18/05/2024  Суббота
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша

тексеру комиссиясының

төрағасы М. Ешанкуловқа

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

1. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Мұнайлы аудандық құрылыс бөліміне жекелеген бюджеттік бағдарламалары бойынша бөлінген қаражатының пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу.

2. Мемлекеттік аудит объектісі: «Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме).

3. Мемлекеттік аудитті Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман – бас мемлекеттік аудиторы Б.Д. Мухамединов пен бөлім басшысы А.Н. Таганов жүргізді.

4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 01.01.2015 жыл мен 30.06.2017 жылдар аралығы.

5. Негізгі (талдамалық) бөлік:

2015 жылы 1 620 887,0 мың теңге бөлініп, игерілмеген 10 305,6 мың теңге мемлекеттік сатып алудан үнемделген.

2016 жылы 677 893,0 мың теңге бөлініп, игерілмеген 8 469,1 мың теңге мемлекеттік сатып алудан үнемделген.

2017 жылы 1 – жарты жылдықта 1 495 682,0 мың теңге бөлініп, игерілмеген 904,9 мың теңге.

Мұнайлы аудандық құрылыс бөліміне жекелеген бюджеттік бағдарламалары бойынша бөлінген қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1 644,8 мың теңге қаржылық бұзушылықтары анықталды, оның ішінде: бюджетке өтелуге жататыны – 1 644,8 мың теңге. Сонымен бірге, жалпы сомасы 58 601,2 мың теңгені құрайтын, 5рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алғаны да анықталды.

«Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі» ММ 2017-2019 жылдарға арналған алты бюджеттік бағдарламалары бөлім басшысының 28.12.2016 жылғы №68-НҚ бұйрығымен бекітілген.

1-тармақ. «Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекеменің 2017-2019 жылдарға арналған 058 «Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту», 037 «Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау», 005 «Коммуналдық шаруашылықты дамыту», 004 «Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу», 003 «Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және (немесе)сатып алу» бюджеттік бағдарламалары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014 ж. №195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың» 15,23 тармақтарының талаптарына сай келмейді.

Атап айтқанда:

- жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттераударатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісінің келісімі алынбаған;

- бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелері өкілеттіктер мен көрсетілетін қызметтер көлемінің санмен өлшенетін сипаттамасы (абсолюттік шамалармен) көрсетілмеген;

- тікелей нәтиже көрсеткіштерінің салыстырмалы немесе пайыздық шамалармен, сондай-ақ ақшалай көрсеткіште көрсетілуіне жол берілген.

Сонымен бірге, бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелері көрсетілмеген.

Сол себепті Мекеменің 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуына талдау жасау мүмкін болмады.

2-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 30.11.2016 ж. №629 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік мониторинг жүргізу туралы»Нұсқаулықтың 48-ші тармағының талабы орындалмай, Мекеме тарапынан бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есептері жасалмаған.

3-тармақ. Мекеме тарапынан 2016 жылы Қазақстан Республикасының 16.07.2001 ж. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі» Заңының 60-бабы 1-тармағының талаптары бұзылып, уақытша ғимараттар мен имараттардан қайтарылатын жалпы сомасы 137,0 мың теңгенімердігерлерден өндіру шаралары жүргізілмегендігі анықталды.

Құрылысы аяқталған немесе жалғасып жатырған құрылыс объектілеріне жасалған бақылау өлшемдерін жүргізу нәтижесінде анықталған бұзушылықтар:

4-тармақ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 01.04.2015 ж. № 299 бұйрығымен бекітілген «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларының» 75-ші тармағының талабы сақталмай, жалпы сомасы 34 676,4 мың теңге Басқұдық селосындағы «Самал» тұрғын алаңына газ құбырларын тарту жұмыстарыбастапқы бекітілген жобалық-сметалық құжаттаманың блоктық газ реттегіш пунктінің орнына, газ құбырларының диаметрлеріне, құбырдың орналасуына қатысты жобалау шешімдері өзгертіліп орындалған жәнежобалық-сметалық құжаттамаға енгізілген өзгерістер белгіленген тәртіппен қайтадан (жаңа) сараптамадан өтуге ұсынылмаған.

5-тармақ. Қазақстан Республикасының 16.07.2001ж. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 73 бабы 2,7-тармақтарының талаптары сақталмай, салынып біткен «Басқұдық селосындағы «Самал» тұрғын алаңына газ құбырлары объектiсін уақытылы қабылдап алу жұмыстары жүргізілмегені және осы объектінің пайдалануға қабылдаудың бекiтiлген актiсi болмаса да, тұрғындарға газ құбыры арқылы газ беріліп отырғандығы анықталды.

6-тармақ. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 632-бабы 1-тармағының және Қазақстан Республикасының 16.07.2001 ж. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 70 бабы 3-ші тармағының 3-ші тармақшасының талаптарына сәйкес, Мекемеменкелесі құрылыс объектілері бойынша аяқталған жұмыстардың сапасы қамтамасыз етілмеген.

Атап айтқанда:

- Маңғыстау селосындағы № 102 апаттық тұрғын үйдің бекітілген жобадан ауытқумен шатыр тіреулері (конструкция опор кровли или стойки кровли), абаттандыру бойынша автокөлік және жаяу жүргінші жолдары брусчаткадан төселгені (ЖСҚ-да асфальт жолдар) және үйдің отмосткасы сапасыз жасалғандығы, тұрғын үйдің айналасына көгалдандыру жұмыстары жасалмағаны;

- Мұнайлы ауданы Атамекен селосындағы 280 орындық балабақшасында көгалдандыру бойынша 14 ағаштың 8-і өсіп және өсіп тұрған газондардың жоқтығы, күркенің (беседка) едендері мен құдықтың (колодец) отмосткасы, 2-ші қабаттағы бөлмелерде жылыту жүйесі сапасыз жасалғаны және асханадағы тамақ пісіретін екі плитаның біреуі жасамайтындығы;

- Маңғыстау селосы темір жолының автотұрақ аймағын ұлғайту, абаттандыру және қайта құрылымдау жұмыстарында көгалдандыру жұмыстары жасалмағаны;

- Атамекен селосындағы 1200 орындық мектебінде 4 интерактивтік тақта, 32 процессор, 1 буға пісіретін аппарат, «Polair» маркалы 2 тоңазытқыш пен 2 тоңазытқыш шкафы жасамайтындығы, мектеп ғимаратының жер телімінде және мектеп ғимаратының отмосткасы шөгілгендігі (проседание отмостки, асфальта), мектеп ғимаратының3-ші блогының жарымен төбесінде едәуір жік-жарықтар пайда болғандығы анықталды.

7-тармақ. Тапсырыс берушінің және өнім берушінің лауазымды адамына қатысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуымен байланысты қылмыстық іс қозғалу жағдайы орын алмаса да, Қазақстан Республикасының 04.12.2015ж. «Мемлекеттік сатып алу таралы» Заңының 45 бабы 2-ші тармағы 8-тармақшасы негізсіз қолданылып «ПСК Капстройпроект» ЖШС-мен 2016 жылы жалпы сомасы 23 296,0 мың теңгеге жасалған №60,61 шарттары бойынша құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 3 айға ұзартылған.

8-тармақ. Қазақстан Республикасының 04.12.2015ж.«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43 бабы 24-ші тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарыменкөзделген әрбір кешіктірілген күн үшін келесі өнім берушілерден 2015 жылы жалпы сомасы 1 507,8 мың теңге тұрақсыздық айыппұлдары талап етілмеген:

1) «Жастар Плюс» ЖШС-нен – 1 298,4 мың теңге;.

2) «Сико» ЖШС-нен - 209,4 мың теңге.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының 04.12.2015ж. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабы 4-ші тармағы 3-ші тармақшасының талабы сақталмай, Мекеме жоғарыда аталған өнім берушілерді сотқа жосықсыз деп тану үшін жүгінбегендігі анықталды.

9-тармақ. Қазақстан Республикасының 04.12.2015ж. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43 бабы 24-ші тармағына сәйкес, мердігерлер уақытылы жұмыстарын орындаса да, 2015 жылы Мекеме тарапынан келесі өнім берушілерден жалпы сомасы 628,8 мың теңге тұрақсыздық айыппұлдары негізсіз талап етілген:

1) «Жастар Плюс» ЖШС-нен - 53,8 мың теңге;

2) «АТК Жаңаөзен» ЖШС-нен - 575,0 мың теңге.

6. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Әкімшілік құқық бұзушылық фактілері бойынша бақылау материалы Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне және Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасынажолданды.

7. Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша тұжырымдар

Мекемеде жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 1 644,8мың теңгеге бюджетке қайтарылуға және қалпына келтірілуге жататын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар - 5 бірлік, жалпы сомасы 58601,2мың теңге.

2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар заңнама талаптарына сай келмейді және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есептері жасалмаған.

Жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген уақытша имараттардан қайтаруға жатқызылатын бюджет қаржысының мердігерлермен қайтарылуы қамтамасыз етілмеген.

Басқұдық селосындағы «Самал» тұрғын алаңына газ құбырларын тарту жұмыстарының бекітілген жобалары өзгертілген. Жалпы сомасы 34 676,4 мың теңгеге Басқұдық селосындағы «Самал» тұрғын алаңына тартылған газ құбырларының жобалық-сметалық құжаттамаларына енгізілген өзгерістер белгіленген тәртіппен қайтадан (жаңа) сараптамадан өтуге ұсынылмаған.

2016 жылы жалпы сомасы 23 296,0 мың теңгеге жасалған №60,61 шарттары бойынша құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 3 айға негізсіз ұзартылған.

Мекемемен құрылыс объектілері бойынша аяқталған жұмыстардың сапасы қамтамасыз етілмеген.

Уақытылы орындалмаған жұмыстар үшін айыппұл уақытылы талап етілмегені және өнім берушілерді сотқа жосықсыз деп тану үшін жүгінбегендігі анықталды.

Орын алған заң бұзушылықтарының басты себептерілауазымды тұлғалардың өз міндеттеріне жауапты қарамауы, бюджет заңнамасының және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының тиісті дәрежеде сақталмауы болып табылады.

Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында«Мұнайлы аудандық құрылысбөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2. Мұнайлы ауданының Әкіміне 2017 жылдың 10желтоқсанына дейін (Н.Тажибаев):

1) Жіберілген бұзушылықтарға жауапты лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар алуды ұсынамын.

3. «Мұнайлы аудандық құрылысбөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2018 жылдың 5 ақпанына дейін (М.Калжанов):

1) Аудиторлық іс-шара нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау мақсатында, аудит нәтижесін мәжілісте жауапты тұлғалардың қатысуымен қарап, мемлекеттік сатып алуды, құрылыс жұмыстарын және бюджеттік бағдарламаларды жасауды тиістізаңнама талаптарына сәйкес жүргізуді жолға қою бойынша іс-шаралар жоспарын жасауды ұсынамын.

 

Жалғама:

Тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Кошмагамбетова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя