18/05/2024  Суббота
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша

тексеру комиссиясының

төрағасы М. Ешанкуловқа

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

1. Мемлекеттік аудит мақсаты: «Мұнайлы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жекелеген бюджеттік бағдарламалары бойынша бөлінген бюджет қаражатының пайдалануына мемлекеттік аудит жүргізу.

2. Мемлекеттік аудит объектісінің атауы: «Мұнайлы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (одан әрі – Мекеме).

3. Мемлекеттік аудитті аппарат басшысы Х. Джанаева жүргізді.

4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2015жылдың 01 қаңтар – 2017 жылдың 31 тамыз аралығы.

5. Негізгі (талдамалық) бөлік:

2015 жылы 403 806,0 мың теңге бөлініп, үнемделген1778,5 мың теңге.

2016 жылы 890 445,0 мың теңге бөлініп, игерілмеген 38 988,8 мың теңге, бөлінген қаржыныңқысқартылғаны – 42 723,7 мың теңге.

2017 жылы 8айға908187,0 мың теңге бөлінген.

1-тармақ. 2015-2017ж. 023 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша шығындар көлемі Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 24.11.2014ж. № 511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының» (бұдан әрі – Бюджеттік өтінімді жасау қағидасы) 36,71- тармақтарының талаптарына сәйкес негізделіп, айқындалмаған.

Сонымен қатар, Мекемемен 2015-2017 жылдарға арналған жалпы сомасы 40 655,6 мың теңгені құрайтын 067 бюджеттік бағдарламасына жасалған бюджеттік өтінімдерде ведомстволық бағыныстағы ұйымдарына негізгі құралдардың қажеттілігі негізделмеген.

2-тармақ. «Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру»бюджеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған елді мекендердегі билбордтар мен кермелерді жаңартылуын қамтамасыз ету жұмыстары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 20.03.2015 ж. № 235 бұйрығымен бекітілген «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларының» (бұдан әрі – Абаттандыру қағидасы)3-тармағында көрсетілген абаттандыру немесе көгалдандыру жұмыстарына жатпайды.

018 бюджеттік бағдарламасы бойынша елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілмей, 2015-2017 жылдарғабөлінген 48 220,9 мың теңге сыртқы жарнамалар мен билбордтарды орналастыру, баннерді құрастыру, дайындау, кермелер орналастыру жұмыстарына жұмсалған.

Бюджеттік бағдарламаға бюджеттік өтінімдер билбордтар мен кермелердің шығындарына есептелген. Мекеменің балансында билбордтар тіркелмеген.

3-тармақ. Мекеменің«Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасының мазмұны Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014 ж. №195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың» (бұданәрі - Қағида) 9-тармағының 12-тармақшасында қойылған талаптарғасәйкес келмейді.

Бюджеттік бағдарламаның "Түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерi" деген жолында халықтың өмір сүру деңгейi мен сапасының нысаналы жай-күйінің өзгеруi, әлеуметтiк саланың, экономиканың, қоғамдық қауiпсiздiктің және басқа да мемлекеттік органдар қызметіне белгілі бір мемлекеттік орган қызметінің тiкелей нәтижелерiне қол жеткiзуге негiзделген мемлекеттiк басқарудың басқа да салаларының (аяларының) көрсеткiштерi келтiрiледi.

Атап айтқанда, «Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасының мақсаты деген жолында елді мекендердегі билбордтар мен кермелерді жаңартылуын қамтамасыз ету болып айқындалған. Тікелей көрсеткіші -билбордтар мен кермелерді орнату; түпкілікті көрсеткіші -билбордтар мен кермелерді жаңарту болып көрсетілген, яғни, «Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген бюджет қаражаты өзінің нысаналы бағытына жұмсалмаған.

Сонымен қатар, Қағиданың (№195) 5-15 тармақтарының талаптары сақталмай, 023,040,041 және 045 бюджеттік бағдарламаларындатікелей нәтиже және сапа көрсеткіштері көрсетілмеген.

4-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 03.08.2010 ж. №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің» (одан әрі - Бухгалтерлік есеп ережесі) 272-тармағының талабы сақталмай, жалпы сомасы 506 117,3мың теңгені құрайтын6 аяқталмаған, өтпелі құрылыс нысандарының шығындары, сондай-ақ, құны 64 898,4 мың теңгені құрайтын 6құрылыс нысандарын жүргізуге жасалған жобалық сметалық құжаттамалар (ЖСҚ)2411 «Аяқталмаған құрылыс» қосалқы шотына бухгалтерлік есепке алынбай, шығысталған.

Сол сияқты, құрылысы аяқталған «Маңғыстау селосында Маңғыстау -5 елді мекенінде 3,4 км өтпелі асфальттыбетондық жапсырма жол құрылысы» объектісінбухгалтерлік есепке алу кезінде жасалған ЖСҚ шығыны (16750,4 мың теңге), авторлық, техникалық бақылауға (903,6 мың теңге) және 2014 жылы құрылысқа жұмсалған (9999,7 мың теңге) шығындар ескерілмей,бухгалтерлік есепке алынған.

5-тармақ. 2016 жылы «Ақтау-Мангистау,Гранит-Ақтау» автокөлік жолына «Ақ жол құрылыс» ЖШС-мен 91 005,3 мың теңгеге реконструкциялау жұмысы жүргізілген. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 03.08.2010 ж. №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің» (одан әрі - Бухгалтерлік есеп ережесі) 271-тармағының талабы сақталмай, реконструкциялау жұмыстарыныңшығындарына автокөлік жолының баланстық құнын өсірмей, реконструкциялау жұмыстарының шығындары бухгалтерлік есеп бойынша бөлек құрылыс объектісі ретінде есепке алынған.

6-тармақ. Қазақстан Республикасының 04.12.2015ж.«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43 бабы 24-ші тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарыменкөзделген әрбір кешіктірілген күн үшін «Deluxe Design» ЖШС-нен 2017 жылы жалпы сомасы 318,0 мың теңге тұрақсыздық айыппұлы талап етілмеген.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының 04.12.2015ж. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабы 4-ші тармағы 3-ші тармақшасының талабы сақталмай, Мекеме «Engineering Design Consulting Group» ЖШС және «Deluxe Design» ЖШС сотқа жосықсыз деп тану үшін жүгінбегендігі анықталды.

7- тармақ. 2015 жылы«Атамекен селосындағы автомобиль жолына ағымдағы жөндеу» жұмысына «СИКО» ЖШС-мен 12 151,0мың теңгеге 3800 шаршы метрлік аумағын жөндеуге келісім шартқа отырған. Жұмыстың орындалысы туралы акті екі жақты қол қойылып, ақша толық аударылған.

Алайда, аудиторлық іс-шара барысында «СИКО» ЖШС-мен аталған жөндеу жұмыстарын 2016 жылдың 1 жарты жылдығында бітіріп беретіндігі туралы кепілдік хат ұсынылғаны, яғни, мекемемен Бюджеттің атқарылу ережесінің 215 – тармағы 6 тармақшасының талаптарына сәйкес растаушы құжаттардың дұрыстығы қамтамасыз етілмегені белгілі болған.

8-тармақ. «Engineering Design Consulting Group» ЖШС-мен «Басқұдық ауылы су каналы арқылы өтетін көпірді қайта жаңартуға ЖСҚ жасау» жұмыстарын орындауға 14.12.2016 жылы жалпы сомасы 9 999,9 мың теңгеге№79 келісім шарт жасалған. Шарт бойынша жұмысты 2016 жылдың желтоқсан айында орындау көзделген. Белгіленген мерзімде жұмыс орындалмаған.

«Deluxe Design» ЖШС-мен «Басқұдық ауылдық округіндегі автомобиль жолын салу жұмыс жобасына ЖСҚ жасау»жұмыстарын орындауға 03.10.2016 жылы жалпы сомасы 4 545,2 мың теңгеге №66 келісім шарт жасалған. Шарт бойынша жұмысты 2016 жылдың желтоқсан айында орындау көзделген.Белгіленген мерзімде жұмыс орындалмаған.

Бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің (№393) 116 талабы бұзылып, Мекемеде «Engineering Design Consulting Group» ЖШС-гі мен «Deluxe Design» ЖШС-не кредиторлық берешек орын алмаса да (2016 жылғы бухгалтерлік балансында да кредиторлық берешек көрсетілмеген), 2017 жылы жалпы сомасы 14545,1 мың теңгеге кредиторлық берешек ретінде Мекемекелісім-шартқа отырып Қазынашылықта тіркелген.

9-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010ж. N281бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы»(Бухгалтерлік есепке алу жоспарын (№281) бекіту) 26 – тармағы бұзылып, 2016 жыл соңында жалпы сомасы 212319,8 мың теңге кредиторлық берешек бухгалтерлік баланста көрсетілмеген. Кредиторлық қарызға екіжақты салыстыру актілері жасалған. Атап айтқанда:

«МКДСМ» АҚ-на- 123 945,3 мың теңге;

«Алтынқұрық» ЖШС- не- 61 600,0 мың теңге;

«Жанрин»ЖШС-не -26 774,5 мың теңге.

10-тармақ. "ТОО Асет-А" ЖШС-нен «Ауданда бағдаршамдарды күту және қамтамасыз ету» қызметін сатып алуды жүзеге асыру барысында Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының (434) 21-бабы 2-тармағы 2)-тармақшасының талабы сақталмай,техникалық ерекшелігінде бағдаршамдардың орнату орындары (аудан аты көрсетілген) көрсетілмеген.

11-тармақ. Қазақстан Республикасының 17.07.2001 ж. «Автомобиль жолдары туралы» N 245 Заңының 14-бабының 4 тармақшасының талабы бұзылып, жалпы сомасы 188 963,0 мың теңгеге жүргізілген орташа жөндеу жұмысына, оның көлемін айқындайтын техникалық құжаттамасына, ведомстволық сараптама жүргізілмеген.

- 2015жылы Кызылтобе селоішілік автомобиль жолына (ішінара)- 64 451,0 мың теңгеге;

- 2017жылы "ЦБПО на кіреберіс" жөндеу жұмыстары бойынша - 110 512,0 мың теңгеге;

- 2015 жылыМұнайлы ауданында селоішілік орташа жөндеу жұмыстары - 14 000,0 мың теңгеге.

12-тармақ. Ағымдағы жөндеу жұмыстарыҚазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің 17.06.2015ж. №711«Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауды қаржыландыру» нормативтеріне (бұдан әрі - Норматив) сәйкес жүргізілмеген. Атап айтқанда:

2016 жылы – «Мангистау жылу» МКК –мен «Кызылтобе-2 селосында аудан маңызындағы автокөлік жолын ағымдағы жөндеу» жұмысы бойынша 88 201,0 мың теңгеге 4,3 км ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілген. Нормативке сәйкес 4,3 кмағымдағы жөндеу жұмыстарына 5 831,3мың теңге қаржыландырылуы тиіс (4,3 км х 356,9 х1,24 х 2,736 х 1,12 ндс), нәтижесінде 82 369,6 мың теңге бюджеттен артық қаржы есептелініп, жұмсалған.

Сондай-ақ, селолық округге жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстарына талдау жүргізу барысында анықталғаны:

2016 жылы «Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе селолық округінің ағымдағы жөндеу» жұмысы бойынша 1,040км (6239,53 кв.м.) 12 151,0 0 мың теңге жұмсалған. Жоғарыда айтылған аудан маңызындағы автокөлік жолын ағымдағы жөндеу жұмысына, Нормативке сәйкес 1 км жолға 1 356,1 мың теңге тиісті болғаны есепке алынса (5 831,3 мың теңге / 4,3 км = 1 356,1 мың теңге) селолық округте1,040км жолдың әр шақырымына 11 694,8 мың теңге, яғни аудан маңызындағы автокөлік жолын жөндеуге бекітілген нормативтен 8,6 есе көп (11 683,6/ 1 356,1 ) немесе 10 740,6 мың теңге жұмсалып отыр.

Сол сияқты: 2015 жылы «Атамекен селосында автомобиль жолына» жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмысы бойынша 3000 шаршы метр жолды жөндеуге 12 151,0 мың теңге жұмсалған. Жоғарыда айтылғандай, аудан маңызындағы автокөлік жолына ағымдағы жөндеу жұмысына, Нормативке сәйкес 1 км жолға 1 356,1 мың теңге тиісті болғаны есепке алынса, селолық округте 3800 шаршы метр (0,633км) жолдың әр шақырымына 19 195,9 мың теңге, яғни аудан маңызындағы автокөлік жолын жөндеуге бекітілген нормативтен 14,1 есе көп (19 195,9 / 1 356,1 ) немесе 11 292,5 мың теңге жұмсалып отыр.

2016 жылы 3000 шаршы метр жолды күтіп ұстау жұмыстарына барлығы 63 591,0 мың теңге жұмсалған. Жоғарыда аталған Нормативке сәйкес күтіп ұстауға барлығы 294,5 мың теңге (3000/6м = 0,5 км х 155 мың теңге х 1,24 х 2,736 х 1,12ндс) жұмсалудың орнына 63 296,5 мың теңге жұмсалған.

13-тармақ. Мекеме басқару органы болып табылатын «Маңғыстау Жылу» МКК-мен Мемлекеттік мүлік туралы Заңының 18 бабы және 135 бабының 2 тармағының талаптары бұзылып, кәсіпорын балансындағы негізгі құралдар мемлекеттік сатып алу арқылы сатылғандығы анықталды.

2015 жылы Мекеме «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша конкурс тәсілімен «Маңғыстау Жылу» МКК-нан барлығы 4 655,8 мың теңгеге құрал-жабдықтар сатып алынған: ССПТ-500ЭМ дәнекерлеу аппараты - 952,0 мың теңге; 370 метр полиэтиленді құбыр - 3 315,2 мың теңгеге және өзге де кұралдар - 388,5 мың теңге.

Алынған құрал- жабдықтар 25.11.2015ж. «Маңғыстау Жылу» МКК-на қайта берілген.

14-тармақ. «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша шығындар «Маңғыстау Жылу» МКК на құрал-жабдықтарды сатып алып беру үшін жоспарлау барысында, Бюджеттік өтінімді жасау қағидасының 49- тармағының талабына сәйкес жасалмаған, «Маңғыстау Жылу» МКК-на сатып алып беру үшін жабдықтардың қажеттілігі негізделмеген, яғни «Маңғыстау Жылу» МКК-на қажетті құрал-жабдықтардың бар екені ескерілмеген.

Сондай-ақ, 2016-2017 жылдарыжалпы сомасы35 999,8 мың теңгеге 067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша алынған 820 дана қоқыс жәшігі менкран манипуляторбүгінге күнге дейін Мекеменің балансында тұрғаны анықталды.

15-тармақ. Маңғыстау селосында орналасқан№37 тұрғын үйге энергетикалық тексеру жүргізу үшін 049«Көп пәтерлі тұрғын үйлерде энергетикалық аудит жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша «N.E.S. Company» ЖШС-мен жалпы сомасы600,0 мың теңгеге18.12.2015 ж.келісім шарт жасалған.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 31.03.2015 ж. № 400 бұйрығымен бекітілген «Энергия аудитін жүргізу қағидаларының» 5-тармағында қойылған энергетикалық аудит жұмыстарының жүргізу мерзіміне қарамастан, жұмыстардың орындалғандығы туралы актіге қол қойылып, шарт бойынша қаражат 24.12.2015 ж.«N.E.S. Company» ЖШС-не аударылған.

Аудиторлық іс-шара барысында энергия аудитінің қорытындысы 2016 жылы алынғаныбелгілі болған.

16-тармақ. Қазақстан Республикасының 16.07.2001ж. №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының60-бабы 1-тармағының талаптары сақталмай, жүргізілген құрылыс жұмыстары бойынша сметалық құжаттамада көрсетілген уақытша имараттардан қайтаруға жатқызылатын жалпы сомасы 3 120,9мың теңге бюджет қаржысының мердігерлермен қайтарылуы қамтамасыз етілмеген.

6. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Жүргізілген құрылыс жұмыстар бойынша сметалық құжаттамада көрсетілген уақытша имараттардан қайтаруға жатқызылатын жалпы сомасы 3 120,9мың теңгебюджетке қайтарылды.

Аудит барысында жалпы сомасы 118 659,0 мың теңге қалпынакелтірілді.

2015ж. құны 17 528,0 мың теңге тұратын 1 ЖСҚ, 2016ж. құны 35 870,4 мың теңге тұратын 3 ЖСҚ; 2017ж.жасалып жатырған 3 ЖСҚ-ға жұмсалған 11 500,0 мың теңге, сондай-ақ, аяқталмаған, өтпелі құрылыс нысандарының шығындары - 506 117,3 мың теңге2411 "Аяқталмаған құрылыс" қосалқы шотына есепке алынды.

Әкімшілік құқық бұзушылық фактілері бойынша бақылау материалы Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

7. Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша тұжырымдар

Мұнайлы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жекелеген бюджеттік бағдарламалары бойынша бөлінген қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 693 113,6мың теңге бюджетке қайтарылуға және қалпына келтірілуге жататын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар - 10 бірлік, жалпы сомасы 334 837,3 мың теңге.

2015-2017ж. 023 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша шығындар көлемі «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының» талаптарына сәйкес негізделіп, айқындалмаған.

Сонымен қатар, Мекемемен 2015-2017 жылдарға арналған жалпы сомасы 40 655,6 мың теңгені құрайтын 067 бюджеттік бағдарламасына жасалған бюджеттік өтінімдерде ведомстволық бағыныстағы ұйымдарына негізгі құралдардың қажеттілігі негізделмеген.

018 бюджеттік бағдарламасы бойынша елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілмей, 2015-2017 жылдарға бөлінген 48 220,9 мың теңге сыртқы жарнамалар мен билбордтарды орналастыру, баннерді құрастыру, дайындау, кермелер орналастыру жұмыстарына жұмсалған.

Бюджеттік бағдарламаға бюджеттік өтінімдер билбордтар мен кермелердің шығындарына есептелген. Мекеменің балансында билбордтар тіркелмеген.

«Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру»бюджеттік бағдарламасының мақсаты деген жолында елді мекендердегі билбордтар мен кермелерді жаңартылуын қамтамасыз ету болып айқындалған. Тікелей көрсеткіші -билбордтар мен кермелерді орнату; түпкілікті көрсеткіші -билбордтар мен кермелерді жаңарту болып көрсетілген, яғни, «Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген бюджет қаражаты өзінің нысаналы бағытына жұмсалмаған.

Сонымен қатар, Қағиданың (№195) 5-15 тармақтарының талаптары сақталмай, 023,040,041 және 045 бюджеттік бағдарламаларында тікелей нәтиже және сапа көрсеткіштері көрсетілмеген.

Жалпы сомасы 506 117,3мың теңгені құрайтын 6 аяқталмаған, өтпелі құрылыс нысандарының шығындары, сондай-ақ, құны 64 898,4 мың теңгені құрайтын 6 құрылыс нысандарын жүргізуге жасалған жобалық сметалық құжаттамалар (ЖСҚ) 2411 «Аяқталмаған құрылыс» қосалқы шотына бухгалтерлік есепке алынбай, шығысталған.

2016 жылы «Ақтау-Мангистау, Гранит-Ақтау» автокөлік жолына «Ақ жол құрылыс» ЖШС-мен 91 005,3 мың теңгеге реконструкциялау жұмысы жүргізілген. Реконструкциялау жұмыстарының шығындарына автокөлік жолының баланстық құнын өсірмей, реконструкциялау жұмыстарының шығындары бухгалтерлік есеп бойынша бөлек құрылыс объектісі ретінде есепке алынған.

Уақытылы орындалмаған жұмыстар үшін айыппұл уақытылы талап етілмегені және өнім берушілерді сотқа жосықсыз деп тану үшін жүгінбегендігі анықталды.

2015 жылы«Атамекен селосындағы автомобиль жолына ағымдағы жөндеу» жұмысына «СИКО» ЖШС-мен 12 151,0мың теңгеге 3800 шаршы метрлік аумағын жөндеуге келісім шартқа отырған. Жұмыстың орындалысы туралы акті екі жақты қол қойылып, ақша толық аударылған.

Алайда, аудиторлық іс-шара барысында «СИКО» ЖШС-мен аталған жөндеу жұмыстарын 2016 жылдың 1 жарты жылдығында бітіріп беретіндігі туралы кепілдік хат ұсынылғаны, яғни, мекемемен растаушы құжаттардың дұрыстығы қамтамасыз етілмегені белгілі болған.

Мекемеде «Engineering Design Consulting Group» ЖШС-гі мен «Deluxe Design» ЖШС-не кредиторлық берешек орын алмаса да (2016 жылғы бухгалтерлік балансында да кредиторлық берешек көрсетілмеген), 2017 жылы жалпы сомасы 14545,1 мың теңгеге кредиторлық берешек ретінде Мекеме келісім-шартқа отырып, Қазынашылықта тіркелген.

«Ауданда бағдаршамдарды күту және қамтамасыз ету» қызметін сатып алуды жүзеге асыру барысында техникалық ерекшелігінде бағдаршамдардың орнату орындары (аудан аты көрсетілген) көрсетілмеген.

Кредиторлық қарызға екі жақты салыстыру актілері жасалғанымен, 2016 жыл соңында жалпы сомасы 212 319,8 мың теңге кредиторлық берешек ретінде бухгалтерлік баланста көрсетілмеген.

Жалпы сомасы 188 963,0 мың теңгеге жүргізілген орташа жөндеу жұмысына, оның көлемін айқындайтын техникалық құжаттамасына, ведомстволық сараптама жүргізілмеген.

2016 жылы– «Мангистау жылу» МКК –мен «Кызылтобе-2 селосында аудан маңызындағы автокөлік жолын ағымдағы жөндеу» жұмысы бойынша 88 201,0 мың теңгеге 4,3 км ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілген. Нормативке сәйкес 4,3 км ағымдағы жөндеу жұмыстарына 5 831,3 мың теңге қаржыландырылуы тиіс, нәтижесінде 82 369,6 мың теңге бюджеттен артық қаржы есептелініп, жұмсалған.

2015 жылы Мекеме «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша конкурс тәсілімен «Маңғыстау Жылу» МКК-нан барлығы 4 655,8 мың теңгеге құрал -жабдықтар сатып алынған: ССПТ-500ЭМ дәнекерлеу аппараты - 952,0 мың теңге; 370 метр полиэтиленді құбыр - 3 315,2 мың теңгеге және өзге де кұралдар - 388,5 мың теңге.

Алынған құрал- жабдықтар 25.11.2015ж. «Маңғыстау Жылу» МКК-на қайта берілген.

«Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша шығындар «Маңғыстау Жылу» МКК на құрал-жабдықтарды сатып алып беру үшін жоспарлау барысында, Бюджеттік өтінімді жасау қағидасының 49- тармағының талабына сәйкес жасалмаған, «Маңғыстау Жылу» МКК-на сатып алып беру үшін жабдықтардың қажеттілігі негізделмеген, яғни «Маңғыстау Жылу» МКК-на қажетті құрал-жабдықтардың бар екені ескерілмеген.

Сондай-ақ, 2016-2017 жылдарыжалпы сомасы35 999,8 мың теңгеге 067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша алынған 820 дана қоқыс жәшігі менкран манипуляторбүгінге күнге дейін Мекеменің балансында тұрғаны анықталды.

Маңғыстау селосында орналасқан№37 тұрғын үйге энергетикалық тексеру жүргізу үшін 049«Көп пәтерлі тұрғын үйлерде энергетикалық аудит жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша «N.E.S. Company» ЖШС-мен жалпы сомасы 600,0 мың теңгеге келісім шарт жасалған.

Мемлекеттік сатып алу Заңының (№303) 37-бабы 11-2 тармағындажәне «Энергия аудитін жүргізу қағидаларының» 5-тармағында қойылған энергетикалық аудит жұмыстарының жүргізу мерзіміне қарамастан, жұмыстардың орындалғандығы туралы актіге қол қойылып, шарт бойынша қаражат 24.12.2015 ж. «N.E.S. Company» ЖШС-не аударылған.

Аудиторлық іс-шара барысында энергия аудитінің қорытындысы 2016 жылы алынғаны белгілі болды.

Жүргізілген құрылыс жұмыстары бойынша сметалық құжаттамада көрсетілген уақытша имараттардан қайтаруға жатқызылатын жалпы сомасы 3 120,9мың теңге бюджет қаржысының мердігерлермен қайтарылуы қамтамасыз етілмеген.

Орын алған заң бұзушылықтарының басты себептерілауазымды тұлғалардың өз міндеттеріне жауапты қарамауы, бюджет заңнамасының және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының тиісті дәрежеде сақталмауы болып табылады.

Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында«Мұнайлы аудандық құрылысбөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2. Мұнайлы ауданының Әкіміне 2017 жылдың 27 желтоқсанына дейін (Н.Тажибаев):

1)Жіберілген бұзушылықтарға жауапты лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар алуды ұсынамын.

3. «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесіне2018 жылдың 15 қаңтарына дейін (Ш. Сұңғат):

1) Бюджет жүйесінің тиімділік және негізділік принциптерін басшылыққа ала отырып, аудан бюджетін жоспарлау кезінде автожолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша шығыстар көлемінің бекітілген нормативтерге сәйкес белгіленуін және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың құрал-жабдықтарына қаражаттың қажеттілігіне байланысты бөлінуін қамтамасыз етуді ұсынамын.

4. «Мұнайлы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2018 жылдың 15қаңтарына дейін (Б.Әбдіхалық):

1) Аудиторлық іс-шара нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау мақсатында, мемлекеттік сатып алуды, бухгалтерлік есеп пен есептілікті, құрылыс жұмыстарын және бюджеттік бағдарламаларды жасауды тиісті заңнама талаптарына сәйкес жүргізуді, бюджеттік бағдарламаларды орындау кезінде бөлінген бюджет қаражатын мақсатына сай пайдаланылуын жолға қою бойынша іс-шаралар жоспарын жасауды ұсынамын.

Жалғама:

Тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Кошмагамбетова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя