17/05/2024  Пятница
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

төрағасы М.Ешанкуловқа

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

1.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Жергілікті бюджет қаржысының орындалуына тиімділік аудитін жүргізу.

2.Мемлекеттік аудит объектісі:

«Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Басқарма).

3.Мемлекеттік аудит Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының аппаратының басшысы Х.Джанаева, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман – бас мемлекеттік аудиторлары А.Турғанбаев, Қ.Қуановтармен жүргізілді.

4.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2016 жылдың 01 қаңтары – 2017 жылдың 31 желтоқсаны аралығы.

5.Негізгі (талдамалық) бөлік:

Басқарманың миссиясы - жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты өңірлік деңгейде іске асыру болып табылады.Облыстық маңыздағы автомобиль жолдары – 942,106 шақырым.

Аудит бағдарламасымен келесі көрсеткіштер жоспарланған:

1)тиімділік көрсеткіші – жоспарланған және алынған нәтижелердің оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстар ескерілгендегі арақатынасы;

арнайы көрсеткіш: облыстық маңыздағы автомобиль жолдарының жаңару үлесі (%).

2)нәтижелілік көрсеткіші – әрбір қызмет бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы (тікелей, түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы.

арнайы көрсеткіш: заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту бюджеттік бағдарламасында жоспарланған көрсеткіштердің орындалу үлесі (%).

Бағдарламада жоспарланған көрсеткіштер бойынша қаралған сұрақтармен, Басқармамен Бюджет кодексінің 4-бабымен көзделген тиімділік, дәйектілік принциптерінің тиісті дәрежеде сақталмағаны анықталды.

025«Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу»бюджеттік бағдарламасы бойынша:

-2016 жылы жалпы қашықтығы 41,69 шақырымды құрайтын жолдарға күрделі және орташа жөндеу жүргізуді аяқтау (жаңару-4,4%) жоспарланғанмен, нақты орындалмаған (жаңару -0%).

Яғни, қаражаттың уақтылы бөлінбеуіне байланысты, автокөлік жолдарына күрделі жөндеу және орташа жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталмаған. 2016 жылы аяқталуы жоспарланған жалпы сомасы 4 679 680,0 мың теңгені құрайтын 2014 жылы басталған2күрделі жөндеу жұмыстары уақтылы аяқталмаған. Атап айтқанда: «Форт-Шевченко 43-шақырымға дейінгі Ақтау-Қаламқас 43-75шақырым аумағын күрделі жөндеу» - 3 363 106,9 мың теңге, «Ақтау –Құйылыс автокөлік жолының 7-15 шақырым аумағын күрделі жөндеу» -1 316 573,8 мың теңге.

-2017 жылы жалпы қашықтығы 123,69 шақырымды құрайтын жолдарға күрделі және орташа жөндеу жүргізу (жаңару-13,1%) жоспарланған, нақты 41,69 шақырымы күрделі жөндеуден, 12 шақырымы орташа жөндеуден өтіп, барлығы 53,69 шақырым жол жаңарған. Облыстық маңыздағы автомобиль жолдарының жаңарған көлемінің үлесі 5,7%-ды құрап отыр.

2017 жылы да қаражаттың уақтылы бөлінбеуіне байланысты, 2017 жылы аяқталуы жоспарланған жалпы сомасы 957 953,4 мың теңгені құрайтын 1 орташа жөндеу жұмысы (2016 жылы басталған «Таушық-Шетпе 0-70 шақырымаумағына орташа жөндеу») уақтылы аяқталмаған.

2017 жылы жарғылық капиталды толтыруға бөлінген (Құрық порт – Құрық автокөлік жолын қайта құру» жобасы бойынша) қаражаттың 4 374 497,9 мың теңгесі (56,7 %) жыл соңында «ӘКК «Каспий» ҰК» АҚ-ның шотында пайдаланылмай қалған.

1-тармақ.ҚР Көлік және коммуникация министрінің 31.10.2005 жылғы №337-1 «ҚР-ның жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптаманың қағидалары» ережесінің 8) және 9) тармақтарының талаптары сақталмай, «Таушық-Шетпе 0-70 шақырым аумағы» бойынша орташа жөндеу жұмыстарын орындауда, ведомстволық сараптама жүргізілгеніне 3 жыл өткен техникалық құжаттама пайдаланылған. Орташажөндеу жұмысына ведомостволық сараптама ҚР Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитетімен 27.12.2012 жылы берілген, ал келісім-шарт 31.03.2016 жылы жасалған.

Яғни, орташа жөндеу жұмысы 3 жыл өткеннен кейін, 2016 жылы басталған. Жоба құны – 957 953,4 мың теңге, 2016 жылы 100 000,0 мың теңге бөлініп 11 шақырымжол жөнделген. 2017 жылға 857 953,4 мың теңге жоспарланған, ақша бөлінбеген, жұмыс жүргізілмеген.

2-тармақ.«Таушық-Шетпе 0-70 шақырымаумағы» жобасы бойынша 2016 жылы орташа жөндеу жұмысы басталғанына қарамастан, 2017 жылы 44 016,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Яғни, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет кодексінің 4–бабымен көзделген дәйектілік және тиімділік принциптері тиісті дәрежеде сақталмаған. Атап айтқанда, бұрын қабылданған шешімдер сақталмай, орташа жөндеуден өткізуге жоспарланған автокөлік жолына ағымдағы жөндеу жүргізуге қаражат жұмсалған, бюджет қаражаты тиімді жоспарланбаған.

3-тармақ.Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 17.06.2015 жылғы № 711 бұйрығымен бекітілген «Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауды қаржыландыру» нормативі сақталмай,1 489,3 мың теңге артық жұмсалған. Яғни, «Қияқты-Тұщықұдық 22,96 шақырым» автокөлік жолын күтіп ұстауға нормативке сәйкес 1 731,1 мың теңге жұмсалуы тиіс бола тұрып, 3 220,5 мың теңгеге автокөлік жолын күтіп ұстау жұмысы жүргізілген.

4-тармақ. Қазақстан Республикасының 04.12.2015 жылғы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434-V Заңының 5-бабының, 10-тармағының 1) тармақшасы негізсіз қолданылып, жұмыстарды сатып алуға арналған шығыстардың қысқартылуы орын алмаса да, тапсырыс берушімен 2 жағдайда мемлекеттік сатып алу жүргізуден бас тартылған. Атап айтқанда:

-«Ақтау-Құйылыс» автомобиль жолының 36-39 шақырым және 44-49 шақырым аумағын қайта жаңартуға жобалық сметалық құжаттамасын жасақтауға» 25 509,8 мың теңгеге 09.03.2017 – 26.06.2017 жыл аралығында жүргізілген (№1414494-1) ашық конкурс барысында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан 3 рет бас тартылған. Бас тарту – Қазақстан Республикасының 04.12.2015 жылғы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434-V Заңының (Мемлекеттік сатып алу Заңы) 5-бабы, 10-тармағы 1)тармақшасына негізделген, яғни «жұмыстарды сатып алуға шығыстардың қысқартылуы себепті» деп көрсетілген. Алайда, аталған жоба бойынша шығыстар қысқартылмаған.

-«Құрық-Құрық порты» автожолының ұзындығы 24 шақырым құрылысына техникалық-экономикалық негіздемесін жасақтау (№851269-1) жұмысын сатып алуға 09.08.2016-04.11.2016 жыл аралығында 11 067,1 мың теңгеге жүргізілген ашық конкурс барысында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан 3 рет бас тартылған. Жоғарыда атап өткендей, Мемлекеттік сатып алу Заңының 5-бабының, 10-тармағының 1)тармақшасының талабына сәйкес жұмыстарды сатып алуға арналған шығыстардың қысқартылуына байланысты бас тартылған. Алайда, сатып алуға бөлінген қаржы көлеміне қысқарту енгізілмеген.

5-тармақ.2017 жылы жарғылық капиталды толтыруға бөлінген (Курык порт – Курык автокөлік жолын қайта құру» жобасы бойынша) 7 713 279,0 теңгенің 4 374 497,9 мың теңгесі (56,7 %) жыл соңында «ӘКК «Каспий» ҰК» АҚ-ның шотында пайдаланылмай қалған.

Ал, Бюджет кодексінің 97-бабына сәйкес, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы ағымдағы жылы жарғылық капиталды қалыптастыруға (толтыруға) бөлінген және есепті кезеңнің соңында пайдаланылмай қалған қаражат қалдықтары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ағымдағы жылы пайдаланылмаған қаражаты болып табылады және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуына жататыны айтылған.Яғни,064 «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бюджеттік бағдарламасы тиімсіз орындалған.

6. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша Мекеменің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 06.06.2018 жылғы №01-08/398 санды хатпен жіберілді.

7.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша тұжырымдар

Басқармада жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 4 556 580,1 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

«Таушық-Шетпе 0-70 шақырым аумағы» бойынша орташа жөндеу жұмыстарын орындауда, ведомстволық сараптама жүргізілгеніне 3 жыл өткен техникалық құжаттама пайдаланылған. Қазіргі уақытта, бұл жобаның іске асырылуы қаражат бөлінбеуіне байланысты жалғасын таппаған. Сонымен қатар, орташажөндеу жұмысын қажет ететін (27.12.2012 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитетімен берілген ведомостволық сараптама) «Таушық-Шетпе 0-70 шақырым аумағы» жолына 2016 жылы орташа жөндеу жұмысы басталғанына қарамастан, 2017 жылы 44 016,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

«Қияқты-Тұщықұдық 22,96 шақырым» автокөлік жолын күтіп ұстауға нормативке сәйкес 1 731,1 мың теңге жұмсалуы тиіс бола тұрып, 3 220,5 мың теңге жұмсалған, яғни тиісті норматив сақталмай1 489,3 мың теңге артық жұмсалған.

Қазақстан Республикасының 04.12.2015 жылғы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434-V Заңының 5-бабының, 10-тармағының 1) тармақшасы негізсіз қолданылып, жұмыстарды сатып алуға арналған шығыстардың қысқартылуы орын алмаса да, тапсырыс берушімен 2 жағдайда жалпы сомасы 36 576,9 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу жүргізуден бірнеше рет бас тартылған.

2017 жылы жарғылық капиталды толтыруға бөлінген (Курык порт – Курык автокөлік жолын қайта құру» жобасы бойынша) 7 713 279,0 теңгенің 4 374 497,9 мың теңгесі жыл соңында «ӘКК «Каспий» ҰК» АҚ-ның шотында пайдаланылмай қалып, 064 «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бюджеттік бағдарламасының тиімсіз орындалуына жол берілген.

Бұзушылықтар, негізінен Қазақстан Республикасының бюджет принциптерінің өз дәрежесінде сақталмауынан, нақтырақ айтқанда, жауапты қызметкерлермен қаражаттың тиімді жоспарланбауынан, мемлекеттік сатып алу заңнамаларын ескере отырып уақтылы игерілуінің қамтамасыз етілмеуінен және автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауды қаржыландыру нормативтерініңжеткілікті дәрежеде еленбеуінен болып отыр. Яғни, басшылық тарапынан ішкі бақылау тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған. Аталған бұзушылықтар бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз орындалуына әкеліп отыр.

8.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2.Маңғыстау облысының әкімінің орынбасарына(С.Амангалиев) мемлекеттік аудит қорытындысын және бұзушылықтарды жіберген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарауды ұсынамын.

3.«Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (Ә.Көшербаев):

1)Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі мен мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының тиісті талаптарын және автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауды қаржыландыру нормативтерінің сақталуыбойынша заңнамаларды тиісті дәрежеде зерделеп, жиналыста талқылап, алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тиісті шара алуды ұсынамын.

2)Басқарманы бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізуге және мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандармен қамтамасыз ету бойынша шара алуды ұсынамын.

 

 

Жалғама: жиынтық тізбе 1 бетте.

 

Тексеру комиссиясының

мүшесі А.Нурбосынова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя