сомасы 126,4 мың теңге негізгі құралдар мемлекеттік аудит барысында бухгалтерлік есепте қалпына келтірілген(28.09.2017ж. № 11 бухгалтерлік анықтама).

«Каспий жылу, су арнасы» МКК-мен жалпы сомасы 77 235,7 мың теңгеобъектілер бухгалтерлік есепте қалпына келтірілген(05.10.2017ж.№ 235 бухгалтерлік анықтама).

Тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенше аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілігін қарау мақсатында Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне материалдар жолданды.

 

Мемлекеттік аудиттің нәтижесі бойынша тұжырымдар

Маңғыстау облысының қаржы басқармасы мен үстеме тексерулермен қамтылған 4 мемлекеттік аудит объектілерінде мемлекет активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 80 780,4 мың теңге қаржылық бұзушылықтары (оның ішінде: бюджетке өтелуге жататыны – 98,2 мың теңге; есепте қалпына келтірілуге жататыны – 80 682,2 мың теңге) және жалпы сомасы 2 444 171,7 мың теңгені құрайтын, саны 38рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Сонымен бірге, бюджет кірісіне өтелуге жататын түсімдер бойынша жалпы сомасы 471,8 мың теңге бұзушылықтар орын алғаны да анықталды.

Мемлекеттік аудиттің алдына қойылған мәселелер мен көрсеткіштердің көпшілігі бойынша бұзушылықтар мен кемшіліктер орын алғаны анықталды.

Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістерді құрайтын түсімдердің басым бөлігін құрайтын облыстың коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістердің көлемі 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 4,8 % төмендегені байқалады.

«Жаңа серпін» Орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде және «Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізілген үстеме тексерулар нәтижесінде мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібінің сақталмау фактілері анықталды.

Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру туралы 2015-2016 жылдары қабылданған 21 шешімдер бойынша мүлікті беретін және қабылдайтын тараптардың алу-беру актілері белгіленген отыз күн мерзімнен кешіктіріліп ресімделген.

2015-2016 жылдары Басқарманыңбұйрықтарымен коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген жалпы сомасы 2 256 865,0 мың теңге 14 құрылыс объектілерімемлекеттік мүлік тізіліміне енгізілмеген.

Басқарманың25.02.2016 ж. бұйрығымен Іс басқармасына бекітілген құны 187306,7 мың теңгені құрайтын «Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы Облыстық жинау пункті» нысаны жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуорганында тіркелмеген.

«Каспий жылу, су арнасы» МКК-на берілген жалпы сомасы 77 235,7 мың теңгеобъектілер уақытылы бухгалтерлік есепке алынбаған.

«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» ММ-мен, «Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ-мен және «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» ММ-меннегізгі құралдарға жататын объектілер қорлар ретінде есепке алынған.

«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» ММ-денегізгі құралдарға жататын жалпы сомасы 98,2 мың теңге объектілер қорлар ретінде шығысталып кеткені анықталды.

Мүліктердің есептен рұқсатсыз шығысталуы орын алғанымен, Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының 2016 жылғы есептері есептілікті жүргізудің анықтығы мен дұрыстығына көз жеткізбей, қабылданған.

2016 жыл қорытындысы бойынша табысты ұйымдар саны өскенімен, талдау жасалған жылдары теріс қаржылық нәтижелі ұйымдар санының өсу серпінінің азаймай отырғандығы байқалады.

Басқармамен Маңғыстау облысы әкімдігінің 26.05.2016 ж. № 149 қаулысымен бекітілген «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесімен» белгіленген облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру функциялары тиісті деңгейде орындалмай отыр.

Анықталған заң бұзушылықтар мен кемшіліктер мемлекеттік аудит объектілерімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасы талаптарының, бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібінің тиісті дәрежеде сақталмауы және Басқармамен қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырмауысебепті орын алып отыр.

 

Мемлекеттік аудиттіңнәтижесі бойынша ұсынымдар

1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында мемлекет активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысын қарауды ұсынамын.

2.Маңғыстау облысының қаржы басқармасына (Альбекова М.Б.):

1) анықталған заң бұзушылықтарын жою және болдырмау бойынша шаралар дайындап, олардың орындалуын жүзеге асыру мақсатында Іс-шаралар жоспарын қабылдау ұсынылады;

2) анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерге жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылады.

Аудиторлық қорытындымен берілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпаратты 2017 жылдың 04желтоқсанына дейін Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясына хабарлау тапсырылады.

3. Мемлекеттік аудит жүргізу барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгеншемемлекеттік аудит объектілерімен анықталған заң бұзушылықтары бойынша қабылданған шараларын ескеруді ұсынамын.

4. «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы»ММ-не, «Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ-не және «Каспий жылу, су арнасы» МКК-на тексеру комиссиясының нұсқамаларын жолдауды ұсынамын.

 

Тексеру комиссиясының мүшесі Гапуов Е.Г.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя