17/05/2024  Пятница
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша

Тексеру комиссиясының

01.06.2018 ж. № 02-02/5 қаулысымен бекітілген

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

Мемлекеттік аудиттің мақсаты: бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу.

Мемлекеттік аудит объектісі: Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жетібай ауылдық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын).

Мемлекеттік аудитті Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман – бас мемлекеттік аудиторы Б.Т. Джаумитпаева жүргізді.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2016 жылдың 01 қаңтарынан – 2017 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы аралығы.

Негізгі (талдамалық) бөлік

Кәсіпорын қызметінің мәні мен басты мақсаты денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ медициналық және дәрігерлік қызметті жүзеге асыру, азаматтардың ауруларын диагностикалау және емдеу, облыс тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмектің сапасын арттыру, халыққа сапалы және тиімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, медициналық көмектің көлемі мен түрлерін кеңейту, азаматтардың денсаулығын нығайту болып табылады.

Кәсіпорын өз қызметін мерзімі шектелмеген 30.12.2015ж. № 00692DE мемлекеттік лицензиясы негізінде жүзеге асырады.

Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 281 701,35 мың теңгені құрайды. Аудитпен қамтылған кезеңде жарғылық капитал мөлшері өзгермеген.

2016 жылы Кәсіпорынның кірістері 457 428,4 мың теңгені құраған, оның ішінде: бюджет есебінен – 450 649,60 мың теңге; ақылы қызмет көрсетуден – 6778,7 мың теңге.

Кәсіпорынның негізгі көрсеткіштерін талдау қаржыландырудың негізгі көзі болып тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында медициналық қызметті көрсетуге «Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-мен жалпы сомасы 450 649,6 мың теңгеге жасалған шарттар бойынша бюджет қаражаты есебінен жүргізілген төлемдер табылады.

Шығыстары 554 672,4 мың теңгені құраған, оның басым көпшілігі еңбекақы қоры мен дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды сатып алу бойынша шығыстардың үлесіне тиесілі.

2017 жылы Кәсіпорынның кірісі 467 273,4 мың теңгені құраған, оның ішінде: бюджет есебінен – 459 824,71 мың теңге; ақылы қызмет көрсетуден – 7 448,7 мың теңге.

Кәсіпорынның негізгі көрсеткіштерін талдау қаржыландырудың негізгі көздері болып тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында медициналық қызметті көрсетуге «Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-мен 69 067,89 мың теңгеге және «Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» ММ-мен 390 756,82 мың теңгеге жасалған шарттар бойынша бюджет қаражаты есебінен жүргізілген төлемдер табылады.

Кәсіпорын шығыстары 489 778,3 мың теңгені құраған, оның басым көпшілігі еңбекақы қоры мен дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды сатып алу бойынша шығыстардың үлесіне тиесілі.

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жетібай ауылдық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының сақталуына жүргізілген аудиторлық іс-шара қорытындысы бойынша жалпы сомасы 370,9 мың теңге қаржылық бұзушылықтары анықталды, оның ішінде: қалпына келтірілуге (өтелуге) жататыны – 370,9 мың теңге. Сонымен бірге, жалпы сомасы 16 886,5 мың теңгені құрайтын рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алғаны да анықталды.

1-тармақ. ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.03.2015 ж. № 249 бұйрығымен бекітілген «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу мен бағалау қағидаларының» (бұдан әрі - № 249 Қағида) 4, 6 тармақтарының талаптары сақталмай, аудитпен қамтылған кезеңде Кәсіпорынның даму жоспарында санмен өлшенетін түйiндi көрсеткiштер көрсетілмеген.

№ 249 Қағиданың 6-тармағына сәйкес, түйiндi көрсеткiштер тiкелей нәтижелердi (белгiлi бiр көлемдегі және сападағы өнiмдi (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) ұсыну), сондай-ақ түпкiлiктi нәтижелердi (оларды алушылар үшiн ұсынылған өнiмнiң (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) тиiмдiлiгi) көрсетеді.

Түйiндi көрсеткiштер сапа көрсеткiштерін (өнiмнiң (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) оны алушылардың үміттеріне сәйкес келу дәрежесі) және тиімділік көрсеткiштерін (өнiмнiң (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) өндірілетін бірлігіне пайдаланылатын ресурстарды төмендету) заттай немесе құндық мәнін қамтиды.

2-тармақ. № 249 Қағиданың 4, 5 тармақтарының талаптары сақталмай, аудитпен қамтылған кезеңде Кәсіпорынның даму жоспарында қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері көрсетілмеген.

3-тармақ. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.05.2015ж. № 429 бұйрығымен бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларының» 25-тармағының 1-тармақшасы сақталмай, тәртіптік жазасы алынбаған учаскелік дәрігер Г.С.Бақтыбаеваға Кәсіпорынның 25.11.2016 ж. № 285-НҚ бұйрығымен 248,4 мың теңге сыйақы төленген.

4-тармақ. ҚР Үкіметінің 10.02.2003 ж. № 145 «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» қаулысының және ҚР Үкіметінің 22.09.2000 ж. № 1428 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапарлары жөніндегі ереженің» 9-тармағының талаптары бұзылып, 2016-2017 жылдары жалпы сомасы 61,8 мың теңгеіссапар шығыстары артық, негізсіз өтелгені анықталды.

5-тармақ. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 28.02.2007 ж. Заңының 7-бабының 1-тармағы сақталмай, Кәсіпорында 2016 жылы жанар-жағармай материалдары (ЖЖМ) автокөліктің спидометр көрсеткіштері толтырылмаған шығыстау есептілігі негізінде жалпы сомасы 57,5 мың теңгені құрайтын 460,0 л ЖЖМ есептен шығарылғандығы анықталды.

6-тармақ. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 26.08.2015 ж. № 687 бұйрығымен бекітілген «Жарамсыз күйге түскен, жалған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою қағидаларының» 1-тармағының 3-тармақшасы сақталмай, 19.04.2018 ж. жағдайына Кәсіпорынның дәрі-дәрмек қалдықтарын тексеру кезінде мерзімі 01.10.2017 ж. өткен, бірақ есептіліктен шықпаған жалпы сомасы 3,2 мың теңге құрайтын 40 дана «Аллергопресс» растворының жоқ екені анықталды.

7-тармақ. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қадағалау барысында, Кәсіпорын мен жеке кәсіпкер В.С. Белыйдың арасында жалпы сомасы 210,0 мың теңгеге тұрмыстық тоңазытқыштарды жөндеу және техникалық қызмет ету (тексеру) қызметін көрсетуге жасалған 04.07.2016 ж. № 63 келісім-шарттың 3.4 тармағының талабы сақталмай, орындалған жұмыстар актісіне қол қойылмай тұрып, Кәсіпорынмен Орындаушының есеп шотына 28.07.2016 ж. № 680 төлем құжатымен алдын-ала 210,0 мың теңге аударылғандығы анықталды. Аталған шарт бойынша жұмыстардың орындалғандығы туралы акт 31.12.2016 ж. жасалған.

Кәсіпорын мен жеке кәсіпкер Құлжанова Тілектес арасында 29.01.2016 ж. жалпы сомасы 81,6 мың теңгеге 600 кг 1-ші сұрыпты бидай ұнынан жаңа піскен нан жеткізуге жасалған № 1 шарттың 73,32 мың теңгеге орындалғаны анықталды. Тапсырыс берушінің өкілдері аталған шарт сомасының толық аударылмауын Өнім берушімен келісім бойынша тауар 2016 жыл ішінде аурухананың нанға деген күнделікті қажеттілік көлеміне байланысты берілген өтінімдер бойынша жеткізіліп отырғандығымен және жыл ішінде нанға қажеттілік көлемі 73,32 мың теңгені құрағанымен түсіндіреді.

8-тармақ.Кәсіпорын мен жеке кәсіпкер Құлжанова Тілектес арасында 29.01.2016 ж. жалпы сомасы 81,6 мың теңгеге жасалған № 1 шартқа Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 402-бабының 1-бөлігіне және осы Шарттың 12.2, 12.3 тармақтарына сәйкес жеткізілетін тауар көлеміне қажеттіліктің азаюына байланысты шарт сомасының азаюы бөлігінде өзгерістер енгізілмеген.

Сол сияқты жеткізілетін тауар көлеміне қажеттіліктің азаюына байланысты келесі өнім берушілермен де жасалған шарттарға сомаларын азайту бөлігінде өзгерістер енгізілмеген:

- жеке кәсіпкер Нахуов Нұрлан Бақытғалиұлымен жалпы сомасы 640,0 мың теңгеге 02.03.2016 ж. жасалған № 32 келісім-шарт 438,9 мың теңгеге орындалған;

- жеке кәсіпкер «Турар» Б. А. Косжановпен жалпы сомасы 984,0 мың теңгеге 18.07.2016 ж жасалған № 78 келісім-шарт 468,0 мың теңгеге орындалған;

- жеке кәсіпкер Нахуов Нұрлан Бақытғалиұлымен жалпы сомасы 640,0 мың теңгеге 31.03.2017 ж. жасалған № 29 келісім-шарт 382,9 мың теңгеге орындалған.

9-тармақ.Қазақстан Республикасының 04.12.2015 ж. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 43-бабының 18-тармағына сәйкес, тапсырыс берушінiң үздіксіз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс беруші уәкілетті орган бекiткен тiзбе бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажеттіліктегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысын конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге ұзартуға құқылы.

Бұл ретте мұндай мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішінде тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу көлемінен аспайтын көлемде жүзеге асырылады.

Кәсіпорынның 2016 жылға арналған мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарында сұйық қалдықтарды тасымалдауға арналған тұрмыстық ағынды сұйықтықты орындаушының көлігімен тасымалдау қызметіне 6000,0 мың теңге қарастырылған.

Заңның 43-бабының 18-тармағын басшылыққа алып, сұйық қалдықтарды тасымалдауға арналған тұрмыстық ағынды сұйықтықты орындаушының көлігімен тасымалдау қызметін көрсетуге «ЭкоКомплекс» ЖШС-мен 28.01.2015 ж. № 46 келісім-шарт сомасын 1378,40 мың теңгеге арттыру арқылы 14.01.2016 ж. № 1 қосымша келісім жасаған. Жасалған қосымша келісім сомасы бекітілген мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарында қарастырылған қаражат көлемінен 838,4 мың теңгеге асатынына байланысты «ЭкоКомплекс» ЖШС-мен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысын ұзарту Заңның 43-бабының 18-тармағы талаптарын бұзушылықпен жасалғанын байқауға болады.

Мемлекеттік аудит жүргізу барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.10.2009 ж. № 1729 қаулысымен бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары» 08.11.2017ж. дейінгі редакциясында басшылыққа алынды.

10-тармақ.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.10.2009 ж. № 1729 қаулысымен бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының» (бұдан әрі – № 1729 Қағида) 2-тармағының 10-тармақшасына сәйкес, медициналық мақсаттағы бұйымдар– профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларын жүргізу үшін пайдаланылатын бұйымдар, материалдар: медициналық құралдар, стоматологиялық, шығыc, таңу және тігу материалдары, бекітетін таңғыштар мен құрылғылар, медициналық оптика бұйымдары.

Кәсіпорын аталған № 1729 Қағиданың 1-тармағын және 2-тармағының 10-тармақшасының талаптарын сақтамай, 09.06.2017 ж. № 90 келісім-шартпен жалпы сомасы 692,0 мың теңгеге дизенфекциялық хлор мен сабындардың сатып алуын жүргізген.

11-тармақ.Кәсіпорынмен № 1729 Қағиданың 144-тармағының талаптары сақталмай, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті түрде бірыңғай дистрибьюторға өтінім беру арқылы алынуы көзделген бірыңғай дистрибьютордың тізіміне кіретін медициналық техникалар өзге өнім берушілерден сатып алынған:

- 06.10.2017 ж. № 144 келісім-шартпен «ОСТ-ФАРМ» ЖШС-нен жалпы сомасы 3 196,0 мың теңгеге әмбебап операциялық үстел мен портативті медициналық сорғыштар сатып алынған;

- 18.10.2017 ж. № 142 келісім-шартпен «Актюбрентген» АҚ-нан жалпы сомасы 4 112,11 мың теңгеге рентген диагностикалық жылжымалы аппараты сатып алынған;

- 17.11.2017 ж. № 158 келісім-шартпен «НЕОМЕДРЕМ» ЖШС-нен жалпы сомасы 798,0 мың теңгеге пациент мониторы сатып алынған.

12-тармақ.Кәсіпорынмен № 1729 Қағиданың 145-тармағының талаптары бұзылып, лизинг берушінің есебінен сатып алынуы тиіс құны 6 500,0 мың теңгені құраған медициналық техника (1 дана өкпені жасанды желдету аппараты) 06.10.2017ж. № 143 келісім-шартпен «ОралМедРегион» ЖШС-нен сатып алынған.

 

Мемлекеттік аудиттің барысында қабылданған шаралар

Мемлекеттік аудит барысында қызметкерлерге артық, негізсіз өтелген іс-сапар шығындары бойынша 61,8 мың теңге қаражаттардың Кәсіпорын кассасына өндірілуі қамтамасыз етілді (кассалық кіріс ордерлерінің көшірмелері).

Сонымен бірге, жалпы сомасы 57,5 мың теңгені құрайтын жанар-жағар май бойынша негізсіз шығындардың 25,5 мың теңгесінің және 40 дана «Аллергопресс» ерітіндісі бойынша3,2 мың теңгенің Кәсіпорын кассасына өндірілуі қамтамасыз етілді (кассалық кіріс ордерлерінің көшірмелері).

 

Мемлекеттік аудиттің нәтижесі бойынша тұжырымдар

«Жетібай ауылдық ауруханасы» МКК-да бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 370,9 мың теңге қаржылық бұзушылықтары анықталды, оның ішінде: бюджетке өтелуге жататыны – 370,9 мың теңге. Сонымен бірге, жалпы сомасы 16 886,5 мың теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алғаны да анықталды.

Аудитпен қамтылған кезеңде Кәсіпорынның даму жоспарында сапа және тиімділік көрсеткiштерін қамтитын санмен өлшенетін түйiндi көрсеткiштер көрсетілмегені анықталды. Сонымен қатар, Кәсіпорынның даму жоспарында қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері де көрсетілмеген. Бұл болса, Кәсіпорынның даму жоспарының іске асырылуын объективті бағалауға теріс әсерін тигізіп, көрсеткіштерге қол жеткізбеудің себептерін талдауға, сондай-ақ қызметті жақсарту бойынша ұсыныстарды қалыптастыруға қиындық келтіреді.

2016 жылы Кәсіпорынмен тәртіптік жазасы алынбаған учаскелік дәрігерге 248,4 мың теңге сыйақы төленген.

Кәсіпорынмен 2016-2017 жылдары жалпы сомасы 61,8 мың теңге іссапар шығыстары артық, негізсіз өтелген.

Сондай-ақ, белгіленген шығыстау тәртібі сақталмай, жалпы сомасы 57,5 мың теңгені құрайтын 460,0 л жанар-жағар материалдар негізсіз есептен шығарылған.

Кәсіпорынмен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті түрде бірыңғай дистрибьюторға өтінім беру арқылы алынуы көзделген бірыңғай дистрибьютордың тізіміне кіретін медициналық техникалар өзге өнім берушілерден сатып алынған және лизинг берушінің есебінен сатып алынуы медициналық техника сатып алынған.

Сонымен қатар, Кәсіпорында жекелеген мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының сақталмау фактілерінің орын алғандығы да анықталды.

Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтар фактілері Кәсіпорынның лауазымды тұлғаларының өз міндеттеріне жауапты қарамағанын, қаржылық тәртіптің сақталуының тиісті дәрежеде болмауын, сондай-ақ, мамандардың Қазақстан Республикасы заңнамаларын жетік түрде меңгермегенін көрсетеді және нәтижесінде бюджет заңнамасы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама және өзге де заңнама талаптары бойынша бұзушылықтар мен кемшіліктердің орын алуына әкеліп соқтырған.

 

Мемлекеттік аудиттің нәтижесі бойынша ұсынымдар

1. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Жетібай ауылдық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысын қарауды ұсынамын.

2. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасына (Бапиев Т.):

1) анықталған заң бұзушылықтар фактілеріне назар аудару және оларды болдырмау мақсатында жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылады;

2) 2017 жылы 17 886,1 мың теңгеге травматологиялық медициналық жабдықтар сатып алуға байланысты пайда болған кредиторлық берешектерді жою бойынша Басқарма тарапынан тиісті шаралар алу ұсынылады.

3. «Жетібай ауылдық ауруханасы» МКК-на (Досжанов Е.А.) келесілер ұсынылады:

1) анықталған заң бұзушылықтар фактілеріне назар аудару және оларды болдырмау мақсатында аудиторлық іс-шара нәтижелерімен Кәсіпорынның лауазымды тұлғаларын таныстыру;

2) Кәсіпорынның даму жоспарын қайта қарап шығып, қажет болған жағдайда қолданыстағы заңнама тәртібіне сәйкес санмен өлшенетін түйiндi көрсеткiштерін және қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін әзірлеп, Кәсіпорынның даму жоспарына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізу;

3) 2017 жылы 17 886,1 мың теңгеге травматологиялық медициналық жабдықтар сатып алуға байланысты пайда болған кредиторлық берешектерді жою бойынша тиісті шаралар алу.

4. Жоғарыда көрсетілген Басқарма мен Кәсіпорын басшыларына осы Аудиторлық қорытындымен берілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпаратты 2018 жылдың 31 тамызына дейін Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясына хабарлау тапсырылады.

5. «Жетібай ауылдық ауруханасы» МКК-мен мемлекеттік аудит жүргізу барысында жалпы сомасы 90,5 мың теңгеқаражаттың Кәсіпорын кассасынаөтелуінің қамтамасыз етілгендігін ескеруді ұсынамын.

6. Тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенше өтелмеген (қалпына келтірілмеген) бұзушылықтар бойынша «Жетібай ауылдық ауруханасы» МКК-на тексеру комиссиясының нұсқамасын жолдауды ұсынамын.

 

Қосымша (___парақ): мемлекеттік аудитнәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

 

Тексеру комиссиясының мүшесі Гапуов Е.Г.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя